ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Отбасы құқықтарының түсінігі мен пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Отбасы құқығының қайнар көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
II. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.1 Отбасы құқықтық қатынастарының субъектілері мен объектілері ... ... ...19
2.2 Отбасы құқықтарының қатынастарының пайда болуы өзгертілуі және тоқтатылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.3 Отбасы құқықтық қатынастарын реттейтін органдар жүйесі ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
КІРІСПЕ
Отбасы әлеуметтік бірлік ретінде, әрдайым әлемдік дамудың басты элементтерінің бірі ретінде қарастырылған. Отбасының басымдылығы идеологиясы, қоғам мен адамның өмір сүруі және дамуы үшін отбасының қажетті құндылығы көптеген нормативтік актілерде бекітілген. Осы құжаттардың негізгі ережелерінің бірі, отбасы институтының қоғам тарапынан қорғалуы, барлық мемлекеттердің ұлттық отбасы саясатын жетілдіруі болып табылады. Отбасы саясатының алдына қойған негізгі мақсаты қоғам дамуының күрделі мәселелерін шешу барысында отбасы мүмкіндіктерін қоғамдық институт ретінде белсенді пайдалануға жағдай жасайтын технологиялар мен механизмдерді жетілдіру болуы тиіс. Отбасы әлеуметтік жүйе ретінде өзінің болмысын қатынастардың нақты түрлері арқылы жүзеге асырады және осындай отбасы-неке қатынастары қоғам өмірінің негізгі заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясымен реттеледі және қорғалады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: отбасы қатынастарын реттеуге ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр тікелей әсер етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: отбасы мүшелерінің арасында пайда болатын отбасы қатынастарын реттеу.
Курстық жұмыстың міндеті: отбасы құқықтық қатынастарын ажыратып көрсету.
Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге сонымен қатар ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.
Отбасы және неке сауалы коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некеге тұруының жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл курстық жұмыста біз неке және отбасы қатынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз. Неке бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт болғандықтан, осы ерлі зайыптылардың арасындағы қатынас, олардың шетелдің қатысуымен болғандықтағы ерекшеліктері осы курстық жұмыстың зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқығының басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес.
Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, пайдаланылған әдебиеттерден, қорытындыдан тұрады.
І. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ
1.1 Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Отбасы құқығы Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп реттейді. Отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Отбасы құқығын реттейтін қатынастарға мыналар жатады:
- некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
- отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
- азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасының неке-отбасы зандары:
1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
2) ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының тендігі;
3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;
8) отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру принциптеріне негізделеді.
Мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылған неке ғана танылады. Некеге тұруы кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттык, тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы кұкықтары тек заң негізінде және отбасы мүшелері мен өзге де азаматтардың денсаулығын, адамгершілігін, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сондай шамада ғана шектелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексінен, отбасылық құқық нормалары қамтылатын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексімен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық кодекстер қолданылады, өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мәніне қайшы келмейді Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексінде көзделген қатынастар кодекстермен немесе тараптардың келісімімен реттелмеген және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайларда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке-отбасы және (немесе) азаматтық кодекстердің нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады.
Аталған жағдайларда кодекс ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, неке отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке-отбасы немесе азаматтық кодекстердің жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып айқындалады.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік, немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да салаларының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құруы мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. [І: 2; 34-35бб.]
Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да осында жатыр.
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипаты да неке-отбасы қатынастарының ерекшелігі болып табылады. [ІІ: 1; 34-35бб.]
Мәселен, бала асырап алу бала асырап алушы мен асырап алынушының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды Неке және отбасы туралы Кодекс нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 2011ж., 26-желтоқсандағы Неке және отбасы туралы Кодексі болып табылады. Неке және отбасы туралы Кодекс 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213-баптан тұрады.
1-бөлімдегі Жалпы ережелерде неке-отбасы кодексінің негізі жасалып, осы кодекспен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
Неке деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру,оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
Отбасыдеп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
Қорғаншылық және қамқоршылық деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастыралады.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады.Неке және отбасы туралы Кодексінің 4-бабында. [ІІ: 2; 87-88бб.]
Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ.
Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі кажет. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып козғай алады. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі. [ІІ: 3; 46-47бб.]
Қазақстан Республикасы Неке және отбасы туралы кодексінің 11-бабында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар көрсетілген. Некеге тұруға:
- біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
- тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-карындастардың);
- асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
- біреуін болса да психикалық ауруының немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz