Бөлудің компаненті



«Білгір логик» математикалық сайысы.
бастауыш сыныптарға арналған
Бегаулова А. А.

«Білгір логик»
математикалық сайысы.

Сайыстың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойында азаматтық қасиетті қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, білімге ұмтылдыру. Дамытушылық: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және олардың математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.

Ойын шарттары:
І. Таныстыру
ІІ. Сырлы сұрақтар
ІІІ. «Кім жылдам»
ІV. Математикалық жұмбақтар
V. Мақал сөздің мәйегі
VI. «Орамал тастау» ойыны
VII. Есепшілер-еліне саяхат
VІІІ . Сөзжұмбақ шешу

І. Таныстыру

І. Сайыскерлерді топтарға бөлу: Таныстыруы.
« Алғырлар » тобы: Шақырып жарыстарға сан-салалы, Алғырлар топ жарғалы жар салады! Ту етіп достық пенен татулықты Тапқырлар командасын қарсы алады!
Ұраны: Тартысайық сайыста күш жігермен
Айырылысайық қимас бір дос көңілмен.

« Тапқырлар » тобы: Құрметтеп алғырларды ой-саналы Тапқырлар сәлем беріп ән салады. Бүгінгі сайыстан достарына Қашанда тапқыр бол деп ой салады. Ұраны: Білім қару етіп, серік етіп,
Болашақтың есігін біз ашамыз!

ІІ. Сырлы

І топқа
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?
2. 1 кг етті пісіру үшін 1 сағат қажет. Осындай еттің жарты килограмын пісіру үшін қанша уақыт қажет?
Сочи -2014 қысқы ойындар олимпиадасына елімізден спорттың 10 түрінен спортшылар қатысты, бұл барлық спортшылардың бестен бір бөлігін құрайды. Сочи олимпиадасына еліміздің атынан неше спортшы қатысты ?

ІІ топқа
1. Қай қалалардың балалары Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті? Бұлардың біреуі - Оралдан, екіншісі - Ақтаудан, үшіншісі - Астанадан келген. Ерлан мен Оралдан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Ақтауда болып көрмегендігі болса, қай бала қай қаладан келген?
2. Таксиден 2 жолаушы шыққанда жартысы таксиде қалды. Таксиде неше адам болған еді?
1. Бір қыз баланың бір жері ауырады. Егер қыздың атын тапсаң сол ауруды табасың.
Қаздың аты 8 әріптен тұрады. Алғашқы 4 әрпі сұрағы, соңғы 4 әрпі жауабы

1. Бір үлкен бағананы 9 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек.
І топқа
2. Бөлмеде 12 балапан, 3 қоян, 5 күшік, 2 мысық, 1 әтеш және 2 тауық болды. Осында тағы ит және оның қожайыны кірді. Бөлмеде қанша аяқ бар?
3. Африкада бір бала туылды. Әкесі скорый шақырды.
Туылған баланың беті қап-қара, тісі-аппақ. Мен қай жерде өтірік
айттым?

ІІ топқа
1. Етік киген Мысық төрт шортан ұстады. Бұл ұстағандарының жартысы. Ол неше балық ұстады?
2. Кездесіп бір топ аңменен,
Болды 30 бас малменен.
Олар кетті қоштасып 16
Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңыз.
3. Екі қасқыр, сегіз қоян,
Жеті қораз, тоғыз жылан,
Екі бұғы, сегіз түлкі,
Нешеу болды барлығы?

I. Кім жылдам? (сұрақтарға жауап беру) . Алғырлар тобы. 1. Уақытты қалай табамыз? 2. Қиылыспайтын түзулер? 3. 126 мен 7 дың көбейтіндісі? 4. Жұп цифрларды ата. 5. Санды қандай санға бөлуге болмайды? 6. Ең үлкен екі таңбалы сан? 7. Шеңбер салуға арналған құрал? 8. 5 тәулікте неше сағат бар? 9. 4 қойдың аяғы нешеу?
10. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 11. Бір тоннада неше кг бар?
12. Ұзындығы 14 см, ені 5 см тіктөртбұрыштың ауданы?

Тапқырлар тобы. 1. 1203 саны нешеге бөлінеді?? 2. Алманың жартысы неге ұқсайды? ? 3. Үш сызықтан пайда болған фигура?? 4. Тақ цифрларды ата. 5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?? 12 6. Жарты түзу? 7. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. ? 8. Бір ғасырда неше жыл бар? 9. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?.
10. 35 -тің квадраты. 11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. 12. Шеңбер сызуға арналған құрал

III. Математикалық жұмбақтар
Алғырлар тобы.
1. Нүктеден, екі сәуледен
Фигура ол құралды.
Айтыңдаршы канекей
Қалай ғана аталады (бұрыш)
2. Шар емес, дөңгелек емес
Бірақ осылардың бөлігі
Радиус, диаметрін іздегенде
Онсыз болмайды келісі
(шеңбер)
.
3. Нәрселердісанағанда Керек бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай
4. Нүктеден екі сәуледен Құралған айтшы бұл не екен?

Тапқырлар тобы.
1. Алды -артымыз шексізде Жете алмайсыз біздерге Сәуле менен кесінді Шыққан тегін білесін бе?
2. Егіз туған қос жүйрік Жарыса шауып терлейді Бірін-бірі көрмейді Дамылсыз қанша шапса да Бір мәреге келмейді.
3. Жоқ өзінде бас та, қас та,
мойын да, Ұзындығы жазылып тұр
бойында.
4. Үлкен кіші сандарды сен Қандай таңба қояр едің Ажыратқың келсе егер Қане ойлан куәгер
Нүктеден, екі сәуледен, Құрылған бұл не екен? (бұрыш)
III. Математикалық жұмбақтар
Тапқырлар тобы.
Алды артымыз шексіз де Жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді Шыққан тегін білсе де. (түзу)
Келбеті келген бір сұлу Жағасы жоқ, жеңі жоқ Үшбұрыш көйлек киіп тұр Етегі жерге тиіп тұр (пирамида)
Шекер жейтін ақ құтан Бір қазыққа байланды Аузына тістеп шекерін, Ол қазықты айналды (циркуль)

IV. Мақал-сөз мәйегі ( мақал - мәтелдің жалғасын тап. ) Алғырлар тобы. 1 . 7 рет өлшеп, 1 рет кес 2. 1 тал кессең, 10 тал ек, 3. Досыңды 3 күн сынама, 3 жыл сына . 4. Білгенің бір 9, білмегенің 99.
5. Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі ілім біл)
6. Білікті бірді жығар. (білімді мыңды жығар)
7. Екі жақсы қас болмас. (екі жаман дос болмас)
.

Тапқырлар тобы. 1. Жігіт 1 сырлы, 8 қырлы . 2. Ұлға 30 үйден тыю, қызға 40 үйден тию. 3. 100 тенгең болғанша, 100 досың болсын . 4. 7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім іл.
5. Отыз тістен шыққан соз, (отыз рулы елге тарар)
6. Бір кісі қазған құдықтан, ( отыз кісі су ішер)
7алтау ала болса ауыздағы кетеді, ( төртеу түгел болса төбедегі келеді)
8. Елу жылда ел жаңа

«Орамал тастау» ойыны
1. 406 саны 9-ға бөліне ме? 2. Қай сан мына сандардың ішінен 9-ға бөлінеді? 396, 523, 701 3. 2008 саны 5-ке бөліне ме? ал 2080 саны ше? 4. Елу саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек?
5. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса неше кг тартады? 6. 9 дың кубы 7. 134 пен 100-дің көбейтіндісі? 8. 37*4 көбейтіндісі қандай? 9. Алманың 1 кг 250 теңге, 4 кг алма? 10. Тікбұрыштың ұзындығы 12, ені 6 болса ауданы қандай?

1) 1476:3 - 2 + 2563 * 5 =
2) 76+1575:9 - (45:9+358) - 321=
3) (732 - 32:8) *6-124*5 =
4) (14 : 7- 2) :12+16*(548 - 23) =
« Ойлан тап»
Алғырлар тобы
Тапқырлар тобы

Сөзжұмбақ “ Бөлгіш ”
Көлденеңінен:
1. . Аласаға қарсы ұғым
2 Бөлудің компаненті.
3. 5*10 нешеге тең болады .
4. Бөлудің компаненті .
5. Геометриялық фигура .
6. Геометриялық фигура .

1.
Б
2.
Ө
3.
Л
Г
5.
І
6.
Ш

Ш
Е
Ң
Б
Е
Р
Сөзжұмбақ “ Халық шығармашылығы ”
Тігінен:
1 Қазақ қаздарының бұрымына тағатын әшекейі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz