Дәлелдеу тәртібі


Презентация қосу
Дәлелдеу тәртібі
Қабылдаған: Дюсебаев.Т.Т
Орындаған: Айтбай.А
Тобы: 3 курс ҚҚҚ-21
Кіріспе бөлім
Дәлелдеу тәртібі заңмен регламенттелінген. Дәлелдеу қызметі азаматтық процестің
(тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы, сотта іс қараудың жариялылығы және т.б.)
жалпы принциптерімен бағытталады және процестің әр сатысында жекешеленеді.
Дәлелдемелер жинау, зерттеу не бағалау бойынша соттың немесе іске қатысушылардың әр іс-
әрекеттері процессуалдық тәртіптерге сәйкес болуы тиіс. Осы тәртіптер қатарына дәлелдеу
тәртібі ерекше орын алып отыр.
Сот дәлелдемелерді бағалағанда, заңды және құқықтық сананы басшылыққа ала отырып, сот
мәжілісінде істің барлық мән-жайын жинақтап, толық және объективті түрде қарауға негізделген
өзінің ішкі сеніміне лайықты бағалайды. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні ілгері
белгіленген күші болмайды.
Дәлелдемелер келесі тұрғыдан бағаланады:
1.дәлелдемелердің қатыстылығы;
2.дәлелдемелерге жол беру;
3.дәлелдемелердің растығы;
4.дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі.
Дәлелдемелердің қатыстылығы – бұл іс үщін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы
тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін нақты деректер
ретінде танылатын дәлеледемелер.
Дәлелдемелердің қатыстылығы тәртібінің мәні – іске қатысты болатын дәлелдемелерді
сот қатыстыруы және зерттеуі тиіс. Iс бойынша iс жүргiзу кезiнде нақты деректердi
дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтындығын, сондай-ақ оларды шектеп
пайдаланудың мүмкiндiгiн өз бастамашылығы бойынша немесе iске қатысушы адамдардың
өтiнiмi бойынша сот белгiлейдi.
Дәлелдемелер мәні оның іске қатыстылығымен анықталады. Іске
қатысты дәлелдемелердің жиынтығы материалдық және процесуалдық құқықтар
нормаларымен анықталады. Дәлелдемелердің іске қатыстылығы судья өзінің ішкі сенімі
бойынша бағалайды.
Дәлелдемелерге жол беру – бұл нақты азаматтық істер талқылау процесінде (куәнің
айғақтары, заттай дәлелдемелер және т.б.) дәлелдеу құралдарын қолдануда заңменн
белгіленген шектеулер [1, 135 б].
Бұл заң бойынша белгілі бір тәсілмен (жазбаша дәлелдемелер) расталатын істің мән-
жайын басқа дәлелдеу тәсілдерінің қандайымен болса да растауға болмайды.
Негізгі бөлім
• Қылмыстық процесте дәлелдеу мен дәлелдемелермен қызметінің алатын орны ерекше.
Өйткені тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту негіздерін анықтау осы аталған
институттармен тікелей байланысты. Яғни, адамның қылмыс жасағандығын, кінәлілігін
дәлелдеумен байланысты. Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – бұл қылмыстық іс жүргізу
құқығының құрамдас бөлігі және ол келесі құбылыстар мен нормалар мен тығыз
байланысты. Біріншіден, дәлелдемелердің ұғымы, түрлері және жіктелуі; Екіншіден,
дәлелдеу субьектілері және олардың өкілеттіліктері; Үшіншіден, дәлелдеу қызметі және
жекелеген элементтері; Төртіншіден, дәлелдеу әдіс-тәсілдері, тактикасы мен қолданылатын
техникалық құралдар; Бесіншіден, дәлелдемелерді бағалау.Дәлелдемелер теориясы
дегеніміз – дәлелдеу мен дәлелдемелер институттарына қатысты теориялық ілімдердің,
тұжырымдамалардың, доктриналардың, көзқарастардың жиынтығы.
• Дәлелдемелер құқығы - бұл дәлелдемелер мен дәлелдеу элементтеріне қатысты арнайы
қылмыстық іс жүргізушілік нормалардың жиынтығы. Ескерту: ол тек 115-131 б ғана емес
(15-16 тарау) басқада ҚІЖК нормалары.
Қорытынды
Дәлелдеменің қасиеттері:
1)Іске қатыстылығы
2)Іске жіберілуі
3)Дәлелдеменің дұрыстығы
4)Дәлелдеменің жеткіліктілігі
Дәлелдемелердің жіктелуі
1)Дәлелдемелер жинау
2)Дәлелдемелерді бекіту
3)Дәлелдемелерді зерттеу
4)Дәлелдемелерді бағалау
Дәлелдеу элементтері:
1)Жеке және заттық
2)Бастапқы және туынды
3)Тікелей және жанама
4)Айыптайтын және ақтайтын
Дәлелдеменің қайнар көздері:
1)Сезіктінің,айыпталушының,куәнің,жәбірленушінің айғақтары
2)Сарапшының,маманның қорытындылары
3)Заттай дәлелдемелер
4)Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz