Фармацевтикалық кадрларды таңдау


Slide 1

Фармацевтикалық кадрларды таңдау

Slide 2

Мақсаты:

Студенттерді Фармацевтикалық кадрларды таңдаумен таныстыру

Slide 3

Фармацевтикалық кадрларды дайындау және пайдалану

Қазір дәрілік заттар айналым сферасында жұмыс істейтін адамдардан фармацияның болашағы тікелей тәуелді. Фармацевтикалық білімі бар мамандар тек қана бөлшектік дәріхана жүйесінде жұмыс істемейді, сонымен қатар отандық, шетелдік фармацевтикалық компанияларда, ДЗ өндірісі және басқа фармацевтикалық тауар бойынша ұйымдарда, дәріхана қоймаларында және көтерме фирмаларда, бақылау-аналитикалық лабораторияларда және де дәрілер сапасын бақылау орталықтарында да жұмыс жасайды. Фармацевтикалық білімі бар мамандар өздерінің мамандық карьерасын жасай алатын барлық ұйымдарды тізіп айту мүмкін емес. Алдыңғы бөлімдерде айтылғандай, фармацевтикалық қызметке тек қана арнайы фармацевтикалық білімі бар адамдар жіберіледі - орта немесе жоғары. Барлық орта және жоғары фармацевтикалық білімі бар адамдар бекітілген тәртіпке сай фармацевтикалық кадрлары деп аталады.

Slide 4

Мамандарды дайындау

Орта фармацевтикалық білімді медициналық және фармацевтикалық училище және колледждерде алуға болады, ал жоғары- фармацевтикалық академияда, медициналық академияның фармацевтикалық факультетінде, университет, институттарда, сонымен қатар классикалық университеттердің медициналық немесе фармацевтикалық факультеттерінде алуға болады.

Елімізде орта медициналық және медициналық персонал қызметін ұйымдарда және дайындау жүйесіне өзгерту енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орта медициналық және фармацевтикалық білімнің көп салалы жүйесін дамыту жолдары және міндеттері, негізгі мақсаттары анықталған.

Slide 5

Кадрлық саясат

Денсаулық сақтау және фармацевтикалық бөлімдерде болып жатқан өзгерістер жаңа кадрлік саясатты қалыптастыруды қажет етті.

Жаңа кадрлік саясаттың негізгі мақсаты медициналық және фармацевтикалық кадрлерді пайдаланудың жоғары эффективтілігі болып табылады:

мамандардың еңбек қызметін іске асыру және заңдылық базасын дайындауды жетілдіру;

денсаулық сақтау жүйесінің қажеттілігі және кадрларды дайындау жүйесін халықаралық талаптарға сәйкес келтіру;

еңбек нәтижелігі және жоғары эффективтілігі үшін персоналды жүйелеу.

Slide 6

«Фармация» біліктілігі орта білімі бар арнайы мамандандырылған кадрларды дайындаудың базалық атауларын қарастырады. Орта фармацевтикалық білімі бар маман әртүрлі қызметте, мемлекеттік және жеке ұйымдарда жұмыс істей алады.

Slide 7

Мемлекеттік және муниципалды денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін мамандар үшін орта фармацевтикалық персоналдардың лауазым атаулары бекітілген: фармацевт, аға фармацевт, киоск сатушысы, оптика сатушысы. Бекітілген лауазым атауы және маманның біліктілік категориясын есепке ала отырып, мемлекеттік және муниципалды мекемелерде Бірлік нарық көрсеткіш тармағы бойынша разряды және еңбек ақысы анықталады.

Slide 8

Кадрларды таңдау- фармацевтикалық ұйымдарға бекітілген лауазым атаулары негізінде міндетті жұмысты атқара алатын мамандарды (кандидат) шақыру. Еңбек туралы заңға сәйкес немесе мамандарды жинақтауда іскерлік белгілері бойынша кадрларды таңдау принципі қолданылады. Құқығын шектеуге және жұмысқа қабылдау кезінде жынысына, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарауға жол берілмейді.

Slide 9

Кадрлерді бөлуді ұйымдастыру фармацевтикалық қызметтің атаулары негізінде және дәріхана жұмысының көлемі және оның ұйымдық құрылымы және жұмыс орнының санымен анықталып, жүргізіледі. Мысалы, өндірістік бөлімі бар дәріханалық мекемеде, ішке қолдануға және сұйық дәрілік түрлерді дайындау бойынша жұмыс орны ұйымдастырылады, ұнтақ және пилюля және фармацевтикалық басқа жұмыс орындары дәріні рецептсіз босату бөлімінде ұйымдастырылады.

Slide 10

Оқыту және біліктілігін жоғарлату

Оқытудың мақсаты- дәріхана ұйымын керекті тәжірибесі бар және дәріхананың негізгі міндеттерін іске асыруға қабілетті адамдармен қамтамасыз ету болып табылады.

Оқу түрі өтетін орын және қызметке кіру процесімен анықталады. Қызметке кіру процесінің оқуы ұйымға кіру кезінде, жаңа лауазымға немесе жаңа жұмысқа тағайындалуы, белгілі дағдылары жетіспеушілік кезінде жүргізіледі.

Өтетін орындағы оқу жұмыс орнында жұмыстан босатылып оқытылады.

Slide 11

Жұмыс орнында оқытудың бірнеше түрлері бар: нұсқау (инструктаж), ротация, қайталау (дублирование) .

Slide 12

Нұсқау (инструктаж) - тікелей жұмыс орнында жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіру және көрсету. Нұсқау мамандандырылған міндеттерге кіретін нақты процедура мен операцияларды меңгеруге бағытталған.

Ротация- жаңа қызметкер өндірістік процестің барлық этаптарымен танысу үшін 1 бөлімнен 2-ші бөлімге немесе 1 жұмыс орнынан 2-ші жұмыс орнына ауысып отырады.

Қайталау (дублирование) - жаңа қызметкерлерді тікелей ауыстыратын адаммен оның жұмысының бөлігін орындай отырып жұмыс жасайды. Мұндай ауыстыру дәріханалық ұйымдарға жұмыс орындарында дайын қызметкерді қоюға кепілдік береді.

Slide 13

Жұмыстан босатылып оқытудың ерекшелігі біліктілікті жоғарлату болып табылады, ол институттардың және факульттердің жетілдіру курстарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім мекемелерінде лицензиясы бар қызмет түрімен айналасуға құқығы бар мекемелерде өткізіледі. 5 жылда бір рет маман міндетті түрде біліктілігін жоғарлату үшін оқуы керек. Біліктілікті жоғарлату осы мамандандырылған дайындықты жоғары дәрежеде ұстап тұруға ыкпал етеді.

Slide 14

Аттестация (іскерлігі, мамандығы туралы мінездеме)

Маманның біліктілік дәрежесін және мамандық-қызмет талаптарына сәйкестігін анықтау үшін аттестация өткізіледі. Оның мақсаты мамандық біліктілігінің өсуін, таңдауды жақсарту, бөлу және кадрларды пайдалану, мамандық және лауазымдық міндеттерді атқару үшін персоналды жауапкершілігін жоғарлатуды реттеу болып табылады. «Фармация» мамандығы бойынша орта фармацевтикалық білімі бар және дәріхана мекемесінің меңгерушісінің лауазымын атқарады, аға фармацевт, фармацевт тұлғалар аттестацияланады.

Slide 15

Аттестацияцияға дайындық кезінде міндетті түрде оның өткізу тәртібін, мамандықтар тізімін, критерий, бағалауын бекіту керек.

Қазіргі кезде орта білімі бар мамандар үшін аттестация бір бағытта- фармация, ал жоғары білімі бар мамандар үшін, 3 бағытта: фармацияны басқару мен экономикасы, фармацевтикалық химия және фармакогнозиядан өткізіледі.

Дәрімен қамтамасыз ету жүйесінде қызмет ететін барлық тұлғалар, мамандық білімі бар дипломнан басқа, сертификат алуы қажет.

Slide 16

Сертификат- маман дайындығын мемлекеттік білім стандартына сәйкестігін дәлелдейтін құжат. Сертификаттық емтихан тәжірибелік дағды, сауалнама (ауызша) және тестілеу бағалары кіреді. Сертификатты 5 жылда бір рте міндетті түрде дәлелдеп тұру керек. Орта фармацевтикалық қызметкер, біліктілік категориясын алғысы келсе, алдымен аттестацияның мамандық бойынша біліктілігін жоғарлату курсында дайындықтан өтеді, сонан соң аттестациялау комиссиясына арызын береді, белгіленген формадағы аттестация парағын және ұйым басшыларымен бекітілген соңғы жылдардағы жұмысы туралы есебін өткізеді.

Slide 17

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайын жасау


Ұқсас жұмыстар
Фармациядағы шаруашылық субъектілерге банктік қызмет көрсету
Баскару алгоритмі
Кадрлардың біліктілігін арттыру
Кадрларды дайындау
Денсаулық сақтау жүиесин қаржыландыру
Қызметкерлерді жинау және басқару
Дәрілік заттар айналымында фармацевттің рөлі
Басшылық, адамдарды және топтарды басқару
Фармацевтикалық көмек жүйесі
Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өндірісті ұйымдық жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz