Қазақ ертегілеріндегі қасқыр бейнесі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
(Оқу орнының толық атауы)
«ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ «БӨРІ» ҰҒЫМЫНЫҢ СИМВОЛДЫҚ СИПАТЫ.
тақырыбында
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
(Оқу орнының шифры-Мамандық атауы)
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
(Қаланың атауы, 2020-2021 оқу жылы)
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
I Тарау. Қазақ әдебиетінде «бөрі» ұғымының пайда болуы.
1. 1 Ежелгі дәуір әдебиетіндегі «бөрі» бейнесі . . .
1. 2. Жыраулар поэзиясындағы «бөрі» бейнесі . . .
1. 3 Жаңа заман әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармаларындағы «бөрі» ұғымы.
II Тарау. Қазақ әңгімелеріндегі «бөрі» ұғымының символдық сипаты.
2. 1 Түркі тілдес халықтарының «бөрі» ұғымының символдық тарихы . . .
2. 2. Қазақ ертегілеріндегі «қасқыр» бейнесі
2. 3. «Қасқыр» бейнесінің поэтикасы . . .
III Тарау. «Бөрі» бейнесі -мәңгілік тарихымызда»
3. 1Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» повесінің сипаты.
3. 2 Мұхтар Мағауиннің «Қасқыр-бөрі» әңгімесіндегі ұлттық рух.
3. 3XX-ғасырда дүниеге келген «Көксерек» повесін қазіргі XXI-ғасырдағы қазақ прозасындағы «қасқыр-бөрі» әңгімесімен салыстыру.
Қорытынды . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша
КІРІСПЕ
Бөрілі байрақты көтеріп, Көк тәңірге табынған көк түріктің ұрпақтары бүгінгі таңда да өздерінің рухани өмірдегі жеңістері-мен әлемді сүйсіндіріп, жасампаз рухтың өлмегендігін паш етуде. Кең даланы ат тұяғымен дүбірхлеткен түркілердің көкірек сарайы тек ерлік пен қайсарлыққа ғана емес, ғылым-білімге де толы екендігін шежіре-жылнамалардан, ел қазынасы - фольклорлық мұрағаттарымыздан да көреміз.
Жануарлар эпосының ішінде ең көп таралған, кез-келген елдің фольклорлық туындыларында мол ұшырысатын бейне - қасқыр болып табылуы тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол қоғам өмірінің сан қырлы аспектілерін ашатын, халықтың дүниетанымын өрнектейтін символ түрінде беріледі. Мәселен, түркі халықтарының нанымында қасқыр - рудың тотемі немесе нагуал, қасқыр - тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы күш немесе шаманның ие-ықыласы, қасқыр - адам не сиқыршы ретінде сомдалады. Қазақ ертегілер мен мақал-мәтелдерінде, аңыз-әңгімелерінде, қасқырдың тағылық сипаты, табиғи күші асқан біліктілікпен суреттеледі. Алайда, оның табиғаттағы қайсарлығы мен сақтығына қарамастан бірде ашкөздіктің, бірде ақымақтықтың, бірде қорқаулықтың символы ретінде өріліп, тыңдаушысының танымында жағымсыз ұғым тудыратын тұстары да аз емес. Осы жайттар қасқыр символикасының құрылымын аса күрделендіре түседі.
Көк байрағымызда бейнеленген қыран, барыс тәрізді бөрі симфоликасының да ұлттық санадағы орны ерекше. Символикалардың мәнін түсіндіру халқымыздың сан ғасырлар бойы дәстүрге айналдырған ғұрыптық жоралғылары мен ырымдарының, түрлі ем-домдарының түпкі себебін терең ұғынуға себебін тигізеді. Бұл - халықтың рухани мәдениетінің алғы шарттарын ұғуға, ұлттық санамыз бен үрдісімізді тарих қойнауынан аршып, далалықтар өркениетін мақтан тұтуға жетелейді.
Таңдалған тақырыптың өзектілігі:
Қазақ әңгімелерінде ерте заманынан бері келе жатқан «бөрі »бейнесін символдық сипатын қарастыру. Бөрі сөзіне тілдік тұрғыда жан-жақты талдау жасау, әдеби шығармаларда әр сипатта суреттелген бұл ұғымды жан-жақты қарастырып салыстыру.
Бірінішіден, таңдалған тақырыптың өзі өте қызықты. Бөрі-түркі тілдес халықтарының тарихи жадындағы киелі ұғым, қасқырдың жағымды атауы. Қасқырлар-жұмбақ мифологиялық жануарлар, түннің қатыгез жындары, құдайлар мен рухтар әлеміне қатысты табиғаттан тыс тіршілік иелері болып табылады. Бөрінің шығу тегін қандай? Символдық (тотемдік ) сипаты не? Бұл сұрақтар адамзат баласын толғандырып келеді.
Екіншіден, көптеген ақын-жазушылар, жыраулардың әдебиеттанушылардың, философ-жазушылардың осы тақырыпқа арналған бірқатар қызықты, құнды жұмыстары, еңбектері бұл тақырыптың өзектілігін растайды.
Үшіншіден, басты кейіпкерлердің бірі қасқыр (бөрі) болып табылатын халық шығармашылығына деген қызығушылық ешқашан жоғалмайды, өйткені қасқыр (бөрі) жақсылық пен жамандықты қатар тасымалдаушысы,
адамның ішкі әлемі мен жалпы өмірінің көрінісі.
Зерттеу мақсаты:
- Қазақ әдебиетіндегі бөрі бейнесінің пайда болуын, функционалдық қызметі мен даму эволюциясын тарихи деректерге сүйене отырып анықтау .
- XX ғасыр мен XXI ғасырдағы қазақ әңгімелеріндегі «бөрі» ұғымының символдық сипатын салыстыру.
Міндеттері:
- «Бөрі» ұғымының түсінігін ашып, тарихи кезеңдермен байланыстыру;
- Халықтың рухани мәдинетіндегі бөрінің символдық сипатын анықтау;
- Бөрінің көркем бейне ретінде қалыптасу жолдарын көрсету;
- Кейінгі және қазіргі халық ауыз әдебиетінің шығармаларын зерттеу және салыстыру;
- Алынған деректерді талдау және қорытындылау.
Зерттеу обьектісі:
Бөрі (қасқыр) бейнесі бар халық ауыз әдебиетінің шығармалары.
Зерттеу мәселесі:
Бөрі (қасқыр) бейнесі және оның символдық сипаты.
Зерттеу гипотезасы:
- Халық шығармашылығындағы «бөрі»(қасқыр) ұғымы ежелгі адамдардың наным-сенімімен, өмір салтымен байланысты.
- Қасқыр бейнесі - қазақ халқының діни наным-сенімін, дүниетанымын, рухани деңгейін аңғартатын танымдық тұлға екенін көрсету.
- Ол - ерлік пен қайсарлықтың, күштілік пен еркіндіктің символы екенін көрсету;
Зерттеу әдістері:
- «Бөрі бейнесін» (қасқыр ) басқа шығармалармен салыстыру ;
- талдап-сипаттау әдісі;
- жүйелеу әдісі;
- Әдеби талдау және қорытындылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - Қазақ әңгімелеріндегі «бөрі» қасқыр ұғымын зерттеу барысында, қазақтың әдеби мұраларын тарихи-ғылыми тұрғыдан байыптап, өзіне тән философиялық ой-тұжырымдарды салыстырып, дәуір тынысы бүгінгі күн тұрғысынан зерделенді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу нәтижелері мен материалдары мұғалімдер мен мектеп оқушыларына халық ауыз әдебиетінің шығармашылығын зерттеуде оқу іс-әрекеті және оқу іс-әрекетінен тыс іс-шаралар процесінде қолдана алады.
Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Тарау. Қазақ әдебиетінде «бөрі» ұғымының пайда болуы.
- Ежелгі дәуір әдебиетіндегі «бөрі» бейнесі.
« Бөрі » бейнесі - қазақ халқының діни наным-сенімін, дүниетанымын, рухани деңгейін аңғартатын танымдық тұлға. «Бөрі» қасқыр бейнесі көптеген халықтар арасындағы ең маңызды символдардың бірі болып табылады.
Түркі халқы өздерінің ата-тегін қасқыр деп санаған. Осы қайратты да ерікті, айлакер де, ақылды түз тағысы жаулардың шабуылынан қырғынға ұшыраған тайпаның ең соңғы ұрпағы, кішкентай сәбиді желеп-жебеуші, асыраушы, құтқарушы ретінде танылған.
Көк бөрі - түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі. Көк бөріге қатысты әңгімелер ежелгі үйсін, түркі және монғол аңыздарында кездеседі. Көк бөрі туралы аңыздардың қытай тіліндегі жылнамаларында сақталып қалған деректерде былай суреттеледі;
Бір халық жаугершілік заманда қырылған екен. Бетпақ дала ішінде аяқ - қолы шабылып жараланған он жасар бала ғана тірі қалғандығы айтылады. Ол балаға бір қаншық қасқыр жолығып, емізіп, қанын тоқтатып, жарасын жалап жазып алады.
Бала есейгенше сол қасқырмен бірге тұрған деседі. Кейін жаулар бала жігітті тауып алып, өлтіргенше буаз қасқыр Гауачан тауының терістігіндегі бір үңгірге барып жасырыныпты. Қаншық қасқыр осы үңгірде 10 бала босанады. Он ұл есейіп, үйленіп, көбейіп үлкен елге айналыпты - мыс. Он ұлының ең күштісінің Ашшина есімі олардың жалпы атына айналыпты, кейін халық үңгірге сыймайтын болған кезде Ашшинаның ұрпағы Асянь - Шад деген елбасы халықты үңгірден шығарып, олар түрік деген атпен Алтайды қоныс еткен.
Бұл аңыздың бір нұсқасы сонымен қатар «Ежелгі дәуір әдебиеті» кітабында мынандай деректер бар. [1, 682]
Б. з. V ғасырының бес жүз үйлі бөрі тайпасы Сарыжазық дейтін өз мекенінен көшіп, Алтайдың оңтүстігіне барып қоныстанады. Бұл заманымыздың 439 жылы болатын. Елді бастап барған бектің аты - Түркіт екен. «Түркіт» - «дулыға» деген сөз - күшті, ержүрек мағынасында айтылады. Түріктер сол заманда - ақ темір қорыта білген. Темірден қару - жарақ, қажетті бұйымдар жасаған. «Көк бөрі» аңызы осындай тарихи оқиғалардың елесі болуы мүмкін. Түрік тайпалары ежелден өз туына бөрінің бейнесін тоқып салатын, соғысқа шыққанда атының басына бөрінің бас терісін қаптап салатын болған.
Алдымен «көк бөрі» тотеміне байланысты қазақ фольклорлық мұрасында сақталған аңыз-әңгімелер мен ертегілердің тарихи негіздеріне тоқтала кетейік. Көк бөрі тотеміне байланысты генеалогиялық мифтің екі түрлі нұсқасы сақталған. Ата-бабаға табыну культі негізінде бізге жеткен түркі (ашина) тайпасының шығу тегі туралы бұл миф түркілердің айтуымен шамамен VI ғасырдың орта шенінде қытай жазба деректерінде бедер тапқан. Сөз болып отырған генеалогиялық мифтің тағы бір тарихи дерегін Түркі қағанатының алғашқы кезеңіне арналған ескірткіштен аңғаруға болады. Моңғолияның Бұғыты деген жерінен 1968 жылы табылған эпиграфиялық ескерткіш тақтада аяқ-қолдары шабылған адам мен қасқыр бейнесі қашалған. Мифтің негізгі нұсқасы бойынша батпақ маңын мекен еткен ілкі түркі тайпасы тұтқиылда жасалған шабуыл салдарынан қырғынға ұшырайды. Қынадай қырылған тұтас тайпадан жалғыз тұяқ қалыпты-мыс. Аяусыз дұшпан қолымен қол-аяғы кесіліп, тірі қалған он жасар мүгедек ұлды ұрғашы қасқыр тауып алып, асырайды. Мифте кейін ұрғашы қасқыр аман қалған мүгедек баламен жұптасып, құрсақ көтереді. Түркі баласы бәрібір дұшпан қолынан қаза табады да, буаз қасқыр Алтай тауларының адам аяғы жетпес үңгірінде он ұлды дүниеге әкеледі. Осы ұлдар ержетіп, гаочандық қыздарға үйленіп, ұрпақ өрбіткен екен. Тайпа көсеміне айналған Ашинаның соңынан ерген түркі әулеті үңгірден шығып, Алтайды қоныс етіпті
Қасқырдың төтемдік рөлінің түркі халықтарының танымындағы орны ерекше. Сонау 535 жылы Ергене Күнде көтерілген Алтын бөрі бас ту мен Бөрі (Көк бөрі) деп шақырған ұран олардың ұрпақтарымен тарих көші соқпағында кешегі ХlХ ғасырға дейін тозбай, өшпей бірге келді.
«Бөрі басы» - ұраным,
Бөрілі менің байрағым!
Бөрілі байрақ көтерсе,
Қозып кетер қайдағым
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып жүргенде
Бөлініп қалған жан емен, - деп келетін Сүйінбай ақын жыры осының куәсі. [2, 304 ] Бұл жыр жалғыз Сүйінбай ақынның сөзі емес, тарихтың сөзі. Қазақ халқы қазіргі күнге дейін ержүрек, батыл жігіттерді «Көк бөріге» теңеп көркем шығармаларда бөріні батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелейді
Осы аңыз негізінде әдебиетте қасқыр тотемі пайда болып, қасқыр туралы әңгімелер ежелгі халықтардың көне мифтерінде сақталып, батырлық символ ретінде көрініс тауып жатады. Осы көне аңызға байланысты тәңірлік әдебиетте «Көк бөрі» дастаны пайда болған. «Көк бөрі» дастаны ұлы Түрік қағанаты құрған көк түріктердің ежелгі ата-тегінің шығу тарихын, олардың халық ретінде қалыптасқанын түрлі аңыздар негізінде жыр еткен эпос». Табиғатпен біте қайнасып бірге өскен түркілер дүниетанымының қайнар көзі табиғат болғандығы белгілі. Бұл табиғатта болып жатқан құбылыстарды жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екендігін білдіреді.
Жалпы бөрі тотемімен сабақтастырылатын мифтер түркі халықтарының баршасында бар. Осы мазмұндағы миф монғолдарда да кездеседі. Әйгілі Шыңғыс ханның өзінің қасқырдан тараған тектілігін мақтан тұтқандығы баршаға мәлім. Аталған архаикалық миф қазақ халқының фольклорлық санасында ғасырдан ғасырға жетіп, уақыт өте келе оның сюжеттік желісі аңыз-әңгімелер мен ертегілерге көшті. Мәселен, «Ақ қасқыр» атты ертегінің сюжеттік желісі келесі: жас жігіт үңгірдеұрғашы ақ қасқырмен отасады. Қасқыр күйеуінен қырық күнге дейін шыдап, төзімділік танытуын өтінеді. Қырық күнге дейін қасқыр кейпінде жүрген ақ қасқыркейінғажайып сұлуға айналады. Ол асқан ақыл-парасатты жар бола білген екен. Сөйтіп, жігіт баянды өмір сүріпті. Жалпы әлемдік мифологияға зер салатын болсақ, бөрі тотеміне қатысты осы мифпен типологиялық ұқсастықтағы көне римдік мифті кездестіреміз. Ромул мен Рем есімді егіздердің (Рим атауы осы есімдермен байланыстырылады) шыққан тегі жайлы түрлі версиялар бар. Бірінде олар Энейдің ұлдары я немерелері, келесісінде - Албан патшасы Тарғытай мен отбасын қорғаушы рух-ие Ларадан туған, үшіншісінде - Рея Сильвия мен Марстан туған. Амулий патшаның бұйрығымен Тибрге тасталған егіз нәрестелер желеп-жебеуші Руминаның құдіретімен өзен жағасына шығып қалады. Аман қалған сәбилерді ұрғашы қасқыр емізіп өсіреді. Кейін қасқыр бауырына басқан тастанды сәбилерді бақташы тауып алып, асырап алады. Өсе келе шыққан тегін білген егіздер Амулийден кек алып, еліндегі билік тізгінін аталары Нумитордың қолына табыстайды да, өздері жаңа қаланың негізін қалауға бел буады
Мұндағы назар аударарлық жайт, бұл мифте де бас кейіпкерлер - тайпа, ел, мемлекет негізін қалаушылар. Қалай болғанда да, көне рим және көне түркі мифтеріне ортақ мифтік мотивтер: 1) қаскөй дұшпан ниетімен өлуі тиіс балалардың аман қалуы; 2) оларды қасқырдың асырап алуы. Нысанға алынған түркілік мифке қайта оралсақ, мұндағы мифтік мотивтерді былайша саралауға болады: 1) тайпаның (бір атадан тараған халықтың) қырғынға ұшырауы; 2) қасқырдың баланы асырап алуы; 3) баламен қасқыр жұбынан ұрпақ өрбуі. Халықтық жадыда осы мифтің сақталып қалу фактісінің өзі ұлттық таным үшін «көк бөрі» тотемінің қаншалықты киелі ұғым екендігін айғақтайды.
Қасиетті де қадірлі « бөрі» бейнесі - барлық түркі халықтарының ежелгі дәуір әдебиетінде, фольклорында есте жоқ ескі заманнан келе жатқан образ. Оны көне түркі жазба ескерткіштерінен де кездестіре аламыз. Соның бірі - ХІІІ-ХV ғасырларда жазылған, түркі халықтарына ортақ көне мұрағат «Оғыз-наме» дастаны. Дастандағы «Ұранымыз Көк бөрі болсын» деген тіркестің үлкен мәні бар. Мұндағы ұран дәрежесіне дейін көтерілген Көк бөрі түркі тілді халықтардың аса қадір тұтып, табынатын киелі де қасиетті аты. Көк бөрі бейнесі Әлем әдебиетінің інжу-маржаны «Қорқыт ата кітабында» да ұшырасады. [3, 3б]
1237-1238 жылы Алтын Орда әскербасыларының бірі болған Бөрінің, 1664 жылы дүниеге келіп, көрсеткен ерліктерінің арқасында Матай елінің ұранына айналған Бөрібай Жаубөрі ұлының, алашты аузына қаратқан Бөлтірік шешендердің есімдері, қайсар болсын деген ұғымнан туындаған. Ал, олардың атына заты сай болып өсуі сөздің магиялық күшіне иланып, «баланың болашақ тағдырына азан шақырып қойған есімі тікелей ықпал етеді» деген сенімінің растығын дәлелдегендей еді.
«Бөрі» бейнесі ежелгі дәуір ауыз әдебиетінде хандар мен батырлардың ұлылығын, ерлігін суреттеуде бірден-бір теңестіріле көрсететін образы.
«Бөрі» ұғымына негізгі мағыналық анықтамалар:
- «Бөрі»-Түркі халықтарының тарихи жадындағы киелі ұғым, қасқырдың жағымды атауы. Аңыз бойынша «бөрілер»түркілердің ұрпағын құтқарып қалған.
- «Бөрі»-(ауыспалы мағынада) Қаныпезер, қанышер адам.
- «Бөрі» -(астрологиялық тұрғыдан лат. Iupus) Аспанның оңтүстік бөлігіндегі шағын шоқжұлдыз. Бөрі жұлдызы оңтүстік ендіктен көктемде көрінеді.
- «Бөрі»- (көне тарихта) Ежелгі түркі қағандарының дербес жасағына берілетін атақ. Бөрілер ежелгі түркі билеушілерінің жеке басын қорғауға арналған арнаулы жауынгерлер тобы. Жылнаманың бірінде бөрі атағын кейде қаған бекітіп отырады. Бұл жас ұландардың жауынгершілік айбарын арттыру мақсатымен істелген деген болжау бар. Бөрілер жасағы әскери істі жетік меңгерген атақты батырлардан іріктеліп өздері де, аттары да темір сауытпен құрсаған.
- «Бөрі»- (ауыспалы мағынада) мықты, жаужүрек адам. Жүз бөрі аз дамылдап алыстады да. Ат қайта қалың жауға “Абылайлап” жүз қыран мың сап қолға араласты, Орғыған асқар таудан судай тасты. [4]
«Бөрі» (қасқыр) туралы наным-сенімдердің ел санасында терең бойлағаны сонша, ата-бабаларымыз бауыр еті - балаларына бұл «киелі жануардың» есімін беруді әлі күнге дейін үрдіс етіп келеді. Бұл ел арасында кең тараған Бөрібай, Бөріқұл, Бөлтірік, Қасқырбай, Бөрі тәрізді есімдер мысал бола алады. Түркі халықтарына ортақ мұра «Алпамыс батыр» жырындағы басты кейіпкердің әкесінің Байбөрі аталуы да осындай үрдістің бір көрінісі болып табылмақ. Қазақ елінің ұлттық сенімін, рухын арқалап, көнеден келе жатқан түркі тектес халықтардың бабалары қашан да қасқырды сыйлап, қасиетті деп санаған.
Орхон-Енисей жазба ескерткішіндегі Күлтегін жырынан көруге
болады. [5] Жырда түркілердің әскері бөріге теңеледі:
- Әкем қағанның әскері бөрідей бопты;
- Жаулары қойдай бопты;
- Қазақтың батырлық жырларында «бөрідей тиді», «бөрідейін түн қатып» деген жолдар жиі кездеседі. Тіпті атақты Қарақыпшақ Қобыланды батырдың жары, қамқоршысы Құртқаның есімінде қасқыр атауының жүруі кездейсоқ емес.
Көк байрақтың астында, иманды сөзі аузында, «алла» деген, «көк тәңір» деген ел- жұртымның берекесі берік, алты ауызы түгел болғай!
Табиғатпен біте қайнасып бірге өскен түркілер дүниетанымының қайнар
көзі табиғат болғандығы белгілі. Бұл табиғатта болып жатқан құбылыстарды жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екендігін білдіреді. Қазақ әдебиетінде түркілерге ортақ ұғымдардың, мифтер мен аңыздардың авторлық ойды жеткізуде көркемдік тәсіл ретінде қолданылуы жиі кездеседі. Көне түркілер дүниетанымы негізінде пайда болған мифтердің, аңыз-әңгімелердің, табиғат пен адам арақатынасы тақырыбының, жан-жануарлар бейнесінің көркем шығармаларда көрініс табуы ежелгі әдебиетіміздің бүгінгі күні қайта жаңғыруы деп түсінеміз.
Оғызнама» жырында көк бөрі Оғыз қағанның әскерін басқарған, Оғыз қағанға жол сілтеп, ақыл берген деген деректер айтылады. «Оғыз қаған жайлы миф» мифінде көкке қол жайып Тәңірге жалбарынған Оғыз қағанға аспаннан «көк түкті, қою жолды бір арлан бөрі түседі». Бөрі жол бастап, Оғыз оның артынан ереді. Оғыз қаған көрген түсте көктен түскен сәуледе бөрі бейнеленеді.
Бумын қаған заманында қасқыр бейнесі әскери туда бейнеленген. Монғолиядағы сынтаста аяқ-қолы шабылған нәресте мен бөрі бейнеленген. Көк бөрі ғұн, Үйсін, Түркілер мен Оғыздардың тотемі болған. Қаншық қасқыр отбасын сақтаушы тотем болған. Яғни, түркі халықтарында қырғыз, өзбек, қарақалпақ, қазақ халықтарында көк бөрі - тотем. Ш. Уәлихановтың еңбегінде қазақ, қырғыздарда көк бөрі, көк бұқа, Төбе көз, Жалғыз көз дәулер ежелгі түркі тайпаларының мифі мен аңызы болғандығын айтады. Шәкәрім Құдайбердіұлының шежіресінен Түркі қағанатына дейін бөрі туралы миф қалыптасқанын аңғара аламыз. Ғалым С. Қасқабасовтың еңбегінде Түркі қағанатында өзге құдайлардан көк Тәңірі дара шыққаны туралы, Түрік қағанатының ыдырауынан сол кезеңдегі мифтер де бір жүйеге түспей қалғаны туралы айтылады.
Қазақ ұғымында ақ және қара қасқыр бар. Көк қасқыр жебеуші, қорғаушы, құтқарушы болса, қара қасқыр жағымсыз образда болған. Көк бөрі сонымен, көк бөрі - киелі аң, жебеуші рух, күнәдан таза бейне, Тәңірдің шапағаты тиген құдіретті, далада қалған дәрменсіз пендені асыраушы, қорғаушы, қиындықта жол көрсетуші, ақыл беруші, түркі халықтарының ілкі ата-бабасы. Сонымен қатар, бөрі қайсарлық пен төзімнің, адалдықтың символы.
1. 2. Жыраулар поэзиясындағы «бөрі» бейнесі.
Жыраулар поэзиясы - қазақ мəдениетіне ғана тəн бірегей тарихи-мəдени құбылыс. Бірегей ұбылыс болатын себебі - дүние жұртының арғы-бергі тарихында қазақ жыраулары мен олардың жыр-толғауларына дəлме-дəл сəйкес келетін əдеби шығармашылық иелері де, шығармалар да кезікпейді. Ал жыраулар поэзиясының өзімен дəуірлес өзге елдер əдебиетіндегі үлгілерден бөлек арна түзеп, өзіне ғана тəн мазмұнмен жəне өзіне ғана тəн пішінмен тарих сахнасына шығуының сыры оның қазақ топырағында тарихи оқиғалармен, тарихи жағдайлармен орайласа тууында жатыр.
Жыраулар поэзиясындағы көк бөрі ұғымын бір-біріне қарама-қарсы екі түрде берілгендігін байқадық.
Бірі, қасиетті түсінікті елдің рухын ояту мақсатында өз шығармаларында қолданса, екінші жағынан, белгілі бір тарихи себептерге байланысты бұл ұғым бөріден үрген итке баланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz