Ар-ұждан және ақиқат құндылығы: тәрбиелік сабақтың мазмұны мен міндеттері


Slide 1

Ар - ұждан - адамдық белгісі

Slide 2

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Ақиқат іздеу, жауапкершілік, тек жақы және қажетті заттарды ғана айту

Slide 3

Мақсаты: Оқушыларды ар - ұждан ұғымы туралы түсіні бере отырып, ақиқат құндылығынң мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды өз бойынан ақиқат іздеуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айтуға тәрбиелеу.

Slide 4 Slide 5

. . . Жайнар көңіл, қайнар өмір,

Ар ілімі оқылса.

Шәкәрім

Slide 6

Мұғалім сыйы. Адал бала

Slide 7

Ұятты біл, ұятсыздан қашық бол,

Парасатқа, пәк көңілге асық бол!

Ар-ұятың жаман істен сақтайды,

Бұзықтарды ұят түзеп, ақтайды.

Кісілікті ұят сақтап қалады,

Ұяты бар кісі - адамның адамы.

Іс берсең бер ұятты - арлы адамға,

Ұятсыздың ұятсыз, нас тілі де,

Намысты жан ашпайды есік арамға.

Жөн сөзі жоқ, кісі қоры тіріде.

Тыңда адамды ұяты - көз, жолы хақ,

Ақыл айтқан ақ жүрегін қолына ап:

«Ұятсызға жақындама, жырақ тұр,

Ұятсыздың көзі ұятсыз, құлақ түр».

Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

4-тапсырма. Өлеңді оқып, ондағы ар-ұжданға байланысты түйген ойларың туралы қысқаша ақпарат әзірлеңдер.

Құтты білік (Үзінді) Жүсіп Баласағұн

Slide 8

Топпен ән айту.

Ақ көгершін

Сөзі Нығмет Баймұхамедовтікі

Әні Ахмет Жұбановтыкі

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт, ел үшін.

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

Көзін сенен алмайды,

Ақ ниеті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш бейбіт өмірдің,

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің,

Қайт шыңына қонақтап.

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

Slide 9

Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз . . . , арқамызды тіктейміз . . . , қолдарыңды тізеге қоюға болады . . .

Д е м а л . . . ш ы ғ а р . . . (жаймен 9-10 рет) немесе 1 . . . 2 [3] . Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.


Ұқсас жұмыстар
Ар-ұждан және ақиқат құндылығы: Өзін-өзі тану сабағы
Ландшафттану пәнінің мазмұны, мақсаты мен міндеттері
Экономикалық метеорология пәнінің мазмұны мен міндеттері
Қазақ халық педагогикасының тәрбиелік мазмұны мен құралдары
Сынып жетекшісінің қызметі мен міндеттері: тәрбие жұмысының мазмұны, мақсаты және диагностикалық функциясы
Ахмет Йүгінеки және Ақиқат сыйы: шығу тегі, нұсқалары және дидактикалық-этикалық мазмұны
Құмырсқаның қанағаты: халық ертегісінің мазмұны мен тәрбиелік мәні
Гидросфера - Жердің су қабаты: сабақтың мақсаты, міндеттері және бағалау сұрақтары
Мектептегі құқықтық тәрбие: мазмұны, міндеттері және әдістері
Мектептегі экологиялық тәрбиенің мазмұны, міндеттері және әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz