Күшті жақтары Әлсіз жақтары Мүмкіндіктері Сыртқы ортаның қауіп - қатерлері




Презентация қосу
FlyArystan
компаниясына
SWOT талдау
Орындаған: Әмірбек Алтынай СС-20-1K
Тексерген: Нурпеисов Аширбек Исатаевич
Талдау
S W O T
Күшті жақтары Әлсіз жақтары Мүмкіндіктері Сыртқы ортаның
қауіп-қатерлері
1. Аз шығынды 1. Қызметкерлерді 1. Халықаралық 1. Әлемдік
компания іріктеу нарыққа шығу деңгейдегі көптеген
(лоукостер) тәжірибесі мықты
бәсекелестер
2. Билеттер бағасы 2. Бас компанияға 2. Маркетингтік 2. Банкротство
басқа ҚР тәуелділік инновациялар,
авиакомпаниялары жарнамалық
нан төмен науқандар
3. Тәлімгердің 3. Тұтынушылардың 3. Аз шығынды болу 3. Компания
(наставник) болуы жүк мәселелері есебінен репутациясының
бәсекелестікті халықтың негативті
төмендету кері байланысынан
зардап шегуі
FlyArystan күшті жақтары
• Негізінен, FlyArystan компаниясы ашылғалы бері қазақстандықтардың ары бері
самолет арқылы қатынауы жиіледі, қалтаға қатты ауырлық салмайтын
компаниялардың бірі болып есептеледі. Ең мықты жақтарының бірі де осы.
Себебі, қазіргі таңда, уақыт тапшы, әрбір азаматтың керек жеріне уақыт үнемдей
отырып көшіп, қонуы өте маңызды. Air Astana, Scat және басқа да
авиакомпаниялардан айырмашылығы билет бағасы салыстырмалы түрде
әлдеқайда арзан. Дегенмен де, бағаны арзандатамын деп отырғанда, сервис,
қызмет көрсету сапасы мен самолет бортының жаңаруы жайына қалуы мүмкін,
яғни бағаны арзандату арқылы сапа жоғалтуға бармай, екі жақты баланста ұстау
керек. Тағы бір мықты жақтарының бірі жол көрсететін көшбасшысының болуы.
Барлығымызға белгілі, бұл авиакомпания, Air Astana компаниясының
ізбасары(дочерняя) ретінде ашылған компания. Сондықтан, қанша жерден
жаңадан ашылса да, алдында үлгі көрсетіп тұрған компания болған соң, басқа
стартаптарға қарағанда ориентация жасау оңайлау болады.
Әлсіз жақтары
• Келесі, әлсіз жақтарына кезек берсек, басты деген үш мәселе бар. Бұл
авиакомпанияның клиенттерінен кері байланыс сұралса, ылғи сервисы жайында
негатив пікірлер ағылып жатуы. Демек компанияның персоналдармен жұмысы
әлсірегендігінде. Және менің ойымша бұл, квалификациясы әлсіз мамандарды
жұмысқа алу себебі, аз шығынды компания болғандықтан, арзан жұмыс күшін
пайдаланғысы келеді. Дегенмен, егер компания ары қарай өрлегісі келсе, персонал
таңдауда сараңдық танытпауы тиіс, себебі, клиенттерге бағасымен қатар қызмет
көрсету сапасы да өте маңызды, бұндай компаниялардың репутациясы ылғи да
персонал арқылы танылады. Персонал компанияның бетпердесі секілді. Және
клиенттердің пікірі бизнес алаңында өте маңызды. Келесі үлкен мәселе, багажға
байланысты. Егер белгілі бір кг-дан асып кетсе, компания тағы бір билеттің
бағасымен бірдей компенсация талап ететін көрінеді, және адамдардың айтуынша,
бұл жерден арзан деп билет алу не пайда, егер багаж арқылы сол қымбат құнын
шығарып алатын болса дейді. Менің ойымша, бұл мәселе басқаша шешімді талап
етеді. FlyArystan, қызмет көрсету(услуги) саласында болғандықтан, барынша
тұтынушыларына жағдай жасауы керек.
Мүмкіндіктері
• Не дегенмен, жалпы, компанияға анализ жасау кезінде, сыртқы ортаның да әсері
еленуі тиіс. Себебі, кейбір факторлар кедергі келтірсе, кейбірі керісінше өсуге
мүмкіндік береді. Және осылардың әрбірін анықтап, өз пайдасына асыра білу
керек. Ұзақ уақыт бойы, FlyArystan компаниясы тек Қазақстан төңірегінде
жұмыс жасады, бірақ бір жыл бұрын, жақын мемлекеттерге самолеттарын ұшыра
бастады. Және бұл сыртқы ортаның берер мүмкіндіктерінің бірі болып
табылады, әлемдік нарыққа шығу арқылы тұтынушылар көлемі өседі, компания
жан жақты дамиды. Және әлемдік нарыққа шығудың өзі оңай қадам
емес,сондықтан маркетинг жағынан дамытып, танылудың бірнеше әдістерін
пайдалана отырып, тұтынушылар базасын жинап алу керек, жалпы халықаралық
нарықты алдымен зерттеу керек, бәсекелестікті барынша төмендетуге тырысу
керек. Сонда ғана, компания толығымен ортаға сіңісіп, орныға алады.
Сыртқы ортаның қауіп-қатерлері
Қорытынды ретінде, компанияға нұқсан келтіруі мүмкін, сыртқы ортаның
қауіп қатерлерін атап өтейік. Біздің компания әлемдік нарыққа
шыққаныменде, ол жақтағы бұрыннан істеп келе жатқан бірнеше жылдық
тәжірибесі бар бәсекелестер басып тастауы мүмкін, сол арқылы компания
банкрот болуы мүмкін. Бұл жағдайдың алдын алу үшін, алдымен сол
конкуренттерді біртіндеп зерттеу керек, қандай ерекшеліктері бар, көбіне қай
мемлекет арасында ұшады деген сияқты сұрақтарға жауап алып, өзін
солармен салыстыра отырып, стратегияларын жақсарту керек. Және де, келесі
түрі, ол негативті кері байланыс нәтижесінде, тұтынушы жақтан байкот
жарияланып, адамдар осы компанияның продуктын тұтынуын тоқтатуы
арқылы компанияның құлдырауы. Сол үшін, анализды қорытындылай келе, ең
алдымен, компания қызмет көрсетуді жақсарту керек, және сол өзінің
ерекшелігі болып есептелетін, арзан шығынды компания болып қалыптасуы
керек.
Қолданылған әдебиет
https://melimde.com/25-kompaniyafa-swot-taldau-jasaiz-fly-arystan.html

Ұқсас жұмыстар
Бірінші әдіс стратегиялық жоспарлау тәсілдерімен тығыз байланыста
Бәсекелестермен қүшті және әлсіз жақтарын анықтай білу
Нарық мүмкіндіктері Нарық қауіптері
Кәсіпорын стратегиясы
Сапа менеджменті жүйесі
Стратегиялық жоспарлау
Rolex компаниясының пайда болу тарихы
Жобаны жүзеге асыру
Нурсултан Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатының күшті жақтары және мүмкіндіктері қаңдай
МАҚСАТТЫ НАРЫҚТАР
Пәндер