Вербалды қатынас тек


Slide 1

Қарым-қатынас психологиясы

Slide 2

1. Әрекеттің негізгі түрлері.

2. Адамның психикалық дамуына қатынастың әсері. Қатынастың мазмұны, мақсаты және құралы.

3. Вербалды және вербалды емес қатынстар. Паралингвистикалық

және экстралингвистикалық белгілер жүйесі.

4. Проксемика. Визуалды қатынас.

5. Қатынастың тараптары және түрлері.

Slide 3

Қатынас адам әрекетінің негізгі түріне жатады.

Адамның жеке басының дамуында 4 адами әлеуметтік белсенділікті бөліп көрсетуге болады- олар Қатынас, ойын, оқу және еңбек.

Олардың барлығы дамушы сипатта болады.

Осы аталған 4 әрекет барлық жас кезеңдерінде кездеседі, бірақ әр уақыттың өз ерекшеліктері бар.

Slide 4

Қатынас -

кез келген іс -әрекет кезіндегі қажетті шарт болып келеді және адамдар арасындағы байланыс орнатудағы с. қ. адамдар арасындағы ақпарат алмасып, байланысты дамытудағы негізгі процесс болып табылады.

Slide 5

Ойын

Даму барысында өзгеріп отыратын, тарихи сипатта болатын, өзіндік қоғамдық мәні бар процесс.

Ойын барысында бала даму мен қатар қарым-қатынасқа түсу дағдыларын да меңгереді.

Slide 6

Ойын түрлері:

Жеке, топтық, заттық, сюжеттік, ролдік, ережелі ойындар (көбінесе аралас)

Ойын барысында адамдар арасындағы қатынас жасанды сипатта болады.

Slide 7

Баланың ойын әрекетінің дамуы:

3-жасқа дейін - балалар қасында қатарластарының болуына эмоционалды жауап қайтарады. Олармен қатар ойнайды, бірақ бірге емес.

3-5 жас - қасында бірге ойнайтын құрбыларының болғанын қалайды (көбінесе күрделі, рөлдік ойындар) . Бұл жерде қызметтестік мәселесі туындайды.

5 жастан ары қарай - баланың ойлауы күрделене түседі, бала эгоизмге бой алдыруын қоя бастайды, айналасындағы балалармен санасады.

Slide 8

Оқу -

басқа адамдардың өткендегі жинақтаған тәжрибесінің қорытылған нәтижелерін үйренуге бағышталады.

Оқу құрылымы келесі бірліктерден тұрады:

Айналадағы заттар мен құбылыстар жөніндегі ақпараттар, яғни білімдер,

Іс-әрекеттің негізгі түрлерін құрайтын тәсілдер мен қимылдар, яғни дағдылар,

Тәсілдер мен қимылдарды дұрыс таңдауға арналған ақпаратты қолдана білу, яғни ептіліктер.

Slide 9

Сонымен оқу дегеніміз- адамның өз іс-әрекетін саналы мақсатқа бағындыра басқаруы немесе белгілі білім, ептілік дағдыларды игеруі.

Slide 10

Еңбек-

Белгілі нәтижеге жету үшін бағытталған, белгілі мақсатқа орай ерік күшін қосумен реттелуші мақсат бағдарлы, саналы іс-әрекет.

Slide 11

Вербалды және вербалды емес қатынас . .

Вербалды қатынас тек адамға ғана тән.

Вербалды тілдесуде таңбалық жүйе ретінде сөз (сөйлеу) қабылданған. Сөйлеу - тілдестік байланыстың ең өнімді әмбебап құралы, себебі мұның жәрдемімен берілген ақпарат мағыналық толықтығын жоғалтпайды.

Slide 12

Вербалды тілдесуге «қосымша» ретінде паралингвистикалық және экстралингвистикалық белгілер жүйесі де қолданылады. Паралингвистикалық қосымшалар - бұл дауыс ырғағы, сапасы, әуені, кеңдігі, тембр, тон.

Экстралингвистикалық дегеніміз сөз барысындағы іркіліс, сонымен бірге жөтелу, жылау, күлу, түшкіру, ықылықтау, есінеу т. б.

Slide 13

Вербалды емес қатынас

Slide 14

Вербалды емес тілдесуде ең алдымен көру - қозғалыс жүйесіне байланысты өз ішіне ым- ишара, пантомимика т. б. қамтыған белгілер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелерінің (бет, бас, қол ұшы, иық, т. б. ) жалпы қозғалысқа келуі адамның көңіл-күй көрінісін беріп, тілдестік қатынасқа көркем-көріктік нәр береді. Ал бұл ишара белгілер әр түрлі мәдениет иелерінде, яғни әр түрлі ұлт өкілдерінде бірдей емес.

Slide 15

Вербалды емес әңгімелесудің ұлтаралық ерекшеліктері.

Вербалды емес тіл серіктесің, ұжымдасың, т. б. тұрмақ бөтен амдар жайлы да

ақпарат береді. Егер Голландияда сіз

сұқ саусағыңызбен самайыңызды

нұсқасаңыз, қандай да бір ақымақ

істің болғанын білдіреді, яғни сізді

түсінбейді. Өзі туралы айтқанда еуропалық кеудесін нұсқайды, ал жапондық мұрнын. Африканың кейбір елдерінде күлу -таң қалу мен сасқалақтап, есі шыққанды білдіреді.

Slide 16

АҚШ та және т. б. елдерде бас бармақ және сұқ саусқпен көрсеткен көрсеткен “ноль” бәрі жақсы дегенді білдіреді. Жапонияда ақшаны білдіреді. Протугалия және басқада бірқатар елдерде әдепсіздіктің белгісі.

Slide 17

Көптеген батыстық өркениетте оң қол мен сол қолдың рөлі жайлы сөз болғанда екеуіне де (оң қолмен дәстүрлі қол алысуды есептемегенде) таңдау бермейді. Таяу Шығыс, Индонезия мен Малайзия сияқты ислам елдерінде тамақты, сыйлықты, ақшаны сол қолмен беруге болмайды.

Slide 18

Көптеген адамдар әлде біреуге әсер қалдыру үшін айтатын сөздері туралы ойлайды, ал шын мәнінде ол сөздерді қандай әрекеттерді қолдана отырып жеткізетінін ойлау керек.

Slide 19

Американдық психолог Меграбянның айтуы бойынша бірінші кезеңде адамдардың көбі, яғни 55% вербалды емес сигналға,

38 % паралингвистикаға,

7% ғана сөздің мағынасына сенеді екен.

Slide 20

Визуалды қатынас («көз байланысы»)

Көз қарасы, оның бағыты, көз қатынасының жиілігі - вербалды емес қатынастың тағы бір құрылымы. Сөйлесіп отырған адамның көзқарасының бағыты байланысты қайта құруға көмектеседі. Көзқарас, сонымен қатар, түсінушілік үшін қолданылады.

Slide 21

Көзқарас түрлері, оларға түсініктеме

Көзғарас және қимылдар

Мағынасы

Істеу қажет

Басын көтеріп, көзқарасын жоғары бағыттау

Тұра тұр, ойланайын

Қатынасты үзу

Бас қозғалысы, қастары жиырылуы

Түсінбедім, қайталашы

Қатынасты жаңарта түсу

Күлкі, басын ақырын июі

Түсінемін, қосарым жоқ

Қатынасты жалғастыру

Қайталамалы бас изеуі

Түсінікті, саған не керек

Қатынасты жалғастыру

Сөйлесуші көзіне ұзақ қозғалыссыз қарау

Өзіне бағындыру мақсатында

Жағдайға байланысты әрекет

Басқа жаққа қарау

Көңіл бөлмеуге тырысу

Қатынастан алшақтау

Еденге қарау

Қорқыныш, кетуге тырысу

Қатынастан кету

Slide 22

Американ ғалымы Э. Холл адамның кеңістіктік қажеттіліктері туралы 1969 жылы «Молчаливый язык» атты кітабын шығарды. «Проксемика» терминін енгізген де сол (ағылшын тілінен proxemity - жақындық) .

Проксемика- адамдардың сақтайтын қашықтығы, биологиялық заңдылығы.

Slide 23

Адамның жеке басының кеңістіктік территорияларын төртке бөледі:

интимді аймақ - 15-45 см;

жеке аймақ - 46-120см;

әлеуметтік аймақ - 120-360см;

қоғамдық аймақ - 360см-ден жоғары;

Slide 24

Интимді аймақ (15-45 см)

Осы аймақты адам өз меншігі ретінде қорғауы керек. Бұл өте жақын адамдар арасында ғана бұзылатын ара қашықтық.

Slide 25

Жеке аймақ

(45-120см)

Біздің іскерлік кездесулерде, сауық кештерде болғандағы сақталатын арақашықтық.

Визуалды қатынас негізгі орынға ие.

Slide 26

Әлеуметтік аймақ 120-360см- арнайы кездесулерде немесе онша жақын біле бермейтін адамдармен қатынаста болғанда сақтайтын арақашықтық.

Slide 27

Қоғамдық аймақ( 360 см жоғары)


Ұқсас жұмыстар
Қарым қатынас механизмі
Қарым-қатынас психологиясы
Маскалар байланысы
Вербалды және вербалды емес қарым - қатынас
Ақпаратты коммуникативтік
Тиімді қарым - қатынас орнату және байланыс түрлері
Кәсіби қарым - қатынас
Мұғалім қарым - қатынас стилдері
БЕЛСЕНДІ ТЫҢДАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Ақпаратты жеткізіп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz