Тренингте қолданылатын жаттығулар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы

(оқу әдістемелік құрал)

Тақырыбы: Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы

Құрастырған: Кожакова А.И. – Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
педагогика және психология пәндерінің оқытушысы.
Пікір жазған: Нұрмұхаметова Р.А. - Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің
Педагогика және психология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының
кандидаты.

Психологиялық тренингтер мен жаттығулар жинағы барлық мамандықтар
бойынша психология пәнінде қолдануға арналған.
Бұл әдістемелік құрал психологтардың, педагогтардың және топ
жетекшілерінің жұмысында көмекші құрал бола алады.

АЛҒЫ СӨЗ

Бұл әдістемелік құралда психологтардың, педагогтардың және топ
жетекшілерінің өз жұмыстарында қолдануға арналған психологиялық тренингтер
мен жаттығулар жазылған.
Бүгінгі таңда психология ғылым саласының аясы біршама кеңейе түсті.
Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, тіпті орта және жоғарғы оқу
орындарында да балаларды тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелеріне
отбасы мен педагог бірлескен өзара тығыз байланыста болуға тиісті.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу,
дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі
болады.
Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды
көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі.
Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі. Оны әмбебап әдіс деп те атайды.
Ал осы тренингтерде жеке тұлғаның ерекшелігінің даму деңгейін
анықтайтын диагностикалық әдіс қолданылды және осының негізінде
тренингтің, ойындар мен арттерапия элементтерінің көмегімен көптеген
жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік бар.
Тренингтегі топтық жұмыстар қатысушылардың белсенділігін арттыруға,
серіктестік қатынасын дамытуға, басқа адамдардың көзімен қарауына
мүмкіндік туғызды.
Тренинг арқылы оқытушы мен оқушылар арасындағы өзара
байланыс нығая түседі. Тренингтің тағы бір пайдалы жағы қарым-қатынас,
яғни әңгімелесу еркіндігі мен тәуекелділік атмосферасы болып
табылады. Интерактивті әдістерді қолдану арқылы жеке тұлғаның
дамуына, тәрбиелілікке, оқыту қабілетін ұтымды пайдалануға,
ықпалдастыққа, өзін-өзі кемелдендіруге, ортаға бейімделуге жетелейді.

МАЗМҰНЫ:

1. Психологиялық тренинг: Мен және менің ұжымым ... ... ... ... ... 5-7
беттер

2. Психологиялық тренинг: "Мен
ғажайыппын" ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-9 беттер

3. Психологиялық тренинг: Менің сүйікті мамандығым ... ... ... .10-13
беттер

4. Ата-ана махаббаты
тренингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-17
беттер

5. Отбасы
тренингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 17-19 беттер

6. Жаңа ақпарат (психологтың
кеңесі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19 бет

7. Менің отбасым-менің байлығым
тренингі ... ... ... ... ... ... ... ... .20-22 беттер

8. Тренингте қолданылатын
жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . ... .22 беттер

9. Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23 бет

Тренинг тақырыбы: Мен және менің ұжымым

Тренинг мақсаты:

- өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып,
бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға:
- жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу
мәдениетін және жағымды Мен концепциясын қалыптастыру. 

Тренинг міндеттері: 

- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну; 
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; 
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; 
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру; 

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, А3 - А4 қағаз беттері,
фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған
карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.

Тренинг құрылымы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау. 
ІІІ. Негізгі бөлім. 
а) Амандасу – Көңілді сөз жаттығуы. 
б) Автопортрет жаттығуы. 
в) Сиқырлы қобдиша жаттығуы. 
Сергіту сәті
д) Өрмекші торы жаттығуы. 
ІV. Қорытынды бөлім. 
а) Теңізге саяхат релаксация жаттығуы. 
б) Қайта байланыс жаттығуы. 

Тренингтің жүру барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс
айту 
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау 
- Тренинг ағылшынның Тот Райн - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққан.
Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс
ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр
адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға,
жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу
мәдениетін, жағымды Мен концепциясын қалыптастыру.
Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен
қатысуларыңызды сұраймын. 

ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру. 
- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді. 

ІV. Негізгі бөлім. 

а) Амандасу – Көңілді сөз жаттығуы. 

Нұсқау: - шеңбер жасап отырып, қасында отырған адамға қарап көңіл
көтеретін бір сөз айту.
Мысалы: сен бүгін өте әдемісің, көйлегің қандай әдемі...

б) Автопортрет жаттығуы. 

Нұсқау:

- әр қатысушыға парақ беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына
ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін парақтың келесі жағына есімдері
көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 
Жаттығу шарты:
- сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден
сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді
ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз.
Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім
киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... 

Рефлексия: Жазылған автопортреттер бір бірден таратылып оқылады, бұл
кімнің портреті екенін анықтау керек.

в) Сиқырлы қобдиша жаттығуы. 

Нұсқау:

- қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады.
Сыйлықтар қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты:
- қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып,
ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар
үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. 

Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп
таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 

Сергіту сәті

д) Өрмекші торы жаттығуы. 

Нұсқау:
- қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп
кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек. 

Жаттығу шарты:
Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына
айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына
іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына
қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию. 
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды
ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей,
айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық. 
ІV. Қорытынды бөлім. 

а) Теңізге саяхат релаксациялық жаттығу
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған,
музыкамен орындалады. 
Жүргізуші:
Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос
ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі
ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз
және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және
күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан
кейін қайтуда. 
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы
теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы басқан ауыртпалықтан бір
сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз
төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын
сезіне отырып жүгірудесіз.
Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр,
су жып - жылы әрі жұп - жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды
шалқайттыңыз.
Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының
тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының
керемет дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты
сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді.
Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат
етіңіз.  
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз.
Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз.
Көздеріңізді асықпай ашыңыз! 
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз? 
б) Қайта байланыс жаттығуы 
a) Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек
ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: 
- Тренингте ең бірінші не ұнады? - Не ұнаған жоқ? - Өзің жаңадан не
білдің? 
б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар смайликтер
арқылы анықтау.
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.

Психологиялық тренинг
 
Тақырыбы:  "Мен ғажайыппын"
 
Мақсаты:  Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге,
кәсіби жанудың алдын алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Эпиграф: "Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,
ойын ойнамағандықтан қартаямыз."
                                                                              
                                       Бернард шоу
 
Қатысушылар: болашақ мұғалімдер

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар: тақта, бор, доп, ватман, фламастерлер.
  
                                                 Жоспар:

1.Жаттығу "Хор"
2.Мен ғажайыппын (әр түрлі көзқарасын анықтау)
3.Оқушы көзімен
4.Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"
5.Жаттығу "Комплимент"
6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау.
 
Жүргізуші: Саламатсыздар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте
ғажайып болғымыз келеді.  Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің 
бүгінгі кездесуімізде осы ғажайып сөзінің педагогикалық тұрғыдан талдап
көрейік. Енді барлығымыз "Ғажайып" сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып
көрейік. Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін: идеал, үлгі,
нәзікке ұқсас, бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы т.б.
Жүргізуші:  Ожеговтың сөздігінде ғажайып сөзіне анықтама бар - бұл
"барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет".  Енді
осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік,ғажайып болмаса да, бойымызда таң
қаларлық мінез болуы мүмкін. Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық,
әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді.
Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта кетеді.
  Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады.  Залдан бір қатысушының сыртқа
шыға тұрғанын өтінемін, залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың
сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш
деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген
адам қандай тақпақ екенін табу керек.
Бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын.
Келесі  жұмысымызға көшелік. Бірінші бөлім бойынша біз қандай ғажайып
не екенін айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін, балалардың
көзімен, яғни оқушы көзімен ғажайып деген ұғымды түсүнуге тырысып көреміз.
Екі топ қатысушылары: бірінші топ -  бастауыш оқушылары, екінші топ - 
жоғары класс оқушылары. Жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды
тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп орнықты отырып, көз
алдыңызға бастауыш және жоғары класс мұғалімдерінің қандай болатындығын
елестетіңіздер. Енді әр бір топ өзара келісіп, шешімге келіп мұғалімнің 
төрт жақсы қасиетін қағазға жазып орталарыңыздан біреу шығып қорғап шықсын.

Қорытынды: 
- "бастауыш оқушылары" тобының пікірі: мұғалім мейірімді, әдемі,
көңілді, шыншыл болу керек.
- "жоғары класс оқушылары" тобының пікірі: өз мамандығының кәсіби
шебері, ұйымшыл, қатаң, қазіргі талапқа сай болу керек.

Жүргізуші: Ал енді сіздер үлкен адам кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз
болуға тырысыңыз. Екі топ бірігіп, мұғалімдерге берген оқушылардың
сапаларын талқылап ашып көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған
төрт сапа шыншыл, қатаң, кәсіби шебер, ұйымшыл, осы сапалар біздің
бойымыздан табылады деп ойлаймыз.
Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер
бойынша сурет. Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің суретін
саламыз. 
Сурет бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын деп  кім
пайда болды... әрдайым көріп жүрген мұғалімнің бейнесі.
В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ."Мені ғажайыпқа дейін
жеткізбе!" дегендей, ғажайыптылық өзіміздің жүрегімізде болады.
Біздің кездесуіміз таяп келе жатқан секілді. Бүгінгі шыққан нәтиже
жемісіне оралатын болсақ педагогтардың мықты жақтарын тағы да бір еске
түсіре отырып, бір-бірімізге "Комплимент"айтайық.

Жүргізуші: Кездесуіміз аяқталды. Егер тақырыпқа келетін
болсақ,"ғажайып" деген түсінік  бір нәрсенің біткенін, болғанын білдіреді.
Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез
келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың
шеті жоқ.

Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!

Психологиялық тренинг:
Менің сүйікті мамандығым

Мақсаты: 
Оқушылар психологтарына арналған  тренинг олардың бойындағы мынадай
маңызды сапаларды: кәсіби іс-әрекеттердің эффективті индивидуалды стилін
қалыптастыру; оқушылармен, олардың ата-аналарымен, басшылықпен,
әріптестерімен  сонымен қатар өз отбасы мүшелерімен ойдағыдай қарым-қатынас
жасай алуын қалыптастырып, дамыту үшін қажет.
Тренинг тағы мынадай қасиеттерді: балаға позитивті қарым-қатынас,
оқушыны эмоцияналды қабылдау, олармен тілдесудің коммуникативті амалдарын
дамыту, өзін-өзі регуляциялаудың эффективті тәсілдерін қалыптастыруға көмек
береді.

Міндеті:
Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен
маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына
абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу
шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.
Топпен жұмыс жүргізгенде көбінесе орындауға жеңіл, еркіндікті талап ететін
ойындар, жаттығулар қарастырылады. Әрине, топпен тест, сауалнама жүргізу,
суреттер салғызуға болады. Мен мейлінше, көп уақыт алмайтын, жеңіл жаттығу
ойындарды, күрделі ойды қажет етпейтін  тапсырмаларды қарастырмақпын. Мұны
психолог емес, әр мұғалім де өз сабағында мақсатына орай пайдалана алады.

Жоспар:

1.Сергіту тренингі.
2.Қызығушылықты ояту. Түстер бойынша топтастыру.
3.Мағынаны тану.Әр топқа ситуациялық тапсырма.
4. Менің  сүйікті мамандығым жаттығуы.
5.Ой толғау. ХХІ ғасыр мұғалімі ол қандай?
(топтар эссе, бес жол өлең, ассоцация т.б қорғау)
6.Қорытындылау.
1. Сергіту тренингі Австриялық жаңбыр
2. Гүл бейнесіндегі түстер бойынша 4 топқа бөлініп отырады.

Сұрақтар:
І-топ
1.Сіз мектеп директорының орынбасарысың, қарауыңдағы 3 мұғалім қоңырау
соғылғаннан кейін сабаққа кешігіп келді. Сіздің іс-әрекетіңіз?
2.Сіз бірлестік жетекшісісіз, бірлестігіңіздегі мұғалімдер берілген
тапсырманы дер кезінде орындамады, сізге директор шұғыл түрде тапсырманы
орындауға бұйрық берді, не істер едіңіз?
3.Сіз мектеп директорысыз, қабылдауыңызда бір мұғалім отыр, үстіңізден
есік қақпастан екінші мұғалім кіріп келді. Осы іс-әрекетке қандай сипат
берер едіңіз?
4.Сіз сабақ өткізіп жатырсыз. Сабақ үстінде бір мұғалім рұқсатсыз
кіріп, кешірім сұрамастан хабарландыру айтып, оқушыларға зілді сөйлеп
кетті. Сіздің көзқарасыңыз?

ІІ-топ
1.Жас маман мектепке келді. Сіз оған тәлімгер болып тағайындалдыңыз.
Оның құжат толтырмақ түгілі, сабақ беруден тәжірибесі аз. Ең алғашқы
көмегіңіз?
2.Ұжымда жас ерекшеліктері әр түрлі мұғалімдер бар. Ұжымда сыйластық
пен достық қарым-қатынас орнату үшін қандай іс-шараларды көбірек өткізген
дұрыс деп ойлайсыз?
3.Сіз өз ұжымыңыздағы бір педагогтің педагогтік іс-әрекетке жатпайтын
олқы қылығының куәгері болдыңыз. Не істер едіңіз? (Дұрыс кеңес бересіз бе,
немқұрайлы қарайсыз ба?)
4.Әріптесіңіз отбасы жағдайына немесе денсаулығына байланысты 1-2 күн
жұмысты алмастыра тұруын өтінді. Келісесіз бе? Келіспеген жағдайда
неліктен?

ІІІ-топ

1.Адамда бәрі де әдемі болуы керек: Ақылы да, ойы да, келбеті де,
әдебі де, мінез-құлқы да, киген киімі де, жүріс-тұрысы да. Осы туралы не
айтар едіңіз?
2.Сіз 1-ші сабаққа ұйықтап қалдыңыз, әрине жұмысқа кешіктіңіз,
оқушылардың алдына қалай кіресіз?
3.Сіз журнал толтырар алдында журнал толтыру ережесімен толық
танысасыз ба? Сіз қалай толтырасыз? Бұл жөнінде бірінші кімнен көмек
сұрайсыз?
4.Сіз тәжірибеңіз мол мұғалімсіз, сізден әріптесіңіз әдістемелік көмек
сұрады. Көмектесе аласыз ба?

ІV-топ
1.Сіздің тәжірибеңіз мол болғанымен, өз тәжірибеңізде кездеспеген қиын
сауал кездесті. Кімнен, қайдан көмек аласыз?
2.Сіздің ойыңызша ұжымда қиын мұғалім бар ма?
3.Біздің ұжым ұйымшыл да тату ұжым қатарына жата ма? Иә деген
жағдайда дәлелдеңіз, жоқ деген жағдайда қандай кеңес берер едіңіз?

  Менің  сүйікті мамандығым жаттығуы.
(Әр топтағы қатысушылар бір жаттығуды орындап көрсетеді)

Жаттығудың мақсаты:  кәсіптік іс-әрекет стилінің индивидуалдық
эффективті тәсілдері мен шараларын іс-жүзінде өтеу (отработка)
Мұғалімдер шеңбер құрып тұрады. Психолог топтың әрбір мүшесіне
алдарында оқушылар тұр деп елестете отырып сәлемдесуді ұсынады. Мысалы, 
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бұл жерде
фразаны жестпен, позамен, бет әлпет қимылымен қуаттауға болады. Топ
мүшелерінің барлығы сәлемдесіп болғаннан кейін жалпы талқылау өткізіледі.
Сәлемдесудің қайсысы ашық және мейірімді, кімнің фразасы белсенді іс-
әрекетке эффективті стимул болды, мұғалімдер бала позициясынан өз
әсерлерімен бөліседі.
Бұл жаттығуда жеке индивидуалдық іс-әрекет стилін табуға көмектесу
үшін әрбір қатысушымен кері байланыс орнатылады. Айта кететін жай, бұл
проблема енді жұмыс жасай бастаған жас мамандар арасында ғана актуалды
емес. Көп жылдар бойы қызмет етіп, дағдылары қалыптасқан, жұмыс істеуі
автоматтандырылған  мұғалімдер арасында да қажет. Олар өздерінің кәсіби
шаралар арсеналын кеңейтіп, жанарту үшін маңызды. Бұл жерде жекелік
индивидуалдығын басу ізімен емес, өзіндік Мені мен кәсіби мүмкіндіктерін
ашудағы үлесімділік пен толық жетілуді табу.  

Баға  жаттығуы.

Мақсаты: 
Оқушыларды бағалаудағы өзара  әрекеттесудің эффективті коммуникативтік
амалдарын өндіру.
Топ шеңбер құрып тұрады, әрбір қатысушы бір позитивті және негативті
баға айтуы қажет. Алдымен негативті баға айтылады, мысалы,  отыр екі.
Әркім бұл фразаны айтуда өз сөздерін, интонациясын, мәндерін қолдануға
мүмкіндік береді. Талқылауда  алдыңғы жаттығуда ұйымдастырылғандай топ
мүшелері оқушы позициясынан сөйлейді. Психолог мұғалімге оқушыға негативті
баға қойған кезде оған өзіндік жеке қарым-қатынасының көрініс табуын және
тәрбиеленушінің жақсырақ оқуға мүмкіндігі  барына сенім білдіру керектігін
көрсетеді. Негативті бағаны мынадай фразада айтуға болады: Өте өкінішті,
Анар бүгін саған нашар баға қоюға тура келіп тұр, сен өте қабілетті қызсың,
жақын күндері өзінің екіңді жөндейтіндігіңе сенімдімін.
Оқушыны позитивті бағалағанда да баланың жетістігіне шынайы қуанышы мен
психологиялық қолдаудың жаңа формаларының кәсіби амалдарын жетілдіруге
болады.
Мысалы, позитивті баға қойған кезде  позитивті баға қойғандағы фраза
төмендегідей болуы мүмкін: Жарайсың, бүгін сені бес деп бағалаймын, ары
қарай осылай оқуыңды жалғастыра бер.

Мектеп директоры жаттығуы.

Мақсаты: 
Мектеп директорымен  қарым-қатынас жасаудың эффективті амалдарын
дамыту.
Бұл жерде мұғалімнің мектеп директорымен қарым-қатынас жасаудағы
жағдайларын қарастырамыз.
Мұғалім мектеп директорынан жыл ортасында денсаулығына байланысты
демалыс беруін өтінуі немесе қатысушылар практикасында кездескен  басқа да
жағдайларды ойнауға болады.
Бұл жаттығуды талқылау алдынғы жаттығудың схемасы бойынша жүреді.

 Эмоция жаттығуы.

    Мақсаты: 
Мұғалім бойында артистизм, эмоционалдылық, иілгіштік, оқушылармен
қарым-қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.
Топ жарты шеңбер болып отырады. Әрбір қатысушы психологиялық жұмбақ
жасырады. Жұмбақты бет әлпет қимылы, позасы, іс-әрекеті, жесті және кейбір
нейтральді фразаларды қолдануы, өзі ойланған эмоцияналдық күйлердің біреуін
топқа жасыруға болады, топ мүшелері оны табуы қажет.
Кейіннен психолог мұғалім жұмбақты қаншалықты шеше алғандығы жайында
ойлануға, ол өз күйін демонстрациялауда қандай сыртқы амалдарды қолдануда
қайсысы (бет, қол, интонация және т.с.с) мәндері болып келетіндігі жайлы
ойлануды ұсынады. Мысалы: дерективті дауыс немесе мұғалімдік қатты
мүсін.     
      

Күйіне келтіру жаттығуы.

Мақсаты: 
Сабақ басында қуаты мен күшін тез мобилизациялау және жұмыс қабілетін
жоғарылату.
Топ мүшелері ыңғайлы позада шеңбер құрып отырады. Психолог денені бос
ұстап, көзді жұмып айтылған әңгімені көз алдарына елестеуді ұсынады. Келесі
мәтінді баяу, жұмсақ етіп әңгімелейміз.
Бүгін сіз класқа барғыңыз келмей тұр. Егер де... әрекет ете
отырып, өз күш қуатымызды мобильдеуге тырысамыз. Егер де менің көңілім
жақсы болып, өзімді демалған және жаңарғандай сезінсем, класқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Тренингтік жұмыстар технологиясы
Тренингтік топтардың психологиялық маңыздылықтары
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теоретикалық негіз
Әлеуметтік-психологиялық тренингті ұйымдастыру принциптері туралы
Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе. Оқу-әдістемелік құрал
Топты тренинг заңдарымен таныстыру
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері жайлы
әлеуметтік-психологиялық тренингтің теориялық-әдіснамалық негіздері
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы
Пәндер