Ағымдағы активтердің айналысы


Кіріспе
Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Курстық жұмысының өзектілігі кәсіпорынның айналым активтерін құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жолы болып саналады. Кәсіпорын барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары келесі жолмен қалыптасып керек. ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ бөлігі қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасады.
Курстық жұмысын жазудағы басты мақсат кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің экономикалық мазмұнын ашып көрсету және олардың құрамын талдау.
Алға қойған мақсатқа орай мынандай міндеттер туындайды:
- кәсіпорынның айналым құралдарының экономикалык мәні мен жіктелуін ашу;
- айналым құралдарының түзілу көздерін анықтау;
- кәсіпорынның ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтердің кұрамы мен
құрылымын талдау;
- айналым құралының айналымын жылдамдатудың негізгі әдістерін қарастыру;
- материалды-өндірістік запастарды, дебиторлық қарыздарды және қаржы құралдарын басқару бойынша ұсыныстар жасау.
- Кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен пайдаланудағы қаржылық қарым-қатынастар зерттеу тақырыбы болмақ.
Сондай-ақ, қаржы менеджментінің міндеттерінің күрделілігін анықтайтын басқа да жағдайлар айналым активтерін баскаруға тікелей байланысты. Мұндай міндеттер кешені мен оларды іске асыру механизмі кәсіпорындағы айналым активтерін баскару саясатын қалыптастыруда көрінеді.
Курстық жұмысының объектісі «Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оның негізгі қызметі сүт және сүт өнімдерін өндіру.
Курстық жұмысының теоретикалық негізі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің кәсіпорынның айналым активтерін баскару саласындағы
жарияланымдары. Жұмыста "Смак" ЖШС-інің есеп деректері, Қазақстан Республикасының заң актілері пайдаланылды.
1 ТАРАУ. АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫК МАЗМҰНЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні мен
жіктелуі
Шаруашылық қызмет жасайтын әрбір кәсіпорынның өнімді үздіксіз өндіру мен сатуды қамтамасыз ететін айналым капиталы болуы тиіс. Айналым құралдары - өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына авансталған қаржы. Айналым құралдары оның экономикалық мәнімен анықталады. Айналым құралдарына өндіріс процесі, сондай-ақ айналым процесі жатады. Кәсіпорынның айналым құралдары өнім өндіру мен сату процесіне қатысып үздіксіз айналым құрайды. Мұнда олар айналым аумағынан өндіріс аймағына және керісінше түсіп отырады. Айналым қоры мен өндірістік айналым қорлары түріне ауысып отырады. Осылайша кезек-кезек үш фазадан өте отырып айналым құралдары өзінің табиғи заттық формасын өзгертеді. Бірінші фазада (А-Т) айналым құралдары алғашында ақша түрінде болып өңдірістік запастарға ауысады, яғны айналым сферасынан өндіріс сферасына өтеді. Екінші фазада (Т-Ө-Т1) айналым құралдары өндіріс процесіне тікелей қатысады және аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар мен дайын өнім түріне келеді. Айналым кұралдарының айналымның үшінші фазасы (Т1-А1) қайтадан айналым фазасында өтеді[1] . Дайын өнімді өткізу нәтижесінде айналым құралдары қайтадан ақша кұралдары түріне өтеді. Түскен ақшалай түсім мен алғашқыдағы жұмсалған ақша құралдарының айырмасы (А1-А) кәсіпорын ақшасының қорлану мөлшерін көрсетеді. Осылайша толық айналым жасай отырып (А-Т-Ө-Т1-А1) айналым құралдары барлық деңгейлерде уақытпен пареллельді жұмыс жасайды. Ол өз кезегінде айналым мен өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Айналым құралдарының айналымы органикалық бірліктегі үш фазадан тұрады. Өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын айналым құралдарына қарағанда мекеменің негізгі айналым қорлары әр өндіріс процесінде толығымен тұтынылады, өзінің құнын дайын өнімге түгелдей салады және өзінің табиғи түрін өзгертеді. Айналым құралдарын қайта өндіру процесіне орналастыру оларды өндірістік айналыс қорлары мен айналым қорларына жіктейді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесінде жұмыс жасаса, ал айналым қорлары - айналым процесінде, яғни дайын өнімді өткізуде және тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуда. Бұл қорлардың тиімді тепе-тендігі құн жасауда қатысатын өндірістік айналым қорларының неғұрлым көп бөлігіне байланысты. Айналым қорларына кәсіпорынның қоймасындағы дайын өнім, кассадағы және банктегі есеп шоттағы, сондай-ақ тиелген аяқталмаған есеп айырысудағы ақша қаражаты жатады. Өндірістік айналым қорларының және айналым қорлары сомасының ақшалай көрінісі кәсіпорынның айналым құралдарын құрайды. Кәсіпорынның айналым активтерін мақсатты басқару оларды жіктеуді қажет етеді. Қаржы менеджменті тұрғысынан айналым акивтерін жіктеу төмендегі негізгі белгілері бойынша жүргізіледі:
- Түзілудің қаржы көздерінің сипаты бойынша:
а) Жалпы айналым активтері - өз есебінен және қарыз капитал есебінен түзілген олардың жалпы- мөлшерін сипаттайды.
ә) Таза айналым активтері - өз есебінен және ұзақ мерзімді қарыз капитал есебінен түзілген оның бөлігін сипаттайды.
ТАА-КҚМ, (1)
мұндағы, КҚМ - кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері.
б) Жеке меншік айналым активтері - кәсіпорынның өз есебінен түзілген айналым активтерінің бір бөлігі.
ЖМАА= ОА-ҰҚК-КҚМ,
мұндағы ¥ҚК - кәсіпорынның айналым активтеріне инвестицияланған ұзақ мерзімді қарыз капиталы. Егер кәсіпорын айналым құралдарын қаржыландыруға ұзақ мерзімді қарыз капиталын пайдаланбаған жағдайда жекеменшік және таза айналым құралдарының сомалары сәйкеседі.
- Түрлері бойынша:
а) Шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары. Айналым активтерінің бұл түрі кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін запас түріндегі олардың кіретін материалдық ағымының көлемін сипаттайды.
ә) Дайын өнім қоры (запасы) . Сатуға, өткізуге арналған запас түріндегі олардың шығатын материалдық ағымының көлемін сипаттайтын айналым активтерінің түрі. Аяқталмаған өндірістің көлемі мен циклының ұзақтығы шағын болған жағдайда оны айналым активтерінің осы түріне қосады, болмаса - жеке бір түрге жатқызады.
б) Дебиторлық қарыздар. Заңды және жеке тұлғалардың тауар, жұмыс, қызмет, берілген аванс бойынша және т. б. қаржы міндеттемелерімен көрінетін кәсіпорын пайдасындағы қарыз сомасын сипаттайды.
в) Ақша активтері. Қаржы менеджменті тәжірибесінде оған ұлттық және шетел валютасындағы қалдық ақша ғана емес, сонымен бірге қысқа мерзімді қаржы салымдарының сомасын да жатқызады. Олар ақша активтерінің уақытша бос қалдығын инвестиция түрінде қарастырады. Яғни «ақша құралдарының алып - сатарлық қалдығы».
г) Басқалар.
- Операциялық процесте қатысу сипатына қарай:
а) Өндіріс цикліне (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар запастары; аяқталмаған өндіріс көлемі; дайын өнім қоры) қызмет ететін айналым активтері;
ә) Қаржы цикліне (дебиторлық қарыз және т. б. ) қызмет ететін айналым активтері;
- Айналым активтерінің қызмет ету кезеңдеріне карай:
а) «Тұрақты айналым капиталы» - айналым активтерінің тұрақты бөлігі.
Бірінші трактовкаға сәйкес айналым капиталы (немесе ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) дегеніміз барлық операциялық цикл кезіндегі ақша қаражаттарының, дебиторлық қарыздың және өндірістік запастардың сұранысы салыстырмалы бөлігі. Бұл кәсіпорынның тұрақты қолданысындағы ағымдағы активтердің орташаланған көлемі, мысалы уақыттық өлшем бойынша. Басқа трактовка бойынша тұракты айналым капиталы өндіріс қызметін іске асыруға қажетті ағымдағы акгивтердің төмендетілмейтін минимумымен анықталуы мүмкін.
Бұл дегеніміз кәсіпорын өзінің қызметін іске асыру үшін оған айналым құралдарының белгілі бір минимумы қажет. Мысалы, есеп шоттағы ақша қаражатының тұрақты қалдығы, резервті капиталдың белгілі бір аналогы.
ә) «Ауыспалы айналым капиталы» (немесе ағымдағы активтердің ауыспалы бөлігі) категориясы дағдарыс кезінде немесе сақтандыру қоры ретінде қажетті қосымша ағымдағы активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша өндірістік-материалдық запастардың қажетті сатудың науқанды кезіндегі сатылымның жоғары деңгейін қолдаумен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар сатылым барысына қарай дебиторлық қарыз да өседі. Қосымша ақша қаражаттары шикізат пен материалдар, сондай-ақ еңбек ақы төлемдерін науқан кезінде жабуға қажет.
Өндірістің айналым қорларының жіктелуі:
- Өндірістік запастағы айналым қорлары.
а) шикізат, негізгі материалдар;
э) сатып алынатын жартылай фабрикаттар;
б) көмекші материалдар;
в) отын;
г) ыдыс және ыдыс материалдары;
ғ) ағымдағы жөндеуге арналған бөлшектер;
д) тез тозатын шаруашылық заттары мен аспаптар.
- Өндіріс процесіндегі айналым қорлары:
а) аяқталмаған өндіріс;
э) жаңа өнімді игеру шығындары;
б) өзі дайындаған жартылай фабрикаттар.
Шикізат - бұл оны табуға немесе өндіруге еңбек жұмсаған еңбек өнімі.
Материалдар - өнеркәсіптік өңдеуге түскен еңбек өнімдері. Мысалы, металлды пракаттау. Негізгі материалдардан өнім жасалады, олар оның негізгі мазмұнын құрайды.
Жартылай фабрикаттар - өндірістің бір немесе бірнеше кезеңінен өткен, бірақ тағыда өндеу мен жинақтауды қажет ететін еңбек өнімдері.
Ыдыс және ыдыстық материалдар - өндіріске қажетті орамдар мен материалдардың барлық түрлері.
Аяқталмаған өндіріс - өнделіп жатқан немесе өңдеуді қажет ететін, дайын өнімнің құрамына енбеген еңбек өнімдері. Әртүрлі кәсіпорын айналым қорларының құрамы, құрылымы және құны әр алуан.
1. 2. Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің түзілу көздері
Шаруашылық қызметінің айналым құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі үшін оның көлемі жеке капиталдың көлемінің 1/3 бөлігімен тағайындалады. Өйткені айналым құралдарының көптігі кәсіпорын капиталының бір бөлігі бос жатып, пайда әкелмейтіндігін көрсетеді.
Жалақы бойынша қарыздар; бюджетке қарыздар; жеткізушілерге қарыздар және т. б.
Әдетте кәсіпорынның айналым құралдарына деген ең төменгі сұранысы өзінің жеке көздерімен қанағаттандырылады: жарғы капиталының, резервті капиталының, жинақтау қорының және мақсатты қаржыландыру пайдалары.
Кәсіпорынның жекеменшік каражаты кәсіпкерлік қызметтің артуы мен акционерлендіруде шешуші рөл атқарады. Өйткені шаруашылық субъектісінің қаржы тұрақтылығын және оперативті өзіндік қабілетін қамтамасыз етеді. Жекешелендірілген кәсіпорындардың жеке айналым құралдары толығымен олардың құзырында. Кәсіпорындар оны сатуға, азаматтарға, басқа шаруашылық субъектілеріне беруге, жалға беруге және т. б. құқылы.
Нарық конъюнктурасы әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан кәсіпорындардың айналым құралдарына деген сұраныстары да тұрақсыз. Бірқатар объективті себептерге қарай (инфляция, өндіріс көлемінің өсуі, клиент шоттарын төлеудегі кідірістер және т. б. ) кәсіпорында айналым құралдарына деген уақытша қосымша сұраныстар туады. Бұл сұраныстарды тек өз қаржысынан жабу іс жүзінде мүмкін болмай қалады. Сондықтан кәсіпорынның өз есебінен жұмыс істеуінің үстемдігі екінші орынға ығысады. Мұндай жағдайларда шаруашылық қызметтің қаржылық қамтамасыз етілуі қарыз беретін көздерді тартумен қатар жүреді: банк және коммерциялық несилер, займдар, инвестициялық салықтық несие, кәсіпорын жұмысшыларының құралдарды пайдалану өз құралдарын пайдаланғаннан анағұрлым тиімді. Сондықтан айналым құралдарын түзу процесін басқарудың негізгі міндеті займды құралдары тартудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Көбінесе банк несиесі түрінде болып келетін займдық құралдар кәсіпорынның құралдарға деген қосымша сұранысын қанағаттандырады. Сонымен бірге банктің несие беруінің шарттарының бастыларының бірі кәіпорынның қаржы жағдайының сенімділігі және оның қаржы тұрақтылығын бағалау. Несие кәсіпорынның пайдасы есебінен жабылады. Егер несие тағайындалған несиені өтеу мерзімі ішінде болса, онда бұл пайда салықтан босатылады. Ал банктік пайыздық төлемге келетін болсақ, белгіленген мерзім уақытында төленген пайыздық шығындар өнімнің өзіндік құнына енеді. Бұл айналым кұралдарын толтыруға берілетін несие Қазақстан Республикасы Халықтық банкінің Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігіне ашып отырған несие желісі есебінен берілуіне байланысты. Ол Қазақстан Республикасы Халықтық банкінің есепті ставкасынан аспайды. Несиені өтеу уақытын өткізіп алғанда жағдайда, сондай-ақ несие бойынша пайыздарды төлеу кәсіпорын құзырындағы пайдадан, яғни таза пайда есебінен төленеді. Банк несиелері инвестициялық (ұзақмерзімді) және қысқа мерізмді несие түрінде болады. Банк несиелері негізгі және ағымдағы активтерді сатып алуға кеткен шығындарды қаржыландыруға, сондай-ақ кәсіпорынның маусымдық сұраныстарын қаржыландыруға, тауарлы-материалдық запастардың, дебиторлық қарыздардың, салық төлемдерінің, әдеттен тыс шығындардың уақытша өсуіне қарай қаржыландыруға бағытталады.
Жұмысшылардың инвестициялық жарнасы (салымы) - бұл жұмысшының экономикалық субъектінің дамуына деген белгілі бір пайызға төленген ақшалай жарнасы. Тараптардың пайдасы келісім шартпен немесе инвестициялық салымдар туралы ережелермен рәсімделеді. Кәсіпорынның айналым құралдарына деген сұранысы айналымға қарыздық бағалы қағаздар мен облигацияларды шығару арқылы өтеле алады. Облигация облигацияны ұстаушы мен құжатты эммитациялаған тұлға арасындағы қатынасты растайды.
Айналым құралдарының түзілуі, пайдаланылуы және ұйымдастырылуы өндіріс барысына, ағымдағы өндірістің және қаржы жоспарының орындалуына белсенді ықпал етеді. Айналым құралдарын ұйымдастыруға кіретіндер:
- Айналым құралдарының құрамы мен құрылымын анықтау;
- Айналым кұралдарына деген сұраныстарды айқындау;
- Айналым құралдарының түзілу көздерін аныктау;
- Айналым құралдарын басқару әрі бағыттау;
- Айналым құралдарының тиімді пайдаланылуына және сақталуына жауапкершілік
Айналым құралдарын жоспарлау мен оларды тиімді пайдалануға жауапты менеджерлердің басты міндеті де осы. Кәсіпорынның айналым құралдарына деген сұранысы көптеген факторларға байланысты:
- өндіріс және өткізу көлеміне;
- бизнес түріне;
- қызмет аумағына;
- өндіріс циклінің ұзақтығына;
- кәсіпорын капиталының құрылымына;
- кәсіпорынның есеп саясаты мен есептесу жүйелеріне;
- кәсіпорынның шаруашылық қызметін іс жүзівде несиелеу шарттарына;
- материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне;
- тұтынылатын шикізаттың түрлері мен құрылымдарына;
- кәсіпорынның өндіріс көлемі мен өнімді сатудың өсу қарқынына;
- менеджерлер мен есепшілердің шеберлігіне және тағы басқа факторларға.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар жатады.
Қарыз негізінен келісім-шарттың негізінде бір тарап (қарыз беруші) екінші бір тарапқа (қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен байланысты барлық міндеттемелерді орындауды өз міндетіне алады.
1. 3. Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін
басқару саясатының негізгі түрлерінің сыныпттамасы
"Айналым капиталы" деген термин ақша қаражаты түріндегі немесе бір жыл, болмаса бір өндіріс циклі ішінде соған айналдырылған кәсіпорынның қозғалмалы активтеріне қатысты. Таза айналым капиталы ағымдағы активтер (айналым құралдары) мен ағымдағы міндеттемелер (қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыздар) арасындағы айырмашылық ретінде анықталады және айналым активтері қаржының ұзақ мерзімді көздерінен қандай мөлшерде өтеліп жатқанын көрсетеді (1-сурет) .
Ағымдағы
Міндеттемелер
Ағымдағы
активтер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Негізгі қорлар
Өз меншік капиталы
Сурет 1. Активтер мен оларды жабу көздерінің арасындағы өзара байланыстың логикасы
* Ескерту автордың құрастыруымен
Айналым құралдары әржақты сипатталуы мумкін. Бірақ негізгі сипатамаларына олардың ликвидтілігі, көлемі және құрылымы жатады.
Өндіріс қызметі процесінде айналым құралдарының жеке элементтерінің тұрақты өзгеруі жүріп отырады1. Кәсіпорын шикізат пен материалдар сатып алады, өнім шығарады, сосын оны әдеттегідей несиеге сатады. Нәтижесінде дебиторлық қарыз пайда болады. Ол белгілі бір уақыт өткеннен кейін ақша қаражатына айналады (2-сурет) .
Ақша қаражат
Дебиторлық қарыз Өндірістік
материалдық запастар
Дайын өнім
Сурет 2. Ағымдағы активтердің айналысы
Айналым активтерінің айналыс табиғаты айналым капиталдарын басқаруда негізгі мәнге ие. Ағымдағы активтер өтімділік дәрежесі, яғни олардың абсолютті өтімділікке ие ақша қаражаттарына ауыса алу қабілеті бойынша ажыратылады. Айналым құралдарының көлемі мен құрылымына келетін болсақ, олар көбінесе салалық қарастылығына байланысты анықталады. Мысалы, айналым сферасының кәсіпорындары тауарлы запастың жоғары үлес салмағына ие, қаржы корпорацияларында әдетте ақша каражаттарының көп мөлшері мен олардың эквиваленттері байқалады.
Айналым құралдарының көлемі өндіріс процесінің сұранысымен ғана емес, сонымен бірге кездейсоқ факторлармен де анықталады. Сондықтан айналым капиталын тұрақты және ауыспалы деп бөлу қарастырылған (3-сурет) .
Тұрақты айналым капиталы (жүйелі бөлігі) - ағымдағы активтердің өндіріс қызметін іске асыруға қажетті минимумы.
Айналым капиталының ауыспалы категориясы (немесе ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі) науқан кезіндегі резервті капитал ретінде қажетті қосымша ағымдық активтерді көрсетеді.
Активтер Өзгермелі бөлік Барлық актив
![]()
Жүйелі бөлік
Айналымнан тыс активтер
Сурет 3. Кәсіпорынның активтерінің динамикалық қатарының
компоненттері
Айналым капиталдарын басқару саясатының мақсатты бағыты ағымдағы активтердің көлемі мен құрылымын, оларды жабу көздері мен ұзақ мерзімді өндіріске және кәсіпорынның тиімді қаржы қызметіне жеткілікті олардың арасындағы қатынас арқылы анықтау болып табылады. Бұл факторлар мен нәтижелі көрсеткіштердің өзара байланысы көрнекті. Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді үнемі орындамау экономикалық байланыстардың үзілуіне, осыдан шығатын көптеген салдарларға әкеп соғады.
Қалыптасқан мақсатты бағдар стратегиялық сипатқа ие. Сонымен бірге ағымдағы қызметті басқаруды тиімді ететін айналым құралдарының мөлшерін қолдау да маңызды. Күнделікті қызмет тұрғысынан алғанда кәсіпорынның қаржы-шаруашылық сипаттамасының ең маңыздысы оның өтімділігі, яғни қысқа мерзімді кредиторлық қарыздарды уақытында жауып отыру қабілеті. Кез-келген кәсіпорын үшін өтімділіктің жеткілікті деңгейі шаруашылық қызметтің тұрақтылығының көрінісі. Өтімділікті жоғалту тек қана қосымша шығындар емес, сонымен бірге өндіріс процесінің ауық-ауық тоқтап қалуына да әкеп соғады. 4-суретте таза айналым капиталының жоғары және төмен деңгейдегі өтімділіктің қауіптілігі көрсетілген. Егер ақша қаражаты, дебиторлык қарыз және өндірістік-материалдық запастар салыстырмалы төмен жағдайда болса, онда төлем қабілетінің жоқтығы немесе рентабельді қызметті іске асыруға қажетгі қаржының жетіспеу ықтималдығы жоғары.
Қауіп деңгейі
Таза айналым капиталының деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Cурет 4. Айналым капиталының тәуекелі мен деңгейі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz