Патриоттық поэзия: жастар, тәуелсіздік және Отанды қорғау

Жас ұландар, жас қырандар
Еркін елдің түлегіміз
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Қазағым менің ұлы елім, Ғаламның ашқан түнегін. Кең байтақ алтын өрісім, Өзіңдей асқақ жүрегім!
7-мамыр
Қазағым менің ұлы елім,
Ғаламның ашқан түнегін.
Кең байтақ алтын өрісім,
Өзіңдей асқақ жүрегім!
Жас ұландар, жас қырандар Еркін елдің түлегіміз Көркейе бер, гүл еліміз, Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз,
Қырандай түлеп ұшқан арманымыз Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз. Ант алып ар алдында сапқа тұрып Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.
Сен маған жұмақ бағысың
Бар әлем сені танысын!
Ант берем мәңгі қорғауға,
Алаштың арын, намысын!
Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз Дұшпанға қатал болған, досқа берік Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз.
Алға, алға, алға қазақ жігіттері, Сенім артқан жансын халық үміттері. Көк аспанда желбіресін көк байрағың, Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.
Алға, алға, алға қазақ жігіттері, Сенім артқан жансын халық үміттері. Көк аспанда желбіресін көк байрағың, Жаса мәңгі, қазағымның жігіттері.
Елге қауіп төнбесін, Егестен адам өлмесін! Есен - аман болайық, Енді соғыс болмасын! Өртенбесін туған ел! Шайқалмасын асқар бел! Шайқалмасын шалқар көл!
Атам отан қорғаған
Онда қорқақ болмаған
Алтын жұлдыз кеудеде,
Нағыз батыр ол маған!
Асыл текті туған, Алаш кегін қуған. Ерлерім ел үшін, Белін бекем буған.
Қара жер қаны сіңген бабалардың Қорғауға шақырады балаларын. Сапқа тұр, сарбаздары туған елдің, Қиынға қайыспайтын қара Нарым
Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер! Тәуелсіз болып болашағына жүре бер! Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!