Қаныш Сәтбаев қазақ археологиясының бәйтерегі, ғалым


Slide 1

Медеу Сәрсеке - қазақ жазушысы

Медеу Сәрсеке - танымал қазақ жазушысы, драматург және журналист. Ол 1936 жылы Семей облысында дүниеге келген. Сәрсеке ғылыми фантастика, өндірістік роман және өмірбаяндық шығармалар жазған.

Slide 2

Білім және мансап

1

1953

Қайнар орта мектебін алтын медальмен бітірді.

2

1959

Инженер дипломын алып, Семей цемент зауытында жұмыс істеді.

3

1962

КСРО Жазушылар одағының мүшесі болды.

Slide 3

Ғылыми фантастика

1

Алғашқы туындылар

"Ғажайып сәуле" және "Көрінбестің көлеңкесі" хикаяттары.

2

Танымал шығарма

"Жетінші толқын" - қазақ фантастикасының үздігі.

3

Аударма

А. Беляевтің "Человек-амфибия" романын қазақшаға аударды.

Slide 4

Өндіріс тақырыбы

"Жарылыс"

Кеңестік дәуірдегі өндірістің тыныс-тіршілігін суреттейді.

"Көмбе"

"Жарылысты" толықтыратын кең тынысты туынды.

Театр қойылымдары

"Жарылыс" пьесасы бірнеше театрда сәтті қойылды.

Slide 5

Драматургиясы

1

1968

Алғашқы драмасын жазды.

2

1988

"Заңды неке" комедиясы сахнаға шықты.

3

2011

"Тендерге түскен келіншек" пьесасы жазылды.

Slide 6

Өмірбаяндық шығармалар

«Қаныш Сәтбаев»

"Сәтбаев" кітабы әлемнің 112 еліне тарады.

«Ебіней Бөкетов»

"Қаныштың ізбасар інісі" атты ғұмырнама жазды.

«Ермұхан Бекмаханов»

2015 жылы "Нартұлға" сериясымен кітап шығарды.

Slide 7

Семей полигоны туралы

Жеке тәжірибе

37 жыл радиация әсерінде өмір сүрді.

Зерттеу

Ядролық сынақтардың салдарын зерттеді.

Кітап

2016 жылы "Семей қасіреті" кітабын

жариялады.

Slide 8

Марапаттар мен мұрасы

Марапаттар

"Құрмет" ордені мен "Еңбектегі ерлігі үшін"

медалінің иегері.

Шығармашылық мұрасы

Көптеген кітаптар, пьесалар және мақалалар жазды.

Құрметті атақтары

Абыралы ауданы мен Семей қаласының құрметті азаматы.

Slide 9

Қаныш Сәтбаев - әйгілі геолог

Қазақстан 2024 жылы ғалым, пайдалы қазбалар құпиясын ашқан әйгілі геолог Қаныш Сәтбаевтың

125 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Slide 10

Қаныш Сәтбаевтың балалық және жастық шағы Болашақ академик, геолог және қоғам қайраткері 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықта орналасқан Айрық деген жерде дүниеге келді. Бүгінде бұл - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округіндегі Мұса Шорман аулы. Дүниеге келген сәбиге Ғабдул-Ғани деп есім берген. Анасы ұлын еркелетіп Ғани, Ғаныш деп атапты. Артынша баланы барлығы Қаныш деп атай бастаған. Қаныш Сәтбаев ауыл молдасынан білім алады. Ол араб, парсы тілдерінде оқыған. Мұнан кейінгі екі жыл көлемінде Сәтбаев уездегі алғашқы қазақ-орыс мектебінде білім нәрімен сусындайды. Мектеп Аққелін аулында ашылған.

Slide 11

1911 жылы Қаныш Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне түседі. Ол үш жыл ішінде төртжылдық бағдарламаны меңгеріп алып, артынша Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түскен. Сәтпаевтың денсаулығы сыр бере бастағандықтан, диплом алу үшін емтиханды экстернмен тапсырған. Содан кейін Томск технологиялық институтына түсуге дайындалады.

Асқынған туберкулезді қымызбен емдеу үшін 1920 жылдан 1921 жылға дейін туған өлкесінде болады. Осы кезде Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арнап алғашқы алгебра оқулығын жасауды бастайды. Бұл жұмысты 1954 жылы бітіреді.

Slide 12

1921 жылдың басында Қаныш Сәтбаевтың тағдыры бір кездесуден кейін күрт өзгереді. Ол асқынған туберкулезден қиналып, қымызбен емделген-ді. Осы кезеңде Баянауылға емделуге кеңес геологы Михаил Усов келеді. 22 жастағы жігіт геология туралы әңгімелерге қызығып, 1921 жылы халық сотындағы қызметін тастап, Томскідегі техникалық институтқа түседі.

1922 жылдың басында дерті Сәтбаевтың жолына тағы да тосқауыл болады да, жас өрен ауылына қайта оралады. Бірақ Қаныш оқуын тоқтатқысы келмей, үйінде университет курсынан өтемін деп шешеді. Бұған Баянауылға жиі келетін Усов көмектеседі. Сәтбаев жарты жылдан кейін университетке оралып, 1929 жылы оны сәтті аяқтайды.

Академик Қаныш Сәтбаев жолы

Slide 13 Slide 14

Көп ғасыр тарихы бар қазақтардың арасында тұңғыш геолог атанған Қаныш Сәтбаев Жезқазған және Қарсақбай ауданындағы басқа да пайдалы қазбалар кен орындары геологиясын зерттеді.

Сәтбаев геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді, оның жетекшілігімен бұрғылау мастерлері, сызба сызушылар, прорабтар және т. б. кадрлар қалыптасты.

Қазақстандық ғалым Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлдеқайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалық үшін оған 1940 жылы КСРО жоғары мемлекеттік наградасы - Ленин ордені берілді.

Кейінірек оған тағы төрт орден табыс етілді.

Slide 15

Қаныш Сәтбаев соғыстан кейінгі жылдары

елдегі ғылымда жүрген адамдардың басып

қосып, Қазақ ғылым академиясын құрды.

1946 жылы ашылған ҚазКСР ғылым академиясының алғашқы президенті .

1947 жылы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде Лондонда Уинстон Черчильмен кездеседі, сол кезде саясаткер одан "Өзге қазақтар да сіз сияқты бойшаң ба?" деп сұрағанда академик: «О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен де биік», -деп жауап берген екен.

Slide 16

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ ЖАЙЛЫ 15 ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕК

Slide 17 Slide 18 Slide 19

1. Ғұлама ғалымның шын есімі - Ғабдулғани. Арабшадан аударғанда «шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтажсыз Алланың құлы» деген мағынаны береді. «Ғани», «Ғаныш» еркелете келе «Қанышқа» айналған.

2. Академик Қаныш Сәтбаевтың ең ірі жобасы «Ертіс-Қарағанды» каналы. Жобаның құрылысы 1961 жылы басталып, 1967 жылғы желтоқсан айында бірінші кезегі аяқталып, Ертіс суы Екібастұзды жанамалай, 475 метр өрдегі Қарағанды мен Теміртау қалаларына жетті. Содан беріде Орталық Қазақстан алқабы иен суға шаш-етектен кенелді. Осы жұмыстың басында жанқиярлық еңбегін сарп еткен қазақтың Қанышы болатын.

Slide 20

3. Қаныш Сәтбаев өнердің сан-саласында озық болған. Музыка тыңдағанды ұнатқан. Биді қадірлейтін. Археолог ғалым Ә. Марғұланның айтуынша, Қаныш Сәтбаев полька, мазурка, вальс билерін билеуге қызыққан.

4. Қаныш Имантайұлы алғашқы қазақ мектептеріне арналып ана тілінде жазылған «Алгебра» оқулығының авторы. Алғашқы ғылыми еңбегіне жататын оқулық қолжазбасының көлемі - 1642 беттен тұрған.

5. 1947 жылғы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО Жоғарғы Советінің делегациясы құрамында Анлгияға барған. Сапар барысында қазақ ғалымын алғаш көрген Ұлыбританияның әйгілі саясаткері Уинстон Черчилль зор денелі Қаныш ағаға тесірейе қарап: «Қазақтардың бәрі сіздей алып па?» - деп сұраса керек. Сонда Қанеке: «О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын. Халқым менен де биік», - деп жауап беріпті.

Slide 21

6. Әйгілі Жыржыс қажы 1919 жылы қажылық сапарға аттанады. Қасиетті сапарында бабалар рухына тағзым етіп, Мекке-Медина қалаларында болады. Қажылық сапарында атақты Қаныш Сәтбаевтың әкесі Имантаймен кездеседі. Кейін Қаныштың әкесі Имантай Жыржыстың мешіт үйінде болып, сонда қайтыс болған.

7. Қаныш Сәтбаев қазақ археологиясының бәйтерегі, ғалым

Ә. Марғұланды қуғын-сүргін азабынан құтқарып, Алматыдағы КСРО Ғылым Академиясының филиалына жұмысқа алады. Сондай-ақ Сәтпаев оған археологиямен айналысуға кеңес береді.

8. Ғұлама ғалым, академик Қаныш әкесі Имантайдың кіші жарынан туған. Бәйбішесі Нұрым Тасболатқызымен ширек ғасырға жуық тату-тәтті отасқанымен, орталарында бала болмапты. Нұрым бір қыз туған екен, оның өзі де жастай шетінеп кетіпті. Бір қызығы, Имантайдың бәйбішесі күйеуінің төсек жаңғыртуына қарсы болмай, кіші жарды өзі таңдап берген. Бәйбішенің таңдауы отыздан асқан Әлимаға түскен.

Slide 22

9. Қазақтың тау тұлғалы алыптары Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезов дос болған. Ұлы жазушы мен ұлық ғалым Семейдегі семинарияда бірге оқыған. Қаныш Имантайұлының көзін көрген Сіләмхан ақсақалдың айтуына қарағанда, екеуі бір жатақханада, бір пәтерде тұрған. Жастайынан бір-бірін тап басып таныған қос таланттың арасындағы адал достық соңғы сәтке дейін жалғасын тапқан.

10. Қаныш Сәтбаев алуан түрлі тастары бар тауларды, дархан даланы жақсы көрген. Ол кішкентайынан тау-тастардан, қыраттардан әр түрлі түске боялған тастарды жинаған.

Slide 23

11. Қаныш айтқан екен: «Қазақстандағы ғылым дұрыс жолмен дамуы үшін оның штабында - ғылым академиясында халқының, өз Отанының мүдделеріне бар жан-тәнімен берілген адамдар қызмет етуі керек».


Ұқсас жұмыстар
Археологияның кемеліне жеткен - Кемел Ақышев
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ
Қаныш Сәтбаевтың еңбектері
ҒЫлым академиясы
Қазақстанда ғылымның қандай салалары дамығын
Сан қилы есеп
Ғалым өмірі тірек сызбаларда
Әбу Насыр Әл- Фараби туралы
Қазақстанның ғалымдары
Шахтер Даңқы монументі 1974 жылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz