Дәрілік заттардың ұрыққа әсері


Slide 1

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасы

Тақырыбы: Әр түрлі жастағы кезеңдерде (ұрық, неонатальды кезең, балалар, қарттар) жүкті және бала емізетін әйелдерде дәрілік құралдардың фармакокинетиканың ерекшеліктері.

Орындаған: Шайловбек Ф. А.

Тобы: І-ЖТДҚ-06-23

Қабылдаған: Азизова А. А

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Клиникалық фармакологияның жасты аспектілері

2. 2. Жүкті әйелдермен емізулі әйелдерде қолданатын дәрілердің клиникалық фармакологиясының ерекшеліктері.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

І. Кіріспе

Дәрілік заттарға сезімталдық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттың іштегі нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге (өмірінің 4 аптасына дейін) әсер етуін зерттейтін перинталдық деп аталатын фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдылығы бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңа туылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек адамдардан айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл көптеген ферменттердің, бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне, қан -ми аралық тосқауыл өткізгіштігінің жоғары болуына, ОЖЖ-нің толық дамымағандығына байланысты

Slide 4

Өмірінің осы кезеңдерінде дәрілік заттардың рецепторларға сезімталдығы басқаша болады. Мысалы, жаңа туылған нәрестелер ОЖЖ-не әсер ететін кейбір заттарға ( мысалы, морфинге) өте сезімтал болады. Олар үшін левомицетин өте уытты, ол тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Бұл жаңа туылған нәрестелердің бауырында оны уытсыздандыратын ферменттердің жоқ болуымен түсіндіріледі.

Slide 5

Кішкентай жастағы балаларға бездердің сөлденісін

( бронхиалдық, мұрынның шырышты қабығын) күшейтетін заттарды тағайындауға болмайды, себебі бұл тыныс алу үрдісін бұзуы және тыныс алу мүшелері патологиясының себебі болуы мүмкін.

Slide 6

Бала ағзасына заттың әсер ету ерекшеліктерін зерттеумен айналысатын фармакология саласын педиатриялық фармакология деп атайды.

Slide 7

Мемлекеттік фармакопеяда, әр түрлі жастағы балалар үшін уытты және күшті әсер ететін заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік мөлшердің кестесі келтірілген. Басқа заттар үшін баланың әрбір жыл өміріне ересектерге арналған мөлшердің 1/20 қабылдап, жеңілдетуге болады.

Slide 8

Жасы егде және кәрі адамдарда дәрілік заттардың сіңуі баяулаған, олардың метаболизмнің тиімділігі аздау, препараттардың бүйрекпен шығу жылдамдылығы төмендеген. Жалпы, егде және кәрі жаста көпшілік дәрілік заттарға сезімталдылық жоғары, осыған байланысты олардың мөлшері төмен болу қажет.

Егде және кәрі жастағы науқастарда дәрілік заттардың әсерін және қолданылу (гериатриялық деп аталатын фармакология) ерекшеліктерін анықтау көп маңызға ие болуда, себебі бұл жастағы топтардың үлесі жалпы адамдар саны ішінде өсіп кеткен.

Slide 9

Егер зат жануарларда аномалияның дамуын тудырмаса, онда олар адамда да болмайды, деп есептеуге негіз бар. Егер де қосылыс жануарлар үшін тератогенді болса, демек бұл әсер адам да пайда болады деген емес. Бірақ осындай препараттар тератогендігі болуы мүмкін деген есеппен қарау қажет. Осы сияқты анықталмаған болжамға назар аудара отырып, эмбриондардың негізгі мүшелері құрылып жатқан кезде, әйелдерге жүктіліктің бірінші 2-3 айында қабылдауға міндетті көрсетулер болмаса, дәрілік затты қолдануға тиым салынады.

Slide 10 Slide 11

Тератогенді әсер жөнінде жүктіліктің бірінші үш айын (әсіресе бірінші 3-8 апта), яғни органогенез кезеңінде аса қауіпті деп есептейді. Бұл мерзімдерде эмбриондарда ауыр аномалиялардың даму қаупі жоғары.

Сонымен бірге, дәрілік заттар эмбрионға және іштегі нәрестеге органогенез бұзылыстарымен байланысты емес тератогенді әсерлерге жатпайтын, жағымсыз әсер көрсету мүмкіндігін ескерген жөн. Оны дәрілік заттардың жанама және уытты әсері ретінде бағалауға болады. Ол жүктіліктің әртүрлі сатысында көрінеді. Егер осындай әсерлер жүктіліктің 12-ші аптасына дейін пайда болса, оларды эмбриоуытты, өте кеш мерзімдерде -фетоуытты деп атайды.

Slide 12

Жүкті әйелдерге препараттарды тағайындағанда, дәрілер плацента арқылы өткен жағдайда олар іштегі нәрестеге жағымсыз әсерлер көрсету мүмкіндігін ескерген жөн. Осылайша, жүкті әйелге тағайындалған стрептомицин іштегі нәрестеде кереңдікті туғызатын (ми-сауыттық жүйкенің VIII жұбы зақымдалады) . Тетрациклиндер іштегі нәресте сүйегінің дамуына жағымсыз әсер көрсетеді. Морфинизммен ауыратын ананың жаңа туылған нәрестеде де морфинге сондай физикалық тәуелділігі болуы мүмкін. Олар плацента арқылы әртүрлі химиялық қосылыстар (липофилді) өтетінін мақұлдайды. Осыған байланысты жүкті әйелдерде фармакотерапияны тек қатаң көрсетулерде жүргізу қажет. Бұл кезде әсіресе уыттылығы өте аз және алдын ала жақсы сыналған дәрілік заттарды мұқият таңдау керек.

Slide 13

Жүктілік кезінде ДЗ қолдану клиникалық фармакологияның ең аз зерттелген саласы. Өйткені, этикалық себептерге байланысты клиникалық зерттеулер жүктілерге жүргізілмейді.

Жүкті әйелдің ағзасында жүретін физиологиялық құбылыстар ДЗ сіңірілуіне, таралуына, метаболизіміне, экскрециясына өз әсерін тигізеді. Атап айтар болсақ, асқазан перистальтикасының әлсіреп, асқазан секрециясының төмендеуі ДЗ сіңірілуін баяулатады.

Slide 14

Жүкті әйел ағзасында сұйық көлемі, онкотикалық қысым, гемодинамикалық өзгерістерге байланысты (жүректің соғу жиілігі 8-15%-ке, қан айналым жылдамдығы 30-50%-ке артады) ДЗ таралуы өзгеше болады, әсіресе жүктіліктің соңғы триместрінде. ДЗ метаболизімінің өзгерістері жүктіліктің мерзіміне және бауырдағы микросомальды ферменттер жүйесіне әсерін тигізетін, ағзадағы стероидты гормондардың деңгейіне байланысты. Мысалы, жүктіліктің екінші жартысындағы прогестеронның жоғары деңгейі метаболизмді тежейді (глюкуронилтрансфераза белсенділігін төмендетіп, тотығу, коньюгация үрдістерін тежейді) . Бүйректің қан айналымы екі есе күшейеді, шумақтық фильтрация жылдамдығы 70%-ке жоғарылайды, сондықтан да, зәр арқылы шығарылатын препараттардың жартылай шығарылу уақыты қысқарады.

Slide 15

Дәрілік заттардың ұрыққа әсері

Эмбрион немесе ұрыққа ДЗ қауіптілігі тұрғысынан бес критикалық кезең бар:

ұрықтанар алдындағы кезең;

ұрықтанғаннан 11-ші күнге дейін;

11-ші күннен 3-ші аптаға дейін;

4-ші аптадан 9-шы аптаға дейін;

9-шы аптадан босанғанға дейін.

Ұрықты зақымдаушы әсердің бірнеше түрі бар:

эмбриолетальды әсер (ұрықтың имплантациядан кейін шетінеуі) ;

тератогенді әсер (ұрықтық ақаулардың дамуы) ;

эмбриотоксикалық әсер (ұрық мүшелерінің ақаусыз зақымдалуы) .

Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20 Slide 21

Микробқа қарсы препараттар. Жүргізілген фармакоэпидемиялық зерттеулерге қараанда жүкті әйелдерге микробқа қарсы препараттарды тағайындау жиілігі 12, 3% ды құрайды. Микробқа қарсы препараттарды тағайындау қажеттілігі анасында инфекциялық аурулар болмаған жағдайларда да орын алуы мүмкін, яғни, ұрықта инфекциялық аурулар пайда болғанда немесе пайда болу қатері жоғарыф болған кезде. Мысалы, ұрықты токсоплазмоздан спирамицин көмегімен алдын алу және емдеу, ВИЧ инфекциялануды антиретровирусты препараттар арқылы алдын алу.

Көптеген микробқа қарсы препараттар төменгі молекулалық массаға ие және плацента арқылы жеңіл өтеді.

Slide 22

Жүкті әйелдердің микробқа қарсы препараттарды қолдануының қауіпсіздігі категориялары бойынша жіктелуі

Slide 23

Жүктілік кезінде қабынуға қарсы препараттарды қолдану мен олардың жағымсыз әсерлері

Slide 24

Сонымен қатар, дәрілік заттың жаңа туылған нәрестеге ана сүтімен бірге түсетінін және оған жағымсыз әсер көрсететінің ескерген жөн. Мысалы, пенициллин аллергиялық серпілістер, сульфаниламидтік препараттар -гемолитикалық анемияны, антикоагулянттар -қан кетуі туғызуы мүмкін.

Slide 25

Жүктілік кезінде дәрілік заттарды қолданудан ұрыққа төнетін қатерді шартты түрде 5 деңгейге бөледі (АҚШ тамақ өнімдері жөніндегі Әкімшілігі санаттары, Food and Drug Administration. FDA; шынайылық деңгейлерімен шатастыруға болмайды!)

Slide 26

Қауіптілік мүмкіндігі тұрғысынан эмбрион дамуының ерекше осал болатын негізгі кезеңдерін ажыратады .

Slide 27

ұрықтану алды:

бұл кезеңде ұрық мүшелерінің қалыптасуы кезеңінде ана ағзасында жиналып, әсерін жалғастыруы мүмкін дәрілік заттарды қабылдаудың қаупі аса зор (тек әйелдің ғана емес, кейде, ер адамның да) .

Slide 28

Ұрықтанған сәттен бастап 11-ші күнге дейін:

бұл кезеңде эмбрион қолайсыз әсерлерге «бәрі немесе ештеңе» қағидасы бойынша жауап қайтарады; ол не шетінейді, не ешқандай зақымсыз тірі қалады.

Slide 29

11-ші күннен бастап 3-ші аптаға дейін:


Ұқсас жұмыстар
Дәрілердің әсері
ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАР
Дәрілік заттарды қолданудың жас ерекшеліктері
Дәріні ағзаға енгізу жолдары
ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ ҚАТЕРЛІ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
ІШІМДІКТІҢ ӘСЕРІ
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕР
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері. Дәрілік заттардың жағымсыз әсерлері
Дәрілік заттардың фармодинамикасы
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz