Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері


Slide 1

Менеджмент іс-әрекетіндегі танымдық процесстер

Slide 2

Менеджменттегі түйсіну процесінің психологиялық ерекшеліктері

Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды.

Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс

Slide 3

Түйсіктер:

көру түйсігі

есту түйсігі

дәм түйсігі

искеу түйсігі

тері түйсігі

Кинестетикалық

вибрациялық

органикалық

Slide 4

Рецепторларды үш топқа бөлуге болады:

экстерорецептор

проприорецептор

интерорцепторлар

Slide 5

Адаптация, сенсибилизация, синестезия

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп икемде-леді. Бұл қүбылысты адаптация дейді. «Адаптация» - латын сәзі, қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді.

«Сенсибилизация» - латын сөзі, қазақша мағына-сы - сезгіш. Есер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көр-сеткіші болса, ал сенсибилизация - сезгіштіктің тек ар-туын ғана көрсететін қүбылыс.

«Синестезия»-грек сөзі. Қазақша мәнісі қосарлаған түйсік дегенді білдіреді.

Slide 6

Ағылшын неврологы Х. Хед түйсіктердің генетикалық тұрғыда топтастырылуын ұсынады. Ол сезімталдықтың екі түрін көрсетеді:

1) протопатиялық (неғұрлым қарапайым аффективті) - оған органикалық сезімдер (аштық, шөп) жатады;

2) эпикритикалық (неғұрлым нәзік, дифференциалданған, объективтелген және рационалды) - оған адамның негізгі сезім органдарын жатқызады.

Slide 7

Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері

Адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстардың адам анализаторларында тұтастай бейнелену процесін қабылау дейді.

Қабылдаудың адамның өткен тәжірибесіне, жалпы психикалық өмір мазмұнына тәуелділігін апперцепция деп атайды.

Slide 8

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

а) Қабылдаудың тұтастығы.

ә) Қабылдаудың мағыналылығы.

б) Қабылдаудың таңдамалылығы

в) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтығы) .

Slide 9

Менеджмент (басқару) іс әрекетінің тиімділігін естің төмендегідей айрықша ерекшеліктері ажыратылады:

а) Әлеуметтік перцепциядағы бейнелі ес, яғни адамдарды ерекшеліктері мен айырмашылықтарына қатысты, заттар емес субъектілер жайлы ақпаратқа қатысты ес.

ә) Белгілердің ақпараттарына және қатынастардың қисынына қатысты ес көлемінің үлкен болуы.

б) ақпарат іздерін «тиіс уақытта» және тиіс жерде жаңғыртуға мүмкіндік беретін қатаң уақыт режимінде естің қызмет ету тиімділігі.

в) есте түрлі жедел бірліктермен және ситуациялармен әрекет етудің жоғары реттегі динамикалылығы.

г) естің қысыңқы іс-әрекетте қызмет етуінің сенімділігі, оның кедергілерге төзімді болуы.

Slide 10

Менеджмент (басқару) іс-әрекетіндегі есте таптаурындау мен инерцияның белгілі белгілі өлшемімен сипатталады:

1) Әдеттегі қарама-қайшылық феномені.

2) «Сүйікті себептер» феномені.

3) «Шектер және орталар» феномені.

4) Фишхоф эффектісі

Slide 11

Басшының практикалық ойлауының психологиялық ерекшеліктері:

1) Басшы шешуі тиіс проблеманы өзі құрап, анықтап, оны ағымдағы істер мен жағдайларда айыра білуі тиіс;

2) Оның проблемаларының жалғыз дұрыс шешімі болмайды. Басқару іс-әрекетіндегі міндеттерді шешудің өлшемі «дұрыс-бұрыс» тұрғысы емес «азды-көпті қолайлы» деген тұрғы.

3) Басшы шешіліп жатқан және шешілген мәселелерге ерекше жауапты. Іс - әрекеттің басқа мүшелеріне қарағанда оның міндеттің ақырғы нәтижесі үшін жауапкершілігі едәуір жоғары болады.

4) Басшының ойлау процесінің жалпы бағдары «жекеден жалпыға», «жалпыдан жекеге» емес қарай жүруі тиіс.

5) Теориялық ойлауға қарағанда туындаған қиындықтарға деген қатынастардың басқа жүйесі. Бұл бағдар алғашынан өңдеуші әрекетшіл келеді. Ол алынған шешімнің жағдайдың қажет бағытта өзгеруіне байланысты әркеттерді ұйымдастыру құралы ретінде жүзеге асуын талап етеді.

6) Ойлау едәуір жалпы негізгі маңызды бітістердің айналасында шоғырланып, кейіннен «маңызды» және «маңызы жоқ» бітістердің арасындағы айырмашылықтың мәні жоғалады

Slide 12

Менеджменттегі қиял процесінің психологиялық ерекшеліктері

Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа обыраздар, соны елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды.

И. М. Сеченов: «Барлық өмір бойы адамның басынан оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың өтуі мүмкін емес. Тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзі бұл ережеден шығарып тастауға болмайды»

Қиял

ерікті еріксіз

Slide 13

Зейінді шоғырландырудың негізгі принциптері:

1) зейінді маңыздылығына қарай дамыту.

2) маңызы жоқ ақпараттың бекітілуіне, нығаюына жол бермеу керек.

3) маңызсыз ақпаратты елемеу керек.

Slide 14

Зейін қабылдаумен тығыз байланысты. Сондықтан ақпаратты есте сақтаудың негізгі принциптерін білген жөн:

1) ақпараттың есте сақталынуын «мен мұны есімде сақтай аламын» деген көзқарастан бастау қажет.

2) танымдық байланыстарды дұрыс таңдай білген жөн.


Ұқсас жұмыстар
Қабылдаудағы иллюзия және галлюцинация және оның тұлғааралық коммуникацияға әсері
Қабылдау және оның балалық кездегі дамуы
Уақытша қабылдау
Менеджмент психологиясындағы қабылдау процесінің ерекшеліктері
Басқарудың психологиялық заңы
Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикеті және имиджі
Құқық нормаларын талқылау ұғымы
Қарым - қатынас этикасы
Түйсіктің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz