ГЕРМАНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ШЕТЕЛ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ КУРСОВАЯ

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
1. ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕР 4
2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ НЕГІЗГІ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ 6
3. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 7
4. ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ 11
5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕРЕКНАМАЛАРЫ 13
ФРАНЦИЯНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ 15
ГЕРМАНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 16
АНГЛИЯНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 16
АҚШ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 16
ЖАПОНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 17
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 17
ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ 18
6. ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫ 19
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23

КІРІСПЕ

1. ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕР

Құқық пен заң шығарушылық адамзат мәдени мұрасының ажырамас бөлігі,
сондықтан да басқа халықтар мен мемлекеттердің тарихи тәжірибесіне зерделей
қараудың еліміздің құқықтық жүйесі үшін маңызы зор. Мемлекетіміздің сыртқы
байланысының дами түсуіне орай шетел азамяттық құқығын білудің әрбір заңгер
үшін, онын, ішінде цивилистер үшін мәні ерекше.[1]
Маман-цивилист шетел азаматтық құқығымен қоса халықаралық жеке құқықты
да оқып-үйренуі керек.
Халықаралық жеке құқық дегеніміз мемлекеттің жеке ішкі заңдарын,
халықаралық шарттар мен әдет-ғұрып нормаларымен біріктіретін кешенді
құқықтық жүйе болып табылады. Бұл жүйе коллизиялық-құқықтық және
материалдық-құқықтық әдістемелерге сүйене отырып, халықаралық сипаты бар
қатынастарды, яғни мүліктік және жеке мүліктік емес езіндік қатынастарды
реттейді.
Халықаралық жеке құқық азаматтық-құқықтық сипаттағы әрі мүліктік, әрі
жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды қамтитын болғандықтан, мемлекеттің
ішкі азаматтық құқығымен ұштасады.
Екінші жағынан алып қарағанда, халықаралық жеке құқық құрамында
әртүрлі халықаралық элементтері бар халықаралық жария құқыққа ұқсайды.
Халықаралық жеке құқық тұрғысында қолданылатын "халықаралық" терминінің
халықаралық жария құқығының сондай терминінен ерекшелігі болады. Ол белгілі
бір жағдайларда азаматтық құқықтық сипаттағы қатынастардың мемлекеттік ішкі
құқықтық жүйесі шеңберінен шығып шетел құқығын, сондай-ақ әдет-ғұрып
нормаларын қолдану мүмкіндігін туғызады.
Халықаралық жеке құқық мынадай негіздерге жүгінеді: а) мемлекеттің
ішкі заңдары; ә) халықаралық шарттар; б) халықаралық әдет-ғұрыптар.
Халықаралық жеке құқық "тараптардың ерік дербестігі" деп аталатын
арнайы принциппен сипатталады, яғни бұл тараптардың өздерінің қатынастарына
қолданылуға тиісті құқықты Tan-flay туралы келісімдерінің нормаларын
біріктіретін институт дегенді білдіреді.
Халықаралық жеке құқықтың нормаларын коллизиялық, шиеленісті, сілтеме
жасау немесе құқық қолдану деп атау дәстүрі бар.
Халықаралық жеке құқық нормалары негізінен екі элементтен: 1)
коллизиялық нормалар қолданылатын қатынастардан; 2) қандай да тиесілі
құқықты қолдануды анықтаудан (халықаралық, өз елі немесе басқа мемлекет)
тұрады.
Қолдануға тиісті құқық алты құқық аясына жинақталған: 1) қатынастарға
қатысушыларының жеке заңы, азаматтығы туралы заңы, заңды тұлға құрылған
елдің заңы, тұрған жері немесе тұрғылықты жері туралы заңы — Lex personal
is; 2) мүліктің тұрған жерінің заңы — Lex rei sitae; 3) құжат жасалған
жердің заңы (мәміле жасау кезіндегі заңға сәйкес, деликт кезіндегі заңсыз
құжат) — Lex loci aktus; 4) қызметті жүзеге асыру орнының заңы — Lex loci
activitas; 5) соттың, төрелік соттың яғни дауды шешетін заңы — Lex fori; 6)
сол қатынас пен неғұрлым тығыз байланысты болатын заң — Lex causae.
Сонымен, халықаралық жеке құқық ерекше түрдегі халықаралық
қатынастарды реттейді. Осы құқықтың аясына Қазақстанның барлық аумағындағы
шетелдік заңды тұлғалардың құқық кабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі,
шетелдік азаматтардың Қазақстаннның аумағындағы мүлікке құқық меншігі
жатады, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының шетелдегі мүлікке меншік құқығы,
сыртқы мәмілелерін жасаудың шарты мен тәртібі, интеллектуалдық меншікке
шетелдіктердің құқығын қорғау, Қазақстан азаматтарының шетелдегі өнертабыс
құқығын қорғау, шетелдіктермен некеге түрудың ұйымдық-құқықтық нысандарын
жасау, олардың шетелдегі еңбек қатынастарын жүзеге асыру жоғарыда аталған
саламен реттеледі.

2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ НЕГІЗГІ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІ

Бүгінгі таңда әлемдегі әрбір мемлекеттің өзіне тән құқық жүйесі бар.
Қандай елде болмасын, құқық жүйесі аясындағы азаматтық құқықтың орны
айрықша. Француз ғалымы Рене Давид азаматтық құқыққа мынадай анықтамасын
берген: "Нағыз құқық — жеке құқық болып қала береді, заңгерді қалыптастыру
тек азаматтық құқықты оқып-үйрену арқылы ғана болуы мүмкін".
Әдетте, құқықтық жүйелер: роман-герман құқығы, "жалпы құқық" және
социалистік құқық болып үш топқа бөлінеді. Айта кету керек, мемлекеттік
емес қауымдастықтың өз құқығы болады, айталық, оған канон құқығы, мұсылман
құқығы, индустар құқығы жатады. Сондай-ақ, бүкіләлемдік немесе аймақтық
колемде мемлекетаралық және сыртқы сауда қатынастарын реттеуге арналған
халықаралық құқық та бар.

3. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1. Арнайы әдебиетте азаматтық-құқықтық жүйені бір-бірінен ажыратуға
көмектесетін мынадай элементтер келтіріл-ген: 1) құқық, дерекнамасының
күрамы мен ара салмағы;
2) азаматтық құқықтың құрылымы (мәселен, тұлғалар, заттық құқық,
міндеттемелік құқық, айрықша кұкык, отбасы және мұрагерлік құқық); 3) құқық
қолдану тәжірибесі (сот, консти-туциялық, әкімшілік және тағы басқа); 4)
құқыққа катысты орныққан пікірлердің (доктрина) жиынтығы және оны
тәжірибеде қолдану1.
Осы элементтерден келіп азаматгық-құқықтық жүйесінін, роман-герман
(континенталдық), жалпы құқық (англосаксон-дық), социалистік,
мұсылмандықжәне патриархалдық деп ата-латын түрлері шығады.2 Ал енді осы
жүйелерге қысқаша си-паттамалар берелік.
2. Континенталдық (роман-герман) жуйесі Рим құқығы негізінде
қалыптасып, Еуропада пайда болған, сондықтан да оны континенталдық жүие деп
атап кеткен. Қазіргі кезде ро-ман-герман құқықтық жүйесі әлемнің көптеген
мемлекеттеріне таралған. Ерте заманнан бастап роман-герман құқықтық жүйесі
жария және жеке құқық, принципіне бөлінген болатын. Мәсе-лен, атақты
жапондық ғалымдар Сакаэ Вагацума мен Тору Арийдзуми былай дейді:
"Адамзаттын. барлық қатынастарын екі топқа бөлуге болады: жеке түлға
ретінде әлеуметтік қаты-настар (мүліктік қатынастар және азаматтық ахуал)
және мемлекеттің катынастары (мемлекеттің күрылымы мен ұйым-дастырылуы,
құрылымды жүзеге асыру жәнетағы баска), Оның біріншісінде жеке құқықтық
катынастар, екіншісінде жария қатынастар болады"3. Мұндай бөліну барлық
жүйелерге тән емес. Мәселен, англо-саксон жүйесі құқықты жеке және жа-рия
деп белмейді. Бұл жүйеде құқықтар келісім-шарт құқығы және т.с.с. болып
бөлінеді.
Қазақстан Республикасының күқыктық жүйесі де жеке және жария құқық деп
бөлінбейді. Айта кететін жайт, жеке қатынастар ұғымы азаматтық қатынастарға
қарағанда анағұр-лымкеңболыпкеледі. Сондықтанда жеке қатынастар тек қана
азаматтыққатынастармен шектеліп қалмайды, ол сонымен қоса сауда, жеке
халықаралық, құқықтарды да камтиды.
Үзақ уақыттар бойы ғылыми өдебиетте жария және жеке кұкык буржуазиялық
құқықка тән ерекшелік делініп келді, ал жеке құқықты азаматтық және сауда
құқығына бөліп қарастыру дәстүрі де бар.1 Мәселен, қазір коммерциялық
катынастар-ды реттейтін батыстық құқық нормаларынын, барлық жүйесі
азаматгык құқықтық қатынастарды реттеумен ерекшеленеді, яғнисауда
(коммерциялыққұқығы)азаматтық құқықтан өзге-ше.2 Қазақстандағы заң
шығарушылар Азаматтық кодекске азаматтық құқықты да, сауда құқығын да
енгізуді дұрыс деп тапты, бірақ та кейбір мамандар мүнымен келісе
коймайды.1
Профессорлар Ю.Г.Басин мен М.К.Сүлейменов мүндай пікірлер казіргі
экономикалық байланыстардын, сипатын ескермегендіктен туындап жүргенін
делелдеп, шетелдегі сауда кодекстерінін, ауқымы тар әрі тәуелділіктен арыла
алмайты-нын алға тартады.4 Осы пікірге орай мына бір мәселені де айта
кеткен жөн. Мысалы, кейбір елдерде (айталық, Швейцарияда, Италияда)
азаматтық және сауда кодекстерін қосу жөнінде бірқатар жұмыстар
жүргізілуде, бірак бұл жұмыстың нәтижесі әлі шыққан жок- Біздің
пайымдауымызша, Қазақстанда сауда (коммерциялық кәсіпкерлік немесе
шаруашылық тәрізді) кодекстерін өз алдына шығару дұрыс болмас еді, себебі
біз Ба-тыстың қателігін қайталасақ, қазақ заң саласының ментали-тетін,
беделін түсіріп алуымыз мүмкін.
Қазіргі зерттеулерде "дуализм жөнінде емес, қайта жеке құқықтың
плюрализмі туралы айтатын кез келді және оны айту керек" дейтін көзкарас
пайда бола бастады. Турасын айтсак, "дуализм" термині колдануға келмейді,
ейткені азаматтық, сау-да құқықтары мен еңбек, іс жүргізу, сондай-ақ отбасы
және аграрлық (экологиялық) құқық салалары да бөлініп отыр. Да-мыған Батыс
елдерінің жекелеген құқық салаларының немесе жеке құқықка байланысты
институттарының өздеріне тән ерекшеліктері бар болса да, олар
қатысушылардың зан алдын-дағы теңдігіне сүйене отырып, мүліктік және онымен
байла-нысты (сондай-ақ көбі байланысты емес) жеке мүліктік емес езіндік
қатынастарды реттейді.
Осы кезде құқықка сүйенетін адамзат кауымының көбінде статут құқығы
(статут ағылшын тілінде — "заң" дегенді білді-реді) орын алған, былайша
айтканда, заңның рөлі айрықша, Ең алдымен заң континенталдық жүйеде
үстемдік етеді, осы жүйеге Қазақстан Республикасының зандары да жатады.
Орыс құқығы да континенталдық жүйеге негізделген. А ме-рикандық ғалым
Кристофер Осакве: "Қазақстан үзак жылдар бойы Ресейдің отары болғандықтан,
оның азаматтық құқығы-ның тарихына мұндай жағдай өз ізін калдырмай қойған
жок" дейді.1 Заңның үстемдік ету саясатын Қазақстан да қолдап отыр, соньгң
бір куәсі ретінде Қазақстанның біркатар зандары кұкыктың континенталдық
жүйесіне сүйенгенін айтсақ та жеткілікті.
Сонымен қатар қазіргі біздің азаматтық зандар басқа да құқықтық
жүйелердің, атап айтқанда, континентальдық, анг-ло-саксондық ("жалпы
құқық") және социалистік құқықтар-дың рецепцияларына (нормаға сүйену), яғни
олардың идеяла-рын, нормаларын, институттарын пайдалавды деп түжырым
жасауға болады.
3. Англо-саксондық, қщық жүйесі. Бүл жүйе роман-герман жүйесі сияқты
жария және жеке күқык немесе азаматтық пен сауда құқығы деп бөлінбейді,
онда тек "жалпы кұкык" және "әділдік құқығы" деген жүйе бар. "Жалпы құқық"
король со-тымен қүрылып, бүкіл Англияға қолданатын құқық болып та-былады.
"Әділдік құқығы" канцлер сотымен қүрылатын жал-пы құқық нормаларына
әзгертулер мен толықтырулар енгізетін нормалардың жиынтығы. Мұндай бөлініс
бүгінде ағылшын құқығының негізіне айналған. Сондықтан да ағылшындар
заңгерлерді "жалпы құқықтың" заңгерлері және "әділдік құқығының" заңгерлері
бөліп қарайды.
4. Қщықтыңмүсылман жүііесі. Мұсылман күқығы шари-атқа негізделген.
"Шариат" — арабтың "шариа" — "мақсатқа жетудің дұрыс жолы", "шариа" —
"заңдарды жолдау, шығару" деген ұғымдарды білдіреді. Осы түбірден келіп
"ташриун"— "заң шы-ғару", "шариун" — "заң шығарушы", "мута — шариун" — "заң
маманы" деген сөздер шыккан. Ислам өзінің мән-мағыиасы
1 Кристофер Осакве Қазақстанның 1994 жылгы Азаматтық кодексі түрі
жагынаіг да, мазмүны жағынан да батыстық үлгілерге келеді жоие Фраиция-ның,
Германияның айтулы азаматтық және сауда кодекстерінен, Голлаңдйя-
нын,ИталияныңжәнеШвейцарияныңазамат тықкодекстершеіі, Қүрамяштат-тардың
бірыңгдй сауда кодексінен озык идеялардіі тандай отырып ала білген дейді.
Сондай-ақ олар шетелдік үлгілердің әрқайсынан ең озык, деген идеяла-рын
алып, өздерінің институттерін шетел ииституттерімен қиголастырган деген де
пікір білдіреді. (Кристофер Осакве. Сравнитсльный анализ гражданских ко-
дексов России и Казахстана), Алма-Ата, 1994, 6,14, 144-бет.
бойынша дін заңы болып табылады.1 Мұсылман кұкығы ("фикһ" деп аталады)
шариаттың құрамдас бөлігі болып сана-лады. Мұсылман құқығы құқықтың мынадай
негіздерінен түра-ды: 1) Құран — исламның қасиетгі кітабы; 2) сунна — Мұхам-
мед пайғамбардың сөздері мен уағыздары; 3) кияс — аналогия; 4) иджма — ірі
құқықтанушылар мен дін ілімінін тоқтам пікірлері; 5) фетв — жоғары діни
білімпаздарынын заң туралы түйіндері; 6) адат — исламды насихаттайтын
арабтар мен баска халықтардың дәстүрі мен әдет-ғүръіптары.2
Құран — мүсылмандық кұкыктың негізі. Қүрай — араб тілінен аударғанда
"кітап, оқу" деген мағьшаны білдіреді. Құран сүрелерден, аяттардан түрады.
Мәселен, азаматтық құқықка жетпіс сүре арналған. Қүраннан кейін, әлгінде
айтканымыз-дай, сунна, иджма, қияс, әдет-ғүрып зандары, ғибадат ету және
адамдардың қарым-қатынасын реттейтін нормалар бар.
Шариат ілімі екі бөлімнен: ілім кәлем және ілім фикһтан түрады. Ілім
кәлем догмалық сенімдерді қамтыса, ал ілім фикһ сенімнің практикалық
ережелері мен азаматтық қарым-қаты-насқа тиісті күқықтардан түрады.3
Фикһ ілімі азаматтық құқықтану, яғни мүсылмандардын. азаматтық жалпы
түрмыс-тіршілігіне қатысты қағвдаларды, ережелерді, зандарды қамтиды және
ол үш кітаптан тұрады.4 Бірінші кітабында міндеттеме, келісім және оның
іске асыры-луына қатысты екі жақты өзара міндеттейтін шарттары қарал-са,
екінші кітабында екі жақтың міндеттелуін талап ешейтім. тек бір жақтың
ықыласына негізделген азаматтық істер мен келісімдер, ал үшінші кітабына
барлық мүсылмандар тарапы-нан сақталып, әрі орындалуға жататын
зандастырылған қарар, шешімдер кіреді. Олар күнделікті түрмыс-тіршілікке
қатысты қағида-ережелер, куәлік беру, мұрагерлік, қылмыстық істер,
сотміндеттеріт.б. болыпбелінеді.5 Баршамызғабелгілі қазақ-тар исламның бір
ағымы суннизм жолын ұстаған. Қазак. халқы сенімді түрде өздерін мұсылманбыз
деп есептегенмен, бірақ шариаттың талаптары қазақтардың өдет-ғұрып
нормаларын ығыстыра алмаған. Айта кететін жайт, IX ғасырдан бастап халифат
заң мектебі (оның негізін салушы Абу Ханифат есімімен аталады) оны мұсылман
дініне лайықтауға күш сала тұрса да, қазақтьщ бұрынғы әдет-ғұрып нормалары
қала берген.

4. ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Азаматтық құқық нормаларының негізгі принциптеріне жататындар: а) жеке
меншіктің касиеттілігі; ә) кәсіпкерліктің еркіндігі; б) шарт еркіндігі; в)
азаматтық кұкыкка катысушы-лардың нарықтағы тең құқықтығы; г) құқық
бұзушының жауапкершілігі.
Жеке меншік — капиталистік экономиканың темірқазығы, сондықтан да жеке
құқық жеке меншік құқығын қорғаңды. Меншік құқьіғы {кейде оны мүліктік қщық
den me атайды) — барлық мемлекеггердің құқығының орталық институты. Сол
аркылы меншік құқығы қорғалып, меншік иесі мүлікті иеле-нуге, пайдалануға
және оған билік етуге қақылы болады. Құқықтар жүйесінде мүлікке ие болатын
қандай болмасын тұлғаны қорғау, одан айрылып қалмауын қамтамасыз ететін
принциптер бар. Дамыған мемлекеттер өздерінін заңдарында мүліктік құқықты
қорғаудың дуалистік түрін жасаған, демек, меншік құқығын қорғаумен қатар
иелікті корғауды да карас-тырған.
Шет елдердің азаматтық құқығында азаматтың кәсіпкер-
лікпеннемесеөзгедешаруашылықтармен айналысуына бола-тындығын тайға таңба
басқандай етіп тәртіптеген. Бұл салада "заңда тыйым салынбағанның бәріне
рұқсат етіледі" деген принцип кеңінен қолданылады әрі бұл азаматтық және
сауда заңдарындағы ең маңызды кағида деп есептеледі. Әңгіме етіп отырған
елдердің азаматтық зандарында ендірістік және ком-мерциялық қызметтерді
жүзеге асыру үшін көптеген ұйым-дық-құқықтықнысандарқарастырыл ған. Мұныңөзі
кәсіпкер-лерге кәсіпкерлік істі жүргізуде оңтайлы жолдар ұсынады. Әсіресе
кәсіпкерліктің акционерлік коғам түрі өте күшті да-мығанын айта кету
маңызды. Мәселен, Францияда акционер-лік қоғам үкіметтің белсенді
араласуымен дамиды. Құқығы институционалды жуйеге бағындырылған. Ал,
Германияда акционерлік коғамдары катаң автономиялы реттеу жолымен жүргізу
және оны тәртіптеу "пандекттік" жүйеге енгізілген.
Шарт еркіндігі принципі азамат және сауда айналымына қатысушылардың
шарттың қандай болмасын тәртібін, өздері келісіп шешетіндігіне негізделген.
Аталған принцип нарыкты экономиканы дамытуға және белсенділіктің құқықтық
негізі болуына қажетті алғышарт екенін анықтайды. Бұл принциптік мәні —
меншік иесіне өзінің меншігін басқаруға мүмкіндік беру. Орыстың атақты
ғалымы Г.Ф. Шершеневич былай деп жазды: "Субъективті шектеулерді, сондай-ақ
формализмді алып тастаған шарт еркіндігі, қазіргі құқық тәртібінің басты
негіздеріне айналып жеке меншік құқығымен катар түратын дәрежеге жетті."1
Қщықтық теңдік принципі дегеніміз азаматтық-құқықтық қатынастарға
катысушылардың бәрі де меншік түріне, кәсіпкерлік қызметінің құқықтық
нысанына, немесе азамат-тығына қарамастан бірдей құқықтық ахуалды білдіруі
болып табылады. Бұл принцип буржуазиялық революцияға орай фе-одалдық қоғам
жойылғаннан кейін жүзеге асты, сол аркылы барлық азаматтар зан. алдывда
тен. болды.
Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болған отба-сына
байланысты жасалған реформа отбасылық қатынастар жүйесінде орын алған
теңсіздікті жойды (мысалы, Австрия-ның 1977 жылы қабылдаған ата-аналар мен
балалар арасын-дағы қатынастарды жаңаша реттеу туралы Заңы).
Деликт (зиян келтіру) жауапкершілік принципі азаматтық құқықтың
маңызды принциптерінің бірінен саналады. Бұл қағвда шартты бүзумен
байланысты емес құқыққа қарсы әре-кет нәтижесінде түлғаға немесе мүлікке
келтірілген зиянды қалпына келтіруге бағытталады. Аталған принцип бұрын
белгісіз болып келген зиян келтіретін факторлар: ядролық энер-гияны
пайдалану, зиян келтіретін ендіріс ошақтарын көбейту тәрізді жағдайлардьщ
айтарлықтай есуімен байланысты болып отыр. Мысалы, Наполеон кодексінде зиш
келтірумен байла-нысты міндеттейтін тек қана бес бап болса; қазір еуропа
елдерінде жөн-жосыксыз бәсекені желеу етіп қоршаған ортаға аса қауіпті
жағдай туғызатын және т.б. заңсыз әрекеттер нәтижесінде зиян келтіретін
кінәлілерге азаматтық-құқықтық жауапкершілікті кеңінен қарастырған. Осы
айтылғандарға қарап, аталған принцип жалпыға бірдей сипат алатынын байқауға
болады.

5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕРЕКНАМАЛАРЫ

Азаматтық құқықтың негізгі дерекнамалары: заң, әкімшілік құжаттар, сот
тәжірибесі (прецеденттер), әдет-ғұрыптар және халықаралық келісімдер
болыптабылады. Мысалы, роман-гер-
1 Қараңыз: Шершеневич Г.Ф. Учебник гр;іжданского прав:і, 78-бет.
63ман жүйесі қолданылатын елдерде, заң басты рөл атқарады ("заң
құқығы"). Бұл елдерде ең жоғарғы заң сатысында тұрған азаматтық, сауда және
т.б. кодекстер дер едік. Ал англо-аме-рикандық құқықты қолданатын елдерде
сот шешімдері (пре-цеденттер) басымырақ.
Роман-герман құқық жүйесі таралған елдерде судья заңға қатаң түрде
бағынады және ол ең алдымен заң негізінде шешім қабылдауға тиіс. Демек,
судья талаптан ешқандай бұлтара ал-майды. Мәселен, занда түсініксіздік не
ақау болған жағдай-дың өзіндеде, оныңнорманыойлаптабуына хақысы жоқ. Мы-
салы, Франция Азаматтық кодексінің 5-бабына сәйкес іс бой-ынша тек заңға
сүйеніп отыру міндеттелген, ал жалпы өкім түрінде шешім шығаруға тыйым
салынған.1
Азаматтық құқық жүйесінде зандардан басқа әкімшілік күжаттар да үлкен
рел атқарады. Мүндай қүжаттардың болуы-ның себебі, ол коммерциялық салаға
мемлекеттің араласуы-ментікелейбайланысты. Сондықтандамемлекетөзінеберіліен
екілеттікке орай үкімет шығаратын заң орнына жүретін нормативтік құжаттарға
ерекше маңыз берген. Кез келген әкімшілік құжат заңға сүйенеді және оған
бағынуға тиіс, бірак кейбір кездерде тәжірибеде бұл жүзеге аспай калып жүр.
Көбінесе әкімшілік құжаттар заңдарды өзгертіп немесе теріске шығаратын
жағдайлар да кездеседі. Екінші жағынан алғанда, әкімшілік құжаттарда
азаматтық құқықтан туындайтын диспозитивтік нормалар барынша императивті
нормалар болып кетебереді.
Барлық елдерде де азаматтық құқықтың негізінін. бірі әдет-
ғұрыпболыптабылады. Әдет-ғұрыптыңбелгілері: 1) көнелілік; 2) үзілмеушілік;
3) жалпы бейбіт түрғысынан пайдалану; 4) міндеттеу күші; 5) айқындылық; 6)
басқа да жергілікті әдет-ғұрьшпен үйлесімдік; 7) даналық2.
Англо-саксондық құқық тараған елдерде сот шешімі (пре-цедент — үлгі
іс) айқындаушы түтқа болып табылады. Оның себебі, ағылшын "жалпы құқығы"
көбіне-көп әдет-ғүрып құқы-ғынан бастау ала отырып қалыптасқан.3
Прецеденттік құқық "судьяның шешім шығару процесі кезінде паңда болатын
және қолданылатын нормалары мен принциптерінен тұрады".4
Құқықтын, аталған нысаны үшін құқық пен прецедент доктри-насының
(ілімінің) — дерекнамасы ретінде нақты іс бойынша (дау), сотшешімі маңызды
рөл атқарады. Ағылшын прецедент доктринасынын, (ілімінің) негізгі
принципіне келетін болсак, ол жоғары түрған соттың ұқсас іс бойынша
шығарған шешімі төмендегілерінін шығарған сот шешімі үшін міндетті үлгі бо-
лады. "Сотшешімі" ұғымын "прецедент" үғымымен тең қоюға болмайды.
Прецедентке екінші инстанцшщан және одан жоға-ры шешімдер қатысты келеді
(Англия)1.
Ағылшын құқықтық, доктринасы прецеденттерді іуііндетті күші бар
(міндетті прецеденттер) және сендіруші күші бар (сендіруші прецеденттер)
прецеденттер деп бөледі. Бұл орай-дағы негізгі ерекшеліктер міндеттілік
прецедентіне арка сүйеу міндетті, ал сендіру прецеденттін, есепке алынуы,
не алынуға тністілігімен көрінеді2.
Мұсылман құқығыньщ нормалары исламды қабылдаған ха-лықтардьщ әдет-
ғұрып құқық, нормалары мен мазмұны жағы-нан көбіне-көп сәйкес келеді.3
Соның нәтижесінде күқықтық реттеудің ыкдалы барынша қатты сезіледі.
Шетел мемлекеттерінің азаматтық құқығында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Англияның азаматтық құқығының негіздері
ШЕТЕЛ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Құкық пен заң шығарушылық
Жер құқығы қатынасындағы мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскесін иеліктен шығарудың қағидалары
ФРАНЦИЯ МЕН ГЕРМАНИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ТАРИХИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Санаткерлік меншік құқығы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ
Азаматтық құқық ғылымының мәселелері
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
Пәндер