Мемлекет қоғамның ресми өкілі


Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысанының ерекшеліктері мен теориялық негізі
Мазмұны
Кіріспе
- Мемлекеттің шығу тарихы мен мемлекет нысанының қалыптасуы
1. 1. Мемлекет түсінігінің жалпы сипаттамасы және оның ерекшеліктері
1. 2. Мемлекет нысанының түсінігі және элементтері: теориялық зерттеу
2. Қазақстан Республикасында мемлекет нысанының дамуы және өзекті мәселелері
2. 1. Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретіндегі маңызы
2. 2. Шетелдердегі мемлекеттер нысандарының сан түрлілігі, олардың себептері
Қорытынды
Пайдаланылған дерек көздер тізімі
https://stud. kz/antiplagiat
Кіріспе
Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысанының ерекшеліктері мен теориялық негізі». Жұмыс тақырыбым өте қызықты да күрделі болып табылады. Мемлекет нысаны бұл мемлекет және құқық тероиясының әлі де зерртелуді талап ететін мәселелері жеткілікті
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Мемлекет нысаның» толықтай мәнін, түсінігін, мазмұнын ашу.
Қазақстан республикасының тәуелсіз алғаннан кейін мемлекеттік саясатымызда және мемлекеттік құрылымда елеулі өзгерістер болды. Басты себептерінің бірі - КСРО ның күйреп тоталитарлы жүйенің апатқа ұшырауы. Оның орнына жаңа жаңа егемегенді мемлекеттердің пайда болуы.
Бірінші тарауда ең алдымен мемлекеттің түсінігін толығымен ашып, мемлекет нысанына толықтай сипаттама беріп, олардың әрбір элементтеріне тоқталып түсініктеме беремін. Екінші тарауда Қазақстан Республикасының басқару нысанына түсіндірме бере отырып және шет елдермен салыстырып, екінші тарауды аяқтаймын.
Ең алдымен мемлекет нысанын түсіну үшін мемлекеттің не екенін қалай пайда болғанын білу керек деп ойлаймын өйткені мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Мемлекет дегеніміз басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Қысқаша айтқанда белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, саяси билік ұйымы. Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдардың бірі болып саналады. Ал қоғам өзегі-адам, әрқайсысы бір бірімен байланысты.
Кез келген мемлекет әлеуметтік бағыттырынан басқа сыртқы белгілерімен де сипатталып, оның жиынтығын нысандар құрайды. «Мемлекет нысаны» дегеніміз мемлекеттің қалай құрылғандығы және мемлекетті кім қалай басқарады, ондағы мемлекеттің құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақ тұрғындары қалай біріккен, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді. Мемлекет нысаны оның негізгі үш элементінің бірлестігі: басқару нысандары, мемлекеттік құрылыс нысандары және саяси режим. Бұл жиынтық мемлекеттің құрылымы және ұйымдастырылуы жақтарының негізі болып табылады.
Мемлекеттің басқару нысандары мемлекет үшін аса маңызды мәселе болып табылады. Басқару нысандары мемлекеттің Ата заңына яғни Конституциясына негізделуі тиіс. Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Басқару нысаны төмендегідей мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді.
- мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады;
- жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастар;
- жоғарғы мемлекеттік органдардың азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуі.
Жоғарыда түсіндірілгендердің қорытындысы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару әр елде әр түрлі болады. Басқару нысанының бұл түрін тән ерекшеліктер:
1. Президентті Парламентсіз сайлау (халық сайлауы)
2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.
Мемлекетіміздің Республика екендігі атынан анық болса, ал унитарлы екеніміз Конституциямыздан айқын. Бұл терминнің астарында не жатқанын зерделеп, маңызы мен ерекшеліктерін түсінуге күш саламыз.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған дерек көздер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді. Жұмыс жазу барысында ҚР Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты әр түрлі нысандағы мәліметтер қолданылған.
Мемлекеттің шығу тарихы мен мемлекет нысанының қалыптасуы
1. 1. Мемлекет түсінігінің жалпы сипаттамасы және оның ерекшеліктері
Мемлекеттемлекеттің пайда болуының өзінің сипаты мен бағытталуы мен ерекшелігіне қарай нысанын қажет етпеген мемлекет болғанға дейінгі басқа нысанадарды пайдаланып келген алғашқы қоғамның даму кезеңдерімен тікелей байланысты. Экономикалық және басқа салаларының өте төмен деңгейде ерекшелентін алғашықы қауымның объективті түрде қарағанда мемлекттің деңгейіне өсуі еді. Олар жануарлар әлемімінен енді ғана бөлініп шыққан өздерінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен және іс-әрекетінің аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен cипатталатын. Қоғамның кез келген түрінде оның саяси негізі болып билік болып болып тұрады. Алғашқы қауымда құрылысқа қоғамдық билік негізі болған. Қоғамдағы негізгі сұрақтар жасы үлкен мүшелердің отырысында шешілді, қаралды. Ерекше қасиеттер мен тәжірибе ие болған халықтың даусы сайланатын рубасылар ақсақалдар кеңсесінде туындаған сұрақтарды қарап, шешім қабылдап отырған. Осы уақыттағы билік біртұтастыққа ие бола бастады. Алғашқы қауымдық құрылыстың экономикалық тірегі өндірістік қатынастар қамтыды. Даму жағынан өндіргіш күштерінің өте төмені жеке меншіктің дамымауы адамдар тіршілігіне қажетті азық-түлік пен киім кешікті ала алмады. Соның нәтижесінде адамдар бірігіп еңбек ете бастады. Өндіргіш күштердің дамуына зор үлескен қосқан факторларды атап өткен абзал. Мемлекеттің пайда болуының үш қоғамдық еңбек бөлінісінің болуымен сипатталады.
Алғашқы да егіншілікен мал шаршалық бөлініп шыға бастады. Жануарлар қолға үйретілді, кейінірек оларды бағып өсірі арқылы малшы тайпалар жабайылардың тобынан бөліне бастады. Қоғамның келесі еңбек бөлінісінің түрі егіншіліктен қол өнердің бөлініп шығумен ерекшеленеді, адамның жұмыс күшінің құндылығы арта бастады. Үшіншісі саудагерлердің пайда болуы өздері өндірумен айналыспайды бірақ тұтынушыларды тәуелділі етіп қояды. Бұл жағдай алғашқы қауымның ыдырауына алып келді.
Мемлекетің пайда болуы алқашқы қауымның ыдырауынан пайда болды. Алғашқы қауымда тіршілік ету үшін шағын отбасылық топ болатын, қауым болу үшін көбірек топтасуы кажет еді. Алғашқы қауымдық созылуы еңбек құралдарының жетілуіне байланысты, оның сапа жағынан өзгеруінің алғышарттары туындады. Еңбек өнімділігігің сапалануы мәдинеттілік, адамгершілік дами бастады. Алғашқы қауымдағы құрылыста сапалы жаңа өндіріске көшу себебі қоғамда еңбектің бөлінуі яғни әйел мен еркектің қызметі олардың табиғатына қарай жүзеге асты [2, 44-45б. ] .
Топтар-туыстық қатынастар тобынан тұрды, ал туыстық қатынасы жоқ адамдарда бір-біріне сенімсіздік пайда болды. Уақыт өте келе қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектене бастады. Құрал - саймандардың жетілуіне байланысты еңбек өнімділігіде өсті артық өнім жеке адамдардың меншігіне айналды. Рудың басқару жүйесі: ру мүшелер даусы тең болды, рудың жалпы жиналысында шешім қабылданатын, ру басшысында әскер басын сайлау құқығына ие болды сондай-ақ олардың қызметіне бақылау жүргізіп отырады. Тақыр жерде мемлекет пайда болған жоқ ол рулық басқарудың жалғасы болып табылады. Олардың арасындағы жақсы жаңалықтан кенде емес, кейбір институттармен сабақтастығы анық көрінеді.
Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектеніп шыға бастады. Ол үшін олардың мынандай ерекшеліктері болуы керек болды:
1. Сол кездегі іс-әрекеттің негізгі саларын қамтуға мүмкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіндік ортақ шаруалықтың жүргізе асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы тиіс;
2. Туыстық жағынан аса жақын емес мақсат, мүдделері жақын емес, айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, қауіп қатерден бірлесіп қорғануы керек;
3. Осыған сәйкес ру басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі мәселеріне ру мүшелерінің даусы тең болды, рудың жалпы жиналысында бәрі шешіліп қаралатын. Жалпы жиналыста қандайда бір қоғамдық міндет жүктелген ру басшысын, әскер басын және басқа адамдарды сайлайды, сондай олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Экономикалық саласында болған өзгерістердің маңызы айрықша еді. Күннен күнге өндіргіш күштер жетіле бастады. Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық жаңадан тірлік ету жағдайында қайшылықтартарға кездесе бастады. оның өзгерген жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға, мемлекетке жол беру керек болды [8, 19б. ] .
Экономикалық жағдай рулық-қауымда биліктіті құруға мүмкіндік бермеді. Сондықтан қоғамға әрбір мүшелерін ерекшелендіретін өкімет керек болды. Бірінші жағынан үстем таптың мүддесін қорғай отырып, екінші жағынан экономикалық тәуелділікті жою үшін органдар құруды талап етеді. Қоғамнан бөлініп шыққан мұндай органға мемлекет жатады. Мемлекеттің алғашқы құрылымнан айырмашылығы өкімет, қоғамдық жұмысты атқаратын барқарумен айналысатын арнайы органдарының болуы. Көріп отырғанымыздай, алғышқы қауымдық қоғам дамуының, әрекет етіп отырған барлық факторлардың - объективті және субъективті, маңызды және екінші кезектегі - жиынтығы мемлекттің пайда болуына алып келеді. Жалпылама түсіндіргенде мемлекеттің пайда болуы теориясының қысқаша мазмұны осылай, бірақ әр мемлекеттің пайда болуының өзіндік тарихы және ерекшіліктері бар [1, 8-9б. ] .
Заң ғылымдарында ең бір өзекті мәселелердің бірі болып мемлекеттің билік мәселесі яғни мемлекеттің өзі болып табылады. Мемлекеттің мәніне қатысты түрлі көзқарастардың, теориялар мен тұжырымдамаладың бар екені белгілі. Олардың ойларының ортақ пікірі болып мемлекеттің дербестікке, егемендікке ие саяси институт, саяси ұйым болып табылады.
Егер саяси пікірдің классиктерінің идеяларына жүгінсек онда саяси теорияның негізін қалаушы Аристотельдің теориясына тоқталуы керек. Аристотельдің пікірінше мемлекет - бұл адамдардың белгілі бір әдістермен тәсілдермен өзара ықпалдаса отырып, араласатын көпшілігі болып табылады және өмірдің қажеттіліктері үшін пайда болған ерекше түрдегі ұжым ретінде түсіндіреді. Ол мемлекетке мынадай анықтама береді: мемлекет-белгілі бір қарын-қатынас, белгілі бір игілік үшін , әрбір қарым-қатынастардың ең маңызды, ерекше әрі басқа қарым-қатынастардың бәрін де қамтуға ұмтылуында.
Аристотельдің мемлекеттің келбетіне оның барлық мүшелерінің мемлекеттің тұтастық қырын бөліп көрсетті. Оның ойынша «Мемлекеттің бірлігі үнемі күшейе берсе, мемлекет болудан қалуы анық. Егер ол бірлікке ұмтыла берсе мемлекеттен отбасы құрылып, ал отбасынан жеке бір адам қалдмайды ма?».
Осы жерде Аристотельдің көзқарысына келіспеймін себебі «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген атам қазақ, бұл - тарих заң болып саналады. Сондықтан да мемлекет бірлігі - еліміздің кілті, ең басты мәселесі. Қазақ әлсіресе - алауыздықтан әлсіреген, күшейсе бірлікпен күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, отбасындағы сыйластық пен татулықпен келеді, мемлекет те солай.
Цицеронның пікірі бойынша, мемлекет дегеніміз - адамдардың одағы, яғни ортақ құқық және ортақ пайда беретін, осы тұрғыдан біріккен одақ деп қарастырады. Аристотель секілді Цицерон да мемлекетті анықтауды халықтың жетістігімен байланысты екеуінің теориясы түсініктерінше мемлекет көне игі жағдай. Цицерон былай дейді: «Егер барлығына ақыл мен рух тұрғысынан қарайтын болсақ, барлық қоғамдық байланыстармен салыстырғанда біздің әрқайсымыз үшін мемлекетпен байланысымыз ең бір маңызды, неғұрлым қымбат болып табылады. Бізге ата-анамыз, балаларымыз, туыстарымыз, достарымыз қымбат, алайда бір ғана отан барлық адамдардың бүкіл байланыстарын қамтиды. Цицерон адамзаттық тіршіліктің бірнеше сатыларын анықтайды, ең маңыздысы ретінде азаматтық қауымды есептейді. Оның «Міндеттер туралы» трактатында барлық азаматтарды біртұтастыққа құрайтын азаматтық қауым мемлекет ретінде анықталады.
Қазіргі мемлекет бұрынғыға қарағанда біршама күрделі құбылыс, бұрынғы құндылықтар мысалы бостандық, теңдік XXI ғасырдағы құндылқтар әлеуметтік, әділдік сәйкес келетін демократялық, зайырлы, құқықтық мемлекетті қалыптастыру мақсатында. Осы жерді түрлі көзқарастар бар Платон мен Аристотельдің ойынша «өнегілікті» бекіту. Кейінірек осы ойды қолдап дамытқан Гегельдің пікірінше «жалпы бостандық», «жалпы қауіпсіздік» Гоббс, «жалпы игілік» деп түсіндірді Гроций.
Қазақстандық ғалым Ғ. С. Сапарғалиев мемлекетті бәрінен бұрын оны зайырлық тұрғысынан қарау керек деген. Мұны да жоққа шығара алмаймыз.
Мемлекетті сипаттау кезінде әр түрлі көзқарастар бар. Бір-біріне қайшы келетін екі түрлі көзқарасқа келсек: маркістік және таптық теория. Марксистік экономикалық теория, саяси идеялар пайда болуына және одан кейінгі дамуына, ерешеленуне серпін берді. Белгілі бір класс индустриялды қоғам құрылымынан алынғандай саналады. Осыған орай, олардың оппозициялық саясат өте мәнді деп есептелінеді. Екінші тұжырымдама мемлекеттің ортақ мақсаттрына жетуі, мемлекет пен халықтың, әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынасын белгілеу болып табылады. Ғ. С. Сапарғалиев аталып кеткен яғни жоғарыдағы теориялар мен тұжырымдамаларды жоққа шығармайды. Мемлекеттің көп қырлығына байланысты түсінігі мен әлеуметтік жағдайына талдау қажетті.
Қазақстандық ғалым С. Н. Сәбікеновтың ойынша «мемлекет-әкімшілік аумақтарға бөлінген, елдің барлық халқын қамтитын қоғамдағы әмбебап ұйым. Бұл көзқараста дұрыс, бірақ тек бір бөлігін ғана қамтып, мемлекеттің мазмұнын және мәнін толығымен анық ашып көрсетіп тұрған жоқ.
Қазақстандық ғалымдар С. Өзбекұлы мен Ө. Копабаевтың пікірінше мемлекет арнайы бір кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін, арнайы адамдардың құқытық негіздерін ұйымдастыратын саяси жүйе.
Қазіргі мемлекеттердің мәні мен түсінігі анық ашу өзекті мәселе болып табылады. Мемлекет әр қашанда тарихи түрде дымып, функциялары да соған сәйкес өзеріп отырады. XVI-XVIII ғасырларда Батыс Еуропадапайда болған саяси саяси көзқарастарастарға тоқтала кеткен жөн, осы кезеңде мемлекеттің түсінігінің әр түрлі түсінудің бастамсы қаланды. Осы жерде француз ойшылдары Жан Бодэнің еңбектері зор маңызға ие. Мемлекетті анықтауда өз теориясында «егемендік», «егеменді билік» ұғымдарын қолданады. Егемендік-мемлекеттің тұрақты және абсолютті билігі деп санайды. Мемлекетті саяси одақ немесе қауымдастық ретінде емес, егемен билікті тіклей жүзеге асырушы ретінде ұғынады.
Еуропалық ортағасырлық дәуірде бірқатар ойшылдардардың мемлекет туралы еңбектері бар. Мысалы Фома Аквинский оның ойынша мемлекет көл өнершілермен, жер өндірішілермен, солдат мен саясаткерлердің саяси қауымдастығы. Фома аквинский үшін мемлекет жаратушы билік етуші болып табылатын құдай болып есептелінетін әлемдік тәртіптің ажырамас жағдайы. Мемлекетті қасиетті объект деп есептеу үшін осы көзқарас жеткілікті себебі мемлкеттердің көптігі жағдайында қасиеттілік белгісін байқау мүмкін емес.
Мемлекеттің арықарай дамуына Жаңа заманның ір саяси ойшылдары еңбектерін қосты. Гуго Гроций өзінің «Соғыс және бейбітшілік құқығы» туралы үш кітап құқытарды сақтау мен жалпы пайда үшін жетілген мемлекеттің өзіндік «заңдары мен лауазымды тұлғаларының бар» қоғамдық тұтастық ретінде қарастырған.
Осы көзқарастарында Джон Локта «Басқару туралы екі трактат» еңбегінің өзінің көзқарастарын нақты түсіндірген: мемлекет ұғымының астарында демократия немесе басқарудың басқа формасы емес, латын тілінде civіtas сөзімен анықталған кез келген қауымдастықты түсінемін (any independent community) түсінімен бізің тілімізде community адамдардың нақты осындай ұғымды білдіреді.
И. Кант «Ғұмырлық әлемге» атты философиялық жобасында мемлекет орналасқан жер секілді мүлік емес, мемлекет өзін өзі басқаратын өзіне иелік ететін адамдар қауымы.
Мемлекет жария билікті жүзеге асырушы саяси ұйым болуы, мемлекетте түрлі ұйым болуы мүмкін бірақ мемлекет ерекше ұйым болып есептелінеді, неліктен деген сұрақ туындаса ол барлық қоғамды қамтитын, қоғам үшін және қоғам атынан қызмет ететін саяси ұйым. Басқа болады, оларға бағынышты емес. Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын бағытын анықтайды. Сонымен мемлекеттің қоғам өмірінен тікелей және жанама әсер ететін саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бірі басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады. Мемлекеттің органдары болады. Сыртқы жаулардан сақтану қарсы барлау жүзеге асырылады. Мемлекет органдарының және оның қызметін атқаратын, қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қорының болуы [14, 4-15. ] .
Қазақстан аумағында мемлекттің пайда болуы. Қазақстанның, табиғи-географиялық, топырақ-климаттық жағдайлары, аумақтағы халықтың ерекшеліктері, алғашықы қауымдық құрылыста және одан кейігі кезеңдерде басқару нысаны қалыптастыратын, дамытуғы, тіршілік етуге әсер етті. Қазақстан аумағында көптен миграциялық тасқындардың түйіскен жерінде, халықтың жер аударылуыжолында болғандығыныңда әсері болды. Осының барлығы аталған аумақта мемлекеттіліктің пайда болуының бірқатар ерекшеліктерінің болуына алып келеді.
Қазақ даласы бірнеше халықтың (сақтар, үйсіндер, хундар, сарманттар және т. б. ) мекені болғандықтан бірі екіншісін қуып шығып шығып, өздері «келімсектердің» шабуылына ұшырап жатты. Кейде, мемлекеттің бір халықта пайда болған ншаны соғыстан немесе тағыда басқа жағдайлардың салдарынан жойылып кетед, белгілі бір уақыт өткеннен кейін басқа да халықтарда пайда болады.
Дамудың мемлекеттік сатысында жеткен көршілері жаулап алған алғашқы қоғамдық құрылыстың сатысындағы кейбір тайпалар мемлекеттілікке өз еркінен тыс ұмтылады. Мысалы Александр Македонскийдің, парсы пашалары Кирдің, Дарий I-дің әскери шабуылына ұшырады: олардың толық немесе жартылай жаулап алуы жаулап алушылардың басқарудың мемлекет нысанын енгізумен жүргізілді. Тәуелсіздікті алған бұл тайпалар, мемлекетке дейінгі нысанға қайта оралу мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің ролін үштілігімен сипатталатын азиялық тәсіл сияқты тарихи формацияның бекуімен байланысты. Қазақстан жерінде мекендегенп тайпалар мемлкеттің құылуының тағы бі ерекшілігі армияның үлкен болуына байланысты. Қуғын-сүргін мәжбірлеу механимінде басты орын алды.
Пайда болған мемлекеттер шығыстық деспоттық үлгісімен құрылды және өзінің қол астындағы азаматтарға айтарлықтай билік жүргізетін. Олар негізен әр алуан шығыстық нысанда монархтық (қағанат, халифат, сұлтан) еді. XIV-XV ғасырларда қаіргі Қазақстан аумағында тұрақтап қалған қазақ халқы қалыптасқан кезде хандық билік нысанындағы феодалдық мемлекет орнықты [9, б23-24. ] .
Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың топтардың, таптардың қарым қатынастарын реттейтін заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.
Мемлекет - басқару фунциясын орындайтын және соның көмегін тіршілігін қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар меналғышшарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекеттегі экономикалық дамудың, саяси, әлеуметтік, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызы мәселеріне қатысып, қоғамдағы істрдің жағдайына белсене әсер ете алады.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің айқын көрінісі бар. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделігі мен аспектілеріне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес себебі ол бірнеше қабатты қамтиды.
Мемлекет мынандай қызметтер атқарады: шаруашылық жүргізу, меншік мәселелерін реттеу жер бөлу алым салық, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, бүкіл қоғамды қамтып ол қоғамның атынан оның ішінде оның ішінде және сырттында қызмет етіп, қоғам үшін қызмет атқарартын ұйым. Мемлекет дегеніміз - бұл азамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамдық басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимыл жағдай жасау жүктелген;
б) оның саяси жағдайын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар биліктің жүйесі және ұйымдастыру күш құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің суъбектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген. Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі токталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет [3, 24б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz