Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ
Аурудың алдын алу мақсатымен дене тәрбиесі
жаттығуларын жасау

Орынаған :Байдолла Л
Тексерген : Муса А

2020
оқу жылы
Жоспар:
Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі
Бой жазу, сергек жүру
Денсаулық сақтау
Дене жаттығуларының ағзаға әсері

Қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өйір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас үрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз. Жасыратыны жоқ, бүгінде медицина саласы көптеген қиындықтарды басынан өткеруде. Нарық қыспағының, экономикалық қолайсыздықтардың қолбайлау болып отырғаны да анық.Осы күнге дейін, шынын айтқанда, адам өлімінің көбеюіне, сәбилердің шетінеуіне, халық денсаулығының төмендеуіне тек медицина қызметкерлерін ғана жауапты санап келсек, енді, міне, мұндай келеңсіздіктердің болуына әсер ететін түрлі себепсалдарларға көңіл бөлініп, оған тосқауыл қоюдың жолдары белгіленіп отыр. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жүтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың қүрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді.
Дені сау болуы үшін адамның өз басы ұдайы және айтарлықтай күш жүмсау керек. Бұларды ештеңемен алмастыруга болмайды. бақытына қарай, адамның жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік қалпына келтіре алады. Бірақ қартаю мен аурудың ұлғаюы дәрежесіне қарай, қажетті күш жүмсауда арта түседі. Күш жұмсау мөлшері, негізінен, ынталандыру арқылы анықталады, ынталандырулар - мақсаттың маңыздылығымен, уақытпен және оған жету мүмкіндігімен анықталады! Әрине, ол әрбір адамның мінезіне де байланысты. Өкінішке қарай, адамның сырқаты асқынып, өлім жақында-ғанда ғана денсаулық, аса маңызды мақсат ретінде, адамның көз алдына келеді. Алайда әлсіз, баянсыз адамды өлім де ұзақ уақыт үрейлендіре алмайды. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бүлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дүрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты - бақытты өмір сүру! Өкініштісі, алғашқы шарттарсыз бақыт та денсаулықты баянды ете алмайды. Егер өмірде бақыт болмаса, алғашқы төрт шартты орындауға да қүштарлық шамалы болады. Әттеген-айы осы. Табиғат ана мейірбан ғой: қимыл-әрекет жасап, біраз алқынып, терлеп-тепшіп, қан тамырыңыз екі есе қатты соғатындай етіп, күніне 20-30 минуттан дене шынықтырумен айналыссаңыз жетіп жатыр, Егер осы уақытты екі есе көбейтсеңіз, тіпті жақсы. Адам өзін тамақ ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз, ол орта есеппен бойыңыздың үзындығынан 100 сантиметрді алып тастағандағы санға тең болғаны тиімді.
Бой жазу - сөре алдындағы реакцияларды жетілдіру және бабына ену қызметін жетілдіру және бабына енудің қызметін жетілдіру факторлары ретінде.
Бой жазу дегеніміз - ағзаны алдағы қызметке дайындауға қажетті жаттығулардың жиынтығы яғни бабына ену процестерін қамтамасыз етеді. Бой жазу кезіндегі симпато - адренал жүйесінің қозуы ағзаны біршама ығыысуға ұышратады. Катехоламиндер формациясы арқылы қыртыс орталықтарының қызметі күшейеді. Қанда эритроциттердің саны өсіп, қандағы оттегінің сыйымдылығы артады. Жүректің соғу жиілігі мен систолалық көлемі өседі де, қанның минөттік көлемі мен жиілігі өседі. Жұмыс атқаратын бұлшық еттерде жылу шығару бағамдары ұлғаяды. Соның нәтижесінде биохимиялық түзілістер жылдамдығы мен бұлшық еттер қозуы артып, олардың котоидтарының тұтқырлығы төмендейді, ішкі үйлесімде күш-қуаттың бөлінуі азаяды. Дене қызуының көтерілуі тері тамырларында симпатикалық қозғалуларды төмендетеді. Тамырлар кеңейеді, тері қызарады, тер шығару бездерінің қанмен қамтамасыз етілуі артып, тер шығуы көбейеді. Тердің шыға бастауы жылуды реттейтін бөліктердің жұмыс атқару даярлығын сипаттайды, сондықтан ол жазылу тиімділігінің көрсеткіші ретінде қолданылады. Жазылу уақытының ұзақтылығы 10 мен 30 мин аралығында өтеді. Жазылу жалпы және арнайы деп екіге бөлінеді. Алдағы орындалатын жұмы пен жазылу арасындағы уақыт аралығы 10-15 мин, бірақ спорттың әр түрі үшін, оның мөлшері 3 мин-тен 20-30 мин аралығында болады.

Жастар үшін тағы бір арнайы айта кететін нәрсе бар. Әрине, сіздің қазірше деніңіз сау, қайдағы бір келешекте б.олуы мүмкін ауру-сырқаулармен басты қатыру сізге әлі ерте сияқты. Дегенмен уақыт тез өтеді... Осыны естеұстаңыз!
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз Дені саудың - жаны сау деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі - салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Денсаулық қашанда алғашқы орында. Дені сау, жаны таза адам - қоғам байлығы. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деген қағиданы мықтап ескерген билік өкілдері соңғы жылдары денсаулық сақтау саласына айрықша ден қоя түсті. Сөйтіп, түрлі аурудың алдын алу бағытындағы іс-шараларды күшейтіп, бұған айрықша мән бере бастады. Оған кететін қаржыны да көбейтті. Ескірген құралжабдықтарды жаңарту мәселесіне де көңіл бөлінуде.
Денсаулықтың мықты болуы көбіне адамның өзіне байланысты. Қаншама адам зардап шегіп, әр түрлі ауруға шалдығып жүр десеңізші! Ол бейшаралар қазіргі кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кеткен емші-экстрасенстарге алданып, ауыруларын әбден асқындырып алып, емханалар мен дәрігерлердің бірінен екіншісіне жүгіріп, әуре-сарсаңға түсуде. Өз денсаулығын өздері бүзып жүрген осындай адамдарды көргенде, шарасыз жағдайларына жүрегініз сыздап, қапаланып қаласыз.
Ғылыми-техникалық даму қоршаған ортаны ғана емес, сонымен бірге адамның өмір сүру жағдайын да өзгертеді. Яғни, олардың жаңа жағдайға бейімделу қажеттілігі де артты. Дегенменадам организмінің қоршаған ортаның зиянды әсерлерімен күресу шамасы әбден таусылғанда ғана барып, гипертония (қан қысымының артуы), жүрек инфаркты, невроз, вегетодистония, рак, қант диабеті және семіздік сияқты аурулардың пайда болатынын зерттеулер көрсетіп отыр. Адамдардың көпшілігі өз организмінің кез келген ауруға қарсы күресетін табиғи кү-ш і бар екенін ескере бермейді. Әрбір адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүзу спортының тарихы
Адам қаңқасының құрылысы
ҚИМЫЛ ДАҒДЫЛАРЫ ДАМУЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
Спортшыларды дайындау
Қимыл дағдылары қалыптасуының кезеңдері
Дене жаттығулары физиологиясының қызметтер жүйесі
Қазақстан Республикасы дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Дене тәрбиесі жаттығуларының жіктемесі
Қаңқа бұлшықеті - дене жаттығуларын жасайтын басты аппарат
Пәндер