Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграралық Зерттеу Университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Өсімдік және карантин кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Орман екпелерін есепке алу және бағалау әдістері, оларды жақсарту.

Орындаған: Айдарқызы Ақжан
Тобы: Лр-301
Қабылдаған: Даутова З.А

Алматы-2021
Жоспар
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Екпе орман ісінің есепке алынуы және қайта қалпына келтірілуі ... ... .
2.2. Екпе орман өндірісінің жағдайын бағалау және әдісі мен тәсілдері ... .
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Орманды өсіру бұл ұзақ мерзімді процесс, ол ондаған жылдармен өлшенеді. Өсіру кезінде жіберілген қателіктер бірден байқалмайды және оларды түзету мүмкін емес. Осы себептерге байланысты орман мамандары екпе орман жұмыстарын жүргізуде алқа ағаштарын табиғи өсіру, құру кезінде оның теориясы мен практикасын жақсы игеруі тиіс. Ғылыми негізделген шаралар кешенін қолданған кезде ғана, өнімділігі жоғары алқа ағаштарын қолдан өсіруінің жақсы болуы мҥмкін, егер тұқым қуалаушылық сапасы жоғары тұқымды алу кезеңінен бастап, шаруашылыққа бағалы жас шыбыққа дейінгі кезең толық қамтылса экономикалық шаралар құрудың жетілдіруін қамтамассыз етуі тиіс. Орман өсірудің барлық кезеңінде екпе орман тығыздығымен тұқым құрамын жетілдіру қажет.Екпе орман жұмыстарын механикаландыру мен автоматтандыруға ерекше көңіл бөлген дұрыс. Қазақстанда екпе орман ісінің даму тарихы 1881 жылдан басталады, ал ол кезде М.К.Савичев Батыс Қазақсан облысында Оралда дала орманшылығын құрды. Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым қашықтықта аумағы 800га болатын Краснов орман саяжайы құрылып, ол жерде кәдімгі және жатаған шегіршін, жасыл және кәдімгі шаған, қотыр қайың, кәдімгі емен және үшкір жапырақты үйеңкі өсірілді. 1948 жылға дейін орман екпелері аз көлемде құрылып отырды. Ұлы Отан соғысынан кейін екпе орман жұмыстарының көлемі жылдан-жылға өсіп, сонымен қатар орман отырғызылатын аудандарда артып отырды.
Орман екпелері қоры мен түрлеріне шетел тілінде сипаттама бергенде қолданылатын терминология. Екпе орман құрамы мен оларды орналастыру. Екпе орман құрудың әдістері мен тәсілдері. Отырғызу материалдары мен көшет түрлері. Екпе орманға арналған топырақты өңдеу тәсілдері және агротехникалық шаралар. Екпелерді техникалық қабылдау және санау жұмыстары болып табылады.

Негізгі бөлім
2.1 Екпе орман ісінің жағдайы, есепке алынуы, қайта қалпына келтірілуі. Екпе орман ісінің негізгі міндеті ағаш кесу мен екпе орман құру жұмысының арасын теңестіру болып табылады. Қазақстанда жыл сайын 80 мың га орман қайта қалпына келтірілді, соның ішінде 70 мың га екпе орман отырғызу жұмысы жүргізілген. Біздің елімізде бүгінгі күнде орман қоры азайды, сондықтан орманды қайта қалпына келтіру мен қайта жаңарту жұмысын ұлғайту керек.
Екпе орман жұмысының негізгі міндеті орман заңнамаларының негізінде
құру:
:: ағашы кесілген және өртенген ормандарды қайта қалпына келтіру
мерзімін қысқарту, ағаш кесу және екпе орман отырғызу аралығын
қысқарту;
:: орманды қалпына келтіруде шаруашылық-бағалы түрлерге ауыстыру;
:: аз орманды аудандардың ормандылығын көбейту, қолайсыз жерлерде
орман өсіру оларды есепке алу және т.б.;
:: санитарлы-гигиеналық, қорғаныш және әсемдік-эстетикалық сапаны
пайдалану мүмкіндігін кеңейту.
Орман типологиясы және өсу жағдайларының типі. Екпе орман жұмысын
жобалау мен аудандастыруда орман өсетін аймақ, аймақша, ауданның
экологиялық негізі орман типологиясы болып табылады.
Г.Ф.Морозов бойынша, орман екпе ағашының типі түсінігіне ағаш
түрлерінің құрамы, өсу жағдайлары мен екпе ағаштың формасы біртекті, орман учаскесі жатады.
Орман типологиясында 3 негізгі бағыт бар:
1. Сукачевтің геоботаникалық мектебі;
2. Алексеев-Погребняктің орманшылық-экологиялық мектебі;
3. Колесниковтың типтерді генетикалық жіктеуі
Учаскені жалпы экологиялық бағалау, жасанды орманды қайта жаңарту, өсу
жағдайларының типін анықтау үшін ең ыңғайлысы Е.В.Алексеев -
П.С.Погребняктың жіктеуі (кесте 1). Жіктеуде топырақтың негізгі екі қасиеті
- топырақ құнарлылығы мен ылғалдылығы ескеріледі. Бұл екі координаттар
орман учаскесінің топырағының эдафикалық негізін құрып, топырақты жіктеуді жүйелейді.
Кесте 1 - Е.В.Алексеев - П.С.Погребняк бойынша өсу жағдайларының типін
жіктеу сүлбесі:
Гигротоптар Трофотоптар
А-борлар В-суборлар С-сугрудкалар Д-грудылар
0 - өте құрғақ А0 В0 С0 Д0
1 - құрғақ А1 В1 С1 Д1
2 - жаңа құрылымды А2 В2 С2 Д2
3 - ылғалды А3 В3 С3 Д3
4 - дымқыл А4 В4 С4 Д4
5 - сулы А5 В5 С5 Д5Өсу жағдайларының типі жіктеуін (эдатоптар) Қазақстанның орманды дала және дала аймақтарында, ұсақ шоқылы аймақтағы орманды және ормансыз тегіс жерлерде қолдануға болады.
Гигротоптар мен трофотоптар қатарының қиылысуы эдатопты құрайды
(эдафикалық немесе топырақ орны), бұл учаскенің типі. Эдатоптың атауы
трофотоптар мен гигротоптардың атауына сәйкес құрылады. Мысалы: А0 - өте құрғақ бор, В2 - жаңа құрылымды субор және т.б.

2 Орман екпе ағашындағы ағаш және бұта түрлерінің өзара ықпалы. Екпе
орман жұмысындағы ең басты сұрақтардың бірі түр аралық және түр ішіндегі
өзара ықпалын ескере отырып ағаш түрлерін таңдау мен араластыру.
Жасанды орман екпе ағашын өсіру кезінде ағаш түрлерінің бір-біріне
биохимиялық әсерін (аллелопатиялық) ескермеуге болмайды. Өсімдіктер даму үрдісі кезінде қоршаған ортаға өміршең өнімдерді, органикалық заттар мен фитонцидтерді бөледі. Бұл заттар түрлері мен концентрациясына байланысты бірге өскен өсімдіктердің өмір үрдісін белсендіруі немесе тежеуі мүмкін. Мысалы, қарағай және қайың ағаштарын қатарлап араластыру бір-біріне кері ықпалын тигізеді. Өйткені қайың күн сүйгіш қарағайды көлеңкелейді, сонымен бірге қайың фитонцидтері қарағайға кері ықпалын тигізіп, осының әсерінен қарағайдың өсуі мен дамуы баяулайды.
Екпе орман құру кезінде араластырып өсірілетін түрлердің тамыр
жүйелерінің өзара әсері сипатын міндетті түрде ескеру қажет. Өйткені
араластырып отырғызған ағаштардың тамыр жүйелері бір-бірінің таралу
аймағында орналасып, басты ағаш түрінің тамыр жүйесі жоғары ығысып топырақтың құнарлы қабатында бағыттас ағаштың тамыры таралуы мүмкін.
Ағаш түрлерінің өзара әсерін реттеудің негізгі екпе орман және орманшылық тәсілдері болуы мүмкін: екпелердің жиілігі; жекелеген түрлерді араластыру тәсілі; қатарлардың бағыты; күтіп-баптау үшін кесу. Екпе орман алқаптарының категориялары. Екпе орманға арналған алқап деп - екпе орман құруға арналған учаскені айтамыз. Шығу тегі мен жағдайы біртекті екпе орман алқаптары бір категорияны құрайды, ал категория - екпе орман қорына жатады. Екпе ормандарының есепке алынған қорының аумағы Қазақстанның мемлекеттік қорының 5,8 млн.га құрайды.
Екпе орман алқаптары келесі категорияларға бөлінеді:
Орманмен қамтылған аумақ: орман шымылдығы аумағы; сүрекдің аумағы,
бірінші кесу тәсілі жүргізілген жер; аз бағалы жапырақты жас ағаштар
аумағы.
Орманмен қамтылмаған аумақ: ағашы кесілген жер; құмдар, жыралар және
басқа да қолайсыз жерлер; алаңқайлар, ашық жерлер, тақырлар, ашық
беткейлер; ауыл шаруашылық жерлер; өртенген жерлер; сирек ормандар; ескі
өңделген жерлер; гидромелиоративті қор аумағы (кептірілген батпақтар);
пайдалы қазбалары қазылып алынған аумақтар; екпелері қураған аумақтар.
2. Екпе орман қоры категорияларының бірлестігі. Учаскенің нақты жағдайы
мен топырақ дайындау тәсіліне байланысты барлық екпе орман алқаптары
түрлері 4 топқа топтастырылған:
1. а - бос жерлер, ашық жерлер мен алаңдар, ауыл шаруашылығы
пайдалануынан шыққан жерлер, ескі ағашы кесілген және табиғи жаңаруы жоқ
жанған және қазып алынған түбірлері бар өртенген жерлер, еңістігі 60
болатын беткейлерде, топырақты жаппай өңдейміз;
2. б - ағашы кесілген жерлер, сирек ормандар мен жаңаруы жоқ өртенген
жерлерде 1га 600 данаға дейін түбірлері бар, сонымен қатар еңістігі 6-120
аралығында болатын беткейлерде, топырақты жолақтап немесе қарықтап жарым-жартылай өңдейміз;
3. в - ағашы кесілген жерлер, сирек ормандар мен жаңаруы жоқ өртенген
жерлерде 1га 600 данадан астам түбірлері бар, сонымен қатар еңістігі 12-200
аралығында болатын беткейлерде, топырақты алаңшалап немесе қарықтап жарым-жартылай өңдейміз;
4. г - ескі ағашы кесілген немесе өртенген жерлер, басты ағаш түрлерінің
жаңаруы төмен немесе төмен бағалы жұмсақ жапырақты түрлері бар немесе
бұталармен зақымданған, орман астарындағы жиілігі жоғары сиретілген екпе
ағаштар, басты ағаш түрінен екпе құру үшін алдын-ала дәліз жасап, содан
кейін топырақты қарықтап немесе алаңшалап жарым-жартылай өңдейміз.
Келтірілген екпе орман алқаптары категорияларын жіктеу, көріп
отырғанымыздай екі факторға негізделген: орманның қайта жаңару үрдісінің
жағдайы мен топырақ өңдеуде технологиялық мүмкіндіктің бар немесе жоқ
болуында (жеке тұрған ағаштар, түбірлердің саны, беткейлер).
Әрбір екпе орман қорының алқаптарында өсу жағдайының типін, сонымен
бірге экономикалық мақсатын ескере отырып екпе орман жұмысының сипаты анықталады, нақтырақ: ағаш түрлерін таңдау, араластырудың типтері мен сүлбесі, өндіріс тәсілі, отырғызу немесе себу орындарын орналастыру, күтіп-баптау шаралары, және т.б. екпе орман өсіру жобасының негізінде өңделеді.
3. Екпе орман қорының бірінші кезекте есепке алынатын жерлері.
Бірінші кезекте игеріліп есепке алынатын екпе орман қорына жататындар:
:: жаңа кесілген қылқан жапырақты ағаш түрлері мен өртенген аумақтар,
тез өсетін арамшөптермен зақымданған жерлер;
:: жоғары өндірісті топырақты орманмен қамтылмаған аумақтар, жоғары
класты бонитетті екпе ағаш өсіруге жарамды жерлер;
:: елді мекендердегі жасыл аймақ учаскелері мен өзен, көл, су
қоймасы, каналдар жағасы мен басқа да су жүйелері маңындағы тиым салынған орман жолақтары;
:: топырағы жел және су эрозиясынан бүлінген учаскелер;
:: ағашы кесілген, төмен бағалы жұмсақ жапырақты ағаштар және бұта
түрлермен жаңарған учаскелер, бұл учаскелерді бағалы ағаш
түрлерімен ауыстыру керек;
:: пайдалы қазбалары қазылып алынған және қалпын келтірілген орман
өсіруге жарамды жерлер.
Екпе орман қорын нақты кезекті игеру орман орналастыру және жобалы-
іздестіру жұмыстары кезінде анықталады.
А.Н.Протасов бойынша: Екпе ормандар типі - жекелеген басты ағаш
түрлерінен жасанды екпе ағаш құру тәсілдерін, топырақ дайындау тәсілдерінің бірлестігін, түрлер құрамының біртектігін, оларды араластыру сүлбелерін, екпелердің аумағы мен жиілігіне қарай орналастыруды анықтайды.

2.2. Екпе орман өндірісінің жағдайын бағалау және әдісі мен тәсілдері.
Орманның жаңаруы адамның қатысу дәрежесіне байланысты табиғи, жасанды және құрама болуы мүмкін. Орманның табиғи жаңаруы адамның қатысуынсыз жүреді. Табиғи жаңарған ормандар төзімді, тиімді, ұзақ өмір сүретін, бірақ әрқашан әр түрлі жағдайлар типінде бола бермейді. Жиі ұзақ мерзімге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман қорының түсінігі және Қазақстан Республикасы орман заңының принциптері
Орман ресурстарын бағалау
Орман қорын құқықтық қорғау
Орман қорын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі және олардың құзыреті
Орман қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік басқару
Қазақстандағы орман шаруашылығы мен орманды аймақтарда мемлекеттік тілдің қолданылуы: әлеуметтік лингвистикалық, когнитивтік лингвистикалық қырлары
«Орманды мемлекеттік бақылау, басқару талаптары»
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Ормандардың құқықтық режимі туралы
Орман шаруашылығы
Пәндер