Көп жасушалы жасыл балдырлар




Балдырлар. Жалпы сипаттамасы. Бір жасушалы балдырлар.

Өсімдіктердің жіктелуі:
Төменгі сатыдағы өсімдіктер-балдырлар
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
споралы
тұқымды

Морфологиялық, биохимиялық ерекшеліктеріне, пигменттер түріне байланысты балдырлардың төмендегідей бөлім белгілі:

Пигменттер туралы
Пигменттер-ерекше бояғыш заттар.
2 класқа бөлінеді.
Негізгі атқаратын қызметі:жарық энергиясын сіңіріп, химиялық энергияға айналдыру.

Балдырларға тән белгілер:
Мекен ету ортасы: тұщы, ащы, лодтық (тоқтау) және ленттік (ағынды) суларда, гигрофиттер (ылғалды жерлерде), эпифиттер (ағаш діңдерінде) ;
Балдырлар -өте ежелгі өсімдік болғандықтан құрылысы өте қарапайым.
Денесі мүшелерге, ұлпаларға салаланбаған. Мұның себебі не?
Денесі таллом немесе қатпаршақ деп аталады. Таллом бір, көп жасушалы болады.

Жасыл балдырлар
Бір жасушалы
Көп жасушалы
хлорелла
хламидомонада
хлорококк
спирогира
улотрикс

Жасыл балдырлардың құрылысының ерекшеліктері
1. Хлоропластарында a және b хлорофилдері каратиноидтар мен ксантофиллдарға қарағанда көп.
2. Хлоропластары құрылысы жағынан жоғары сатыдағы өсімдіктерге жақын.
3. Негізгі қор заты-крахмал.
4. Жасуша қабықшасы-жасунық.
5. Жыныстық және жыныссыз ұрпақтың кезектесуі (изогамия, оогамия, гетерогамия) .

Хлорелла
Балдырларды ұзақ уақыт тірі күйінде сақтау үшін Прат ортасы қолданылады.
Құрамы: 1л суда 0, 1г KNO3, 0, 01гK2HPO4, 0, 01г MgSO4, , 0, 05г FeCl3 тұздары ерітіледі;

№1зертханалық жұмыс Тақырыбы: Бір жасушалы балдырлардың құрылысы
Мақсаты: бір жасушалы жасыл балдырлардың құрылыс ерекшеліктерімен танысу
Құрал-жабдықтар: микроскоп, балдырлы су үлгілері, жабын әйнек
Реактив: йод ерітіндісі;
Жұмыс барысы:
1. Заттық шыныға хламидомонадасы бар бір тамшы су тамызып, жабын әйнекпен жабамыз.
2. Хламидомонаданың пішіні мен қозғалысына назар аударамыз!
3. Жасуша қабықшасын, цитоплазма, ядро, хроматофорды табамыз, хроматофордың түсі қандай, ол немен байланысты?
Стигманы тауып, оның атқаратын қызметін анықтаймыз.
4. Микропрепаратты йод ерітіндісімен бояп, балдырдың түсінің өзгеруінің себебін түсіндір!
5. Хламидомонаданың суретін салып, негізгі бөліктерін көрсет!

Қандай балдырларға қозғалыс тән?

Ең жасыл қандай өсімдік?
Әрине, хлорелла. 2000ж қаңтарда жапон ғалымы Коуичи Наканиси хлорелланың құрамында құрғақ затқа есептегенде 6, 7% хлорофилл болатынын ашты. Көптеген өсімдіктер үшін бұл көрсеткіш:
0, 6-1, 2 % құрайды.
Балдыр хромотофорының құрамында хлорофилдің 2 түрі бар: хлорофилл а, хлорофилл b

Балдырлардың көбеюі:

Жыныссыз көбею
балдырларда көп тараған, ол аналық жасушада пайда болған споралар арқылы іске асады. Споралар талшықтың болуына байланысты қозғалғыш-зооспоралар, қозғалмайтын-апланоспоралар болып бөлінеді. Зооспоралар бірнешеу, кейде көп болып зооспорангияларда түзіледі. Зооспора өсімді бір жасушалы балдырға өте ұқсас болып келеді де, біраз қозғалып жүргеннен кейін қабыққа оранып, жаңа балдырға айналады.

Жыныстық үрдістің типтері


Хламидомонада мен хлорелланың салыстырмалы сипаттамасы
№
Салыстыру сипаты
хламидомонада
хлорелла
1
Мекен ету ортасы
Тоқтау суларда
Тұщы суларда
2
Морфологиясы
Алмұрт пішінді
Шар тәрізді
3
Жарықты сезуі
стигма
-
4
Хромотофорының пішіні
Астауша тәрізді
Жазық астау тәрізді
5
Тіршілік әрекеті:
6
а) қозғалысы
қос талшық арқылы
қозғалмайды
7
б) қоректенуі
Фотосинтез үрдісі
Фотосинтез үрдісі
8
в) көбеюі
Жынысты және жыныссыз
Тек жыныссыз
9
г) тітіркенгіштігі
фототаксис
-
10
д) қор заты
пиреноидта
пиреноидта

Көп жасушалы жасыл балдырлар
Спирогира
(Spirogyra) -тұщы суларда, суға жасыл түс беретін, сырты сілемей, жібі бір қатарға орналасып, ұзын жасушалардан құралған, хромотофоры орама пішінді көп жасушалы балдыр;

Улотрикс (Ulothrichales) -дене пішіні жіп тәрізді, ағынды суларда субстратқа бекініп тіршілік етеді. Әрбір жасушадағы жасыл түсті хромотофоры жалпақ білезік пішінді;

Жасыл балдырлардың көптүрлілігі
Жасыл балдырлар. Жоғарғы қатар: хламидомонада, хлорелла, микрастериас, қос пішінді сценедесмус, домаланғы (вольвокс) .
Төменгі қатар, солдан оңға: спирогира, улотрикс, ульва, каулерпа, кладофора

Қандай балдырларда бақалшақ бар?
Диатом балдырлардың құрылысынмен Брекса өзенінен алынған үлгідегі диотемеялардың мысалында танысамыз
Диатом балдырлар:су түбінде тіршілік етеді.
Жасушаның іш жағынан пектинді қабық, ал сыртынан кремнеземнен құралған екі жақтаулы сауыт қаптап тұрады. Пектинді қабық құрылымсыз, жұқа, жасушасы бір ядролы, хромотофорасында хлорофилдің a, c пигменттерінен басқа қоңыр-фукоксантин, сары-каротин болуымен сары түсті болады. Қор заты-полисахарид лейкозин және май. Пиннулярияны белдеу жағынан қараса, онда оның екі жақтауы айқын көрінеді. Оның ішкі жақтауы-гипотека, оны жауып тұратын сыртқы үлкен жақтауы-эпитека.
саңылаулар
Хлоропластары қоңыр таспа тәрізді
эпитека
гипотека
ядро

Тіршілігін жойған диатом балдырларының бақалшықтары су түбіне шөгіп, тығыздалып, диатомит және трепел минералдарын түзеді.
Тәжірибе: скальпельдің ұшымен трепелдің кристалдарын заттық шыныдағы суға салып, әбден араластырамыз. Алынған жүзгіннен(взвесь) препарат дайындап, микроскоппен қараймыз.

Тіршілігін жойған диатом балдырлары және олардың сынықтары

Диатом балдырлар. Жоғарғы қатар, солдан оңға: қос хетоцерос, жұқа диатомея, фрагилярия, талассиосира, рабдонема . Төменгі қатар, солдан оңға: көгілдір мастоглора, мелозира, табеллярия, теңіз навикуласы, пиннулярия

Қандай балдыр ең ірі?
Жапырақтәрізді тақташасы таспа тәрізді, үлкен, 50см дейін жоғары созылған бөлім, онда интеркалярлы меристеманың жасушалары үнемі бөлінгендіктен жапырақ таспалары түсіп, көктемде ауысады.
Негізгі қор заты: ламинарин (паренхимада)
Пигмент түрлері: хлорофилл a және c, бетакаротин, ксантофилл, қоңыр фукоксантин;

Саргассум (Sargassum)
қоңыр балдыры
Мексика шығанағында жидекті саргассум көптеп. тараған. Жидектері іші ауаға толы көпіршіктер.
Балдырлар солардың көмегімен суда жүзуін тездетеді, сөйтіп Гольфстрим ағысымен алыс мұхиттарға тез таралады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz