Гельминтоздармен аурушаңдық сандары



Гельминтоздар
Мырзағали Жадыра 704 ЖТД

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша инфекциялық және паразитарлы (құртты) аурулар науқастар өлімінің 30% тан астамының себебі болады. Гельминтоздармен аурушаңдық сандары ЖРВИ мен тұмау аурушаңдықтарын бірге алғандағы көрсеткіштерімен шамалас

Гельминттер (паразит құрттар) гельминтоздарды тудырады, олар біздің планетаның ең көне және көп таралған тіршілік иелерінің бірі.
Адамда гельминттердің 350 түрінің паразитирлеуі тіркелген, олардың көбісі екі типке жатады: домалақ құрттар (Nematoda класы) және жалпақ құрттар (таспалы құрттар класы Cestoidea и сорушылар Trematoda) .
Нематода популяциясы неғұрлым кең таралған (500 мың түр) және саны бойынша бүкіл жануарлар әлемі өкілдерінің ішінде екінші орын алады. Соңғы жылдары гельминтоздармен зақымданудың көбею тенденциясы байқалады, ең әуелі нематодоз (энтеробиоз бен аскаридоз), токсокароз, трихинеллездермен науқастар саны көбеюде, биогельминтоздар - описторхоз, дифиллоботриоз, тенидоз, эхинококкоздар кең таралған.

Балаларда гастроэнтерологиялық және аллергиялық аурулардың көбею тенденциясы қандай да бір деңгейде гельминтті инвазиямен байланысты.
Гельминттер адам ағзасын қорек ретінде және тіршілік пен көбею ортасы ретінде пайдаланады. Өздерінің тіршілік өнімдерін бөле отырып, гельминттер адамда мүшелер мен жүйелердің жүйелі токсикалық зақымдануын тудырады.
+ Олардың көпшілігі гермафродит болып табылады - олар аталықтары және аналықтары, яғни адам ағзасының колонизациясы үшін бір дараның өзі жеткілікті.

Гельминттер - паразитарлы көп клеткалы ағзалар, сколецида түрінің төменгі құрттарына жатады (Scolecida) .
Адам гельминтоздарының қоздырғыштары күрделі және даму циклының әр түрлігімен ерекшеленеді. Барлық паразитарлық құрттар 2 типке бөлінеді: геогельминттер және биогельминттер. Геогельминттерде даму циклы қоршаған орта жағдайларына байланысты.
Биогельминттер міндетті түрде аралық иенің қатысуымен жүреді. Бүгін, паразитарлы аурулар кезінде негізгі патогенетикалық реакциялардың механизмдері белгілі болғанда, ауыр аллергиялық көріністердің себебі осы гельминттер болатынын, олар асқорыту және тыныс алу ағзаларының патологиясын тудырады, сенсибилиздеуші және иммунодепрессивті әсер көрсетеді. Бұл факторлар соматикалық және инфекционды патология үшін қолайлы жағдай туғызады.

Барлық гельминттер үшін ортақ патологиялық әсер - аллергизация және иммунды жауапты басу. Гельминттер, олардың құрылымы, тіршілік өнімдері аллергендер, қабынулық өзгерістер тудырады, иммуносупрессивті әсер көрсетіп, IgE-антиденелердің қарқынды өндірілуін индуцирлейді.
Бұлардың барлығы есекжем, атопиялық дерматит, бронх демікпесі сияқты созылмалы аллергиялық аурулардың дамуын ынталандырады. Әрине, гельминтоздарды шынайы аллергиялық ауруларға жатқызуға болмайды, бірақ бұл аурулар патогенезінде аллергия негізгі патологиялық процесстің міндетті компоненті болатынын есте сақтау керек.

Көптеген зерттеулерге қарағанда, паразитоздар қожайын ағзасына, әсіресе, оның иммунды жүйесіне көп жоспарлы әсер етіп, соматикалық аурулардың жиі пайда болуына, созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі.
Гельминтоздардың көпшілігіне ағзада қоздырғыштың аурудың созылмалы ағым, ол қоздырғыштың адам ағзасында ұзақ болуымен және көп ретті қайталам жұқтырумен байланысты.
Балаларда гельминтоздар, әдетте әр түрлі спецификалық емес клиникалық көріністермен жүреді: әлсіздік, шаршағыштық, тітіркенгіштік, ұйқы бұзылыстары, диспепсиялық көріністер, бой өсуінің және салмақ қосуының тежелуі, иммунды статустың төмендеуі.
Гельминтоздар кезінде басты компонет - гельминттердің зат алмасу өнімдерінің синсибилиздеуші әсері

Ішек-құрт аурулары әсіресе өсіп келе жатқан бала ағзасында психикалық және физикалық бұзылуға әкеледі. Бойдың өсіуі төмендейді, жыныстың жетілуін тежейді, есте сақтау қабілетін төмендетеді. Ішек-құрттары ішекте мекендеп, дәрумендерді сіңіру қызметін бұзады. Дисбактериоз келесі белгілермен көрініс береді: іштің ауруы, кебуі. Сол себепті балада мазасыздық, ұйқысыздық оқу қабілеті төмендегені байқалса, міндетті түрде дәрігерге қаралып, нәжісті құрт жұмыртқаларына тексеріліп, емдік дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Аурудың алдын-алу үшін қолды сабынмен тазалап жуу, қайнатылмаған су ішпеу, жеміс - жидектерді мұқият жуу, ыстық сумен шаю керек.
Ішек-құрт ауруы әсіресе балаларда мектепке дейінгі мекемелерде бастауыш сынып балаларында жиі кездеседі. Балалар арасында ішек-құрт жұмыртқаларын тексергенде көбінесе теріс нәтиже береді. Құрт жұмыртқалары нәжісте көбіне көріне бермейді. Көбінесе топырақта ішек құрт жұмыртқалары ұзақ уақыт өмір сүреді. Сол себепті жылына екі рет алдын - алу мақсатымен ем жүргізіп туру қажет.

Ішек құрт ауруының басты белгілері
• Баланың асқа тәбеті болмайды. Алайда бала тәттіқұмар болып, таңертең ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығады және жүрегі айниды.
• Бала үнемі құйрықтың төмен тартып ауырғанынан, қышитынынан мазасызданады. Мұндай келеңсіздіктер өзі пайда болып, бірден өзі басылады.
• Көзінің асты қарайып, әлсіздік пайда болады. Ішек құрттар баланың орталық жүйке жүйесіне кері әсер тигізетіндіктен, үнемі мазасызданып, түнгі ұйқысы тынышсызданады.
• Балаға суық тимесе де, түнімен жөтеліп шығады.

Ауруды анықтау және емдеу
Ішек құрттарды көзбен көру мүмкін емес. Оны тек анализ тапсырып қана анықтауға болады. Себебі олардан ағзаны тазарту үшін қандай түрімен күресу керегін білу қажет.
Копрограмма. Бұл тәсіл қалыпты, алайда тиімсіз. Тек нәтижесі анық боу үшін зәр, нәжіс, қан тапсырып, анализдерін анақтаған дұрыс. Мұндай анализдерді педиатр-дәрігерлер 3 рет жасатады.
Қан анализі. Жалпы анализге қан талдауы (аш қарынға тапсырылады) ішек құрттардың іште бар екенін көрсетеді. Ең бірінші орында эозинофилдер санына қарайды. Егер де осы көрсеткіш дұрыс шықпай, гемоглобиннің түсіп кетуі қосылса, онда тез арада ем қабылдау керек.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz