Физикалық фактор




Презентация қосу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік университеті

Мутагендік факторлар

Орындаған: Кенжебай Алмас
Тобы: ЖБЛ-112
Қабылдаған: б. ғ. д проф Сейтхожаев А.
Жоспар
1. Мутагенез туралы түсінік

2. Мутациялық өзгергіштік

3. Мутагендік факторлар

4. Мутациялардың маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Мутация
Мутация-генетикалық материалдың кенеттен табиғи немесе жасанды түрде
өзгеруі салдарынан, организмнің қандай да бір тұқым қуалайтын белгілерінің
өзгеруі.
• Бұл генетикалық материалдың тұқымқуалау өзгерістері.
• Ең ірілері- хромосомалар санын өзгертеді;
• Ең ұсақтары- ДНҚ-дағы нуклеотидтердің жүйелілігін өзгертеді.
Мутагенез (мутациялық процесс) — мутагендік фактормен алғашкы кездескеннен бастап
мутантты клон құрылғанға дейін торшада өтетін күрделі молекулалық процестердің жинағы.
Бұл өте күрделі құбылыс, бірнеше жүйелі окиғалардан тұрады. Олар:

генетикалық материалдың мутагенмен алғаш байланысуы;

ДНҚ-да (кейбір вирустардын РНҚ-да) мутацияға дейінгі зақымның пайда болуы;

бұл зақымнан айығу (репарация);

мутантты геннің көбеюі;

мутантты түрдің пайда болуы.

Бұл кезеңдердің әркайсысы өз алдына күрделі, әртүрлі өзгерушілікке бейім. Оның себебі тек
қана вирус геномының ерекшеліктерінде немесе мутагендердің күші мен табиғатында ғана
емес. Бұған көптеген ішкі және сыртқы жағдайлар араласады
Мутация-барлық тірі ағзаларға тән қасиет
Эволюциялық даму барысында ағза да қалыптасқан үйлесімділік бұзылады және
мынадай мутациялар болады:
1.Зиянды мутация-тұқымқуалау қасиеттерінінің өзгеруі тіршілік әрекетін нашарлатады.

2. Бейтарап мутация-тіршілік үдерістерінде өзгеріс болмайды немесе дәл осы орта
жағдайларында мәнсіз болады;

3. Пайдалы мутация- өзгерістен ағзаның қандай да бір қасиетінің жақсаруы байқалады;

4. Өлтіргіш мутация-ағзаны өлтіріп жібереді.
Қазіргі кезде әр түрлі радиациялық сәулелердің, химиялық
қосылыстардың және басқа агенттердің мутация пайда болуына әсері толық
дәлелденді. Жасанды мутагенездің факторлары болып мутагендер
саналады. Мутагендер деп мутация типтерінің пайда болуына әкелетін
факторларды түсінеді. 1927 жылы Г.Миллер дрозофилаға рентген
сәулесімен әсер етіп, жасанды мутагенез мүмкіндігін алғаш рет сенімді
дәлелдеді. Осыдан кейін баска физикалық және химиялық мутагендік
факторларды жан-жақты зерттеу басталды.
Мутагендік
факторлар
Мутация тудыратын факторларды мутагендер деп атайды. Мутагендер-
мутацияның жүруіне әсер ететін заттар. Мутагендерге әсер етуші сыртқы әсерлер
физикалық, химиялық және биологиялық факторлар.
Мутагендер
физикалық химиялық биологиялық
иондық сәулелердін көптеген алкилдеуші бұл вирустардың РНҚ-сы
барлық түрлері (гамма қосылыстар, нуклеин мен ДНҚ-сы, вирусты емес
және рентген сәулесі, қышқылдарының азотты паразитарлы агенттер
протон, нейтрон, т.б.) туындылары, алколоидтар (микоплазмалар,
ультракүлгін сәулелер, және басқалар. бактериялар),
жоғарғы және төменгі паразиттердің
температуралар жатады. метаболизмдік өнімдері
(токсоплазма, мысық
сорғышы, трихинелла)
және транспозондар.
Химиялық факторлар
Химиялық мутагенез – Тірі жасушаның генетикалық материалына (ДНҚ,
хромосомалар) химиялық қосындылар әрекетімен туындайтын, генотип және
фенотиптің өте жылдам, сандық, тұқым қуалайтын мутациялық өзгерістеріне әкелетін
биологиялық процесс.
Қоршаған ортаның химиялық мутагендерін өз ішінде үш топқа бөлуге болады: табиғи
қосындылылар (алкалоидтер және флавоноидттар), қоршаған ортаға түсетін пиролиз
қнімдері, заманауи өндіріс әрекетінің әсерінен құрылатын химиялық қосындылар
Табиғи бейорганикалық заттар – азот тотығы, нитраттар, нитриттер, қорғасын,
радиобелсенді материалдар және басқалар; органикалық шығу тегіндегі табиғи заттар.
Қайта өңделген табиғи қосындылар – жанған көмер мен ағаш, мұнай өнімдері; ауыр
металдар қосындылары; тағам қалдықтары және басқалар.
Табиғатта кездеспейтін химиялық өнімдер.
Физикалық фактор
Физикалық факторларға иондармен қанықтандырылған сәулеленулердің
(рентгендік, α, β, γ – сәулеленулер, нейтрондар, мезондар) алуан түрлері,
сонымен қатар ульрокүлгін және шағын толқынды сәулелер және
басқаларын жатқызады. Биосфераның радиационды компоненттермен
ластанудың салдарынан физикалық мутагенездерді зерттеу кезінде
маңызды міндеттердің бірі аз мөлшерде әсер етумен индукцияланған
мутациялар процестерін талдау болып табылады. Соңғы жалдары төмен
концентрациялардағы физикалық және химиялық агенттердің әсер етуі -
айқын мутагенді және концерогенді нәтиже тудыруды көрсететін
мәліметтер көп алынған.
ДНҚ молекуласының ултрафиолет сәуленің әсерінен
өзгеріске ұшырауы
Биологиялық фактор
Тіріағзаларға ісік тарсформациясының көзқарасынан, сондай-ақ
тұқым қуалау патологиясынан қауіп тудыратын биологиялық
факторлар тірі ағзаларға маңызды ықпал етеді. Адамның дене және
генеративтік жасушаларының тұқым қуалау аппаратындағы
цитогенетикалық жылжуын жасушалық емес формалар мен
прокариоттар тудыруы мүмкін екендігі орнатылды. Гельминттер және
олардың метаболиттері жалпы адамның геномына және жекеше түрде
оның хромосомдық құрылымдарына ықпал ете алатын биологиялық
фактор болып табылатыны көрсетілген.
Мутагендер әсеріне әсер ететін факторлар:
Комутагендер –орта факторлардың өзіндік мутагенді әсері
болмайды,бірақ басқа факторлардың мутагенді эффектісін күшейтеді.
Оларға:органикалық заттар варапамил, кофеин, темекі түтіні конденсаты
жатады.

Десмутагендер-бұл факторлар жасушаға дейін мутагендер әсерін
төмендетіп, мутация саны мен жиілігін төмендетеді. Оларға:
витаминдер, ферменттер, көк бұрыш жатады.

Антимутагендер-жасушада мутагендер әсерін төмендететін өнімдер
( аскорбин қышқылы,репарация ферменттері)
Радиациялық мутагендер
Мутагендердің бұл класына иондаушы және ультракүлгін сәулелер жатады. Иондаушы сәуле
немесе радиацияға рентген, альфа және бетта, гамма түйіршіктері, протондар, нейтрондар
жатады.
Иондаушы сәулелер жасушаға еніп, атоммен, молекуланың сыртқы қабатының
электрондарын бөліп шығарып, оң зарядты ионға айналдырады.
Иондаушы сәулелердің мутагендік әсерлеріне нуклеин қышқылдарының түрліше
бұзылыстары жатады:
-ДНҚ молекуласының қант-фосфат қаңқасының үзілуі
-Азоттық негіздердің бұзылыстары
-химиялық қайта құрылулар
-нуклеин қышқыл тізбегінің ДНҚ-ның ақуыз молекуласымен тігілуі.
Ультракүлгін сәуленің мутагендік әсері.
Кез-келген жағдайда мутагендік әсер алу үшін радиациялық энергиясының
күші ең аз дегенде электронды ішкі деңгейден тұрақсыз күйге
ауысып,химиялық реакцияларға түсуі жиілейді.Ультракүлгін сәулелердің
осындай әсері бар және электрон қабығын қоздыруға қабілетті , сондықтан
оларды ДНҚ-ға түсіргенде мутегендік әсер бере алады.
Ультракүлгін сәулелер ұзын толқындар арасында микроорганизмнің ДНҚ
молекуласына жеңіл абсорбациялана алады. Абсорбцияланц (сіңірілу)
дәрежесі ультракүлгін сәулесі толқынының ұзындығына байланысты.
Қорытынды
Мутация — генетикалық материалдың кенеттен табиғи немесе жасанды түрде
өзгеруі салдарынан, организмнің қандай да бір тұқым қуалайтын белгілерінің
өзгеруі. Табиғи өзгерістер (гендегі және хромосомадагы) физикалық және
химиялық әсер ету арқылы пайда болады. Мутагендер — мутацияның жүруіне
әсер ететін заттар. Мутагендерге әсер етуші сыртқы әсерлер физикалық,
химиялық және биологиялық (вирустар) факторлар тірі организмдерге әсер
етіп мутация жиілігін (әжептәуір жоғарылатады) және спонтандық мутация
деңгейін әжептәуір жоғарылатады.
Физикалық мутагендерге иондық сәулелердіқ барлық түрлері (гамма және
рентген сәулесі, протон, нейтрон, т.б.) ультракүлгін сәулелер, жоғарғы және
төменгі температуралар жатады.
Химиялық мутагендер — көптеген алкилдеуші қосылыстар, нуклеин
қышқылдарының азотты туындылары, алколоидтар және басқалар.
Пайдаланыдған әдебиеттер
1. С.Ж. Стамбеков “Генетика” 2002ж;
2. С.Ж. Стамбеков, В.Л. Петухов “Молекулалық биология” Новосибирск, 2003ж
3.«Молекулалық биология негіздері».Қуандықов Е.Ө. Аманжолова Л.Е.
4.«Молекулалық биология және генетика». Сәтбай Әбилаев.
5.Медициналық биология /П.Қазымбет; Л.Аманжолова; Қ.Нұртаева – Алматы 2002 жыл 123
бет.
6.http://kaz.docdat.com/docs/index-80645.html?page=4
7.http://bilimkozy.idhost.kz/273-genderd-zara-rekettesu.html

Ұқсас жұмыстар
Адам ауруының туындауы мен дамуында қоршаған ортаның әсері
Экологиялық факторлардың топтары
КӘСІПТІК АУРУЛАР
Биотикалық факторлар
ДНҚ репарацияның түрлері
Химиялық факторлар
Қауіпті және зиянды өндірістік
БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОР
Антропогендік физикалық факторларға анықтама
Ағзалар мен орта қарым-қатнасы
Пәндер