Жұмыссыздықтың негізгі экономикалық формалары


Slide 1

Еңбек нарығы әлеуметтануы: жұмысбастылық және жұмыссыздық

Жоспар:

1. Еңбек нарығы. Еңбек нарығына ену жүйесінің әлеуметтік тетіктері.

2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық, оның әлеуметтік құрылымы, салдары.

3. Еңбек ресурстары және жұмысбастылық. Еңбек потенциалы мен еңбек ресурстарының дамуының әлеуметтік факторлары. /видео/

Slide 2

Жұмысбастылық - еңбек қатынастары саласында қалыптасатын жұмыс орындарын қалыптастыру және жұмысшыларды жұмыс орындарына бөлу үрдісі

Жұмысбастылық жүйесінің негізгі элементтері:

Еңбек нарығы- еңбек потенциалын тиімді қолдану мүмкіндігін береді, жұмыс орындары үшін бәсеке тудырады, кәсіби өсу мүмкіндігін береді, жұмыс күшінің мобильділігін тудырады, . жұмыс берушілер мен еңбек күшін сатушылар мүдделерін үйлестіру механизмі.

Еңбек нарығының ерекшелігі - оны ретке келтіретін экономикалық факторлармен қатар:

әлеуметтік-психологиялық ситпат;

демографиялық жағдай;

еңбекке жарамдылардың экономикалық белсенділіктерінің дәрежесі;

еңбек құндылықтары тәрізді факторлар тән

Негізгі элементтері:

1. Жұмыс пен жұмыс күшін іздеу;

2. жұмысшыларды жалдау және жұмыстан шығару тіртібі;

3. еңбек жағдайы;

4. еңбекті бағалау деңгейін анықтау;

5. қызметкерлерді оқыту;

6. кәсіби және қызмет мобильділігі.

Slide 3

Қазіргі замандағы еңбек нарығының ерекшеліктері:

1. Жұмыс күшінің бір саладан екіншісіне еркін ауысу мүмкіндігіне байланысты біріңғай еңбек нарығының болмауы.

2. Жұмыскерлердің білім, кәсіби біліктілігі, еңбек қызметі мәртебелерінің әркелкілігіне т. б байланысты еңбек ақы көлемінің деңгейінің бірдей болмауы

3. Еңбек орнын таңдау және еңбек мотивтері тек материалдық сыйақыға емес, сонымен қатар еңбек мазмұнымен, жағдайымен, қызмет мәртебесімен анықталады.

4. Еңбек нарығындағы жұмыскердің жағдайы және мүмкіндіктеріоның демографиялық сипатымен байланысты / жынысы, жасы, отбасылық жағдайы.

5. Көп жағдайда еңбек нарығы секторына ену территориялық-тұрақ құрылымымен анықталады: ірі қала тұрғындары, немесе ауыл.

Slide 4

Еңбек нарығы- бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді

Slide 5

Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, -еңбек нарығында өзара қатнаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады

Slide 6

Еңбек нарығында саудаға түсіп сатылатын- жұмыс күші немесе еңбек. Нарықтық қатынастардың маркстік теориясын жақтаушылардың пікірінше еңбек нарығында жұмыс күші (еңбек берушінің қанауына түсетін жұмысқа деген қабілет) сатылады.

Slide 7

Қазіргі эканомикалық теорияда еңбек нарығында еңбек былайша бөлінедінеді:

Сатылатын еңбек

Сатып алынатын еңбек

Slide 8

Еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды.

Еңбек нарығында жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық мәселелерін шешу үдерісін реттеуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады

Slide 9

Еңбек нарығы- жұмыс беруші мен жалданатын жұмыс күшінің мүдделерін келістіретін механизм

Еңбек нарығына тән басты сипат - оның сегменттілігі

Еңбек нарығының сегменттігі - қызметкерлер мен қызмет орындарының тұрақты, жабық, жұмыс күшінің мобильділігін шектейтін зоналарға бөлінуі. Оның екі түрі бар:

Біріншісі- еңбекпен қамтамасыз ету тұрақтылығы, қызмет бабында өсу мүмкіндігі, басқару жүйесі, тиянақты және жоғары еңбек ақысы бар нарық

Екіншісі - мамандардың тұрақтамауы, еңбекпен қамтамасыз ету тұрақтылығы төмен, төмен жалақы т. б жағымсыз қасиеттермен сипатталатын еңбек нарығы

Slide 10

Еңбек нарығының сегментке бөліну себептері:

Өндірістің эканомикалық тиімділігі деңгейінің әр түрлігі

Еңбектің әлеуметтік тиімділігіндегі айырмашылықтар

Өндірістің әлеуметтік тиімділігі деңгейінің бірдей болмауы

Slide 11

Сыртқы еңбек нарығы - ел, аймақ, өндіріс салалары көлемінде қалыптасатын жұмыс берушілер мен жұмыс атқарушылар арасындағы әлеуметтік- еңбек қатынастарының жүйесі.

Сыртқы нарық - жұмыскерлердің бір өндіріс орнынан екіншісіне ауысулары арқылы жүзеге асады.

Slide 12

Еңбек нарығы туралы iлiмнiң теориялық iргетасын экономикалық ғылымның көрнекті өкiлдерi: Дж Перри, М. Фелдетогин, Д. Кейнс, М. Фридман т. б. Ғылыми әдебиеттерде еңбек нарығының төмендегідей концепциялары қарастырылған.

Бірінші концепцияның негізінде классикалық саясиэкономия жатыр. Мұның өкілдері неоклассиктер: Дж Перри, М. Фелдетогин. Бұл концепция бойынша еңбек нарығы басқа нарықтар сияқты баға тепе-теңдігіне негізделеді немесе нарықтық реттеушісі баға болып есептеледі. Жалақы бойынша нарықтағы сұраныс пен ұсыныс реттеледі деген пікір айтты.

Екіншісі, кейнсиандық көзқарас. Бұл қатардағы ғалымдардың пікірі бойынша еңбек нарығы әрқашанда тепе-теңсіздікке негізделген. Кейнстің үлгісі бойынша жұмыс күшінің бағасы қатаң бір қалыпта қалыптасады, іс жүзінде өзгермейді.

Бұл концепция бойынша: «жұмысшы күшіне сұраныс- нарық бағасы арқылы емес, жиынтық сұраныс арқылы - өнімнің көлемі арқылы реттелуі керек».

Үшінші көзқарас. Монетарлық үлгі бойынша «жұмысшы күші қатаң баға жүйесі арқылы біржақты бағыттағы өсімді қозғалыс» - деп танылады. Бұл концепция жұмыссыздықтың " табиғи" дәрежесі деген ұғымды ұсынған.

Төртінші институционалды мектептің көзқарасы. Бұл концепцияда жұмысшы күші, жалақы дәрежесі, кәсіпкерлік және салалық айырмашылықтарға көп көңіл бөлінген.

Slide 13

Еңбек нарығы В. И. Видяпиннің еңбектерінде толық талданған. Онда еңбек нарығы экономикалық категория ретінде «сатып алушылар мен сатушылар, сонымен бірге, жұмыс күшінің қозғалысы бойынша рыноктық қатынастар субъектілерінің мүддесін айқындайтын және оның өмір сүру құралдарына айырбасталуын қамтамасыз ететін сауда делдалдары арасындағы нақты экономикалық қарым-қатынастар мен байланыстардың жиынтығы», - деп түсіндіріледі.

Slide 14

Еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды.

Еңбек нарығында жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздық мәселелерін шешу үдерісін реттеуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады

Slide 15

Еңбек нарығының басты мәселесі-жұмысссыздық. Жұмыссыздық - елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Басқаша айтсақ -жұмыссыздық- жұмыс күшіңнің тауар өндіру мен қызмет көрсету саласына қамтылмай қалған бөлігінің болуы, бұл әлеуметтік - экономикалық құбылыс.

Slide 16

Жұмыссыздықтың негізгі экономикалық формалары:

Фрикциялық

Стагнативті

Циклдік

Құрылымдық

Slide 17

Фрикциялық жұмыссыздық - қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс.

Slide 18

Циклдік жұмыссыздық - елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде «экономиканың құлдырауының салдарынан еңбек күшіне деген сұранымның тапшылығына байланыстыболатын жұмыссыздық»- деп те атайды.

Slide 19

Стагнативті - ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, үміт үзумен байланысты

Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістегі технологиялық өзгерістер салдарынан жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылымының өзгеруі нәтижесінде пайда болатын құбылыс (бір саладан кеткен жұмыскер басқа салаға орналаса алмаған жағдайда туындайды) т. б. .

Slide 20

Жұмысссыздарды топтасыру өлшемдері:

1. Мерзіміне қарай: мерзімді (6 айға дейін) ;

ұзақ мерзімді ( 6 айдан астам) ; тоқыраулық (жыл бойы) .

2. Көрініс беру сипатына қарай: (ресми тіркелген) ;

жасырын (жұмыспен толық тәулік немесе апта бойы

қамтамасыз етпеу, мезгілсіз жартылай немесе мүлде төлем

ақысыз демалысқа жіберу) .

3. Тұрғындардың әртүрлі топтарының қамтылу дәркежесіне

қарай: жастар жұмыссыздығы; әйелдер т. б. .

4. Географиялық көрінісіне қарай: жалпыұлттық

(республикалық), аймақтық.

5. Кәсіби білім дәрежесіне қарай : толық емес және орта

білімділер; оқу орындарын бітіргендер арасындағылар;

жоғары білімі барлар арасындағы, т. б.

Slide 21

Жұмыс күші дегеніміз ел халқының жұмыс істеп жүрген, жұмыс іздеп жүрген, бірақ таба алмай жүрген еңбекке жарамды жастағы бөлігінің жалпы мөлшері.

Slide 22

Жұмыссыздық деңгейін анықтау үшін жұмыссыздардың жұмыс күші мөлшеріне пайыздық қатынасын есептеп шығару керек.

Slide 23

Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті?

1. Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс көзін іздейді. Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз мойнына алады. Алайда жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.

Slide 24

2. Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады.

Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі. Тауарға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының қысқарып,

жалақының кемуіне әкелетін

жолдың басы. Сөйтіп қоғам өзі

құрған тұзаққа өзі түседі.

Slide 25
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс шығындарының өсуі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формаларықажыг
Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі
Экономикалық циклдардың типтері
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
Жұмыссыздық
Фрикциондық жұмыссыздық
Жұмыссыздық мəселесі
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz