Дене шынықтыру сабағында қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік және танымдық маңызы


Slide 1

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ»

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Наурыз Тлеуғалиұлы Бюрекбаев

Қ. Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебі

Slide 2

Қазақтың ұлттық ойындары - атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келе жатқан асыл қазына. Ұлттық ойындар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен өнерінің ешкімнен кем болмағанын байқатады.

Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса зор. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Ұлттық ойындар баланың дене тәрбиесі пәнінде бір-бірімен қарым-қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады және баланы шымыр, епті, зерек, алғыр, шапшаң болуға тәрбиелейді.

Slide 3

Мақсаты:

Дене тәрбиесі пәнінде ұлттық ойын түрлерін, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп пайдалану арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықты дарыту

Өзектілігі:

Қазақтың ұлттық ойындары - баланың зерек те ақылды, шымыр да ширақ боп өсуінің басты құралы. Оны оқыту процесінде тиімді қолдану

Slide 4

Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе «Көкпар», «Асық», «Теңге алу» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді.

Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйрете отырып, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі. Ұлттық ойындар ережесін түсіндіру, қызықтыру арқылы меңгерте отырып, мен неше түрлі қызықты көрнекі құралдар мен атрибуттарды сабағымда қолданамын. Осы атрибуттарды сабақта қолдануыма ата-аналар көптеп көмек көрсетуде. Мысалы: қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Көкпар» ойындарына ағаш аттың макетін, көмбеге киіз үйдің макетін жасап сабақтарды қызықты өткізуіме атсалысты.

Slide 5 Slide 6 Slide 7 Slide 8

Сабақта және тәрбиеде ұлттық ойынды ұтымды пайдалансақ дене шынықтыру пәнінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.

Әрбір бала өзін қазақпын деп есептесе өзінің ұлтының дәстүрін, ойындарын жатқа біліп, соны пайдаланып өсуге тиіс. Сонда ғана біз оларды патриот ете аламыз.


Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық ойындарының дене шынықтырудағы қолданылуы мен тәрбие рөлі
Қазақ ұлттық ойындарының тарихи және тәрбиелік маңызы
Қазақ ұлттық ойындарының тарихы, түрлері және тәрбиелік-әлеуметтік маңызы
Қазақтың ұлттық ойындары: түрлері, тәрбиелік маңызы және тарихи деректері
Қазақтың ұлттық ойындары: спорттық-тәрбиелік маңызы мен ережелері
К.Д. Ушинскийдің халықтық тәрбие теориясы және қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік маңызы
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс ойындарының әдістері мен тәрбиелік маңызы
Қазақ ұлттық спорт ойындарының тарихы мен мәдени-әлеуметтік маңызы
Мектептегі дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың құрылымы мен талаптары
Дене шынықтыру сабағындағы жаңа педагогикалық технологиялар: тиімділігі мен енгізу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz