Мөде қағанның шығыс жорықтары және ғұндардың территориялық кеңеюі (б.з.б. III-II ғғ.)

Шығыста Мөде «шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген.
Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибеткежәне Шығыс Түркістаннан Хуанхэніңорта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты.
Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтайтайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылады. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сүннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Қуңюй, Түсүйше, Динлин, Гекүң және Сіңлі елдерін бағындырғанын хабарлайды.
Б. з. б. 201 жылғы жорық кезінде ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырған, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына қаратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, археологиялық материалдар да көрсете алмады.