Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I.Психологияның зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама
1.1.Қазіргі кезеңдегі психологияның мінжеттері мен оның ғылымдар жүйесіндегі алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Психологиялық зерттеудің обьективтілігіне жалпы қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3.Психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II.Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ...
жұмыстарының әдістемесі.
2.1.Психикалық процестерді зерттеуге арналған тәжирибелік
2.2.Қазіргі замандағы психологияның салаларын анықтау жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
2.3.Психология салаларын жасалған бағдарламаның оқу процесіндегі қолдану жұмыстарының ерекшелітері ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . .

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі.Қазіргі уақытта еліміздің білім беру жүйесінде білім беру құрылымын оңтайландыруға бағытталған және нарықтық қоғам құру талаптарына толық сәйкес келетін өзгерістер болып жатыр.Қазақстандағы оңдаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі білім беру моделі елімізде және бүкіл әлемдегі болып жатқан қоғамдық-экономикалық өзгерістерге ілесе алмауының мүмкіндігі күн өткен сайын ерекше сезілуде.Бүгігі күні қоғам білім беру жүйесінен жан-жақты дамыған,өздігінен жұмыс істей алатын,ерекше жағдайларда әрекет жасай алатын және үздіксіз білім алуға талабы бар жастарды дайындауды талап етуде.
Психология-алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазірге уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде.Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып-үйрету психологияның негізге міндеті болып табылады.Соңғы оңжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп,жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды.Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмпирикалықимәліметтермен толығуда Б.Ф.Ломов Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары деген еңбегінде қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып,қазіргі уақытта психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуды деп айтты.
Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең.Ол күрделілік деңгейі әртүрлі- сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттері,үрдістерді қамтиды.Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген,ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеу мен ғана шектеледі.Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау-теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн.
Психикалық құбылыстардың адам өпірі мен іс-әрекетініі объктивтік жағдайларынан заңды тәуелдікте болатынын аңықтай отырып,психология осы әсерлердің бейнелеуінің физиологиялық механизмдерінің де ашуы керек.Психология физиологиямен,соның ішінде,жоғарғы жүйке әрекетінің физилогиясымен тығыз байланысын сақтау қажет.
XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған,психологияның жеке ғылымғы айналуына,оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды.Бұған психологияға эксперименттік әдістің енгізілуін де жатқызуға болады.
Психологиялық ілімдердің табиғи ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды.Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялар үлкен ықпал етті.Олар тіршілік иесінің ораның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезеңдегі психиканың рөлін аңықтауға психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғарғы түрге көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді.
Қазақстанда іргелі ғылыми-зерттеулер соңғы сексен жыл көлемінде өркен жаып келеді.Біздің елімізде психологиялық іргетасын қалаған ғалымдарымыз-Н.Құлжанов,Ж.Аймауытов ,Х.Досмұхамедов,Т.Тәжібаев және т.б.Қазіргі кезеңде психология ғылымызды одан әрі дамытуға үлес қосқан ғалымдарымыз Ә.Алдамұратов,Қ.Жарықбаев,Ж.Намазба ева,Қ.Нұрғалиев,Н.Жанділдин,т.б болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:психология ғылымының әдістері мен салаларын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: психология ғылымының әдістері мен салаларын жүктеу жұмыстарын ұйымдастыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын үйретудің тиімділігі
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері мен оның ғылымдар жүйесінде аталатын орны
-Психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы қойылатын талаптар
-Психологиялық зерттеу әдістері жіктелуі
-Психикалық процестерді зерттеуге арналған тәжірибелік әдістер
--Психикалық процестерді зерттеуге арналған қосалқы әдістердің түрлерімен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
-Қазіргі заманда психологияның салаларын анықтау жұмыстары
-Психологиялық салаларына жасалған бағдарламаның оқу процесіндегі қолдану жұмыстарының ерекшеліктері
Зерттеу көздері:
Зерттеу мәселесі бойынша педагог ғалымдардың,әлеуметттанушылардын,
психологтардың ең;ҚР Білім беру туралызаңы,ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және ерекшелігі психологиясы теориялары,ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге,ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау,педагогикалық эксперимент өткізу,анкета мен интервью әдістері қолданылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден,екі бөлімнен,қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде: осы тақырыптың көкейтестілігі,психология ғылымының қоғамда алатын орны,оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылады.Зерттеу жұмысының ғылыми аппаратары,мақсаты,міндеттері,әдіст ері,объектісі мен пәні көрсетіледі.

I.Тарау.Психологияның зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама.
1.1.Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері мен оның ғылымдар
жүйесіндегі алатын орны
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде.Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып-үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады.Соңғы оңжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп,жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды.Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп,жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып,психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда Б.ф.Ломов"Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары" деген еңбегінде қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып,қазіргі уақытта "психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда" деп айтты.
Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең,Ол күрделілік деңгей әртүрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін,үдерістерді қамтиды.Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген,ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеу мен ғана шектеледі.Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау-теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн.Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді,сондай-ақ бұған жиналған білімділерді салыстыру мен интеграциялау да,оларды жүйелеу де және т.б. кіреді.Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады.Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады.Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйенсе,онда теориялық білімнің эмпирикалық амастырылыуының қауіпі туады.
Психикалық құбылыстардың мағынасын түсінудегі диалектикалық материализм дәрежесінің рөлі маңызды болады.Б.Ф.Ломовтың аталған еңбегінде психологиялық ғылымдардың негізгі дәрежелері анықталып,олардың жүйелік өзара байланысы,әрқайсысының жалпыға ортақтығы,сондай-ақ бір-біріне келтірмейтіндігі көрсетілген.Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған:бейнелеу дәрежесі,әрекет дәрежесі,тұлға дәрежесі,қарым-қатынас дәрежесі,сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл "әлеуметтік" және "биологиялық" ұғымдар.Адамның әлеуметтік және табиғи қасиеттерінің объективтік байланыстарын,әлеуметтік және биологиялық детерминантарының даму барысындағы қатынасын анықтау-ғыоымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді.
Алдыңғы оңжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі.Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде өзгерген.Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде өзгерген.Ол өнеркәсіптегі,мемлекеттік басқарудағы,медицинадағы,мәдениетте гі,спорттағы,білім беру жүйесіндегі және,т.б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда.Психологиялық ғылымды практикалық міндеттері шешуге енгізу,оның теориясының даму жағдайлпрын да маңызды өзгеріске ұшыратады.Шешулі психологиялық құзырды талап ететін,адам факторының рөлінің көтерілуімее анықталатын мәселелер қоғам өмірінің барлық салаларында әр түрлі түрде пайда болады.
"Адам факторы" деп адамдардың нақтылы әрекеттерінен көрінетін адам бойындағы әлеуметтік-психологиялық,психология лық және психофизиологиялық қасиеттердің кең шеңберін түсінуге болады.Бұл жерде біз психология алдына қоғамдық тәжірибе қойып отырған барлық міндеттерді атап айтпаймыз,бала психикасының дамуын түсінудегі психологияның маңыздылығына қысқаша тоқталамыз.Халық ағарту жүйесінің барлық қатарларында психологияға тиісті мәселелер туады.Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік-тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап,психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік заңдылықтарды ашуға бағытталған.Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы қоғамдық мәселені шешудегі,оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.
Психологиялық ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беруі мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді.Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу,даму кезеңінен өтуде және ғылымиен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда.
Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және керісінше,психология олардың нәтижелерін қаншалқты шамада қолдануға құырлы екені,психологияның ғылымдар жүйесінде аталатын орнына байланысты болады.Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті.Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімінің ешбір саласы,ғылымдар жүйесіндегі орнын,психология сиякты өзгерткен емес.Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров ұсынған сызықтық емес,жүктеу жалпыға ортық болып саналады.Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді.Ұсынылған үлгі бұрыштары табиғи,әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үшбұрыш пішінді.Бұлайша орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің,қойылған міндетке байланысты үшбұрыштың бір бұрышына бағытталған,психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада;:ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып,Б.Ф.Ломовтың айтуы бойынша,зерттеуінің объектісі адам болатын,барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады.Белгілі психолог Б.Г.Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты ғылым білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып,бұл мәселені толығымен өңдеді.
Психологияның аталмыш ғылымдар үшбұрышымен байланысының сипатына толығырақ тоқталайық.Психологияның негізгі міндеті болып психикалық әрекеттердің даму барсында заңдылықтарды зерттеу саналады.Бұл заңдылықтар адам миындағы объективтік дүниенің бейнелеуін,осыған байланысты оның қылықтары қалай реттелетінің,психикалық әрекет қалай дамитынын және тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсетеді.Психика объективті шындықтың бейнеленуі екені белгілі,сондықтан психологиялық заңдылықтарды зерттеу,алдымен психикалық құбылыстардың адамның өмірі мен іс-әрекетінің объективті жағдайларына байланысты болатынын білдіреді
Сонымен бірге адамдардың кез келген іс-әрекеті әрқашанда адам өмірінің объективтік жағдайларыеа ғана емес,сондай-ақ олардың субьективтік сәттерімен арақатынасына байланысты болады.Материалдық психология субъективтің және объективтік жағдайлардың әрекеттестігіне шынай ғылыми негіз береді Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметінің бас миы қабыршағындағы уақытша бвйланыстар жүйесі атқарады.Осы байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп,бағыттайды,адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді.
Сонымен психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әрекетінің объективтік жағдайларынан заңды тәуелдіктн болатынын анықтай отырып,психология осы әсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерінің де ашуы керек.Психология физиологиямен,соның ішінде,жоғарғы жүйке әрекетінінің физиологиясымен тығыз байланысын сақтау қажет.
XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған психологияның жеке ғылымға айналуына оның табиғи біліммен себеп болды.Бұған психологияға эксперименттік әдістің енгізілуін де жатқызуға болады.Психолгиялық ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын рефлекторлық құрайдя.Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч.Дарвиннің эколюциялық идеялары үлкен ықпал етті.Олар тіршілік иесінің ораның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың рөлін анықтауға,психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғарғы түрге көтерілуінің мағынасын түсірдіруге мүмкіндік берді.

1.2.Психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы қойылатын
талаптар
Ғылым-алдымен зерттеу болып табылады,сондықтан ғылымның пәнін анықтау оның сипаттамасын жоққа шығармайды,оған оның әлістерін онықтау да енеді.Әдістер- ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер.Психология-жеке әдістері немесе әдістемелері бар бір тұтас жүйе.Ғылым әдістері заңдылықтарды ашады,бірақ олардың өздері ғылым пәнінің негізгі заңдылықтарына сүйенеді.Сондықтан ғылымның дамуы барысында оның әдістері дамып,түрленіп отырады.
Зерттеу әдісі әрқашанда қандай да бір әдестемені білдіреді.Ғылым ғылыми психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы талаптар қояды:
1)Психологиялық объективтік зерттеудің принципі,зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне тәуелді болатын,әр түрлі әдістемелік амалдар арқылы жүзеге асырылады.Психика мен сана ішкі және сыртқы көріністерімен бірге зерттеледі.
2)Біздің психология психикалық пен физикалықтың теңдігін емес,бірлігін көрсетеді,сондықтан,кейде психологиялық үрдістердің физиологиялық талдауы физиологиялық зерттеу оған еңбейді.
3)Біз психиканың материалдық негіздерінің оның органикалық негіздеріне теңелмейтін байқадық,адамдардың ойының үлгісін олардың өмір үлгісі,адамдардың санасын-қоғамдық тәжірибе көрсетеді.
4)Психологиялық заңдылықтар даму үрдісі барысында ашылады.Дамуды зерттеу арнайы саласв ғана емес,сонымен қатар психологиялық зерттеудің арнайы әдісі болып табылады.Генетикалық принцип біздің әдістемеміздің негізгі принципі болады.
Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама беру бір қарағанда біздіғ әрқайсысымызға оңай,тіпті таныс сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ,өзіне тән заңдылықтары бары аса күрделі қасиет екендігі,психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды.Байқау әдетте табиғи жағдайда,зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі.Осы әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын,сөз реакцияларын,түрлі қозғалыстарын,мінез-құлқын,жалпы әрекетін байқауға болады.Сондай-ақ адамның ерік күші,сезім ерекшеліктері,темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады.Мысалы,мектептегі оқушының ойлау және сөйлеуерекшеліктерін зерттеу керек болса,ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөзжерін,сөйлемдерін стенграфиялап,күнделікке түсіреді,кейін оны тиянақты түрде талдайды дп, тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кнйде аспаптар да қолданылады.Мәселен,зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін-фотоаппараттар,зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып,кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т.б пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1)Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2)Зерттелетін объектіні айқын белгідеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет.Мысалы,байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ,мақсатымыз - оның сабақ дайындалу кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;
3)Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру,зерттінушінің сөз реакцияларын стенографиялау;кейін оған мұқият талдау жасау;басты фактілерді іріктеп алу-осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты ұстазбен бірлесе отырып,студенттің оқу әрекетін одан әрі жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.
Байқау әдісі арқылы оқу-тәрбие процесінің әр кезеңдерінде ұстаз студентттердің сабақ үлгеруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне,кейін оларды жақсарта түсу жөнінде тиісті шаралар белгілей алуына болады.Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданылатын әдістерінің бірі.
Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар.Біріншіден,зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да,көп уақытын жіберіп алады,екіншіден байқауды әр уақытта тыңғылықты,ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.Бұл әр түрі кездейсоқ объективтік ,субъективтік себептердің кездесетіндегі байланысты.Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек болады.
Байқау әдісіне қарағанда жан қуаттарын эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықтылығы бар.И.П.Павлов : Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды,ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады- деп тегін айтпаған.
1.3.Психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі
Психология кез-келген ғылым сияқты,әр түрлі әдістерінің бәртұтас жүйесін қолданады.Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
1.Ұйымдастыру әдісі:салыстырмалы әдіс(жас ерекшелік,іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру),лонгитгодтік әдіс(бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу),кешендік әдіс(зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады,бір объектіні әр түрлі амалдар зерттейді).
2.Эмпирикалық әдістер.Оған бақылау және өзін-өзі бақылау,эксперименттік әдістер(табиғи қалыптатырушы,лабороториялық);психо диагностикалық әдістер(тестер,анкеталар,сауалнамал ар,социометрия,әңгімелесу,сұхбат);і с әрекет нәтижелерін талдау;биографиялық әдістер енеді.
3.Мәлімелерді өңдеу әдістері:сандық(статистикалық)және сапалық(материалдарды топтарға белу,талдау)
4.Коррекциялық әдістер:аутотренинг,топтағы тренинг,психотерапевтикалық әсер ету әдістері оқыту.
Бір қарағанда біздің әрқайсысымызға оңай,тіпті сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ,өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет.Психикалық өмірде де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын.Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін осы ғылымның өзінің ерекшелігіне қарай зерттеу әдісі болады,осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады.Егер осы ғылымда өзіне тән метод,яғни зерттеу әдістері болмаса,ол нағыз ғылым болудан қалады.Басқа ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән зерттеу әдістері бар.Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму тарихында түрлі текерулерден өтіп,сұрыпталу арқылы қалыптасқан.Психакалық әрекетті де белгілі бәр мақсатқа байланысты жоспарлап,арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді.Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары,сөз сараптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің,сезімі мен еркінің,темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.
Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана-сезім дәрежесі іс-әрекеттен оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан.Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдары сипатта болуын қамтамасыз етеді.
II.Тарау.Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау жұмыстарының әдістемесі.
2.1.Психикалық процестерді зерттеуге арналған тәжірибелік әдістері
Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлдеңнен кез болуын күтіп тұрмай,сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.Психологияда тәжірибе лабараториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.Енді бұларға жеке-жеке тоқталып өтейік.
XIX ғ.ортасынан бастап,жеке психакалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады.Неміс ғалымы В.Вундт(1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды,тұңғыш рет лаборотория ашты(1879).Психологтар алғаш рет көру,есту иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.Кейін келе олар секундың 11000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып,кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты.Сексеніші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабараторияда тұңғыш жүргізіле бастайды.Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлелдігі,ұмытудың жылдамдығы т.б өлшенілді.Орыс психологы Н.Ланге(1858-1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізеді.
Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А.Бине(1857-1911) алғаш рет ойлау тәжірибе жасады.Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың 1-ші дүниежүзілік конгресінде талқыланды.
XX ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында ондаған лабараториялар болды.Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториядың бірін XX ғ.басында орыс психологы Г.И.Челпанов(1862-1936)ұйымдастырды .
Бұрынғы Кеңес Одағы Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты психология ғылыми-зерттеу институты мен Ресей ғылым академиясына қарасты психология институтының лабораториялары жоғарғы техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр.Киев,Тбилиси қалаларындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Психологияның зерттеу әдістерінің маңызын ашып көрсетіп, оларды тәрбие процесінде тиімді қолдану жолдар
Психологияның методологиялық негіздерінің қарастырылуы
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Жалпы психология және психология ғылымының зерттеу əдістері
Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Пәндер