Ойын технологиясы: теориялық негіздері, мақсаттары және ұйымдастыру әдістері


Slide 1

Тақырып:Ойын технологиясы

Дайындаған:Бабақұмарова Шырай

Серікқанова Аружан

Slide 2

Ойын технологиясы дегеніміз-Педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны

Slide 3

Міндеттері

1. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану

2. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру

3. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту

Slide 4

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаттары, міндеттері және теориялық негіздері.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мәні.

Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері.

Ойын технологиясын ұйымдастыру.

Оқытудың және дамытудың көне тәсілдерінің бірі-ойын болып есептеледі. Жинақталған тәжірибені аға ұрпаққа берудің бір тәсілі-ойын арқылы беру. Оның көмегімен оқу, өмірлік проблемалар жағдаяттарын модульдеу және ойындар іс-әрекетінің нақты проблемалар мен қатынастар (экологиялық, саясаттық, әлеуметтік, экономикалық) төңірегінде жинақталуына мүмкіндік бар.

Slide 5

Ойын технологиясын ұйымдастыру

Ойын арқылы оқыту технологиясы бір-бірімен байланысқан үш кезеңнен тұрады: дайындық, ойынды жүргізу, қорытынды кезеңдер.

Бірінші кезең. Ойынға дайындық. Дайындығы 3-4 апта бұрынбасталады. Осы кезеңде оқытушы тыңдаушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырады: тақырыбын, жоспарын, қажетті әдебиеттерді, ойын шартын, қарастыратын проблемалар шеңберін айтады, рөлдерді бөледі, кеңес беруді ұйымдастырады.

Екінші кезең. Ойынды өткізу. Ойынды жүргізудің қажетті элементі эмоционалдық екпін және ойынға қызығушылықтың болуы. Осыған орай ойын өтетін бөлмені мұқият безендіру (және әр түрлі оқытудың техникалық құралдырын пайдалану) ерекше жағдай тудырады.

Ойын барысында проблемалық жағдаят шешімін табу керек. Мұнда пікірталас және диалог сияқты тәсілдерді жиі пайдаланған абзал.

Үшінші кезең. Ойын қорытындысын шығару. Мұнда тыңдаушылардың тақырыпты меңгеру деңгейіне, өзіндік шығармашылық ойлауына, сенімнің қалыптасуына басты назар аудару керек. Оқытушы ойынның нәтижесінде жеткен жетістіктері мен қатар байқалған кемшіліктерді де атап өткен жөн. Сонымен қатар, ойынға баға беріп, марапаттау да тыңдаушылардың іс-әрекетке жұмылдыруға дем береді.

Slide 6

Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс-әрекетінің түрі. Оқу процесіне ойынның енгізілуі тыңдаушының қызығушылығын едәуір арттырады, эмоциялық сезімдерге тола жағдаят туғызады және оларды іс-әрекетке ынталандырады. Ойын мезеттері кез-келген сабақта әр қилы, қызық сәттерді туғызып, эмоциялық бояу береді.

Slide 7

Ойын арқылы оқыту технологиясының компоненттері

Ойын технологиясының компоненті

Ойынның құрылымдық элменттері

Мотивациялық

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту технологиясы: теориялық негіздері, принциптері және сабақты ұйымдастыру
Ойын технологиясы: педагогикалық негіздері, түрлері және тиімділігі
Мәдени тынығуды ұйымдастыру: ойын арқылы оқыту технологиясы және рекреациялық сауықтыру шаралары
Проблемалық оқыту технологиясы: мақсаттары, талаптары және әдістері
Мәселелік оқытудың технологиясы: мақсаттары, әдістері және педагогикалық маңызы
Кәсіпкерліктің теориялық негіздері, мақсаттары, түрлері және ұйымдық-құқықтық нысандары
Әлеуметтік жұмыста ұйымдастыру және басқарудың теориялық және әдістемелік негіздері
Потенциометрия: теориялық негіздері мен аналитикалық әдістері
Бюджеттік бақылауды ұйымдастыру: мақсаттары, субъектілері және негізгі әдістері
Дидактика: теориялық негіздері, негізгі категориялары және оқыту үдерісінің мақсаттары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz