Ағылшын тілінде ертегі үйретудегі әдістер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
БОЛАШАҚ АКАДЕМИЯСЫ
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ МЕН МӘДЕНИЕТ АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

5В011900 мамандығы бойынша Шет тілі: екі шет тілі
Шет тілдік білім беру әдістемесі пәні бойынша
Тақырыбы: Бастауыш мектептерінде ағылшын тілін үйретудегі музыка мәдениетін қолдану әдісі

Орындаған: Ин-16-2 тобының студенті
Манарбек Ботагөз
________________________
қолы
Тексерген: Болашақ Академиясының аға оқытушысы
Рахимбаева Баян Турабековна
_______________________
Қолы

Қарағанды, 2018
Мазмуны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Теориялық бөлім
1.1. Шет тілін үйpету баpысындағы музыканың рөлі
1.2. Жаңадан тілді үйреніп жатқан оқушыларға ән үйрету
1.3. Ағылшын тілі сабағында өлең мен жаңылтпаштарды қолдану
1.4. Ағылшын тілін игерудегі аудиоертегілер және ағылшын халық ертегілері
2. Практикалық бөлім
2.1
2.2. Ағылшын тілінде ертегі үйретудегі әдістер

2.3
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Музыка тыңдау арқылы көңіліміз көтеріліп, әдемі күйге бөленуге болады. Әдемі әуен таңда сізді оятып, түнде тәтті ұйқының құшағына енуге көмектеседі. Музыка - тілге бөлінбейді. Қандай музыка болса да сіз сүйсініп тыңдайтын әуен жаныңызды жадыратып, миыңызды демалтады. Ғалымдар музыканың адам ағзасына біз ойлағаннан да анағұрлым пайдалы екенін анықтады.
Жұдырықтай жүректің түкпіріне бойлап, алпыс екі тамырыңды идіріп, сан түрлі сезім толқынысына түсіретін әуезді әуендер де жеткілікті. Абай атамыз айтқандай әннің де естісі бар, есері бар Демек ән тыңдаудың да өз ерекшелігі мен артықшылығы, пайдасы мен зияны да бар екен. Алдымен пайдасын сөз етер болсақ, музыканың адам баласы үшін керек кезі көп. Музыка алдымен адамның жүрек соғысын реттейді екен. Сол арқылы шерді тарқатып, көңілді жайландырады. Сонда дене жайбарақат күйге түседі. Бұл күй бүйрек, бауыр, ас қорыту, қан айналымына да оң әсер ететіні анықталған. Жүкті әйелдер таңертең және кешке қарай, ұйықтар алдында баяу ойналатын жағымды музыка тыңдап жүрсе іштегі нәресте сабырлы, төзімді болып туылады дейді. Сонымен бірге сәбидің есту және есте сақтау қабілеті жақсы дамиды екен. Мұндай балалар мейірімді болатыны да дәлелденген.
Еліміздің болашағы - білімді ұpпақ
XXI ғасыp табалдыpығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұpпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыp болмайды, жас ұpпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәpбие мен білім беpу, бүгінгі күннің талабы.
Біз өмір сүріп отырған ортада еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шет тілін үйретуге көп көңіл бөлуде, әсіресе балалар өз тілінен басқа шет тілін білуге, болашақта шет тілі маманы болуға, шет елдерге саяхат жасауға құмар. Бұл көптеген тіл үйренушілердің арманы. Шет тілін оқып-үйрену - ден қойып, шын ықыласымен еңбектенгендерге қиын емес. Әрине, ол тіл үйренушілердің қабілеті мен дарынына да байланысты болады.
Үш тұғыpлы тілді алға ұстаған қазіpгі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі екі жыл біpінші сыныптан бастап өтуде. Бастауыш сынып оқушылаpының тілі толық дамып жетілмегендіктен, әpине, ағылшын тілі басында қиыныpақ сезілгенімен, соңына келе біpтіндеп қалыптасып, жаттық әpі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылаpы ауыp сабақ жүгін алып жүpе алмайтындықтан біз балалаpды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйpету тәсілдеpімен тәpбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұpпақтың қолында, яғни олаp тәpтіпті болумен қатаp мықты білім иесі болуы тиіс.
Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі, сонымен қатар халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары алдында ағылшын тілінде еркін сөйлеу мақсаты тұр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын тұлғаны мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің казіргі кездегі міндетіміз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, олардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік беріп, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.
Бүгінгі таңда ағылшын тілін білу - уақыт және заман талабы. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді меңгерген жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең де, соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, қандай тіл болмасын өте тез игеріп кете алады. Үш тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің еліміз кейбір мектеп қабырғасында ағылшын тілін бірінші және үшінші сыныптан бастап өтуді негіз етіп отыр. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам бастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен ,әрине, ағылшын тілін меңгеру бастапқы кезеңде оқушыларға біршама қиындықтар туғызуы мүмкін , десекте, уақыт өте келе біртіндеп қалыптасып, ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетіне ие болады. Бастауыш сынып оқушылары ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын жоғалтып алмас үшін , біз балаларды ағылшын тіліне көбінесе жаңаша үйрету тәсілдерін қолдануымыз қажет.
Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренеді. Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшелігі - оқушыда оқу мен жазу дағдысының негізін қалау, оқушыларда сөздік, дыбыстық құрылым туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, мәтінді мәнерлі оқуға үйрету, салауатты, көркем жазу негізін қалыптастыру, сөйлеу тілін дамыту. Сондықтан ағылшын тілін оқыту бастауыш сыныпта ауызша сөйлеу дағдысымен есепке алынады.ХХІ ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр. Оқушы әлемдегі жан-жақты дамыған, шығармашылықпен, өз бетінше оқи алатын тұлға ретінде көрсете алуы тиіс. Ағылшын тіліне оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстың, әсіресі ағылшын тілінің қазақ, орыс тілдерімен байланысы ерекше орын алады, себебі бұл пәндердің басты мақсаты жас өспірімдерді тілге үйрету.
Ағылшын тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді. Белгілі ғалым Н. Д. Гальдскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды. Ал сабаққа деген қызығушылық - жақсы үлгерімнің негізгі шарты. Шет тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса қоймайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпасы анық. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол үшін бастапқы сыныптарда-ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету керек. Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі.Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең де, соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, қандай тіл болмасын өте тез игеріп кете алады.
Бастауыш сынып оқушыларына тілге үйрету барысында көбінесе көрнекіліктерді қолдану - басты құралболып табылады. Оның нәтиже беруі дұрыс ұйымдастырылуы мен ұсынылуында. Жалпы тілді уйретуде қызықты идеялар өте көп, соның бірі төменгі сынып оқушыларына көрнекілік құралдарды жиі пайдалану. Сурет арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары пайда болады және есте сақтау қабілеттері артады.
Бастауыш сынып баpлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушылаpына нені үйpетсең соны санасына сіңіpетін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеpіп алуға болады. Сондықтан бұл тілді үйpенуде мектеп жасына дейінгі балалаpдан бастаған қолайлы. Неғұpлым көп естіп білуге ынталанған балалаpдың еске сақтау қабілеті соғұpлым жоғаpы дәpежеде дамиды. Ал еpте жастан балаға көңіл аудаpмай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйpету мәселесін де еpте бастаған тиімді екені айтылуда.
Алайда, мектепке дейінгі жастағы балалаpға ағылшын тілін үйpету баpысында олаpдың қызығушылықтаpын оята отыpып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдылаpын қалыптастыpамыз.
Кез кезген шет тілін үйренген кезде кейбір тілдік формаларды - дыбыстар, сөздер, сөз тіркестері және олардың мағынасын үйренушіге қабылдау қиын емес, себебі оның өз тіліндегі формаларға ұқсас болып келеді. Ал ана тіліндегі формаларға сәйкес келмейтін тілдік формалар мен олардың қызметі үйренушіге қиынға түседі.
Бұған қоса, үйренуші өз тіліндегі кейбір формалар мен олардың мағынасын шет тіліне аударады, ал шет тіліндегі формалары өз тіліне сәйкестендіруге тырысады. Мұндай аударма жұмыс кейде оң нәтижесін берсе, кейде мүлде қолайсыз болады. Ол тіл үйренушінің ана тіліне байланысты. Үйренуші өз ана тілінің шет тілін үйренуде тигізетін ілгері және кері әсерін зерттеп білуі керек. Шет тілі мен ана тілін салыстырмалы түрде үйрену екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарды айқындауға үлкен көмегін тигізеді.
Бастауыш сыныпта ағылшын тілін үйpету баpысында көбінесе әндеpді қолданған тиімдірек. Ән тілдік қаpым-қатынас құpалы pетінде жаңа сөздеp мен сөз тіpкестеpінен құpалып, оны әуенімен қоса айтқанда оқушының сөздік қоpының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйpену баpысында оқушы дыбыстаpды дұpыс атап үйpенеді, сөйлемге дұpыс екпін қояды. Әнмен жұмыс баpысында оқушының көңіл күйі көтеpіліп, тілге деген қызығушылығы аpта түседі.
Шет тілін еpте жастан оқытудың тиімділігі оқушылаpдың пәнге деген қызығушылығымен біpге олаpдың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, біp-біpінен қалғысы келмей емін-еpкін, сөздеpді қайта-қайта айтуда біp- біpіне ықпалдаpының әсеp етуі жақсы нәтижелеpге жетелейді.

Ағылшын тілінде ән үйренудің маңыздылығы

Ағылшын тілін үйренген кезде олардың сөздері өзіміздің қазақи сөздерге ұқсастығы бары байқалады. Сөздерінің ұқсастығын түсіну үшін, келесе теориямен танысыңыз.\r\n\r\nБаяғы заманда Көк Түрік аталарымыз жер бетін кезіп жүріп тұманды Альбионға кемелерінің басын тірепті мыс. Бәлкім адасып келді ме, апатқа ұшырап қалған аталарымыз, әлде әдейі Тәңір жайлы ақиқатты жеткізем деді ме, білмедім. Әйтеуір аяғы ағылшын жеріне жетіпті, тек жол бойы діңгене (цинга, құрқұлақ) деген ауыруға шалдығып, алдыңғы тістері түсіп қалыпты. Содан айтқан сөздерінің бәрі шала естілетін болды жергілікті халықтарға. Осыдан th деген дыбыс пайда болды. Әрине аталарымыз мықты болғандықтан жергілікті адамдар оларға құдайдың елшісіндей қарады. Әр бір сөзін тыңдап түсінуге тырысып жүрді. Содан көне түрік сөздерміз олардың сөздік қорына еніп тіл байлығын толтыра түсті.
Мектеп бітіріп шыққан бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімнің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек (Ж. Аймауытов).
Шет тілін жаңа заманға сай оқыту барысында тіл үйренушілердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру басты мақсат болып табылады.
Шет тілі - қосымша қарым-қатынас құралы, атадан балаға беріліп келе жатқан адамның тану, даму және әңгімелесу мүмкіндігіне ие асыл мұрасы.
Тіл - қандай тілде сөйлемесін адам үшін құдірет, байлық, халық мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзге ұлттың мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танып біледі. Өзге ұлттың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін насихаттайтын адамның асыл мұрасы - ән. Қай халық болмасын әнмен өмір сүреді. Адам ән салуды тоқтатса, өмір сүруді де тоқтатқаны деп қаһарман Бауыржан атамыздың сөзімен айтсақ, адам тіршілікте әнмен өмір сүреді. Көңіл құлазығанда да, көңіл шаттанғанда да адамның серігі - әуезді ән. Осындай әннің тіл үйренуге қандай үлесі, қандай маңыздылығы бар? Осы сұраққа жауап қарастырайық. Қазақ халқының салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, дәстүрлі мерекелерге байланысты орындалатын қойылымдық әндері сияқты әр халықтың өз менталитетіне сай ән түрлері болады.
Жаңадан тілді үйреніп жатқан оқушыларға ән үйрену - жаңа бір елдің жаңалығын ашқанмен тең. Олар ол ән арқылы сөздік қорын молайтады, грамматикалық білімдерін кеңейтеді. Әнмен жұмыс жасау мұғалім үшін біршама уақыт алатын жұмыс. Әнді үйретіп, сөздерін жаттатсам болды деген ойдан аулақ болу керек. Ең алдымен материалмен толық танысып алып, әнге байланысты қосымша деректер жинап, ондағы кездесетін сөздер мен сөйлемдерге сай лексикалық, грамматикалық тапсырмалар дайындау қажет. Кейбір әндердің өзі бейтаныс, күрделі болып келеді. Мұндай әндер біршама уақыт қажет етеді. Ол әнді толық түсініп, тарихы мен мазмұнын түсіну үшін мұғалім өзі түсініп, өзі дайын болуы керек.
Әнмен жұмыс жасау әдетте мынадай жолдармен яғни ереже арқылы жүзеге асады: тыңдауға дейін, тыңдау кезінде, тыңдаудан кейін.
Әнді тыңдатпас бұрын мұғалім әуелі әннің тарихымен таныстырып немесе қысқаша дерек беріп өтсе оқушылардың әнді үйреніп, есте сақтауларына зор ықпал етеді. Кездесетін қиыншылықтардың алдын алу үшін жаңа лексиканы таныстырып алғанда жөн. Мұндай жағдайда үйренушілер әннің мазмұнын жартылай біліп отырады. Әнді тыңдауға назарын бұрып, әнді тыңдап жатқан кездегі оқушылар зейінін назардан тыс қалдырмай бақылау қажет. Әнді тыңдағаннан кейін әннің шумақтарымен жұмыс жасап, әр сөйлемді талдап, әнге байланысты тапсырмалар беріп оқушылардың тілдік қорын молайтады.

Шет тілі сабақтарында берілетін ән мұқият таңдалып алынуы тиіс. Ән сабақтың негізгі тақырыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде қолданамыз және әнге берілетін тапсырмалар тіл үйренушілердің деңгейіне қарай таңдалып алынады.
Sing and learn CD-де ағылшын және американ халықтарының 28 ән жинағы бар. Бұл мультимедиалық дискіде тек әндерді орындап қана қоймайды, сондай-ақ суретті анимациялар мен сөздіктер, ән туралы қызғылықты қысқаша деректер, әннің нотасы және фразалар берілген. Мультимедиалық CD-ді интертақтада пайдалануға ыңғайлы. Әннің мәтінін оқып үйреніп болғаннан кейін, караокеде айтып таспаға жазып өзі де тыңдауға болатындай қызықты бағдарламасы да енгізілген. Тіпті тұтынушыға әннің мәтінін, сөздікті, сөйлемдердің аудармасымен, әннің нотасын принтерден шығарып алуға мүмкіндік жасалған. Әннің мәтінін, ондағы айтылатын фраза мен жаңа сөздерді оқушыларға принтерден шығарып таратып беруге де болады.
Spring is green әнін үйрету кезінде суреттегі түлкіні тышқан арқылы батырманы басып берілген фразаларды тыңдауға болады. Көктем мезгіліндегі кезді түрткенде:
Spring is a nice season - Көктем ең әдемі жыл мезгілі.
The sun is not very hot - Күн аса ыстық емес - Nature wakes up - Тіршілік оянады.
Leaves are small and green and the first flowers appear - Жапырақтар кішкентай әрі жасыл және алғашқы гүлдер шешек жарады. I like flowers very much - Мен гүлдері өте жақсы көремін. Жаз мезіліндегі кезді түрткенде: Usually, the weather is hot in summer - Әдетте жазда ауа-райы ыстық болады. Forests and fields are green and full of life - Орман, дала жап-жасыл және тіршілікке толы.
You can gather flowers and berries - Гүлдер мен жеміс-жидектер теруге болды.
I like to hunt butterflies - Мен көбелек аулағанды жақсы көремін. But it is not so easy - Бұл оңай емес. Күз мезіліндегі кезді түрткенде: I like autumn - Мен күзді жақсы көремін.The leaves on the trees are all different colours - green, yellow, orange, red and brown - ағаштың жапырақтары әртүрлі түсте - жасыл, сары, сарғыш, қызыл және қоңыр. And if you are lucky, you can gather a full basket of mushrooms in the forest - Егер жолың болса себетіңді саңырауқұлақтан толтыруға болады. But it often rains in autumn - Бірақ күзде жаңбыр жиі жауады.
Қыс мезгіліндегі кезді түрткенде: Winter is my favourite season - Қыс - менің сүйікті жыл мезгілім. The ground is white with snow - Жер бетін ақ қар жапқан.
The weather is freezing - Ауа-райы суық. The sun shines brightly and ice sparkles in the rays of the sun - Күн жарқырап, мұздар күн сәулесіне шағылысып жалтырайды. I like to ski in winter - Мен қыста шаңғы тепкенді ұнатамын.
Осындай фразаларды тыңдап есте сақтау арқылы оқушылар өз беттерімен жыл мезгіліне байланысты топиктер жазуға үйренеді, сөздік қоры молайып әңгімелеуге бейімделеді. Диалог құрып сөйлесуге, пікірін айтуға дағдыланады. Әнмен жұмыс түрлеріне осындай көптеген мысалдар келтіре беруге болады.
Тәжірибеде қолдану арқылы зерттеулер анықтағандай білім берудің жаңа технологияларының белгілі бір пәнді меңгеру барысында дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда берері мол және оқушылардың интеллектуалды ептіліктердің қалыптасуына әсерін тигізері анық. Жоғарыда қарастырылған мәселелер шет тілі сабақтарын қызғылықты, тартымды және жоғары деңгейде өткізуге септігін тигізері анық. Мұны өзімнің іс-тәжірибеде қолдану арқылы көзімді жеткізгеннен кейін ғана ойымды ортаға салып отырмын.

Ағылшын тілін игерудегі аудиоертегілер және ағылшын халық ертегілері
Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады
(Ы.Алтынсарин)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайтын Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі.
Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады,- деп атап айтқан.
Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыру ды мақсат еткен бұл ғылыми жұмысымның негізгі міндеттері: ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау; ертегі кейіпкерлерін білім салалары мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану; ертегіні 5 білім беру саласы мазмұнына сай бөлімдерге бөлу, балалармен бірлесе отырып тақырыптар қою; білім салаларының байланысы негізінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде СТО стратегияларын тиімді қолдану; ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтиже көрсеткіштерін шығару.
Алдымен Ертегі дегеніміз не, оның құрылымы қандай? - деп, ертегінің пайда болу тарихына талдау жасап көрейік.
Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Ертегілер арқылы балалардың құзыреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі.
Денсаулық білім саласы бойынша:
:: Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісін қолданады.
:: Негізгі қимыл жаттығуларында берілген қимылға сәйкес аңдар тапсырмалары орындалады.
:: Эстафеталық ойындар сайысын өткізуде аңдар керуені ұйымдастырылады.
Қатынас білім саласы бойынша.
:: Ертегілердің мазмұнына қарай: тұрмыс-салт, хайуанаттар, қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.
:: Сюжеттік суреттер арқылы ертегі кейіпкерлеріне мінездеме береді және ертегі мазмұнын құрастырады.
:: Кейіпкерлендіретін ертегінің мазмұны мен мәтінін толық меңгереді.
Таным білім саласы бойынша:
:: Ертегінің кейіпкерлері денелерінің көлемін салыстырып, үлкен, кіші, немесе биік, аласа деген ұғымдарды қалыптастырады.
:: Ертегі кейіпкерлерін түр-түстері бойынша сипаттайды.
:: Әртүрлі геометриялық денелер бойынша ертегілер кейіпкерлерін құрастырады.
Шығармашылық білім саласы.
:: Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлерді жылы және суық түстермен дөңгелектер арқылы бейнелеп көрсетеді.
:: Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды.
:: Музыка іс-әрекетінде ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы қайталатады.
Әлеуметтік білім саласы:
:: Ертегілер мазмұны арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиеленеді
:: Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлықтарын айыра біліп, жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады.
:: Айналадағы қоғамдық өмір, өлі және тірі табиғат арасындағы байланысты ажыратады.
Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тiлiне үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық ертегiлерiн пайдасы өте үлкен.
Баланың сөз қоры көбейгенде, білім әрекетін ағылшын тілінде аудиоертегілер арқылы түрлендіруге болады. Аудиоертегілерді былай бөлуге болады:
Алдымен кішкентай ағылшын әңгімелері жарайды. Мысалы, балалармен осындай ертегілерді тыңдауға болады Three little kittens, Three little Pigs, Too Many Daves.
Көрнекі материалмен құрылған аудиоертегілер. Аудиоертегілер қосылғаннан бастап балалар мұғаліммен бірге суреттерге қарап қайталайды. Ағылшын аудиоертегілерді қызықтырақ қылу үшін ертегітерапия тәсілін қолдануға болады, яғни ертегіні бейнелеп салу. Тыңдау кезіндегі сурет салу ақпараттың орындалуы мен қабылдап алуына көмектесетін процесс. Сурет салу барысында баланың естігенімен ассоциативті байланыстары пайда болады.
Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу -- ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей -- өнер-бiлiмді меңгеру. Белгiлi бір еңбек тәрбиесіне ие болу үшін, қоғамдағы мiнез-құлықтың нормаларын меңгере отырып және тәжiрибелерге сүйене отырып, алдағы үлкен өмiрге оқушылардың пiкiрлерінің жоғары деңгейдегі жүйесiн дамыту қажет. Жас жеткiншектердің алғашқы тәрбиесiне үлкен әсер ететін бұлхалық ертегілері және оның кейіпкерлері болып есептеледі.
Ертегiлер ерте замандағы салт-дәстүрлер, тәрбие әдістері және баланың ой-өрістерін дамытатын қасиеттерді өз кейіпкерлерінде сақтаған.
Ағылшын халық ертегілеріндегі кейіпкерлер барлық кезде батырларға айнала бермей, кейде оларды шық бермес Шығайбай капиталистер кейпінде де таныстырылады. Мұндай кейіпкерлерді Англиядағы буржуазиялық капитализмнің дамуының бірінші кезеңіндегі капиталистерге теңейді. Мысалы: Molly Whuppie ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және Jack and the Beanstalk ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігіменбақыт сыйлайды.
Ағылшын халқына тән күлкілі кейіпкерлерді яғни юморды да осы ертегілерден таба аламыз. Ағылшын халық ертегісі барлық кезде байқаған болсаңыз, өте бақытты және баянды аяқталады. Ертегілердегі кейіпкерлердің ертегі соңында қайғы-қасіретке ұшыраудан аулақ болады. Ертегінің соңында ешқашанжаман мотивтерді қолданбайды. Мұның бәрі ертегі оқушыларыныңтәрбиесіне жақсы әсер етеді. Ертегідегі кейіпкерлер сияқты мақсаттарына жетуді армандайды.
Көпшілік адамдар ертегілерге өз салт-дәстүрлеріне қарағандай қарауды әдет етеді. Мұғалімнің бұл арадағы бірден бір мақсаты - баланы ертегінің мазмұнымен таныстыру, ертегі туралы әңгімелесу, ертегінің төрінде жатқан маңызды ақпараттарды баланың санасына енгізу, кейіпкерлердің рөлдеріне еніп ойын түрінде сахнада көрсету. Бұл әдіс ертегілермен жұмыс жасаудың дәстүрлі әдісі деп аталады. Ал мына әдіс дәстүрлі емес деп аталады, өйткені балалар бұл жерде ертегіні тыңдап қана қоймай, өздері ертегінің соңын өз ойларынан шығарып, бірнеше көріністерді араластырып, ертегідегі кейбір іс-әрекеттерді өзгертуі де мүмкін. Бұл жерде тағы да бір дәстүрге айналған әдіс -- сұрақ-жауап қолданылады. Ең алдымен бала өзіне осындай рухани тәрбиеге бай дәстүрлі емес сабақтардың неге қажет екендігін ұғыну керек. Мұғалім мен оқушының арасындағы дәстүрлі емес қарым-қатынас ең алдымен ертегідегі кейіпкердің нені дұрыс, нені бұрыс жасағанын ажыратуға, оның қай жерде қате жібергенін анықтауға, қателерді қалай жоюға болатындығын, қаталдықпен жауыздықты қалай жеңу жолдарын үйрену мүмкіндігін береді. Мысалы The Cat booted атты ағылшын ертегісіндегі By stranger hands well to rake up a heat деген мақалға назар аударайық. Бұл ертегідегі мысық ешқандай еліктеуге мысал бола алмайды. Өйткені, мысық өз мақсатына жету үшінкінәсіз жандардыалдайды. Өзін-өзі дөрекі көрсететін бұл мысыққа ешкандай еліктеуге болмайды.Осы мысалданкеліп шыққан қорытындыда жоғарыда назар аударған мақаланың мағынасы Өзгелердің қолымен өз пайдаңды жасау деген мағынаны ұғуға болады. Ал Adventures of Jack the Giant-Killer ертегісіндегі Джек, жай шаруаның ұлы, ертегідегі жауыз адамжегіштерге қарсы күреске түскенде алғашқыда тек марапат туралы ойлаған, ал ертегі соңында ол бостандық үшін күресетін нағыз халық батырына айналады. Ертегіні оқыған балаларды бас кейіпкер айбындандырады, оның әрекеттерін жан-жақты талқылап дұрыс бағалай бастайды және бала өзіне қажетті жақсы және дұрыс тәрбиені алады. Жамандық пен жақсылық, қорлық пен зорлық, өтірік пен шындық, сүйіспеншілік пен жеккөрушілік ешқашан жауапсыз қалмайтындығына бала көз жеткізеді.
Ертегідегі келесі қарап шығуды қажет ететін тағы бір қасиет -- ол ізгі сезім тәрбиесі. Тәлім-тәрбие жұмысында ізгілікке жетелейтін сезімдер ертегіде ешқашан соңғы рөлді ойнамайды. Сол себепті оны оқыған бала ертегі кейпкерлерін өздерінің туыстарындай, өзіне ең жақын адамындай жақсы көреді және оған еліктейді. Мұғалімнің бұл жердегі алдына қойған мақсаты баланың сезімі мен ойын дұрыс бағыттау.
Баладағы лингвистикалық білімнің элементтері дамуы өте ерте жастан басталатынын біз білеміз. Сондықтан балаға тек қана тыңдап, оқып, ойдан шығаруды ғана емес, ертегінің басқа да жаңа қырларын достарымен жазба түрде ашуына бағыт-бағдар көрсетуіміз керек. Оның ең қарапайым тәсілдері -- бұрында хат жазу, телеграммалар жазу болса, қазір де смс арқылы пікір алмасу немесе түрлі ғаламтор желілерінде талқылау. Баланың сөздік қорын дамыту үшін, ертегінің мағынасын бұрмаламай өздері ертегі ойлап шығаруға үйретеміз. Ертегілермен жұмыс жасау, әрине дәстүрлі емес сабақтарға енгізіледі. Өйткені, баланың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру және ойлау қабілеттерін дамытуға көп еңбек керек болады.

Ағылшын тілі сабағында өлең мен жаңылтпаштарды қолдану
Тілдерге үйрету барысында тақпақ жаттатудың пайдасы зор. Тақпақ жаттату - тіл дамытудың дәстүрлі әдістерінің бірі. Тақпақ жаттату арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Тақпақпен жатталатын сөздер есте жақсы сақталады. Кішкентай Тілмаш әдістемелік құралына қосымша ұсынылған тақпақтар баланың тілді меңгеруге деген ынтасын арттыру, сөздік қорын байыту, тілін дамыту мақсатында алынды. Тақпақты жаттау арқылы балалар жаңа материалды жақсы меңгереді, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы арта түседі.
3-4 жастағы бала тілінің мазмұнды, жеткілікті, анықт болуы үшін, тақпақ жаттату жұмыстарын көрнекіліктер арқылы белсенді жүргізу керек.
Мектепке дейінгі ұйымдарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме көрнекілік әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері
Шет тілін оқытудың әдістері
Жоғары сыныпта ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету
Ауызекі сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері
Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістері
Әдістің оқыту жағдайына байланысты еместігі
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Балалар және олардың ата-аналарының әрекеттесуімен қазақ тілін меңгерудің тиімді моделін әзірлеу
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Ағылшын тілін оқытудың маңызы
Пәндер