Некенің жарамсыздығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ.
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.
Экономика және құқық факультеті.
Құқықтану кафедрасы.
Р Е Ф Е Р А Т
пәні: Отбасы құқығы.
тақырыбы: Неке.
Орындаған: ЮС 03-1 тобы студенті
Кенджебаев А.С.
Тексерген: Абилшеева Р.К.
Ақтау 2005 жыл.
Ж О С П А Р
Кіріспе 3
Некенің жарамсыздығы 4
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері 5
Некені тоқтату 9
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер 14
Кіріспе
Отбасы құқығы бойынша неке – бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік
жән мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен
заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісіме
жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілеріндегі
жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген
некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдарының
негіздерінің бірі болып табылады.
Қазақстан аумағында қоланылып жүрген неке және отбасы туралы заңда
некені міндетті түрде тіркеу барлық талап етілмейді. Мұндай ереже 1926
жылға дейін болды да, кейін 1944 жылы 8-шілдедегі КССР Жоғарғы Кеңесі
Төралқасының Жарлығы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзінде неке болып, бірақ
тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады. Ал, мұндай қатынастағыларға
бірге тұрған кездегінің уақыты көрсетіле отырып АХАЖ органдарында тіркеу
жолымен рәсімдеу құқығы берілді. Кейін ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс
болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және
балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі неке қатынастарын заңдастыру
мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырды.
Мемлекеттік және қоғамдық мүдделер тұрғысынан алғанда да, ерлі-
зайыптылардың және олардың балаларының жеке және мүліктік мүддесін қорғау
жөнінде де некені тіркеу қажет. Тіркеу кезінде некені қию шарттарының
сақталғандығы тексеріледі.
Некеге тұру үшін заңда белгіленген шарттарды (9-11 баптар) сақтау
қажет. Аталған шарттарды оң (позитивтік), теріс (негативтік) деп бөлу
қабылданған. Басқаша айтқанда, оң жағы көбірек болып теріс жағы болмаған
жағдайда некеге тұруға болады.
Оның біріншісіне мыналар жатады некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара
ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі. Некеге тұратын адамдардың
өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және
еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің
мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мән беретінін көрсетеді.
Неке және отбасы туралы Заңның 10-бабында белгіленгендей, еркектер
мен әйелдердің неке жасы – 18. Ертеректе Қазақ КСР-інің неке және отбасы
кодексінің 16-бабына сәйкес еркектердің неке жасы – 18, әйелдердікі – 17
деп белгіленген болатын.
Неке және отбасы туралы Заңның 10-бабында азаматтық хал актілеріне
жазу органдары некеге тұруды мемлекеттік тіркеу органдарында дәлелді
себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету
мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының,
немесе қамқоршыларының келісімімен) көзделген.
Белгіленген неке жасын кемітудің қажеттілігіне келетін болсақ, мұндай
жағдай әдетте неке жасына толмаған, бірақ іс жүзінде некеде тұрғандар үшін,
әйелдің аяғы ауырлығы мен баласын тууы үшін жасалады. Некеге тұруға кедергі
жасайтын қолайсыз жағдайлардың, немесе басқа да седептердің болатындығы
Неке және отбасы туралы Заңның 11- бабында қарастырылған. Осы бапқа
сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұруына тыйым салынады:
1) біреу болса да басқа тіркелген некеде болған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-
аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің) ата-
анасы бір және ата-анасы бөлек, әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер
мен апалы-сіңлілердің (аға-қарындастардың);
3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің
салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың.
Некенің жарамсыздығы
Заңмен белгіленген шарттар бұзылған жағдайда неке жарамсыз деп
танылады. Сондай-ақ жалған неке (Неке және отбасы туралы Заңның 24-бабы)
жарамсыз деп танылады. Белгіленген заң тәртібімен тіркелсе де, отбасын
құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыпталардың
құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке (заңның 1-бабы) жалған неке деп
танылады. Некеге тұру фактісінен көрінетініндей, жалған неке кейбіреулердің
бас пайдасы үшін ғана жасалады (мысалы, қалада тіркеуге тұру үшін, армия
қатарына шақырудан жеңілдік алу үшін т.б.).
Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некені жарамсыз
деп тану туралы талап қоюға құқығы бар адамдар Неке және отбасы туралы
Заңның 25-бабында аталған. Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға
жұбайлар, прокурор, қорғаншы және қомқоршы органдар сондай-ақ осы некені
тіркеу кезінде құқығы бұзылған басқа да адамдар құқылы.
Неке жасы жөніндегі шарт бұзыла отырып қиылған неке кәмілетке
толмаған адамның ата-анасының, қомқоршысының (қорғаншысының) және
прокурордың талап қоюымен жарамсыз деп танылады. Егер кәмілетке
толмағандардың ісін қарау кезінде жұбайы он сегіз жасқа толса, онда неке
тек соның өзінің талабы бойынша жарамсыз деп танылады.
Заңның некені жарамсыз деп тануға қатысты ережелерінің негіздерін
атап көрсетуге болады (Неке және отбасы туралы Заңның 5-тарауы, 24-27-
баптары).
Біріншіден, некені жарамсыз деп тануды сот қана жүргізеді.
Екіншіден, егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтте
заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені
жарамсыз деп тануға болмайды. Мысалы, ері некеге тұру кезінде басқа
әйелімен некелескенін жасырған жағдайда, істі сот қарағанға дейін ол өзінің
бірінші қиылған некесін бұзып, ажырасып үлгере алады.
Үшіншіден некені жарамсыз деп тану осы некені қиюдан туындаған ерлі-
зайыптылардың барлық жеке және мүліктік құқығының, сондай-ақ, Неке және
отбасы туралы Заңның 27-бабында қарастырылған басқа да құқықтық салдардың
жойылуына әкеледі.
Алайда некені жарамсыз деп тану осы некенің қиылуы нәтижесінде туған
немесе некені жарамсыз деп танығаннан кейінгі 270 күннің ішінде туған
балалардың құқығына нұқсан келтірмейді.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік
құқықтар мен міндеттерді тудырады. Неке және отбасы туралы Заңның 29-
бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін
таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау
құқықтарды, отбасы өмірінің мәселелерің бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең
міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыпталардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы
өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен
білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың
бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-
зайыптылардың ешқайсысыда жеке құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыру
кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданылып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге
тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысыда өздерінің некеге отырға
дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өз қалаулары
бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі
болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір тек (әдетте ерінің
тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретуін елдердің заңы ерлі-
зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне
жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-інің неке және отбасы
туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді Неке және отбасы туралы
Заңның 30-бабында жұбайлардың бірреуінің некеге тұрғанға дейінгі қосарлас
болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етіледі.
Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқықғы ерлі-зайыптылардың оқу
орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс
орнын табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындыған
көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты
келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып жүзеге асыратын іс.
Тұрғылықты жерді таңдау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-
зайыптылардың жеке тұруларына болады, немесе әртүрлі тұрғын үйлерді
иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел баласын біріктіру үшін некеге
тұратындақтан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардыың
пайдасы болмайды. Заңда көрсетілген тұрғылықты жерді таңдау еркіне ие болу
құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде
тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі жақтың өзара келісімімен
жүзеге асырылуы керек.
Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына жағдайлар жасайды және бірінің
басқа бір тұрақты мекенге көшу жағдайында екіншісінің де сонда баруына
мүмкіндік туғызады (қоныс аударушының жұбайына және отбасының басқа
мүшелеріне көтерме ақы жәрдемін төлеу (мыс. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 1996 жылғы 3 желтоқсандағы Ақмола қаласына қоныс аударға
мемлекеттік қызметшілерді материалдық жағынан ынталандыру шаралары туралы
1471-санды қаулысында көрсетілген), жас мамандарды бөлу кезінде отбасының
мүддесі ескеріледі және т.б.).
Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасының бюджетін
бөлісу, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізу, туған-туысқандармен
бірге немесе бөлек тұру міндеттері ерлі-зайыптылардың бір-бірімен келісімі
бойынша шешілетінін белгілейді. Ерлі-зайыптылардың ешқайсысыда өзінің еркін
екіншісіне таңуғы құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір мәселеде
келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін Заңда көрсетілген
органдарға шағымдануғы құқылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар
тәрбиесі мен тек таңдауда келісім болмаса, бұл мәселені қорғаншы және
қамқоршы органдар шеше алады.
Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі болған мүлікті
меншіктену және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету
міндеттерінен туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші түрі Заңның Ерлі-
зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері деп аталатын 7-тарауындағы
нормалармен, ал екіншісі – Заңның Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы ерлі-
зайыптылардың алименттік міндеттемелері деп аталатын 18-тарауындағы
нормалармен реттеледі.
Ерлі-зайыптылардың меншік құқығының регламентациясы, немесе басқаша
айтқанда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі өзйгеріске ұшырады.
Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим қарастырылған еді. Жаңа Заңда ерлі-
зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке
шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.
Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданылып жүрсе де,
көп жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі – оларвдың ортақ
бірлескен меншік режимі қолданылады.
Бұған дейін де айтылғанындай, Неке және отбасы туралы Заңның 2-бабы
ерлі-зайыпталардың отбасындағы құқығының тең болу принциптерін айқындайды.
Осы ортақ принциптің пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі
бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқылығы ықпал етеді. Неке және
отбасы туралы Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған
кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-
зайыптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдалана алады.
Нақты өмірде белгілі бір заттарды әйелі тұрақты пайдаланса, екінші бір
затты – ері тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірақ,
сырт көзге олардың ортақ мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-
зайыптылардың екеуіне де бірдей болып саналады.
Заңда ерлі-зайыптыладың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы
тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет
ақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік қызметтен тапқан табыстар, т.б.), осы
табыстардың негізінде жиналған мүліктер (ортақ мүлік, сондай-ақ ерлі-
зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) және т.б. жатады.
Жалпы тәртіп бойынша ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын тең бөлуі
олардың әрқайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың қандай мақсатқа
арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-
зайыптыларыдң құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы
сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-
тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй
шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып күтуді жүзеге асырған, немесе басқа
да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайғада тиесілі екендігін
арнайы ескертеді.
Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен басқа, ерлі-зайыптылардың
әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді.
Мұндай жеке дара мүліктерге ері мен әйелінің некеге тұрғанға дейінгі немесе
ерлі-зайыптылардың некеге тұрғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған
заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяқ киім, т.б.) ерлі-
зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ қаржысына сатып алынған болса да
қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының
бәрі жатады. Мысалы, әйелінің құндыс мантосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-
зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.
Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-
зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүілкті сот олардың әрқайсысының меншігі деп
тануы мүмкін (Неке және отбасы туралы Заңның 34-бабы).
Жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке ерлі-зайыптылар өзара
келісім бойынша иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке
байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі
бойынша басқа жұбайдың келісімін алуы қажет. Ортақ мүлікке байланысты
нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, тұрғын үйді
сату кезіне) екінші жұбайдың жазбаша келісімі қажет.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ
некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуаге құқылы.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөліске салғанда олардың үлестері тең болуы
тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы табысына ерлі-зайыптылардың
әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді.
Сонымен бірге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелетке толмаған балалардың
мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін ескере отырып
ерлі-зайыптылардың үлестерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz