Сенсорлық оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
инжиниринг университеті
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011600 - Педагогика
Орындаған: Кенжебаева Алия 2 курс студенті
оқу формасы: күндізгі
Жетекші: Ерубаева А.Р., аға оқытушы
_____________________
Курстық жұмысты
қорғау уақыты ___ ___ 2020 ж.
Бағасы _____________
Ақтау, 2020
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика факультеті
Педагогикалық технологиялар кафедрасы
Пәні: Инклюзивті білім беру
Мамандығы: 5В011600 - Педагогика
ТАПСЫРМА
Курстық жұмысты орындауға арналған
Студент: Кенжебаева Алия

Тапсырманы орындауға (зерттеуге) қатысты негізгі сұрақтар:
Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу бойынша
Негізгі әдебиеттер:
Оразбаева Ф. Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларынa тілдік қатынас: теориасы мен әдістемесі Алматы, 2000жыл
Облыстық ғылыми - сенсорлы бұзылысы бар балаларға практикалық конференция жинағы, Қарағанды қ.
Мастюкова Е.М. Клиническая характеристика олигофрений у учащихся с церебральным параличом. Деф., 1995, №4.
Об инеграции детей с глубокими и множественными дефектами в общем и специальном оброзовании. Деф. 2002, №2
Балақаев М., Серғалиев М. Оқулық. - Алматы: Зият Пресс, 2004. -
Курстық жұмыстың көлемі: 27 бет.
Курстық жұмысты тапсыру мерзімі ___ ___ 2020 ж. дейін
Курстық жұмыс жетекшісі ________ Ерубаева А.Р. ___ ___ 2020 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1. СЕНСОРЛЫҚ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚОСУ.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Сенсорлық бұзылысы бар балаларды төмен сынып оқушыларына арнайы техникалық құралдарды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Сенсорлы бұзылысы төмен сынып оқушыларының интерактивтік білім беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2ДАМУЫНДА БҰЗЫЛЫСЫ ТӨМЕН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
2.1 Сенсорлық оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру ... ... ... ... ... . ... .16
2.2Сенсорлық бұзылыс кезінде,сөйлеу тілін дамыту,оқыту арқылы білім беру жұмыстарының барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.Бұл курстық жұмыста, Сенсорлық жүйе (лат. organum sensuum, лат. organon -- мүше, ағза; лат. sensuum -- қабылдау, сезу) -- ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар.
Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендергіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Олар денедегі орналасу орындарына байланысты: экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып екіге бөлінеді. Экстерорецепторлар - организмге қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін қабылдайды.
Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Интерорецепторлар -- ішкі мүшелерде, ұлпаларда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы мүшелерден келетін тітіркеністерді қабылдайтын сезімтал құрылымдар. Олар организмдегі зат алмасуды қамтамасыз ететін мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын реттейді. Интерорецепторлардың жеке арнайы түрі -- проприорецепторлар. Олар тірек-қимыл аппараты мүелеріне (қаңқа сүйектері, бұлшықеттер, буындар) әсер ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.[
Жұмыстың өзектілігі-Адамның тіршілігі сыртқы ортамен тығыз байланысты. Қоршаған ортада болып жатқан ақпараттар ағынын жүйкелер сезімтал ұштары (рецепторлар) арқылы қабылдайды
Тітіркендіргіш (түршіктіргіш, қоздырғыш) әр түрлі заттардың (ине, ыстық, суық, қатты дыбыс және т. б.) денеге (ағзаға) әсері. Рецептор сезім мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері, ол сыртқы және ішкі деп 2-ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке ұштары) терінің үстіңгі (беткі) қабатында болады, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды. Мысалы, қолдағы теріге инемен әсер етсе, адам дереу қолын тартып алады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-қарын, қантамырлары және т.б.) болатын құбылыстарды хабарлайды.
Адамда 5 түрлі сезім мүшелері бар, олар: көру мүшесі - көз; есту мүшесі - құлақ; иіс сезу мүшесі - мұрын; сипап сезу (түйсіну) мүшесі - тері; дәм сезу мүшесі -- тіл. Сезім мүшелері қоршаған ортаның белгілі бір тітіркендіргіштерін ғана қабылдайды. Мысалы, құлақ - тек дыбысты, көз - тек жарықты және т. б. Сезім мүшелері мимен және өзара бірімен-бірі тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып тұрады.
Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын физиолог ғалым И.П.Павлов анализатор деп атады. Сезім мүшелерін кейде сенсорлық жүйе деп те атайды (латынша - сезу, түйсіну).
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Курстық жұмыстың объектісі - Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпа-раттпрдың 80-90%-дан астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабықтан тұратын шар тәрізді мүше.
Сыртқы қабығы - қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық. Бұл қабық көз алмасының алдыңғы және артқы бөліктерін қаптап тұрады. Ақ қабықтың алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабыққа айналады. Ақ қабық көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабығы - қантамырларына бай тамырлы қабық. Бұл қабықта қантамырлары көп болғандықтан, көзді коректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықтың алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабыққа айналған. Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік - қарашық деп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді. Жарық мол түссе, қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықта болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.
Мөлдір қабық пен нұрлы қабық арасында көздің алдыңғы. қуысы орналасқан. Нұрлы қабық пен көз бұршағының арасында көздің артқы қуысы бар. Көз қуыстарындағы сұйықтық көздің ішкі қысымын реттейді.
Нұрлы қабық пигментке (бояғыш зат) бай. Пигменті аздау көз - көк немесе боз түсті. Қара көз бен қой көзде (коңырқай) пигменттер жеткілікті болады. Пигментсіз болса, қызыл, тағы басқадай түсті болады. Қара пигментті жасушалар жарық сәулесін жақсы сіңіреді.
Қарашықтың артқы жағында пішіні екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене - көз бұршағы (хрусталик) жатады. Ол күн сәулесін торлы қабыққа шоғырландырады (жинайды). Көз алмасының ішін мөлдір шыны тәрізді іркілдек дене толтырып тұрады.
Бүгінгі таңда алдымызда білім беру саласының жүйелі даярланып берген білімді, дағдыларды жоғары деңгейде меңгертетін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын, тың жаңалықтар ашатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл оқушылардың шығармашылық əрекетін дамытудың маңызды мəселе екендігін көрсетеді. Жалпы оқушылардың сөйлеу əрекеті ғылыми-педагогикалық мəселелер едəуір зерттелген. Балалардың өн бойында сөйлеу əрекет тəжірибесін жан-жақты қалыптастыру қажеттілігі бүгінгі мектептің басты мақсаттарының бірі.
Курстық жұмыстың пәні - Инклюзивті білім беру
Курстық жұмыстың құрылымы- жұмыc кіріcпeдeн, 2 бөлімнeн, қoрытынды жәнe пaйдaлaнғaн әдeбиeттeн құрaлaды
1. СЕНСОРЛЫҚ БҰЗЫЛЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ҚОСУ
1.1 Сенсорлық бұзылысы бар балаларды төмен сынып оқушыларына арнайы техникалық құралдарды қолдану
Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу бойынша - психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда қолданатын электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ ұстаздарға де өзіне қажетті əдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан пайдалана аладаы. Электрондық оқулық -- бұл заман талабына сай дидактикалық əдiс-тəсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе.
Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда қолданатын электрондық оқулықпен оқыту ұстаздың оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады.
Дəстүрлi білім беруде кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады немесе ұялады, сондықтан да жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына əкеп соғады. Ал электрондық оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында психикалық дамуы тежелген оқушылар сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi [5].
Электрондық оқулықтар психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге жоғары деңгейде көтеруге мүмкiндiк жасайды.
Сенсорлық бұзылысы бар балаларды төмен сынып оқушыларына арнайы техникалық құралдарды қолдану-Дəстүрлi оқытуда əр оқушы мұғалім тарапынан қадағалау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң əр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады.
Бұл психикалық дамуы тежелген балалар үшiн, бiрiншiден, үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, əдiл бағасын беруге, балалардың қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мəлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі балалар, барлық оқушылар бірдей біліммен қамтасыз етіледі. Осыған орай: Білім - таусылмайтын кен. - дей келе әрбір бала білім алуға құқылы, сол себепті балалар арасында дискриминация туырмай, керісінше ортаға, қоғамға іліктеу ең маңызды іс болып табылады. Осыған орай сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу үлкен мәселе. Инклюзивті білім - бұл мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуына, яғни кедергілердің жойылуына және олардың саналы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі.
Инклюзивті оқытудың басты мақсатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан алыстатпай, өздерін қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру, басқа да дені сау балалармен бірдей білім алуын қамтамасыз ету деп білемін. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген, зерде бұзылысы бар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту-түзету жұмыстарының қарқынды жүргізілуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Күннен күнге мүмкіншілігі шектеулі, зердесі бұзылған балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды мүгедек адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Бұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және оларды оптимистік рухта, өз-өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор. Зерде бұзылыстары бар балаларға білім беруде маңызды педагогикалық шарттардың бірі - олардың білім алуға деген қызығушылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру.
ХХІ ғасыр - ақпараттық ғасыр. Қазіргі кезде қоғамның барлық саласын ақпараттандырусыз, компьютерлендірусіз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологияларды қолдану оқу-тәрбие үрдісінің сапалы әрі қарқынды жүргізілуіне оң ықпалын тигізуде. Баланың жеке тұлғалық дамуында, сапалы білім алуында, танымдық қабілеттерінің артуында ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың жоғары қарқыны, телекоммуникациялық технологиялардың дамуы мен интернеттің жаһандық желісі зерде бұзылысы бар балалардың білім алуында жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларын зерттей келе, ғалымдар үлгерімі нашар оқушылардың 50 % жоғарыдағы 5 параметрдің барлығынан да кейіндеп қалғандары анықталған. Берілген мəлеметтерге сүйене отырып, бұл балалар ПДТ бар балалар тобына жатқызылған. Мектептегі білім алу процестерінде үлгермеу мəселесі негізінен бастауыш сыныптарда анықталатын болғандықтан, коррекциялық-дамыту жұмыстарының дені осы кезеңдерге жоспарланады
Сөздік пен грамматикалық құрылыс үнемі біллікте жұмсалады. Олардың қайсынының өзіне тән ерекшіліктері мен қызметтері әрқайсысының өз жүйесі болғандықтан, тілдің сөздігін лексикология тексереді де, грамматикалық құрлысын грамматика ғылымы зерттейді.
Бірақ тіл ғылымыныңы бұл саларныңы тексеретін объектілері басқа болғанымен, өзара байланыстары да күшті, өйткені оның бұл екі саласы- лексикология да граммматикада өздернің тексеру объектісінің негізі етіп сөзді алады, демек тексеруді жеке сөзден бастайды.
Сөз дегеніміз- қыр сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздік мағыналық, дыбыстық шығу төркіні, даму тарихы, қолданылуы, ерекшілігі, жасалу жолы өзегру жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.
Бүгінгі таңдазерде бұзылыстары бар балаларды түзету, білім беру үрдісіне жаңа компьютерлік технологияларды енгізу қажеттігі - айқын мәселе. Түзете отырып оқыту арқылы ықпал етудің дәстүрлі әдістерімен үйлесімділікте ақпараттық технологияларды қолдану - баланың ақыл-ойының, моторикасының, көру және моторлық анализаторларының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Бұндай балаларға білім беруде оқыту мен дамытуға арналған компьютерлік ойындар маңызды рөл атқарады. Зердесі бұзылған бала бойындағы дефектіні түзеу үшін тәжірибелі маман үшін бірнеше ай қажет десек, бұл дефектіден арылуға компьютермен жұмыс тез әрі оңай көмектеседі. Компьютердегі қарапайым түрінен күрделісіне дейінгі ойынды үйренуде баланың саусақпен қажет пернелерді баса алуы - ұсақ моториканы жетілдіруге көмектеседі. Қолдың қозғалысы баланың көзбен бақылап отырған экранында түрлі бейнелердің қозғалуын қамтамасыз етеді. Ойынның мақсатына жетуде дұрыс шешімнің табылуы - баланың тиісті пернені басып, экрандағы бейненің қажетті бағытта жылжуын қамтамасыз етуіне байланысты. Осылайша, арнайы қосымша сабақсыз-ақ, баланың көру-моторлық координациясы дамиды.
Егер бала компьютермен жұмыс істеуде қиналатын болса, тиісті пернені басу үшін қандай іс-әрекетті орындау керектігі туралы қосымша мәлімет беретін арнайы ұяшықтар жасап қою қажет. Сонымен қатар экрандағы бейнелердің қимылын тездету немесе баяулату арқылы қозғалыстың бағытын балалардың тез түсінуін жеңілдетуге болады. Баланың қолының жазу-сызуға бейімделуі үшін түрлі кескінді суреттердің, бояудың, сурет салудың үлкен көмегі бар екенін білеміз. Осы мақсатта арнайы дамытуға арналған бояуға арналған компьютерлік бағдарламалар немесе кәдімгі Paint графикалық редакторын пайдалануға болады. Зердесі бұзылған, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған арнайы сайттарда балалардың зейінін шоғырландыру мен тұрақтандыруға қатысты түрлі ойындар беріледі. Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қойылымдардың маңызы мен мазмұны туралы баспасөз материалдарында да жарық көруде. Бала зейінінің өзге нәрсеге алаңдамай, тұрақтануында қолданылатын ойындардың бірінде экрандағы ойын алаңының жоғарғы жағында бірнеше секунд көлемінде аңдар пайда болады.
Ойын алаңының ортасында пайда болатын сары түсті шаршы пішініндегі ұяшықтарды басу арқылы қанша аңның көрсетілгенін көрсету үшін бала көргенін есте сақтап қалуы керек. Зердесі бұзылған балаларды оқыту үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Баланың оқу материалын қабылдауының тиімділігін арттыру үшін кәдімгі Power Point компьютерлік бағдарламасының презентациясын пайдалануға болады. Үнемі жазу немесе көшіру зердесі бұзылған, ауытқушылығы бар балалардың бойында жазудағы қорқыныш,өзіне деген сенімсіздік, оқуға ынтаның төмен болуын қалыптастыратыны бәрімізге белгілі.
Ал ақпараттандыру технологиясының көмегімен оқыту осы мәселелердің оңтайлы шешімін тауып, балаларды түзете отырып оқыту процесін жеңілдетеді. Компьютердегі жұмыстың түрлі-түсті, бейнелі болып келуі, жоғарыда айтқанымыздай, баланың бойында жағымды көңіл-күй қалыптастырады, ал бұл жайт- ұстаз үшін оқытудағы жетістіктің кепілі. Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектептер арнайы білім беруден мемлекеттік жүйесін құрайтын бөлігі.
Соқырларға және нашар көретіндерге арналған мектептерде оқыту мен тәрбиелеу дамымай қалған функцияны компенсациялауға және қалыптастыруға бағытталған негізгі міндеттер мен принциптерді түзеді. Қазақ тілін дамыта оқыту арқылы баланың сөздік қорын байыту мәселесіне Д.Әлімжанов, И.Маманов, Х.Арғынов, С.Рахметова Қ.Шәукенов т.б. Тұжырымдай айтқанда, баланың танымын, ойын, тілін дамытып қатысымдық әрекетін жүйелі де нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен оның мағынасын игрітледі. Сонымен бірге ол сөздерді бір- бірмен байланыстырып сөйлем құрасыьруға жаттығады.
Соның негізінде ауызша және жазбаша сөйлеу әпекеті, икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылды. Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділіг пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады.
Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттерні орай жүргізіліп, екніші жағынан әлеуметтік норамалар, яғн тіл мәденитенің негізінде ұйымдастыру болып табылады.
Баланың сөздік қорының қалыптасу ерекешеліктері және сөздік қор психикалық үрдістер арасындағы байланыстар мен олрдың рақатынасы сипатталады.
Баланың таным үрдістері ұлғайған сайын оның сөйлеуге қажетсінетін сөздер саны да өсіп отыр. Мұның өзі баланың психикасы мен сөздік қорының арасындағы байланысты білдіреді. Сондықтан, оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстырында сөздік қор мен психикалық қаситтерның арасындағы қатынастар анықталды. Мәселен,сөздік қор мынадай психикалық қаситттермен байланысты:1) сөздік қор және ойлау; 2) сөздік қор және сөйлеу; 3) сөздік қор және ұғым.
Игертуге тиісті материалдар мен оқу амал- әректінің бірлігін қамтасыз ететін ойлауды дамыту тілді дамытудың негізгі шарты. Сондықтан баланың сөздік қорының баюда да ойлау әрекетіне байланысты болады.
Адам әрекеті- күрделі үрдіс. Оның құрамына қозғалыстырдың жүйесі де кіреді. Бала әректтер мен амалдар арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде ьайланыс жасап, оны өз шамасында өзгертіп, дамытып отырады. Сондықтан адам писихкасы іс- әрекет үсьтінде дамып қалыптасады. Ал адам әреткетінің әрқайсысы) ойын, оқу, еңбек, және нұсқаулар) әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады.
Бұл теориялық пікірлер тіл дамту мәселесінде ерекше орны алмақ. Сөйлеу әрекетінің жүйелі мазмұнды болуы ақыл- ойы еңбегінің нәтижесімен бірге логкалық ой амалдары туралы( жинақтау, талдау, нақтылау, бстракциялау, жалпылау, салыстыру, жіктеу, қортындылау) дағдысына байланысты. Ал оны одан әрі дамыту, түрлі ойлау тәсілдеріне сүйене отырып жасайды. Демек, логикалық ойлау анализдеу мен синтездеуден, салыструдан дерексіздендіру мен ой қорытудан тұрады.
Сөйлеу әрекетінің дұрыс жүргізіліуі оқушыда психолгиялық категорилардың қалыптасуына негізделеді. Өйткені сөйлеумен бірге ой дамиды. Сондықтан оқу материалдарын ұғынуда талдау мен жинақтау маңызды роль атқарады. Өйткені ойлау дегеніміз- түйсік пен қабылдаудағы талдау мен жианақтаудың жаңа мазмұнға ие болған түрі. Талдау дегеніміз- ой арқылы түрлізаттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөлшектерге ажырату арқылы тану деп есептеледі.
Тұжырымдай айтқанда, адамға қорашан ортадағы шындықты дұрыс тануға көмектесетін, әртүлі құбылыстардың бір- бірінен айырмашылықтары мен ұқсас белгілірін анықтайтын ұғымдар логиклық ойау амалдары негізінде жасалып, ойлау мен сөйлеуді жетілдіреді, нәтижесінде сөздің мағынасы, ұғымы игеріледі.
Қазақ тілін игеру мұғалімнің сөздерін немесе оқулық материалдарын құрғақ сөздер ретінде есте сақтау емес. Ол күрделі ақыл- ой еңбегі, балалардың санасында шындық дүниедігі заттармен құбылыстардың туралы елестерді, ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың үрдісі, құбылыстардың өзара байланыстары дамыиуға байлансыты жұмыстарда балалардың жас ерекшелктерін мен жеке ерекшіліктері, олрдың зейін, ес, ойлау, қабалдау, сезім, қиял ерекшеліктерін ескеріледі.
Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, В.И.Лубовский, А.Р. Лурия осы психологтар баситауыш метеп оқушыларының ерекшеліктеріне байланысты зейіннің тұрақтылығының әлсіздігін ескертеді. Осыған байланысты мұғалім оқушы зейінін сабақ материалдарның ауытқуымен тәрбиелеуі керек. Бұл тіл үйренуді жеңілденетін мәселеге жатады. Психолог пен педагог ғалымдарының пікірінше оқушының сөйлеу тілін дамытту, оны жазбаша тілін, сөздік қорын байыту жұмыстарымен байланыстыра оқыту да оқушылардың жас еркешеліктерін ескеріге негіздейді.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектептің бастауыш сыныбында өз ана-тіліне үйрету программасының ерекшелігі дайындық кезеңінің ұзақтығы болып табылады. Бұл жұмыстар ана тілін үйретудегі келесі этаптарда да жалғасады. Соқырларға арналған мектептің тілді үйрену программасының өзіндік ерекшелігі, онда тактилді қимыл-қолзғалыс сезімінің негізінде Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазуға көп көңіл бөлетіндігі болып табылады. Математика сабақтарында көлемі, формасы, саны жағынан жақты білімнің қалыптасуына көп көңіл бөлінеді. Нашар көретін балаларға арналған мектептегі Айналамен танысу және табиғаттану программасында экскурсия мен практикалық сабақтар саны көбейтілген. Көшеде жүруі үшін арналған таяқшаны қалай қолдану керектігі жөнінде үйрететін арнайы сабақтар да бар. Орта мектептегі көру бұзылыстары бар балаларды оқыту программасы жалпы білім беретін мектептің программасымен сәйкес келеді, бірақ мұнда арнайы әдістер, тифлотехникалық құралдар қолданылады. Көру бұзылыстары бар балалар жалпы мектепте оқуға болады, бірақ оған арнайы білім беру жағдайы қарастырылуы керек.
1.2 Сенсорлы бұзылысы төмен сынып оқушыларының интерактивтік білім беру
Сенсорлы бұзылысы төмен сынып оқушыларының интерактивтік білім беру-Сөйлеу - адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды.
Тәрбиелеу - білім беру процесі кемістіктің құрылымы, деңгейі және көру бұзылысының мінездемесін ескере отырып тифлотехникалық тәсілдер мен арнайы құрал-жабдықтарды міндетті түрде қолдану арқылы жүргізіледі. Соқырлар мүмкіндігінен кеш айырылған балаларға арналған құралдар сипап сезу мен көру-сипап сезу қабылдауды қолдануға негізделеді. Түзету жұмысында көру бұзылыстары бар балаларға оқу және басқа да мәліметтердің қолжетімдік шеңберін кеңейтуге мүмкіндік беретін ерекше дидактикалық материалдар мен арнайы көрнекіліктер қолданылады.
Дамуында бұзылыстары бар балалардың ауытқушылықтарын түзету жұмысын топтық және жеке түзету сабақтары арқылы мұғалім-дефектолог (тифлопедагог) жүргізеді (көріп қабылдауын, сипап сезу және ұсақ моториканы, әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістікте бағдарлануын дамыту).
Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады.
Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі. Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі - үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады.
Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа). Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А.Н. Леонтьев бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде. Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрысдамиды.
Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.
Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты - бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.
Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады.
Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.
Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән. Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.
Сөйлеудің жалпы дамымауы түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің дамуының 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады:
Бірінші деңгейі - сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс 5 айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады.
Балалар қандай да бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен толықтырады.
Екінші деңгейі - былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған заттармен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері - септік жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады. Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.
Үшінші деңгейі - балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды. Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы, жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін құрдастарына қарағанды үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді. Сонымен қатар дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі. Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады:
1.Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.
2.Дизартрия - сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.
3.Ринолалия - ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады.
4.Алалия - тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.
Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы - баланың тұтығуына әкеп соғады. Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының қабілетін жұртқа мақтаныш ретінде көрсеткісі келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді. Жасы жетпеген балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты ертегілерді оқу зиянды. Өйткені бала қатты қорқып, түсінде түрлі қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсер етеді, осының өзі тұтығуға әкеледі.
Баланы жазалау мақсатында қорқыту әдісі де көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың да жөні бар. Шамадан тыс қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуіне септігін тигізеді. Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек. Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін.
2ДАМУЫНДА БҰЗЫЛЫСЫ ТӨМЕН СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ
2.1 Сенсорлық оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру.
Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының дамып жетілуі сонымен қатар мұндай балалардың дене түзілістері және соған орай олардың қимыл-қозғалыстары да бұзылған. Олар ебетейсіз жүреді және жиі-жиі сүрініп кетіп құлай береді, музыканың ырғағымен қимыл жасап жүруді білмейді. Артикуляциялық аппаратының қимыл-қозғалыстарының дамуы айтарлықтай дәрежеде жетілмеген. Мысалы, бала тілін жоғары көтеріп және сол қалпында ұстап тұру, үстіңгі ернін жағалата жалау, таңдайын тақылдатып қағу, тілін екі жағынан қусырып сүйірлеу және т.б. сияқты артикуляциялық аппараттың қарапайым қимылдарын орындай алмайды.
Моторлы алалияға шалдыққан балалардың өздеріне қарасты қарап айтылған сөздерді түсінуі біршама сақталған. Олар ересек адамдардың сөйлеген сөздерін ықыласпен тыңдай алады, қарапайым жай тапсырмаларды, өтініштерді орындайды. Қорыта келгенде, олар сөздерді жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.
Сенсорлы алалия. Сөйлеу тілін түсініп ұғынудың және сезіп түсінуінің бұзылуы сенсорлы алалияның ең басты сипаты болып саналады. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар дыбыстардың ерекшеліктерін ажырата алмайды, яғни оларға айналасындағы құбылыстардың қимыл қозғалыстарынан шығып жататын әр түрлі дыбыстардың барлығы да бірдей сияқты болып көрінеді.
Ата-аналар, егер бала тіпті кішкене тұтықса және бұл өте сирек болады, сонда да дереу маманға бару керек екендігін түсінуі өте маңызды. Кішкене стресстің болуы, қорқу және шаршау тұтығуды күшейтуі мүмкін. Комплекстік қарау өткізу керек: медициналық, логопедтік және психологиялық. Жалпы алғанда бала тілінің бірден қалыптаспауы, оның бірден жақсы сөйлей алмауы ата-ананы қинайды. Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей бастайды. Бұл - асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды. Бес-алты айлығында уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады.
Екі жасқа жеткенде баланың сөздік қоры 200-400 ге жетеді, 4 жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем құрауға әрекет жасайды. Келе-келе баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да, ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен байқап, дұрыc.
сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді.
Сонымен, жоғарыда айтылып кеткендей баланың сөйлеуінің бұзылуына биологиялық, психологиялық факторлар, сондай-ақ қоршаған ортаның келеңсіз жағдайлары себепші болады:
1. Ана құрсағындағы ұрықтың 4 апталығынан 4 айлығына дейінгі кезеңдегі дамуының бұзылуынан сөйлеу тілі бұзылады. Яғни, ананың екі қабат кезінде вирусті жұқпалы аурулар, әртүрлі зақымдар, гигиеналық талаптарды сақтамауынан, резус фактор бойынша қанның сәйкес келмеуі және т.б. себептер әсер етеді.
2. Болашақ ананың екі қабат кезінде қорқып-шошынуы, жүйке жүйесінің мазасыздануы, уайымдауы, ашулануы баланың сөйлеу тілінің бұзылуына әкеледі.
3. Сөйлеу тілінің мүкістенуіне бас сүйегінің жарақаттануы мен мидың шайқалуы ықпал етеді.
4. Босану кезінде және толғақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz