Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің маңызы мен саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 Кәсіпкерліктің мәні және оның қалыптасуының әлеуметтік,

экономикалық мазмұны

1. 1 Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері және

кәсіпкерлік
тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..4

1. 2 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары және олардың

жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму тенденциясы

2. 1 Қазақстан Республикасын қалыптастырудағы шағын

кәсіпкерліктің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..15

2. 2 Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті дамытудың

кешенді
бағдарламалары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .22

3 Қазақстан Республикасы экономикасын ғаламдандыру кезеңінде бәсекеге

қабілеттілік пен инновацияның рөлі

3. 1 Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің маңызы мен
саясаты ... ... ... ..25

3. 2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда кәсіпорынның баға саясатын

жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..34

Курстық жұмыстың мақсаты:
Кәсіпкерлік идеяларды тікелей жүзеге асырушы факторларға байланысты:
мақсаттар мен міндеттерді дұрыс, айқын тұжырымдау, ақшалай қаржыландыру
мөлшері, өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру, маркетинг қызметінің
потенциялдық идеяларды нақты жүзеге асыру, жоспарлар жүйесін жасаумен
байланысты. Олардың құрылымы мен жүйелілігі мынадай:
Өнім өткізу жоспары, тұтынушалар мен рыноктар топтарына қарай сан бойынша
бірнеше жылға белгіленеді.

Курстық жұмыстың міндеті:

Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту,
тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау
мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік
экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді.

Кіріспе

Кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен меншікке деген көзқарастың өзгеруімен
байланыстырылады. Кәсіпкерліктің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде шағын
кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен кәсіпорын көлемінің өлшемдеріне байланысты.
Бір адамнан 49 адамға дейінгі жұмыс істейтін мекемені шағын кәсіпкерлікке
жатқызуға болады, орта кәсіпкерлік деп – 50 адамнан 449 адамға дейінгі
жұмыс істейтін мекемені айтады. Жоғары кәсіпкерлікке – 450 адамнан жоғары
жұмыс атқаратын мекемені жатқызуға болады.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен оларды бір – бірімен
балама теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез – келген
қызмет түрі. Нағыз кәсіпкер ол өнер тапқыш сондықтан бизнеспен айнылысатын
адамдар осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік тәуекел деген ұғым да бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнесте қатынастардың барлығының қолынан бұл келе
бермейді. Кәсіпкерлік бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл
қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықтарды жүзеге асыру үшін
тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады сондықтан
экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара – пар ұғым ретінде қарастырылады.

Кәсіпкерлік көлеміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.
Қазіргі батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ірі секторын
құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Кіші
бизнестің әдеттегі формалары франчайзинг және венчурлық кәсіпкерлік
жүйелері болды.

1 Кәсіпкерліктің мәні және оның қалыптасуының әлеуметтік,

экономикалық мазмұны

1. 1 Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері және

кәсіпкерлік тәуекел

Қазақстан Республикасының рынокқа көшуінің басталуы кәсіпкерліктің
шағын нысандарының өндірістік, техникалық ғана емес, сондай – ақ әлеуметтік
экономикалық функцияларына қайта баға беруді қажет етті. Кәсіпкер термині
және кәсіпкерліктің өзі біздің қоғамдық практикаға тек 80 жылдардың ІІ –
жартысында ғана ене бастады.
Кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен меншікке деген көзқарастың өзгеруімен
байланыстырылады. Кәсіпкерліктің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде шағын
кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен кәсіпорын көлемінің өлшемдеріне байланысты.
Бір адамнан 49 адамға дейінгі жұмыс істейтін мекемені шағын кәсіпкерлікке
жатқызуға болады, орта кәсіпкерлік деп – 50 адамнан 449 адамға дейінгі
жұмыс істейтін мекемені айтады. Жоғары кәсіпкерлікке – 450 адамнан жоғары
жұмыс атқаратын мекемені жатқызуға болады.
Буржуазиялық экономикалық теорияда кәсіпкер ұғымы ХVІІ ғасырда
қолданыла бастады. Адам Смиттің көзқарасы бойынша кәсіпкер сауда – саттық
мақсатын жүзеге асыру және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын
меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады
және соның нәтижесінде өзі иелік жасайды.
Кәсіпкер – бұл өндіріс факторларының қисынын келтіріп ұштастыратын
экономикалық қызметін атқаратын адам.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсім қоры деп – иелігінде қажетті
құралдары бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы адамдарды айтады. Бұлардың
қатарына шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушысы,
кооперативтің жетекешісі және шаруашылық бірлестіктердің менеджерлері
жатады.
Капиталистік елдерде 80 жылдары экономикалық өсудің жаңа жағдайы
пайда болды және оның нәтижесі көптеген ерекше факторлар мен себептерге
байланысты.
Бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі кәсіпкерлік ғылыми техникалық
прогрестің нәтижесіне капиталисттік экономикалық жүйенің өсіңкілеп дамуына
икемділігін қамтамасыз ететін құралдарға жұмыскерлердің қалың топтарының
творчестволық және ұйымдастырушылық қабілетін жүзеге асыратын формаларға
тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік қажеттілік және тапқырлық кәсіпкерліктің бір – бірімен
байлынысты төрт қызметтері арқылы сипатталады.
1. Кәсіпкер – жер, еңбек, капитал ресурстарының біркелкі өндіріс және
қызмет процесінде ұштастыру үшін өз тарапынан ынталық білдіре отырып оларыд
өз қолына алады;
2. Кәсіпкер – бизнесті ұйымдастыру және жүргізу процесінде кәсіпорынның
әрекеттік бағытын және оның тиімді жұмыс істеуін анықтайтын негізгі
шешімдерді қабылдау үшін міндеттеме алады;
3. Кәсіпкер – жаңашыл коммерциялық негізде жаңа өнімдер жаңа өндірістік
технология және бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге ынтасы бар
адамдар;
4. Кәсіпкер – жоғарыда аталған оның үш қызметін тылдаудан шығатын қорытынды
ол тәуекелге бел буған адамдар.
Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезінде дербес еңбекпен айналысуға
заңды түрде рұқсат берілген. Әр адам өз еңбегіне негізделген шаруашылық
жүргізу үшін өндіріс құрал – жабдықтарына өндірілген өнімге одан түскен
табыстар мен әр түрлі мүмкіндіктерді иеленуге заңды құқығы бар. Мұндай
қызметпен халықтың екі тобы айналысады:
- Жеке қызмет пен жұмыс уақытынан тыс мезгілде айналысатын адамдар, яғни
олар бұл қызметті өзінің істейтін кәсіпорындары мен мекемелерінде
атқаратын жұмысымен қатар атқарады.
- Тек жеке қызметпен айналысатындар (зейнеткерлер, мүгедектер, үй
шаруашылығындағы әйелдер және т.б). Осындай қызмет арқылы түскен табыс
отбасының жалпы табыс мөлшерінің едәуір бөлігін құрап, олардың өзіндік
меншігін ұлғайтудың маңызды көзіне айналады.
Сонымен қатар жеке дара кәсіпкрдің өнім бизнестен түсетін табысты
толық иемденетін сонымен қатар оның ақылық кемшіліктері мен ауыртпалығын,
жауапкершілігі мен тәуекелділігін өз мойнымен жетелеген адам немесе отбасы
екені анық.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен оларды бір – бірімен
балама теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез – келген
қызмет түрі. Нағыз кәсіпкер ол өнер тапқыш сондықтан бизнеспен айнылысатын
адамдар осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік тәуекел деген ұғым да бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша
білу қабілеттілігі, бірақ бизнесте қатынастардың барлығының қолынан бұл
келе бермейді. Кәсіпкерлік бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл
қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықтарды жүзеге асыру үшін
тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады сондықтан
экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара – пар ұғым ретінде қарастырылады.

Нарық өте күрделі көптеген құрылымы бар ұғым, бұл жағдай нарық жүйесін
құрылымдық жағынан шектеудің көптеген белгілері бар екенін анықтайды. Ең
алдымен әр түрлі тауар топтарының нарығы сонымен қатар нарықты аумақтың
өзіндік белгілерне сәйкес былайша бөлуге болады: белгілі бір аймақтың
нарығы, сала – аралық бірлестіктер нарығы және әлемдік нарық сонымен қатар
қоғамда енгізіліп, әрекет етіп отырған заңдылыққа сәйкестігі жағынан ашық
және жасырырын нарық болып ішінара бөлінеді.
Кәсіпкерлік идеяларды тікелей жүзеге асырушы факторларға байланысты:
мақсаттар мен міндеттерді дұрыс, айқын тұжырымдау, ақшалай қаржыландыру
мөлшері, өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру, маркетинг қызметінің
потенциялдық идеяларды нақты жүзеге асыру, жоспарлар жүйесін жасаумен
байланысты. Олардың құрылымы мен жүйелілігі мынадай:
Өнім өткізу жоспары, тұтынушалар мен рыноктар топтарына қарай сан бойынша
бірнеше жылға белгіленеді.
Қазақстан Республикасының жоғары кеңесі қабылдаған меншік туралы 1991
жылы кәсіпорындар туралы заңдары нарықты экономикаға көшудің аса маңызды
құжаттары болып табылады.
Экономиканың әр түрлі салаларында оның әр түрлі кезеңіндегі нарық
тұтынушылар сұранымына және осы саланың ерекшелігіне сәйкес әр түрлі
меншікке жататын кәсіпорындардың көптеген формалары қызмет етуі керек.
Бүгінгі таңда мемлекет иелігін алу мен жекешелендіру нәтижесінде меншік пен
кәсіпорындардың алуан түрлі формаларының барлығы заң жүзінде орнықпағанымен
дұрыс қалыптаса бастады.
Кәспіпкерлік қызмет:
1) Өндірістік кәсіпкерлік – оған қатысты қызметтер:
- Өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;
- Ақпараттарды өңдеу – және жинау;
- Рухани құндылықтарды игеру;
- Тұтынуға жатқызылатын басқа да өткізілімдер.
2) Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар - ақша қатынастары мен сауда
айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде бұл тауар мен қызмет
көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндрістік кәсіпкрлік қызметтен
айырмашылығы – мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету
қажет болмайды.
3) Қаржылық кәсіпкерлікке – сату сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны,
валютаны, құнды қағазды, яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату
жатады.
4) Кеңес беру қызметіне:
- Жалпы басқару;
- Әкімшілік басқару;
- Қаржылық басқару;
- Маркетинг;
- Ақпараттық технология;
- Арнайы қызметтер жатады.
Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп,
қызметтер көрсетіледі.

1. 2 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары және олардың

жетістіктері

Кәсіпкерлік өз бастауыш ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда рынок
атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін
экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда
алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік
жауапкерішілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен,
дербестікпен, жауапкершілік және белсенді, іздеумен байланысты шаруашылық
қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады.
Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі
ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және
мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген
түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып ату, инновациялық, кеңес беру
қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани
құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс
функциясы негізгі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша
мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен
байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға
сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық
болып ессптелмейді.
Коммерциялық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып
табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып
табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын
қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс
алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі - кәсіпкер сақтандырған оқиға болган кезде
ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің
ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған.
Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың ор түрлі комбинацияларын жасау - кәсіпкер кызметінің қажетті
буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
3. Жаңа өткізу рыногына шығу;
4. Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық,
қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы
мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық
меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолданса болады. Алайда
қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан
оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.
Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел - жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен
салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы, тәуекелдің
бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік,
проценттік.
Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын
адамдардың санына кері тәуелді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел
сақтандыру кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде
сақтандырылады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
- статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына
қарап болашаққа болжау жасайды.
- эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірибелі бизнесмендер
көзқарастары зерттеледі.
- есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.
Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты
кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.
Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар
ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады.
Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы
ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және
сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуын тиімді
варианттарымен шұғылданады.
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі
белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып
бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз:
ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал
жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы
жоғары, - себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан
қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар
артықшылықтарға ие:
- түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін.
- бизнес көлемі шектелмеген.
- қатаң бағамен шектелмейді.
Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:
- жеке тұлғалар,
- серіктестік (жолдастық)
- корпорация (акционерлік қоғам).
Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның
жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес - жеке
кәсіпкерліктің кемшіліктері осанда.
Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген
өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация
үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету
саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ак юристердің, дәрігерлердің
т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын
бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің
артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту
жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып
келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін,
мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма
табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады.
Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен
фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.
Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар
жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге
бөлінген, сондықтан корморация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация
акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын
салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі
кездеседі.
Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады:
- акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда
шектелмейтін мүмкіндіктер;
басқару фупкцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
- корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлердің
біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Бизнесті корпоративті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне
төмендегілер жатады:
- корпорация табысының акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін
бөлігіне екі жақты салық салу: бірішні рет корпорация пайдасының бір бөлігі
ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі ретінде. Кіші
корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі.
Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға 8 корпорациялары статусын алуға рұқсат
етеді. Бұндай жағдайда корпорация табысы олардың иелерінің табысы болып
саналады және тек табыс салығы алынады;
- Экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер, ешқандай
нақты құны жоқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;
- меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акциялары көптеген иелер
арасында орналастырылған корпорацияларда бақылау функциясы меншік
функциясынан ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға ұмтылады, ал
менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді азайтуға
тырысады.
Корпорацияның басқа да кемшіліктері бар, бірақ олардың орнын
артықшылықтары толтырады.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.
Қазіргі батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ірі секторын
құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Кіші
бизнестің әдеттегі формалары франчайзинг және венчурлық кәсіпкерлік
жүйелері болды.
Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға
құқық алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз
қызметін жасау үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке
фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету, тауарды жегкізуге, құрал-
жабдықты сатып алуға, кредит алуға көмек түрлерінде жеңілдіктері бар.
Ұсак фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатушылары болып
қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі
корпорациялардан сауда зонасын, кредит алады және одардың қамқорлығына
енеді. Ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды, сондай-ақ
өз қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып отырады.
Венчурлық фирма - ғылыми зерттеулерді жасаумсн шұғылданатын
коммерциялық ұйымдар. Веичурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды.
Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі
шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты "күйіп кетуге"
тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп,
тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ
болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі
күні венчурлық фирмалар Қазақстанда да құрылып қызмет ете бастады.
Орта бизнес елеулі роль атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі
оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелесуіне тура келеді, осының
нәтижесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін
тоқтатады. Бұл жерде сөз қандай да бір ерекше өнім шығаруда монополист
болып табылатын, тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес (мүгедектерге
арналған техниканы өндіру, қалалық сағаттарды жөндеу).
Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте қуаттылығымен ажыратылады.
Оның рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкіндік
береді. Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексімен анықталған.
Соған сәйкес барлық ұйымдар (заңды тұлғалар) коммерциялық және
коммерциялық емес болып бөлінеді. Коммерциялық фирмалардың негізгі мақсаты
пайда алу болып табылады. Коммерциялық емес фирмалар ондай мақсат қоймайды.
Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестіктер, өндірістік
кооперативтер, мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар
формасында құрыла алады. Шаруашылық серіктестіктер өз кезегінде толық
серіктестік, сенім серіктестік (коммандиттік), жауапкершілігі шектелген
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам
(ашық және жабық), еншілес және тәуелді қоғамдар түрінде қызмет етеді.
Коммерциялық емсс фирмалар тұтыну кооперативі, қоғамдық, немесе діни
ұйым, қайырымдылық қор фирмаларында құрылады. Фирма рыноктық экономиканың
негізгі экономикалық агенті болып табылады.
Фирма - бір немесе бірнеше кәсіпорындары бар және пайда алу мақсатында
тауар және қызмет өндіру үшін ресурстарды пайдаланатын ұйым.
Дәстүрлі теория - фирма жүріс - тұрысын пайданы максимизациялаумен
түсіндіреді.
Менеджерлік теория - фирманың мақсаты бірінші саут көлемін, содан соң
табысты максимизациялау дегенді дәлелдейді. Бұл процесте негізгі рольді
меншік иелері емес басқарушылар, яғни сауда табысының өсуін қалайтын
менеджерлер ойлайды. Себебі, бұған олардың жалақылары және басқа төлемдер
мен жеңілдіктер тәуелді болады. Өсімді максимизаииялау теориясы өсіп келе
жатқан фирма жай ірі фирмаға қарағанда, анағұрлым ұнамды болады деген
идеяға негізделеді. Оның өсуі меншік иелерінің де, менеджерлердің де
мүддесін қанағаттандырады.
Өсудің екі жағы бар: өндіріс пен капиталды шоғырландыру арқылы ішкі
және бірігу мен құрамына ену нәтижесінде капитал мен өндірісті
орталықтандыруға негізделген, сыртқы деп қарастырады.
Өсудің ішкі көздері.
а) өндіріске қайтарылатын бөлінбеген пайда;
б) акциялар шығару;
в) банктен алынған қарыз қаражаттары.
Өсудің сыртқы көздері.
а) қосылу, яғни бір немесе одан көп компаниялардың бірігуі;
б) бір фирманың екінші фирманы оның акциясының бақылау пакетін сатып алу
арқылы құрамына алуы;
Бірігу және еріксіз түрде қосып алу басқа салалар мен сала ішіндегі
интеграция және диверсификация арқылы жүзеге асады.

2. 1 Қазақстан Республикасын қалыптастырудағы шағын

кәсіпкерліктің рөлі

Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның
нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен,
базардың тауарының молығуына және жаға жұмыс ұймдарының құрылуына мүмкіндік
берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес
органы ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық
дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын
кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс
деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін
арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың
даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ - та барлық жұмыс күшінің 50
пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімнің 33 пайызын нақ сол
қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікте
жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы соның үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын
кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарың пайызын ғана жүзеге асырса да,
өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың пайызын қамтамасыз етеді. Шағын
кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар
жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы
көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын
фирмалар мен дербес өнертапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын
жасайды.
Бұл деректер шағын кәсіпорындардың экономикадағы елеулі рөлі мен
маңызы туралы бұлтартпас дәлел бола алады. Бірақ, мәселе, сандық
көрсеткіштерде ғана емес. Бұл сектор өзініғ мәнісі жөнінен базарлы
экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымның негізін
құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын және орта
кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру
қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы
сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге,
салалық және аумақтык монополизмге төтеп беруге көмектеседі.
Қазакстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру әлі жүріп жатыр.
1990 - жылдардың басында Қазакстан Республикасында шағын кәсіпкерлік
субьектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға
түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшысы
бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және
одан да көп жұмысшы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады, Соның салдарынан
бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатқызылатын
кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың
экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және
шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.
Бизнеске қатысына қарай, шағын деген анықтама жұмысшылардың саны,
жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін.
Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі
ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50
адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабыл-данған.
Кәсіпкерлердің көпшілігінің жоғары білімі бар және онысын жұмысында
қолданады, Олардың жартысынан астамы өз білімін қанағат тұтады. Сондай-ак,
мемлекет тарапынан болмаса да, шетелдік ұйымдар тарапынан техникалық көмек
көрсетілген жағдайда, бұл өздерінің кәсіби қызметі үшін жеткілікті, деп
санайды. Сауалнамаға жауап берген кәсіпкерлердің 69 пайызының жоғары білімі
болған. Олардың 42 пайызы тех-никалық, 12,7 пайызы қоғамдық, 6,9 пайызы
экономикалық жоғары оқу орындарының түлектері. Тек 5,8 пайызы ғана орта
мектепте алған білімімен шектеліп қалған.
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп
отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқан
бөлігі болып отыр. Ең бастысы: шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. Өсім
соншалықты жоғары да емес, небәрі пайыздың бөлшегі ғана. Дегенмен, өсім
бар. Оның жалпы ішкі өнімде де өзіндік үлесі бар. Ол 7 пайызды құрайды.
Қазірдің өзінде кәсіпкерлік Қазақстанның бүгінгі экономикасында
лайықты орын алды. Шағын кәсіпорындардың соңғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық ортасы
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық–экономикалық механизмін қалыптастыру жолдары
Қазақстандық өнеркәсіптік корпорациялардың инвестициялық саясаты
Шағын кәсіпкерлікке қатысатын субъектілер
Кәсіпорынның табысы
Шағын бизнесті қолдау тәжірибесі
Материалды айналым активтерінің қорларының өсуін инвестициялау
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялар
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Кәсіпорын қызметіндегі айналым капиталының мәні мен ролі туралы
Пәндер