Хоккей ойынының маңызы



Хоккей ойынының маңызы
Хоккей — қақпалар орнатылған арнайы алаңда таяқпен, доп не
шайбамен ойналатын командалық спорт түрі. Ойын жазда көгалда
доппен, қыста шайба және доппен мұз үстінде өтеді; қара допты
хоккей, Көгалдағы хоккей, Шайбалы хоккей.
Хоккей алаңының ұзындығы – 61 м, ені – 30,5 м болады және алаң жан-
жағынан 1,1-ден 1,2 метр биіктігі бар дуалмен қоршалады. Қақпасының
ені − 1,83 м, биіктігі − 1,22 м болады, қызылмен сырланады.
ТАРИХЫ:
Әлі күнге дейін хоккейдің тарихы мына елден шыққан деп дөп басып айту
қиынға соғады. Алайда, алғаш рет хоккейді шайбомен ойнауды канадалықтар
дәстүрге айналдырса, РесеЙ - оны кәдімгі доппен алмастырған.
Алғашқы ресми матч 1875жылы 3 наурызда Монреал қаласындағы
«Виктория» мұз айдынында өткізілді.
Ол кездегі хоккейді бүгінгі күнгі ойынның ережелерімен салыстыруға мүлдем
келмейді. Ол кезде әр командада 9 ойыншыдан топтастырылған еді. Ал, бүгін
де әр құрамаға кем дегенде 18 ойыншыдан келеді.
Хоккей шайбасы
Хоккей шайбасы қалың резеңкеден жасалады, оның диаметрі − 7,62 см,
қалыңдығы − 2,54 см. Әдетте шайбы бастапқы қалпын ұзақ сақтауы үшін
ойын басталғанға дейін оны мұзға қатырып ұстайды. Алаңдағы
ойыншылардың доп таяғының ұзындығы сабының түбінен бастап сірілігіне
дейін 1,35 м. Ілмегінің ұзындығы − 37 см, ені − 7,5 см. Қақпашының доп
таяғы ауырлау болып келеді. Оның ілмегінің жалпақтығы сабының
жалпайыңқырап келетін тұсынан санағанда 9 см. Таяқ доп әдетте
синтетикалық материал қосылған ағаштан жасалады.
Шайбалы хоккейден - Европа
біріншілігі 1910 жылдан бастап
өткізілді. Ал АҚШ мемлекетінің
кубогы үшін жарыс 1917 жылдан
бастап жарыс жолына шықты.
Ойын талаптары жиі жаңаланып тұрды. 1900 жылы хоккей алаңы (61х30 м)
болады деген ортақ шешім шығарылды. Ойын үш кезеңнен тұрады, әр кезең 20
минуттан деп есептелінді. Қақпашылар 1929 жылға дейін арнайы қорғанбаған
еді. Сол жылы Канаданың клубы «Монреаль Канадиенстің» намысын қорғаған
Клинт Бенедикт алғаш болып мұз айдынына маскамен шықты. Осы уақытқа дейін
барлық матчтар ашық далада өткізілген. 1870 пен 90 жылдары жабық мұз
айдыны жасақталды. Әлемде қолдан жасалған мұз айдыны 1903 жылы Лондонда
жасалды. Хоккейдің дамуына Ұлыбритания едәуір үлес қосқан. Екінші
дүниежүзілік соғыс аяқталысымен хоккей қайта қолға алынды. Жаңа хоккей
державалары қалыптаса бастады. XX ғасырдың екінші жартысына дейін КСРО,
Чехословакия мен Канада құрамалары үздік танылды. Ал, XX ғасырдың аяғы мен
XXІ ғасырдың басында жаңа алпауыт құрамалар бой көтерді. Бұлардың қатарына
Финляндия, АҚШ және Швеция қосылды
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Бестемше ойынының бала тәрбиесіндегі орны
ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
Натурал сандарды еселік салыстыру. Еселік салыстыруға есептер
Футбол ойынының ережесі
Төрт асық
Спорттық ойындардың физиологиялық сипаттамасы
Асық ойындары
Тоғызқұмалақ тақтасы
Тоғызқұмалақ ережемен ойнау
Сайыстың мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz