Хақан - атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы




Презентация қосу
Марғұлан Әлкей Хақанұлы
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Өмірбаяны
1904 ж. мамырдың 11 Ақпеті
болысында (қазіргі Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Əкесі
Хақан – атақты Олжабай батырдың
тікелей ұрпағы. Əлкейдің əкесі Хақан
мен шешесі Нұрила көптеген халық
ертегілері мен аңыздарын білген, үйде
халық əндері мен Абай əуендері жиі
шырқалатын. Əлкей бес жасында
оқып, жаза білуді үйренді, бала кезінде
«Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы»,
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
дастандарын жатқа білген. Хақанның
шаңырағында белгілі ақын,
ғалымМəшһүр-Жүсіп Көпеев, Жаяу
Мұса, Имантай Сəтбаев жəне қазақ
даласына белгілі басқа да адамдар жиі
бас қосқан.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Әлкей Хақанұлы Марғұлан бастапқы бiлiмдi ауыл мектебiнен алды.
Павлодар қаласындағы мұғалiмдер курсын бiтiрiп‚ туған аулында
мұғалiм болып iстедi. Семей педагогикалық техникумының студентi
бола жүрiп‚ «Таң» журналы мен «Қазақ тiлi» газетiнiң
редакцияларында (1921–25) қызмет атқарған. Ленинград қаласындағы
Шығыстану институтының түркітану және тарихөфилоллогия
факультеттерiнде (1925–29) қатар оқыды. 1929 жылы Əлкей Марғұлан
Шығыс институтындағы оқуын бітіріп, Абай шығармашылығы туралы
дипломдық жұмысын табысты қорғап шықты.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
1941ж. КСРО ғылым академиясы Қазақ бөлiмшесiнiң тарих бөлiмiн
басқарды. Осы қызметте жүрiп «Хандар жарлығының тарихи маңызы»
деген тақырыпта қорғаған канд. диссертациясында (1943) көне қыпшақ
тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. Археология,
палеолит бөлiмiнiң меңгерушiсi, аға ғылыми қызметкерi (1946–53),
Қазақстан ғылым академиясының Архитектура құрылыс және құрылыс
материалдары институтының аға ғылыми қызметкерi (1953–55)
болды; кейін энография бөлiмiн (1958–76) басқарды.
Осы жылдары Марғұлан Сырдария,Шу,Талас өзендерi бойында және
Отырар,Сауран,Сығанақ қалалары орнында қазба жұмыстарын
жүргiзiп, соның негiзiнде «Көне қазақ жерiнiң қалалары мен құрылыс
өнерiнiң тарихы» аталатын монографиясын (1950) жариялады.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Марғұлан – қорқыттанушы.
Ол оғыз-қыпшақ тайпасынан
шыққан данагөй абыз, жырау,
күй атасы, қазақ бақсыларының
жебеушiсi, батагөй-сәуегейi
Қорқыт мұрасын зерттедi. М-
ның жазуынша, қазақ музыкасы
мен философиясында «Қорқыт
күйi», «Қорқыт сарыны»,
«Қорқыт тол-ғауы», «Тәңiр биi»
дейтiн рухани iзгi дәстүрлер,
мақамдар қалыптасып дамыған.
Демек, Қорқыт– «керемет иесi»,
«Ұлыс-тың ұлы кеңесшiсi»,
«тарихи оқиғаларды жырлаушы
жырау»
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
1957-1967ж. Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа
(Әуезов,С.Байішев, Сәтбаев, Нүсіпбеков-пен бiрге) басшылық етiп, оның
таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа
шығарды.
1976-1984ж. Қазақстан ҒА этнография бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi
болды.
1985ж. қантардың 12 қайтыс болды.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Отбасы
Әйелі-Сатпаева Раушан, дәрігер,
медицина ғылымдарының
докторы
Қызы-Данель Маргулан, ғылым
кандидаты
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Еңбектері
Марғұлан тарих,археология,этнография,
әдебиет , өнер(қолданбалы
жәнесәулет өнері) және
металлургия саласына қатысты
300-ден астам ғыл.-зерт.
жұмыстар, 100-ден астам
энциклопед. мақалалар
жазды‚ сонымен қатар
қазақстандық этнографтардың,
археологтардың, тарихшылардың
бiрнеше буынын даярлады.
Марапаттар:Ленин ордені, Халықтар
достығы ордені және т.б.

Ұқсас жұмыстар
Олжабай батыр
Абылай хан тарихын
Шешендік сөздердің құндылығы
Шешендік өнер
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі туралы
Қазақ халқының күш біріктіре бастауы
Шайқасқа Кіші жүздің ханы
Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі
Қазақ билері, ақындары және жыраулары
Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі
Пәндер