Жұдырықшалы механизмнің құрылымдық анализі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Престеуші білдектің механизмдерін жобалау тақырыбындағы курстық жұмысты т.ғ.к., доцент Мырзалиев Дархан Сапарбайұлының жетекшілігімен жасадым.
Курстық жоба 3 негізгі бөлімнен тұрады. Олар: механизмнің құрылымдық анализі, кинематикалық анализі және жұдырықшалы механизм синтезі.
Жобаның Кіріспе бөлімінде машиналар мен механизмдер теориясының зерттейтін аумағы, зерттеу мақсаты, зерттеу әдістері жайында, курстық жобаның мақсаты жазылған.
Келесі бөлімдерде механизмнің құрылымдық анализі, механизмнің кинематикалық анализі, кинематикалық диаграммаларды құру, жұдырықшалы механизмнің синтезі анықталған.
Курстық жоба 36 беттен, 11 суреттен, 77 формуладан, 1 кестеден тұрады.
Қорытынды бөлімінде транспартердің механизмдерін қандай әдістермен зерттелгендігі жайында жазылған. Және курстық жоба А1 форматтағы екі сызба жұмысынан тұрады. 1-ші А1 форматта механизмнің 12 орындар планы, жылдамдықтар планы, үдеулер планы, орын ауыстыру, жылдамдық және үдеудің диаграммалары есептелген мәндер бойынша сызылған. Ал 2-ші А1 форматта жұдырықшалы механизмнің кинематикалық диаграммалары құрылып, минимал радиусы анықталып, жұдырықшалы механизмі синтезі сызылған.

Мазмұны

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
1. Механизмнің құрылымдық анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
2. Механизмнің кинематикалық анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2.1 Механизмнің 12 орын үшін орындар планын құру ... ... ... ... ... ... ... .
13
2.2 12 орын үшін жылдамдықтар планын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15
2.3 2 орын үшін үдеулер планын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.4 Кинематикалық диаграммаларды құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.5 Есептеу нәтижелерін тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. Жұдырықшалы механизм синтезі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.1 Жұдырықшалы механизмнің құрылымдық анализі ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2 Кинематикалық диаграммаларды құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.3 Жұдырықшаның минимал радиусын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.4 Жұдырықшаны пішіндеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Анықтамалар

Машина - деп адамдардың ой еңбегі мен қол еңбегін жеңілдету мақсатында информацияны, материалдарды және энергияны түрлендіру үшін механикалық қозғалыс жасайтын жабдықтарды атайды;
Звено - механизмдердің құрамына енетін бір немесе бірнеше өзара қатаң қосылған қатты дене ;
Кинематикалық жұп - өзара салыстырмалы қозғалыста болатын, жанасқан екі звеноның қосылысы ;
Механизм - бір немесе бірнеше қатты денелер қозғалысын басқа денелердің қозғалысына түрлендіруге арналған денелер жүйесі ;
Тірек (стойка) - қозғалмайтын звено немесе қозғалмайды деп есептелетін звено;
Айналшақ (кривошип) - қозғалмайтын ось арқылы толық айналыс жасайтын рычагты механизм звеносы ;
Кулиса тасы - қозғалмалы звеномен өзара ілгерілемелі жұп жасайтын звено. Қозғалмалы звеноның өзін кулиса деп атайды ;
Бұлғақ (шатун) - тіреуішпен өзара кинематикалық жұп жасайтын рычагты механизм звеносы ;
Тиек (ползун) - тіреуішпен өзара ілгерілемелі жұп жасайтын рычагты механизм звеносы ;
Төменгі жұп - звенолары өзара беттер арқылы жанасатын кинематикалық жұп ;
Жоғарғы жұп - звенолары тек сызық немесе нүкте арқылы жанасатын кинематикалық жұп;
Кинематикалық тізбек - өзара кинематикалық жұп жасап байланысқан звенолар жүйесі ;
Күйенте - қозғалмайтын ось арқылы толық айналыс жасамайтын рычагты механизм звеносы ;
Иін - білікті (рычагты) механизм - звенолары өзара тек қана төменгі құрайтын механизм.
Жазық механизм - звенолар нүктелерінің траекториялары бір немесе бірнеше параллель жазықтықта орналасқан механизм.
Жалпыланған координаталар - берілген лездіктегі звеноның мүмкіндік орнын толық және бір мәнде анықтайтын өзара тәуелсіз шамалар.
Еркіндік дәреже саны - звеноның жалпыланған координаталарының саны.
Масштап коэффициенті - физикалық шаманың сан мәнінің сұлбадағы сол шаманы бейнелейтін сызық ұзындығына қатынасы.
Ассур тобы (құрылымдық топ) - жұптың сыртқы элементтеріне байланысты еркіндік дәрежесі нольге тең және осы шарттарды қанағаттандыратын қарапайым кинематикалық тізбектерге бөлінбейтін кинематикалық тізбектер.

Кіріспе

Машина жасаудың басты міндеті - өнеркәсіптің барлық салаларын, ауылшаруашылығы мен ғылымды жоғары сапалы приборлармен қамтамасыз ету.
Машина жасаудың даму деңгейі едәуір дәрежеде еліміздің техникалық прогресс жолындағы жетістіктерін, қоғамның материалдық байлығының өсуін, халықтың әл-ауқатының және еңбек жағдайларының жақсаруын анықтайды. Сондықтан да еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларында машина жасауды дамытуға көп көңіл бөлініп, жекелеген машиналар мен технологиялық процестерді жетілдіру, өндірістің барлық саласын механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары машиналар, жабдықтар, приборлар жасауға, оларды жаппай қолдануға көшуді дәйекті түрде жүзеге асыру міндеті қойылған.
Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі жоғары талабына сай мамандар даярлау- аса маңызды іс.
Машина жасау салаларының мамандарына жаңа машиналар мен механизмдер жобалайтын инженер-конструкторлар үшін де, машина жасау өнеркәсібі және оларды пайдалану саласында істейтін инженер-механиктер үшін де, ғылымның көптеген салаларымен бірге машиналар мен механизмдер теориясы (ММТ) білімдері өте қажет.
Әр түрлі приборларда, машиналарда және автоматты линияларда қолданылатын механизмдерді жетілдіруде, қазіргі талапқа сай жаңа машиналар мен механизмдер жобасын жасауда ММТ-ы ерекше орын алады.
Машиналар мен механизмдер теориясы механикалық жалпы принциптері мен заңдарына сүйене отырып қазіргі бас механизмдерді зерттейді және ерекше механизмдер жүйесін жасау әдістерін құрастырады. Машиналар мен механизмдер теориясынан курстық жоба осы пәнді игеріп, оқудың бір түрі болып есептеледі және мұнда пәннің негізгі бөлімдері қарастырылады.
Курстық жобаның негізгі мақсаты:
-пәннің материалдарын жақсылап ұғып, түсініп білуге септігін тигізу;
-студенттерді машиналар механизмдерін зерттеу және жұмыстың бастапқы кезеңдерінде өздігінен зерттеу, есептеу, графиктік жұмыстарын жүргізуге үйретіп, өзгерістер енгізіп, өздігінше шешім қабылдауға және жаңалықтар ашуға бейімдеу;
-механизмдерді жасаудың және зерттеудің жалпы тәсілдерін әр түрлі қызмет атқаратын белгілі машиналар мен жабдықтар және приборлар механизмдерін жасау және зерттеу үшін қолдана білуді үйрету;
-студенттерді жұмыстың есептерін шығару жолдарын ізденуде творчествалық ойлануға баулу;
-жұмысты қорғау кезіндде көпшілік алдында өзінің істеген жұмыстарының қорытындысын айтып, қабылдаған шешімдерін дәлелдеп, түсіндіріп баяндауына мүмкіндік беру.
Курстық жобада графиктік әдістермен есептер шығару қолданылады. Графиктік тәсілдерінің ерекшелігі-олардың оңайлылығы, көрнектілігі және жеңіл тексерілетіндігі. Сондай-ақ оның дәлдігі көпшілік практикалық есептерді, біркелкі графикалық операциялар жүргізілетін жағдайда графиктік тәсілдерді қолдану қиындайды, ол өте қиын есептерді шығару және жоғары дәлдік қажет болған жағдайларда, мұны қолдану болмай қалады.
Машина жасау салаларының болашағы көлемі шағын электрондық жүйелі санды программамен басқарылатын автоматты жабдықтар өндірісінің, ауыр және сирек кездесетін білдектер мен машиналар, жоғары дәлдікті білдектер өндірісінің жедел дамуымен байланысты.

1 Механизмнің құрылымдық талдауы

Механизмге құрылымдық талдау жүргізген кезде қозғалатын және қозғалмайтын звенолар санын, кинематикалық жұптар класын және еркіндік дәреже санын анықтаймыз. Механизмді Ассур топтарына жіктеп, классификациясын анықтап, қандай класқа және қандай түрге жататындығын қорытындылауымыз қажет.
Маған пресс білдектің рычагты механизмі берілді (сурет 1.1).

Сурет 1.1. Пресс білдектің рычагты механизмі

Бұл механизм келесі звенолардан тұрады:
0 - тірек;
1 - айналшақ;
2 - бұлғақ;
3 - күйенте;
4 - бұлғақ;
5 - тиек;
Демек, бұл механизм тіректен және бес қозғалмалы звенодан тұрады.
Енді, механизмнің қандай кинематикалық жұптардан тұратындығын анықтаймыз.
1. А(0,1) - Vкласты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
2. В(1,2) - V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
3. С(2,3) - V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
4. С`(2,4) - V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
5. D(3,0) - V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
6. E(4,5) - V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
7. E`(5,0) - V класты, ілгерілемелі, жазық, төменгі кинематикалық жұп.
Берілген рычагты механизм тек қана V класты жазық, төменгі кинематикалық жұптардан тұратын болғандықтан жазық механизм болып табылады.
Жазық механизмнің еркіндік дәреже саны Чебышев формуласымен анықталады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машиналар мен механизмдер теориясы
Рычагты механизм - звенолары тек төменгі кинематикалық жұп жасап байланысатын механизм
Механизмнің құрылымдық анализі
Механизмнің кинематикалық анализі. МЕХАНИЗМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАЛДАУЫ
Механизмнің кинематикалық анализі
Рычагты механизм
СИЛОВОЙ АНАЛИЗ РЫЧАЖНОГО МЕХАНИЗМА
Курстық жобаның тақырыбы Баспа механизмдерін жобалау
Көмірұнтақтағыш механизмі
Механизмді құрылымдық талдау
Пәндер