Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы



Кіріспе
1 бөлім. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы

1.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәні мен мазмұны
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар


2 бөлім. ҚР. да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жоғарылату
жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі уақытта мемлекет кәсіпорынның дамуына және тұрақтылық жағдайына көп көңіл аударылып жатыр. Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызы өте зор. Кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижесі экономиканың дамуына тікелей әсерін тигізеді.
Ал кәсіпорынның қаншалықты дамуын, тек кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын дұрыс талдау арқылы көруге болады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау мен бақылау, объективті ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін нақты ұсыныстарды орындау қажет. Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттігін кепілдендіретін белгілі бір шоттар жағдайы. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршенділігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып, оны қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау жұмысын біліктілікпен жүргізу арқасында, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығын дұрыс талдап, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, жоғарыда көрсетілген елімізді ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жетуге болады. Осы курстық жұмысымның мақсаты: кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын толық зерттеп ашу. Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы қазіргі кезде еліміздің экономикасына ең үлкен әсерін тигізеді. Бұл тақырыптың өзектілігі
1. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» К. Ш. Дүйсенбаев, - Алматы
2001жыл.
2. «Методика финансового анализа» Шеремет А. Д. – Москва 1995г.
3. «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности» Минск 1995г.
4. «Анализ финансового состояния предприятия» Ковалев А. И. – Москва
1995г.
5. «Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции»
Радионова В.М., Федотова М. А. – Москва1995г.
6. «Финансовы менеджмент» №1 / 2004 Грачев А. В. «Финансовый директор
торгово-производственного холдинга».
7. «Финансовая устойчивость предприятия: анализ, оценка и управление»
Грачев А. В. – Москва 2004
8. Артеменко В.Г., Беллендир М.Ф. Финансовый анализ – Москва: ДИС,
1997, 398 с.
9. Баканов М.И., Шеремет А.Д. ''Теория экономического анализа'' – новое,
доп. и перераб – Москва: ''Финансы и статистика'', 2001 - 415 с.
10. Басовский Л.Е. ''Теория экономического анализа'': Учебное пособие –
Москва: ИНФРА-М, 2001 – 222 с.
11. Богатко А.Н. ''Основы экономического анализа хозяйствующего
субъекта'' – Москва: ''Финансы и статистика'', 1999 – 206 с.
12. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия – Алматы:
Экономика, 2998, 184 с.
13. Ефимова О.В. Финансовый анализ – Москва: Бухгалтерский учет, 1999,
315 с.
14. Кувина Г. Зачем стратегия бизнесу? Финансы и кредит 2005 №1 стр 18
15. Новости агенства «Интерфакс- Казахстана» // Бюллетень бухгалтера
2004.-№3 (353) стр 2
16. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент. М.:2005
17. Умбеталиев А.Д, Керимбек Г.Е. Кәсіпорын экономикасы Астанасы 2005

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Экономика және қаржы колледжі

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы:
Кәспорынның қаржылық тұрақтылығы

Орындаған:
Тексерген:

Жоспар:

Кіріспе
1 бөлім. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы

1.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәні мен мазмұны
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар

2 бөлім. ҚР- да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жоғарылату
жолдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі уақытта мемлекет кәсіпорынның дамуына және тұрақтылық
жағдайына көп көңіл аударылып жатыр. Нарықтық қатынастар жағдайында
кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызы өте зор. Кәсіпорынның қызметінің
қаржылық нәтижесі экономиканың дамуына тікелей әсерін тигізеді.
Ал кәсіпорынның қаншалықты дамуын, тек кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылық жағдайын дұрыс талдау арқылы көруге болады. Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын бағалау мен бақылау, объективті ғылыми негізделген
және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін
оның жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана
оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға
бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін нақты ұсыныстарды орындау
қажет. Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем қабілеттігін кепілдендіретін
белгілі бір шоттар жағдайы. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршенділігінің
кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы
болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып, оны
қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз
процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау жұмысын біліктілікпен жүргізу
арқасында, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық
тұрақтылығын дұрыс талдап, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге,
өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, жоғарыда
көрсетілген елімізді ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай
жетуге болады. Осы курстық жұмысымның мақсаты: кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын толық зерттеп ашу. Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы қазіргі кезде еліміздің экономикасына ең үлкен әсерін тигізеді.
Бұл тақырыптың өзектілігі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бақылап
талдамаған жағдайда кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауына әкеліп соғады, ол
әрине мемлекет экономикасына үлкен әсерін тигізеді.

1 бөлім. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәні мен мазмұны.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызы
өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай ақ олардың
меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және басқада
контрагенттер алдында өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері
үшін, толық жауапкершілікте болумен байланысты. Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығы жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, кәсіпорынның қаржылық
жағдайы дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған
әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі.
Профессор А. Д. Шеремет Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржыны
тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншікті капитал және
міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады1 деп жазған.
Профессор Н. А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқада қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай ақ басқада шаруашылық субъектілермен қаржылық қаржылық
қарым – қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі, оның қаржылық
жағдайының жақсылығын көрсетеді 2 деп жазған.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды. Бір қатар түрлі әдістермен есептелетін
бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді
есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу
негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз
және өмір сүру қабілеті жоқ, кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі
нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын
және келешегі барлығын куәландыруы тиіс. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы осы
кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз
шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін
уақытылы өткізуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықта өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы
дептүсіндіріледі. Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады.
Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде
анықтайды. Олардың ойынша Қаржылық тұрақтылық – бұл әрдайым төлем
қабілеттілігін кепілдендіретін белгілі бір шоттар жағдайы 3 .
В. М. Родионова мен М. А. Феодотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
Кәсіпорынның тұрақты қалыптасқан табысбың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы – қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай ақ кәсіпорынды кеңейтуге
және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы
ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық ңкәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.
Қаржылық менеджменттің теориясы мен практикасында кәсіпорынның
қаржылық – экономикалық жағдайын талдауына үлкен көңіл аударады. Осы
мақсатпен бухгалтерлік баланстың есептеулері, кірістері мен шығындарын
бағалау, ақша қаражаттарының айналуы мен жеке капиталдарын бағалау, сонымен
қатар салық және статистикалық есеп беруін нақты қарастырады. Бұл үшін,
есеп беру периодының басы мен аяғында тікелей және жанама талдау белгілі
бір құжаттар формасының есеп беруінің абсалютты, қатыстылық және басқада
кемшіліктерін, сонымен қатар өтімділік коэффициенттерін қарастырады. Бірақ
бұндай жағдайдға жақындағанда қаржылық менеджменттің бір жағын, яғни
ұйымдастырушылық бақылауын қарастырмайды. Бұл жағдайда кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын бақылау механизмін құру және қаржылық директордың
мұндағы рөлі, қаржылық – экономикалық службалар мен кәсіпорынның
ұйымдастыру мен қызмет етуі көп әсерін тигізеді 4.
Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым
табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын
көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың
Тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен,
несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін
жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы
үшін, барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін,
осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның математикалық – техникалық базасын
жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік
беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы, әсіресе өз
кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды
туғызады, оны төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің
үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Қаржылық жағдайды жақсы білуді қаржылық
тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсалюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау;
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар

Кәсіпорын жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы
және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиеленісе түседі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В. М. Радионова мен М. А. Федотова келесідей түрлерге
жіктейді:
1. Пайда болу орнына байланысты:
- Ішкі
- Сыртқы
2. Нәтижесінің маңыздылығына байланысты:
- Негізгі
- Негізгі емес
3. Құрылысы бойынша:
- Қарапайым
- Күрделі
4. Әрекет ету уақыты бойынша:
- Тұрақты
- Уақытша
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындармен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай ақ тұрақты және
айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі соммасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі маңызды факторларының бірі – бұл қаржы
ресурстарының құрамы мен құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорынның ақша
қаражаттарын қаншалықты көп тарататын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де
соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуелділік те
өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторлармен уақында есептесе ала ма, жоқ па? –
деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның қабілеттілігінің қаржылық
кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келсе, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар
сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың үлесі;
- төленген жарғылық капитплдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорынның басқару тиімділігі;
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік ету үшін техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруды, оның өз
контрагенттерімен өзара қарам-қатынасы әсер етеді. Сондықтан да
серіктестіктермен реттелген іскерлі қатынаста болу – жақсы қаржылық
жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ
қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық
тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек
бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы
көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Қаржылық жағдай кәсіпорынның
бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциялын
анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестіктерінің өзінің қаржылық
және басқада қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары
қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды.
Кәсіпоранның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең
жақсы тәсілі, бұл талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайда баға беру және оның есеп беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал тартудың көздері мен әдістері
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру
«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ
Коммерциялық банктерде несиелік процессті ұйымдастыру
Кәсіпорынның активтерін талдау
Қазіргі кәсіпорындарда басқару есебі жүйесін ұйымдастыру
ЖШС «Казтехпром-сервис» кәсіпорнының қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Міндеттемелер
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
Пәндер