Педагогикалық іс-әрекет: пайда болуы, құрылымы және мұғалімнің кәсіби қасиеттері


Slide 1

Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы

Slide 2

Ежелгі Вавилонда, Египетте, Сирияда мұғалімдер ең алдымен жрецы болды.

Ежелгі Грецияда - мұғалімдер өте ақылды, талантты азаматтардан алынды: педономдар, педотрибтар, дидаскалдар, педагогтар.

Ежелгі Римде император мұғалім ретінде мемлекеттік лауазымдағы адамдарды, ғылымды жақсы білген, саяхатшыларды, көп көргендерді қойды, яғни бұндай адамдар басқа халықтың тілін, салт-дәстүрін білетін адамдар.

Ежелгі Қытай жазбаларында біздің эрамызға дейінгі XX ғасырларда елде халық ағарту ісімен айналысатын министрлік болғаны айтылады.

Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы

Slide 3

Педагог мамандығының негізгі міндеті - қоғамдық мақсатты түсініп, басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа жетуге бағыттау.

Slide 4

Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі ол гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипаттамалардан тұрады

Slide 5

ХХ ғасырдың 50-70 жылдарындағы көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер мұғалім мамандығының қыр-сырын, педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін жан-жақты талдауға бағытталады:

педагогикалық іс-әрекет құрылымы (Н. В:Кузьмина, А. И. Щербаков т. б. ) ;

педагогикалық техника (Ю. П. Азаров т. б. ) ;

мұғалім профессиограммасы (С. А. Сластенин, О. А. Абдуллина т. б. )

Slide 6

Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.

Slide 7

Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі - мұғалім.

Slide 8

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:

Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.

Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет.

Іс-әрекет субъект - субъектілік және субъект-объектілік сипатта болады.

Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілетін педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашықта ғана айқындалады.

Slide 9

Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А. К. Маркова, Л. М. Митина, Н. В. Кузьмина, В. П. Симонов, К. Д. Успанов, А. А. Молдажанова т. б.

Slide 10

Мұғалімнің кәсіби негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: *оқушыларға деген сүйіспеншілігі, *педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы, *бақылағыштылығы, *педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы, *педагогикалық ойлаудың қалыптасуы, *қарым-қатынас жасай алуы, *ұжымшылдығы, *шығармашылығы

Slide 11

Н. В. Кузьмина бойынша педагогикалық іс- әрекет дәрежесі І (минималды) репродуктивті; педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес. ІІ (төмен) бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті. ІІІ (орташа) локальді модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу- танымдық іс- әрекетке бірітіндеп енгізу) ; орташа продуктивті. ІV (жоғары) - оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша орқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденісіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті. V (ең жоғары) - оқушылардың жүйелі модельдеуші іс- әрекеттері мен мінез- құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін- өзі тәрбиелеу, өзін- өзі оқыту, өзін- өзі дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті.

Slide 12

Педагогикалық іс- әрекет тәсілдері:

түсіндіру;

көрсету (иллюстрация) ;

оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс;

оқушы тәжірибесі;

тренингтер

Slide 13

Педагогикалық іс- әрекет нәтижесі

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оны тұлға ретінде, іс- әрекет субъектісі ретінде жетілуі, қалыптасуы.

Slide 14

Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі - жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, Отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару.


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық іс-әрекет: тарихы, құрылымы және кәсіби қасиеттері
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, субъектілік қасиеттері және педагогикалық деонтологиясы
Педагогикалық қабілеттілік: В.А. Крутецкий мен Н.В. Кузьмина концепциялары, мұғалімнің кәсіби қасиеттері және іс-әрекеттің продуктивті деңгейлері
Педагогикалық іс-әрекет және оның құрылымы: мақсаты, компоненттері және мотивациясы
Педагогикалық іс-әрекет: теориясы, компоненттері және құралдары
Мұғалімнің кәсіби педагогикалық құзыреттілігі: тұжырымдама, құрылымы және бағалау критерийлері
Мұғалімнің әлеуметтік-педагогикалық портреті мен кәсіби имиджі
Педагогикалық имиджелогия және мұғалімнің кәсіби имиджі
Педагогикалық құзыреттілік: ұғымы, түрлері және мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Педагогикалық әдеп: мұғалімнің кәсіби этикасы мен жауапкершілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz