Жай сөлем синтаксисін оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
М. Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Жай сөйлем синтаксисін оқытуда модульдік технологияны пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері
Мамандығы: 0111000- Негізгі орта білім беру
Біліктілігі: 0111013- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тобы: ҚТ-Ж-17
Пәні: Қазақ тілінің оқыту әдістемесі
Орындаған: Жупар Салтанат Асанқызы
Қабылдаған: Дүйсенова Тұрар Жайшылыққызы

Қызылорда қаласы, 2020 жыл

Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
. Жай сөйлем синтаксисі туралы түсінік және оның түрлері.
. Жай сөлем синтаксисін оқыту әдістемесі.
. Модульдік оқыту технологиясы туралы түсінік және оның құрылымы.
. Модульдік технологияны пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері.
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
. Мектеп бағдарламасында жай сөйлем синтаксисі тақырыбының берілуі.
. Қысқа мерзімді жоспар арқылы жай сөйлем синтаксисін оқытуда модульдік технологияны пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету.
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Зерттеудің жұмысының өзектілігі: Жай сөйлем синтаксисін оқытуда әртүрлі технологияны қолдану қарастырылғанымен, баса талқыланатын мәселе - синтаксистік талдау жүргізу. Сол синтаксистік талдаулар жаңартылған технологиялармен толықтырылмаған. Соның ішінде жай сөйлем синтаксисін модульдік оқыту технологиясымен ұштастырылмаған.

Зерттеу жұмысының нысаны: Негізгі мектеп оқушыларының жай сөйлем синтаксисін модульдік оқыту технологиясы арқылы меңгеруі.
Зерттеу жұмысының пәні: Негізгі мектептердегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Негізгі мектеп оқушыларының жай сөйлем синтаксисін модульдік оқыту технологиясының тиімді әдіс-тәсілдері арқылы игерту, педагогикалық тұрғыдан оқыту
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Жай сөйлем синтаксисі мен модульдік оқыту технологиясы ұғымы туралы түсінікті қалыптастыру;
Жай сөйлем түрлерін, модульдік оқыту технологиясының құрылымын ашып көрсету;
Мектеп бағдарламасында жай сөйлем синтаксисін оқытуда модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталу,зерттеу.
Зерттеу жұмысының көздері: жай сөйлем синтаксисі, оның түрлері жайлы ғылыми-теориялық, әдістемелік оқулықтар мен әдебиеттер, әдістемелер, ғаламтор желісіндегі сайттар, ОМЖ, ҰМЖ, ҚМЖ және ресурстар.
Зерттеу жұмысының әдістері: теориялық әдістері:негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, озық іс-тәжірибелерді жинақтау, жіктеу; эмпирикалық әдістер: бақылау, сауалнама, диагностикалау, сараптау; математикалық-статистикалық: эксперименттік мәліметтерді өңдеу, сапалық және сандық тұрғыда сараптау әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер негізгі мектеп оқушыларына жай сөйлем синтаксисін модульдік оқыту технологиясы арқылы меңгертсек, жас ерекшеліктеріне қарай әдістемелік жұмыстар жүргізсек, онда пайдаланылған әдістер мен жұмыстар оқушылардың тақырыпты меңгеріп, толық ақпарат алғанын анықтайды.

ІІ. Негізгі бөлім
. Жай сөйлем синтаксисі туралы түсінік және оның түрлері.
Жай сөйлем синтаксисі -- бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі -- құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады. Мысалы, "Жаз". "Жаз келді". "Жазда жеміс-жидек піседі". Жай сөйлемдер қос сыңарлы болып та, жеке сыңарлы болып та келе береді. Жай сөйлем қос сыңарлы болғанда тұрлаулы мүшенің екеуі де қатынасады: "Студент оқып жүр". "Марат -- студент". Қос сыңарлы жай сөйлемде сөз саны елеулі қызмет атқармайды, бастысы -- сөйлемнің екі тұрлаулы мүшесінің неше сөзден құралғанына қарамастан, бір ғана тиянақты ойды білдіруі. Оның етістіктен ғана жасалған баяндауышқа аяқталуы міндетті емес. Есім баяндауышты да жай сөйлем бола береді. Жай сөйлем жеке сыңарлы болғанда, ол сөйлем не тек бастауыштан, не тек баяндауыштан тұрады: "Біздің ауыл". "Қала көшесі". "Таң атып келеді". "Күн батып бара жатыр". Семантикалық жағынан келгенде, жай сөйлем толық мағыналы сөздерден құралып, сөйлемнің мазмұнын айқындап тұруы керек. Жай сөйлем бірнеше топқа бөлінеді. Олар: толымды, толымсыз, жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, атаулы.
Жай сөйлемнің түрлері:
Жақты сөйлем-бастауышы бар,жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем түрі.Мысалы:Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.Кенет отқа көзі түсіп кеткен т.б.
Жақсыз сөйлем-баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем деп атайды.Мысалы:Менің айтқаным келді.Бір жерде көргенім бар т.б.
Жалаң сөйлем -тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлемді атайды.Мысалы:Ойын қызық.Үй жылы.Қарағың келеді т.б.
Жайылма сөйлем-тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді атайды.Мысалы:Едіге ұзақ жол жүрді.Алыстан мұнар тау көрінеді т.б.
Толымды сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемді атайды.Мысалы:Шашубай мерген еді.Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді т.б.
Толымсыз сөйлем-ойға қатысты сөйлем мүшесінің біреуі түсіп қалған сөйлем түрі.Мысалы:Қарлығаштар тағы келді.Қайта-қайта келе берді т.б.
Атаулы сөйлем-кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды,тек заттың,құбылыстың,мезгілдің,мекенні ң атауын ғана білдіреді ондай сөйлемдер атаулы сөйлем деп аталады.Мысалы:Дала.Егін даласы рақат құшағында т.б.

. Жай сөлем синтаксисін оқыту әдістемесі.

Қазақ тілі білімінде Ахмет Байтұрсынұлының Тіл тағылымы синтаксис саласының негізін қалаған басты еңбек болып саналады. Ахмет Байтұрсынұлының 1992 жылы жазылған Тіл тағылымы - қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері атты еңбегіндегі сөйлем жүйесі мен түрлері тақырыптарына арналған Тіл-құрал бөлімінде жай сөйлемнің түрлері олардың қызметі туралы жазылған. Ахмет Байтұрсынов ең бірінші сөйлем жүйесіне тоқталып, сөйлем дегеніміз - сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой, сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады деп ереже берген [1,276]. Осы бөлімде Ахмет Байтұрсынов жалаң және жайылма сөйлемдерге анықтама берген.Бұл анықтама қазіргі мектепте оқытылып келе жатқан ережеге сәйкес, яғни бастауышы мен баяндауышы бар, екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем деп аталады деген. Одан кейін бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер деп айтып кетіп, одан басқа мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем деп түйген. Ахмет Байтұрсынов оларды 2 бөлімінің сөйлем түрлері атты тарауында жалпы түрлері деп тақырып қойып тоқталып кеткен. Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне: болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма деп 6 типке бөлген [1, 296]. Болымды сөйлемді не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп атаған. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар, деген мысалда іс-әрекеттің іске асатының айтып отыр, ал қазіргі қазақ тілінде мұндай жай сөйлемнің түрлері жоқ, оны біз етістіктің болымсыз және болымды түріне қарай ажыратамыз. Ал болымсыз сөйлемді не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деп аталады деген.
Жай сөйлем синтаксисінің жеке сала болып қалыптасуына Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. еңбектері жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне байланысты практикалық және теориялық маңыздылығын көрсетіп берді. Бұл зерттеулер жай сөйлемнің құрылымдық типтерінің жасалуын, оқытылуын айқындады.
Жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытқанда қайталау, жинақтау, салыстыру әдістерін қарастырдық
Жақты, жақсыз сөйлемдерге арналған тірек-сызбаларға сүйеніп, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін және жақсыз сөйлемнің баяндауышының формаларын таныту болады.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларын меңгеруін қамтамасыз ету.

2.3.Модульдік оқыту технологиясы туралы түсінік және оның құрылымы
Модульдік оқыту технологиясы - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Ал модуль дегеніміз - іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы модуль сөзі оқытудың мазмұны мен технологиясын білдіреді. Модуль мазмұны өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль - оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.
Оқу модулінің өзгешілігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып,ғ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

Модульдік оқытудың құрылымы
Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау:
Осының арқасынды оқу процессі модульдік сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқумодулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:
· Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)
· Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
· Қорытынды бөлім(бақылау)
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі. Тәрбиеші бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология
-баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
-танымдық поцестерін дамытуға;
-жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.
Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.
1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
2. Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдеибеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді. Модульдік оқыту технологиясы - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің бірі.

. Модульдік технологияны пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері.

Таксономия әдісі - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерініңқұрылымы танымдықүдерісінің еңқарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді.
І. Білу.
ІІ. Түсіну.
ІІІ. Талдау
IV. Қолдану.
V. Синтез (жинақтау, жүйелеу).
VI. Бағалау

2. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады. білім сапасына әсері: білім беру жағдайын талдауына қажет оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі (адамның қатысуынсыз алу), кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы.
3. Тірек-сызба әдісі.
Бірінші ерекшелігі - нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу. Ең басты мақсат - берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы.
Екінші ерекшелігі - уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ.

4. Кесте әдісі -- мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі. Әдетте, кестенің бірінші жолы бағаналардың тақырыптарымен толтырылады. Бағаналардағы мәлімет типтері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ бір бағанада орналасатын мәліметтер бір типті болуы қажет. Кесте мәлімдемелік мәліметтер базасының негізі болып саналады.

5. Бақылау жұмысы әдісі. Бақылау жұмыстары мен түрлі техника құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-есептеуші машина, т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында оқушы білімінің көлемі мен сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау. Қорытынды Бақылау жыл аяғында өткізіледі. Мұнда тақырыптық және тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және практикалық білім деңгейі анықталады. Қорытынды Бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болып есептеледі.

6. Диалог әдісі. Мақсаты: Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру. Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру дағдыларын жетілдіру.

ІІІ. Тәжірибелік бөлім
3.1. Мектеп бағдарламасында жай сөйлем синтаксисі тақырыбының берілуі.

Заңдарды білгім келеді

О. 8.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу;
Ж. 8.3. 4.1 - эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу.(аргументативті эссе).
ӘТН. 8.4.4.4 - жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану;
Жасөспірім құқығы
О. 8.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау.
Ж.8.3.1.1 - Тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;
Жасөспірімдер тәрбиесі және құқық бұзушылық
ТА. 8.1.2.1 - әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән мазмұнына қатысты педагогикалық, психологиялық тірек терминдер
Негізгі мектеп оқушыларының жай сөйлем синтаксисін модульдік оқыту технологиясы арқылы меңгеруі
Мектеп бағдарламасында жай сөйлем синтаксисі тақырыбының берілуі
Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. МОНОГРАФИЯ
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін)
Пәндер