Органикалық қосылыстардың изомериясы


Slide 1

Органикалық химия

Slide 2

Кіріспе

Органикалық заттар адамға өте ертеден таныс болды. Себебі адамның өмір сүруіне ең қажетті заттар - ішетін тағам, киетін киім, жағатын отын, т. б. органикалық заттар еді. Уақыт өте келе адамдар табиғи органикалық шикізатты өңдеп, өз қажетіне пайдалануды үйрене бастады. Ерте кездің өзінде-ақ адамдар тамақ пісіруді, тері илеуді, жарақаттарын жазатын дәрілер (майлар) дайындауды, малдың сүтін өңдеуді, сусындар дайындауды білді. Бертін келе адамдар өсімдіктерден бояулар алып, тері мен матаны бояуды, қант өндіруді, сабын жасауды, сірке суы мен өсімдік майын алуды үйренді. Осылай адамның пайдаланатын заттары көбейіп, өндіретін өнімдерінің саны өсе берді.

Slide 3

Органикалық химияның жеке ғылым ретінде бөлінуінің басты себебі, органикалық заттардың бәрінің құрамына көміртек атомы кіреді және олардың саны өте көп, түрлері әр алуан. Тағы бір себеп - органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғандағы қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты. Үшінші себеп - адамдардың тіршілігі мен іс-әрекетінде органикалық қосылыстардың маңызы зор. Сонымен қатар органикалық заттар биологиялық жағынан маңызды. Тірі организмдерде жүретін процестер органикалық заттардың қатысында өтеді. Биологиялық процестердің жүруін реттеп, катализдеп отыратын гормондар, витаминдер, ферменттер - органикалық қосылыстар. Ішетін тағамымыз, негізінен, органикалық заттар. Киетін киіміміз, жағатын отынымыз да органикалық заттардан тұрады. Дәрі-дәрмектер мен жуғыш заттар, қағаз бен бояулар, синтездік каучук пен резеңке, желім мен лак, жарылғыш заттар мен органикалық тыңайтқыштар, т. б. органикалық заттарға жатады.

Slide 4

XIX ғасырдың басында пайда болды. Швед ғалымы Й. Берцелиус 1808 жылы тірі организмнен алынатын заттарды "органикалықк заттар" деп, ал оларды зерттейтін ғылымды "органикалық химия" деп атауды ұсынды. Бірақ ол органикалық заттар ерекше "тіршілік күшінің" әсерінен тірі организмдерде ғана пайда болады деп есептеді. Мұндай ғалымдардың түсініктері виталистік көзқарас болды.

Кейіннен органикалық заттар жасанды жолмен алына бастады. Неміс ғалымы Ф. Велер 1828 жылы бейорганикалық зат - аммоний цианатынан мочевинаны (несепнәр) синтездеді. Сол сияқты орыс ғалымы Н. Зинин анилинді (1842 жылы), неміс ғалымы Г. Кольбе сірке қышқылын (1845 жылы), француз ғалымы М. Бертло майды (1854 жылы), орыс ғалымы А. Бутлеров қантты заттарды (1861 жылы) синтездеп алды. Осылай органикалық заттарды да бейорганикалық заттар сияқты лабораторияда алуға болатыны дәлелденді.

Slide 5

Органикалық

қосылыстар

Циклды

(тұйық тізбекті)

Ациклды

(ашық тізбекті)

Гетероциклды

Карбоциклды

Қанықпаған

Қаныққан

Slide 6

Көміртек атомдарының арасында дара

байланыстар болса, органикалық қосылыстар қаныққан деп аталады.

Ал қосылыстарда қос немесе үш байланыс болса, оларды қанықпаған деп атады.

Slide 7

Циклды немесе тұйық тізбекті қосылыстардың тізбектері тек көміртек атомдарынан құралса карбоциклды деп аталады.

Көміртек атомдарымен бірге циклда басқа элементтердің де (оттегі, азот, күкірт және т. б) болса гетероциклды деп аталады.

Slide 8

Корбоциклды:

-C-

C=

=C

C=

=C

циклопентан

С

С

С

С

С

С

циклогексан

С

С

С

С

С

С

С

С

С

Нафталтн

Slide 9

Гетероциклды:

С

S

С

С

С

тиофен

С

N

С

С

С

пиролидин

О

С

С

этиленоксид

Slide 10

Қосылыстарда бір функцияналдық топ болса, оны монофункциялық (сірке

қышқылы), бір түрлі бірнеше функциялық топтары барлары

полифункциялық (қымыздық қышқылы), әртүрлі функциялық топтары

болса, гетерофункциялық (амин қышқылы) деп атайды.

CHз-COOH HOOC-COOH NH2-COOH

сірке қышқылы қымыздық қышқылы амин қышқылы

Slide 11

Бір класқа кіретін қосылыстардың құрылымы, физикалық және химиялық қасиеттері ұқсас келеді. Ал оларды бір-бірінен ажыратып тұратын -CH2- тобының кез-келген саны болуы мүмкін. Заттардың осындай қатарын гомологтық қатар, ал бұл қатардағы заттарды бір-бірінен ажыратып тұратын -CH2- тобын гомолог айырымы деп атайды.

Slide 12

НОМЕНКЛАТУРА - әр дербес қосылыстарға мағыналы атаулар беру үшін қолданылатын ережелер жүйесі.

Slide 13

СН4 метан

С2H6 этан

C3H8 пропан

C4H10 бутан

C5H12 пентан

C6H14 гексан

C7H16 гептан

C8H18 октан

C9H20 нонан

C10H22 декан

Гомологтар - құрылысы мен қасиеті ұқсас, бір немесе

бірнеше СH2. тобына айырмасы бар жалпы формуласы

бірдей заттар

Slide 14

Радикалдар - жұптаспаған электроны бар бөлшектер.

Саны

Сан атауы

Радикалдың формуласы

Радикалдың атауы

1

Моно-

-СН3

Метил

2

Ди-

-С2Н5

Этил

3

Три-

-С3Н7

Пропил

4

Тетра-

-С4Н9

Бутил

5

Пента-

-С5Н11

Пентил

Slide 15

Қаныққан ациклды көмірсутектердің аттары (алкандар)

Қаныққан көмірсутектерінің алғашқы төртеуі тарихи қалыптасқан аттары бойынша аталады: метан, этан, пропан, бутан. Кейінгі көмірсутектерінің аттарын атау үшін көміртек атомының санына сәйкес грек сан есіміне “ан” жұрнағын қосып атайды, мысалы: пентан, гексан, гептан, октан, нонан, декан т. б

Тармақталған тізбегі бар қаныққан көмірсутегінің атын атау үшін ең ұзын тізбектітауып, көмірсутек радикалық ең жақын орналасқан жағынан бастап оны нөмірлейді.

Қосылыстың атын жазу үшін алдымен сан түрінде көміртек радикалы байланысқан көміртек атомынан нөмірін жазады. Бірнеше бірдей көмірсутек радикалдарының санын жазба түрде грек есімімен (ди-2, три-3, тетра-4, пента-5, гекса-6, және т. б) көрсетеді.


Ұқсас жұмыстар
МОНОФУНКЦИОНАЛДЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ ЖӘНЕ ИЗОМЕРИЯСЫ
Органикалық химия
Карбонилді қосылыстардың формулалары
Біратомды спирттердің химиялық қасиеттері
Донорлы - акцепторлы байланыс. Комплексті қосылыстар
Аминқышқылдарды өндіру биотехнологиясы
АМИНҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ӨНДІРУ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖАЙЛЫ
ОКСИҚЫШҚЫЛДАР
Кешенді қосылыстар
АЗО-ДИАЗОҚОСЫЛЫСТАР. Медициналық тәжірибедегі маңызы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz