Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
А. М. Сағатов, Ж. А. Көжекбаев, Т. А. Тынышбаева, А. Б. Шырын, Ә. Ж. Сәрсен, Р. А. Жолдасқали, Г. . Жармаханова, С. М. Отаралы
6В010600-Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Білім бағдарламасы 6B010600 - «Музыкалық білім»
Ақтөбе 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ атындағы АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
МУЗЫКА және ХОРЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
«Диплом қорғауға жіберілді »
Кафедра меңгерушісі
Ж. Ж. Қартбаева
« » 2021ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Патриоттық тәрбиедегі қазақ халық әндері (жалпы білім беретін мектептің 6-шы сынып негізінде)
Білім бағдарламасы 6В010600 «Музыкалық білім»
Орындады: Сағатов А. М.
Көжекбаев Ж. А.
Тынышбаева Т. А.
Шырын А. Б.
Сәрсен Ә. Ж.
Жолдасқали Р. А.
Жармаханова Г.
Отаралы С. М.
Ғылыми жетекші
п. ғ. к., доцент Алписова Г. Т.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 «Қазақстан Републикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан 2010.
2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. - Алматы, 2004. № 2. - 8 б.
3 Уманов Г. А. История создания и тенденция развития
профессионально-технического образования в Казахстане. Дисс. На
соиск. учен. степени док. пед. наук. 13. 00. 01. - Алма-Ата, 1970. - 43 с.
4Кунантаева К. К. Развитие образования в Казахстане 1917-2000 годы.
-Алматы, 2001. -207с.
5 Жанпеисова К. К. Формирование основ политической культуры
старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы. Алматы:
1993. -232 с. Алматы, 1997. -85с.
6 Макатова Ж. Развитие гражданского воспитания в школах
Казахстана в 1917-1933 г. г. Автореф. Дисс. Канд. пед. наук. 13. 00. 01. -
Алматы, 1994. -39с.
7 Омарова С. Б. Формирование гражданственности ущащихся 5-7
классов общеобразовательной школы. Автореф. Дисс. Канд. пед. наук.
13. 00. 01. -Алматы, 1997. - 30 с.
8 Трифонов В. В. Система подготовки будущих учителей к работе с
трудными подростками. Автореф. Дисс. канд. пед. наук. 13. 00. 01. - Алматы,
1992. -28 с.
9 Керимов Л. К. Система воспитательной работы с педагогически запущенными детьми. Автореф. Дисс. канд. пед. наук. 13. 00. 01. - Алматы, 1992. -28 с.
10 Сейдахметова Л. С. Қазақстан мектептерінде оқушыларды
патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар) . Пед. гыл. канд. 13. 00. 01.
Автореф. - Алматы, 2001. - 25 б.
11 Нурмукашова С. Развитие военно-патриотическое воситание
старшеклассников в школах Казахстана (1960-1985) : Автореф. 13. 00. 01.
Канд. пед. наук. - Алматы. 1992. - 28 с.
12 Ұзақбаева С. А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық
дәстүрі. - Алматы, 1990. - 30 б.
13 Оразалиева М. А. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық
аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастыру. Автореф.
дис. канд. пед. наук. - Алматы, 1998. - 23 с.
15 Иманбаева С. Т. Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың педагогика және білім тарихы, этнопедагоика. Пед. ғыл. канд . . . 13. 00. 01. дисс. - Алматы, 1999. - 122 б.
16 Ешімханов С. Патриотическое воспитание школьников во внеурочной работе в годы Великой Отечественной войны (на материалах Каз. ССР) : Автореф. дисс. Канд. пед. наук. 13. 00. 01. 1978, - 22 с.
17 Жұматаева Е. Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Автореф. дисс. пед. ғылымдарының канд. 13. 00. 01. -Алматы, 1993. - 28 б.
18 Табылдиев А. Методика преподавания эпических произведений в
казахской средней школе. Дисс. Канд. пед. наук (по методике преподавания
казахской литературы) . 13. 00. 02. Фрунзе, 1967. - 52 с.
19 Бейсембаева А. А. Патриотическое воспитание старшеклассников
средствами казахского пероического эпосса: Автореф. канд. пед. наук.
13. 00. 01. - Алматы, 2004. - 28 с. ВАК
20 Джанабаева Р. А. Қазақ халық педагогикасындагы патриоттық-ерлік тәрбиесінің ғылыми негіздері. Пед. ғылымдарының док. 13. 00. 01. Авторефераты. - Алматы, 2007. - 45 б.
21 Қалиев Ж. Халық педагогикасы құндылықтары негізінде
оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Пед. ғыл. канд. дисс. 13. 00. 01. Автореф.
Астана, 2005. -27 б.
22Құсайынова Д. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып
оқушыларына патриотыққа тәрбиелеу: Пед. ғыл. канд. дисс. 13. 00. 01. - Алматы,
1999. -135 б.
23Белгібаева Г. Қ. Болашақ мамандарды бастауыш сынып оқушыларына халық ауыз әдебиеті арқылы патриоттық тәрбие беруге даярлау. Пед. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін дайынд. дисс. - Қарағанды, 2006. - 188 б.
24 Жұбанов А. Қ. Музыка әліппесі. - Қызылорда: Қазақстан, 1933. -
596.
25Болдырев Н. И. Нравственное воспитание школьников. - М.,
Педагогика, 1979. - 224 с.
26Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен
тарихы. Алматы, «Білім», 2003. -280 б.
27Кабалевский Д. Б. Идейные основы музыкального воспитания в
Советской Союзе. // Совет. музыка. -1970. № 9. - С. 14-21.
28Кенжебаева Р. Н. Оқыту үрдісінде халық педагогикасы арқылы
оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру. пед. ғыл. канд. дисс.
13. 00. 01. Автореф. Шымкент, 2005, - 26 б.
29 Выготский Л. С. Психология искусства. - М. : Искусство, 1968. -
576 с.
30 Рубинштейн С. А. Основы общей психологии. Санкт-Петербург,
1999. -704 с.
31 Жарықбаев Қ. Б. Антология педагогических мыслей казахского
народа. Алма-Ата, 1994. - 98 с.
32 Алиев Ю. Б. Формирование духовного мира школьника-подростка
средствами музыки. // Проблемы теории и методики эстетического
воспитания школьников: Материалы Всесоюз. симпоз. Под. общ. ред.
М. Д. Табородзе. - Тбилиси, 1980. - С. 212-224
33 Апраксина О. А. Становление и развитие музыкального воспитания в
советской общеобразовательной школе. Автореф. дисс. на соиск. учен,
степени докт. пед. наук. 13. 00. 01. - М., 1971. - 42 с.
34 Стриго Т. В. Воспитание советского патриотизма у школьниов -
подростков в процессе музыкальной деятельности (на базе молдавской
образов, школы) . Автореф. дисс . . . канд. пед. наук 13. 00. 01. -М., 1981. - 19 с
35 Макатова Ж. Развитие гражданского воспитания в школах
Казахстана в 1917-1933 г. г. Автореф. Дисс. Канд. пед. наук. 13. 00. 01.
Алматы, 1994. -39с.
36 Умарова С. Б. Формирование гражданственности ущащихся 5-7
классов общеобразовательной школы. Автореф. Дисс. Канд. пед. наук.
13. 00. 01. -Алматы, 1997. - 30 с.
37 Трифонов В. В. Система подготовки будущих учителей к работе с
трудными подростками. Автореф. Дисс. канд. пед. наук. 13. 00. 01. - Алматы,
1992. -28 с.
38 Керимов Л. К. Система воспитательной работы с педагогически запущенными детьми. Автореф. Дисс. канд. пед. наук. 13. 00. 01. - Алматы, 1992. -28 с.
39 Оразалиева М. А. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық
аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастыру. Автореф.
дис. канд. пед. наук. - Алматы, 1998. - 23 с.
40 Нурмукашова С. Развитие военно-патриотическое воситание
старшеклассников в школах Казахстана (1960-1985) : Автореф. 13. 00. 01.
Канд. пед. наук. - Алматы. 1992. - 28 с.
41 Сейдахметова Л. С. Қазақстан мектептерінде оқушыларды
патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар) . Пед. ғыл. канд. 13. 00. 01.
Автореф. - Алматы, 2001. - 25 б.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
1. Халық әні арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері
- Қазақ халық әні бастауыш сынып оқушыларынапатриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері 7
- Қазақ халық әні арқылы бастауыш сынып оқушыларынапатриоттық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы 29
2. Қазақ халық әні арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесі
2. 1 Қазақ халық әні арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді меңгеру тәжірибесі 41
2. 2 Қазақ халық әні арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру тиімділігінің педагогикалық шарттары 60
3. Тәжірбиелік эксперемент бөлімі
3. 1 4 сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру бойынша эксперименттік іздеу жұмыстарының кезеңдері
3. 2
Қорытынды 71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 70
КІРІСПЕ
Жеткіншектердің патриоттық тәрбиесі педагогикадагы аса бір күрделі де көпжақты проблема. Ол интернационалдық тәрбиенің, ұлттық сана-сезім мен құндылық бағдарды, арман-тілекті қалыптастырудағы ерекше проблемалар мен диалектикалық бірлікте болады.
Тарихи дамудың объективті ерекшеліктері әртүрлі кезеңдердегі педагогикалық процесте өзгеріске түсе отырып, патриоттық тәрбиенің мазмұнын, оның оқу-тәрбие процесіндегі рөлі мен орнын анықтады, міндеттерін нақтылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қазақстандықтарды патриоттық рухта тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіруді ұлттық идеологияны қалыптастыруды, оның ұлт болашағы үшін маңыздылығын күн тәртібінен түсірмей келеді[1, 2б] .
Оқушыларды Отан туралы біліммен қаруландыру, патриоттық сезімін, азаматтық, адамгершілік құқығын тәрбиелеу, мектеп ұжымдарында, сабақтарда және сабақтан тыс мерзімде мінез-құлық дағдысын саяси мәдениетін қалыптастыру мәселелерін өздерінің еңбектерінде Г. А. Уманов, К. К. Құнантаева, Қ. К. Жанпейісова, Ж. Мақатова, С. Б. Омарова, В. В. Трифонов, Л. К. Керімов, [3, 32б; 4, 12б; 5, 23б; 6, 16б; 7, 28б; 8, 32б; 9, 42б]
Ұлттық салт-дәстүрлер, халық әндері, музыка өнері арқылы оқушыларға оқу-тәрбие процесінде адамгершілік-эстетикалық, патриоттық тәрбие беру процесін ұйымдастыру мәселесіне де біраз назар аударылып жүр Л. С. Сейдахметова, НурмукашоваС, С. Ұзақбаева, Оразалиева М. А; Иманбаева, Ешімханов C [10, 2б; 11, 35б; 12, 24б; 13, 23б; 14, 3б; 15, 56б] .
Дегенмен, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге және озық педагогикалық тәжірибеге жасаған талдау, қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру проблемасы бүгінгі таңға дейін тәрбие теориясында да, практикасында да өз деңгейінде зерттелмегендігін, нақтырақ айтқанда қазақ халық музыкасының оқушылардың патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталмағанын, тиімді әдіс-тәсілдерінің, амал-жолдарының айқындалмағанын, ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жасалмаған көрсетеді. Демек, оқушылардың патриотизмін қалыптастыруға деген қоғамның сұранысы мен мектептегі, соның ішінде бастауыш сыныптарда патриоттық тәрбиенің жағдайы арасында; қазақ халық музыкасының патриоттық тәрбиедегі жоғары мүмкіндіктері мен оларды мектепте жеткіліксіз пайдалану арасында; оларды мектеп практикасында кең көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы анық байқалады. Осы міндеттердің тиімді педагогикалық жолдарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Қазақ халық әні арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: оқушылардың патриоттық тәрбиесі.
Зерттеу пәні: қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі.
Зерттеудің мақсаты: қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау.
Зерттеудің болжамы: патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тиімділігі артады, егерде: патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасы окушыларға сабақтан тыс іс-әрекеттерде жүйелі бірізділікте меңгертілсе; музыкалық материалдар нақты өлшемдер арқылы арнайы сүрыптаудан өткізілсе; оқушыларға қазақ халық музыкасын белсенді шығармашылықпен қабылдату және эмоциональдық әсермен орындату қамтамасыздандырылса. Өйткені бұның бәрі, біріншіден, оқушылардың патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасына аялы көзқарасы мен қызығушылығын арттырады, екіншіден, оларды эмоционалдық салада жетілдіріп, бейнелі ойлауға дағдыландырады, ұлттық сана-сезімін, адами қасиеттерін қалыптастырады.
Зерттеудің міндеттері:
1 Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбиесінің мәні мен мазмұнын ашып корсету.
- Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларынапатриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін тұлға және оның дамуындағы әрекеттің рөлі туралы білімнің мәнін ашып көрсететін философиялық, психологиялық, педагогикалық, тұжырымдамалар, қазақ халық педагогикасы материалдарын, соның ішінде халық музыкасын бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану проблемасын зерттеуге деген тұлғалық-әрекеттік тәсіл құрайды
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша оқу-тәрбие процесі құжаттарына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, ашық тәрбие сағатын өткізу, және өмірде пайдалану.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:
1. Қазақ халық музыкасы негізінде үйірме жұмысының бағдарламасы үшін патриоттық мазмұндағы шығармалар сұрыпталды;
2. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына
патриотизмінің қалыптасу моделі жасалды және оны жүзеге асырудың
педагогикалық шарттары анықталды;
3. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына
патриотизмін қалыптастырудың мазмұны және әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің негізгі қағидалары, қазақ халық музыкасы бойынша сұрыпталған патриоттық мазмұндағы шығармалар, үйірме жұмысының бағдарламасы, сыныптан тыс патриоттық тәрбие жұмыстары бойынша мектеп практикасына ендірілді. Ұсынылған әдістемелік нұсқаулар мектеп мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне бастауыш сынып оқушыларына қазақ халық музыкасы арқылы патриоттық тәрбие беруде көмек болады. Зерттеу материалдарын сонымен бірге, мұғалімдер даярлайтын арнайы орта және жоғары оқу орны практикасында, нақтырақ айтқанда музыка тәрбиесі әдістемесі пәнінде, тәрбие жұмыстары бойынша ұйымдастырылған арнайы курстарда пайдалануға болады.
Қорғауда ұсынылатын негізгі қағидалар:
- Қазақ халық жалпы тәрбие жүйесіндебастауыш сынып оқушыларына музыкалық-эстетикалық тұрғыда дамытуданегіз болумен ғана шектелмейді, ол патриотизмді қалыптастырудыңұтымды факторы болып табылады, өйткені ол музыкалық бейнелер арқылыоқушыларды өз Отанының мүддесі үшін, үлгі боларлықтай жоғары деңгейдеқызмет етуге баулиды, туған жерін, елін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін сүйебілуге, оларды келешек ұрпаққа жеткізе білуге үйретеді.
2. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының
патриотизмін тиімді қалыптастыру мынадай
шарттарды ескерумен
қамтамасыздандырылады
патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасымен танысу процесінде оқушылардың идеялық-адамгершілік білімі мен музыкалық-эстетикалық дамуы бірлігін ескеру; қазақ халық музыкасын қабылдау барысында алған әсерлі сезімін дамыту тәрбие жұмысына қажетті патриоттық бағыттағы қазақ халық музыкасын
сұрыптау; оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін қалыптастыруда белсенді-
шығармашылықты қабылдау мен эмоционалдық-бағыттық саланың бірлігін
қамтамасыздандыру.
- Ғылыми тұрғыда негізделген және тәжірибелі эксперимент жүзіндетексерістен өткен қазақ халық музыкасы арқылы патриоттық тәрбие берудегісыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формаларыидеялық тәрбиепроцесін жетілдіруге ықпал етеді және оқушылардың патриоттықтәрбиелілік деңгейін көтеруді қамтамасыздандырады.
- Зерттеудің әдісі:
Шығармашылық және дидактикалық материалдар, ғылыми- теориялық әдебиеттерді іріктеу, педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, бақылау т. б.
Диплом жұмысының құрылымы. кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Халық әні арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері
1. 1
Қазақ халық әні бастауыш сынып оқушыларына
патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері
Қазіргі жаңа қоғам жағдайында адамгершілік бастамасының рөлі күннен-күнге артуда, әрбір адамның моральдық, адамгершілік бейнесіне, мінез-құлқына қойылатын талап та өсуде .
Мектеп ең алдымен, жан-жақты дамыған саналы азаматты дайындауды өзіне мақсат ете отырып, жас ұрпақтын ғылыми көзқарасы мен адамгершілігін қалыптастыру міндеттерін қояды. Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі жолдары көптеген ғалымдардың еңбектерінде сараланады. Олар жастарға берілетін білім мен тәрбие жұмыстарының бәрі моральдық тәрбие беруді көздеуі керек деген пікірді ұстанады. Мораль туралы ілім, жеткіншектердің тәрбие теориясының әдіснамалық негізі болып табылады. Мемлекет ісіне деген берілгендік, Отанға, басқа мемлекеттерге деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, мектепте жеткіншектердің адамгершілік тұрғыда қалыптасу процесінің негізгі бір саласы - патриоттық тәрбиенің жүзеге асырылуының басты бағытын айқындауға ықпал етеді [16, 5б] .
Мораль бүкіл тәрбие процесінің негізі болып табылады және оның барлық құрамды бөліктерін қамтиды. Ол, ең алдымен, халықтың сана-сезімінде және істерінде көрініс алады. Адамдарды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекеттерге талаптандыратын адамгершілік сезімдерінің ішіндегі аса бір әсерлі де тереңі- патриотизм сезімі болып табылады. Ол идеялық сеніммен байланыста бола отырып қазақстан халқының еңбекке деген көзқарасынан, саналы тәртібінен, еңбектегі және жауынгерлік ерліктерінен, өмірі мен іс-әрекеттерінің басқа да саласынан көрініс алады. Бұл, өз кезегінде, бүгінгі таңда жеткіншектерде патриотизм сезімін тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептің алдында тұрған жетекші міндетті айқындайды, қоғамдық идеяларды оқушылардың жеке басының сеніміне айналдыруға, жаңа қоғамдық құрылыс мүддесіне сай, әрбір тұлғаның тіршілік әрекетін одан әрі қамтамасыз етуге итермелейді.
Нағыз азамат - патриот өзінің Отан алдындағы борышын сезінеді. Әртүрлі мәдени-материалдық құндылықтарды жасауда оның қоғам үшін, өзінің жеке басы үшін маңызын жақсы түсінеді. Ол нағыз патриотизмнің халыққа қызмет етуде көрініс алатынын біледі. Өткен ұрпақтың тәжірибесін танып білуге, құнды дегеннің бәрін сақтауға, сонымен қатар, қоғамды қайта құруда өз үлесін қосуға, озық тәжірибесін келешек ұрпаққа жеткізуге талпынады [17, 8б] .
Бүгінгі таңда жастарды патриотыққа тәрбиелеудің мазмұны көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болып табылады. Олар «патриотизм» ұғымының пайда болуы мен дамуын, адамның патриоттық санасын және патриотизмге тәрбиелеудің формалары мен әдістерін қарастырады. Жалпы білім беретін мектепте патриотизмге тәрбиелеу әртүрлі құралдар арқылы, соның ішінде музыка өнері арқылы жүзеге асырылады, сондықтан да ол «күрделі қоғамдық қатынастарды түсінуді жеңілдетеді, моральдық қатынастарды қабылдауға негіз болады» [3. 1б] .
«Музыка - алып ұлы күш. Ол адамды сүюге және жек көруге, жазалауға және кешіруге мәжбүр етеді», - деп, пайымдаған .
Музыка өнерінің функциясы көпжақты. Бұл функциялардың бәрі өзара тығыз байланысты, «музыка тіпті тек таза қолданбалы немесе көңіл көтерушілік рөл атқарған жағдайда да, ол тыңдаушыларын тәрбиелейді, яғни олардың рухани дүниесін қалыптастырады және өзгертеді», - деп атап көрсетеді А. Н. Сохор. Айтылып өткендей, патриотизм - адам тұлғасының, оның рухани дүниесі мен тіршілік әрекетінің барлық жақтарымен байланыстағы маңызды, түпкілікті қасиеттерінің бірі. Патриотизмде тұлғаның дүниетанымдық жетілуі, адамгершілік сенімділігі, құндылық бағыт-бағдары, оның өмірлік көзқарасы, тәжірибелік мінез-құлқы көрсетіледі. Сондай-ақ, өнер адамға жан-жақты әсер ете алатын қасиеті болғандықтан, ол оған барлық осы аспектілерді, патриоттық сана, сезім және әрекетті қалыптастыруға қабілетті [4. 1б] .
Музыка патриотизм идеясын ерекше айқындылықпен, жарқындылықпен білдіруге қабілетті. Адамның сезіміне әсер ететін нәрсенің бәрі: туған табиғат көрінісі, халық әндері мен үйлері, тарихи және қазіргі заман көріністері музыкалық шығармаларда өзінің көрінісін табады, «музыкада жоғары әсемділікпен жанданады, сезімнің бастауына жылылық төгіледі».
Музыка өнерінің табиғаты әсер беретін, музыка арқылы патриоттық тәрбие берудің өзіндік ерекшеліктерін атап өту қажет. Музыка қоғамдық сананың бір түрі бола тұра, шынайы өмірді көрсете отырып, адамның ішкі жан-дүниесіне эмоционалдық тұрғыда әсер етуде мүмкіндігі бар.
Музыка ең алдымен, тыңдаушылардың эмоционалдық сезім өрісіне ықпалын тигізеді. Адамгершілік жағынан жетілдірілген тұлғаның эстетикалық негізін қалауда ерекше роль атқарады.
Музыканың адамның сезімдік дүниесіне терең эмоционалдық ықпалынан басқа, рухани көзқарастарының, сенімінің қалыптасуына әсер ететіндей идеялық-көркемдік мазмұны бар. Бұл жағдай музыканың тәрбиелік ролін анықтауда біз үшін өте маңызды, себебі мектеп балаларының тек патриоттық сезімін ғана емес, сондай-ақ, патриоттық санасын тәрбиелеу қажет. Музыка адамның қоршаған ортаға деген түрлі сезімдерін білдіре алады.
Музыкадағы тақырыптылық әуеннің реңкінен, мәнерінен көрінеді. Музыканың мәнерлі құралдарының ерекше жүйесінде, мазмұны жалпылама музыкалық бейнелерді құрайтын, әртүрлі оқиға, құбылыстар белгілі бір
сезімді білдіру арқылы көрсетіледі.
Музыка өнерінің Бұл ерекшелігі біріншіден, эстетикалық тәрбиенің мазмұнын анықтайды. Патриоттық тәрбиенің ерекшелігі де, нақты заттық, патриоттық мазмұнды мақсаттылықпен қабылдауы болып табылады. Сонымен қатар, оларда олардың өзара әрекеттестігін анықтайтын көп ортақтық бар. Бұл мәселені эстетикалық тұрғыда қабылдау, әдемілікті сезініп, бірге түйсіне білу болып табылады [5. 3б] .
Эстетикалық саланың өзекті мәселесі, сұлулықты сезіп, бірге түйсіну болып табылады, және осыны жете түсінуге эмоционалдық жағдай көмектеседі. Екінші жағдайда ең бастысы патриоттық мазмұнды жете түсіну болып қабылданған сезімдік - образды бекітуге эмоционалдық жай-күй көмектеседі.
Бірақ екі жақтың тәрбиелік ықпалына да сезім мен ойдың өзара әрекеттестігі себепші болады және осы процесті бағалай білетін танымның ерекше түрі пайда болады. Музыка өнері арқылы эстетикалық және патриоттық тәрбие берудің бірлігі де, айырмашылығы да, осында болып табылады,
Психологтар сезімді адамның біреуге немесе бір затқа қарым-қатынасы (көзқарасы) ретінде анықтайды. С. Л. Рубинштейн: «адам сезімдерінің жиынтығы - ол негізінен адамның дүниеге және басқа адамдарға қарым -қатынасының жиынтығы», - деп дәлелдейді [18, 12б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz