Отбасы жүйесі: құрылым, қызметі және құндылықтары


Slide 1

Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде

Slide 2

Отбасы-әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі. Онда алғаш рет қарым қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады. Қарым-қатынас-адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ең басты іс-әрекеттердің бірі болып табылады. Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім - орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы - бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады.

Slide 3

Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады. Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағи­­дат қай дәуірде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес. Елбасы «От­басы - Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын көрсетіп берді.

Slide 4
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесінің негіздері: құрылым, қызметтері және құндылықтары
Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде: құрылымы, қызметтері және құндылықтары
Отбасы: құрылымы, қызметтері және құндылықтары
Отбасы: анықтамасы, құрылымы, функциялары және құндылықтары
Отбасы құндылықтары және отбасы тәрбиесінің педагогикалық мәні
Отбасы құндылықтары және тұлғаны тәрбиелеудегі рөлі
Отбасы және қазіргі қоғам: құрылымы, қызметтері және құндылықтары
Отбасы құндылықтары мен әкенің рөлі: тәрбие, жауапкершілік және балалардың дамуы
Отбасы мен некенің әлеуметтануы: құрылым, қызметтері және типологиясы
Отбасы - қоғамның кішігірім жүйесі: құрылымы, түрлері және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz