Жұмысшы машиналар мен жабдықтар


ҚАЗАҚСТАН МИНИСТРЛІГІНІҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
«Негізгі қорлардағы амортизация түрлері және шығару, есептеу тәртібі»
2-курс студенті: Айнабек Эльнура
0515000 - «МЕНЕДЖМЕНТ» МАМАНДЫҒЫ
(САЛАЛАР ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ АЯСЫ БОЙЫНША)
ЖЕТЕКШІСІ: Алтеева Н.
Алматы 2022
МАЗМҮНЫ
КІРІСПЕ
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
«Технодом» компаниясы - Қазақстан Республикасының тұрмыстық техникасы мен электроникасын сату бойынша бөлшек сауда желісі. 2002 жылы Алматыда ашылған алғашқы шағын дүкеннің ауданы небәрі 70 шаршы метр болатын. метр. Компанияның негізін қалаушы және президенті Ким Эдуард Владимирович. Бизнестің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде ол желінің жалғыз иесі болды, бірақ кейін 2008 жылы Технодом акцияларының бақылау пакеті бөлінді. Осылайша, 50% плюс бір акцияның иесі кәсіпкер Исмаилов Р. Б., ал қалған акцияларға Технодом президенті Ким Е.
Амортизация (Тозу шығыны / Өтем пұлы, лат. amortisatio - өтеу; фр. arnortir - бәсеңдет) - жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. Амортизация аударымының сомасы амортизация нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс шығынына енгізіледі, негізгі қорлардың тозуы дәрежесін сипаттайды және олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтемпұл қорын құрады. Амортизация бейматериалдық активтердің тозуын есептеу кезінде де есептеледі.
Амортизация термині басқа мағыналарда да қолданылады, мысалы, жеке адамның немесе ұйымның мерзімдік жарналарын төлеу немесе міндеттемелерді сатып алу жолымен борышты бірте-бірте өтеуі; борышқорлық міндеттеменің ұрлануы, жоғалуы, тб. себепті оны жарамсыз деп тану; машиналарда, құрылғыларда - машиналардың конструкцияларындағы арнаулы қондырғылар, оларды салмақтан қорғайтын құрылғылардың көмегімен соққының, серпудің күшін жұмсарту, бәсендету.
Тәжірибе барысындағы мақсат - теориялық білімімді практикада қолдана отырып, «Технодом операторы» АҚ-ның соңғы жылдардағы қызметін зерделеу. Негізгі қорлар ұзақ уақыт бойы, өзінің шынайы табиғи формасын сақтай отырып, өндіру процессінде және айналымына қатысады. Негізгі қорлардың тозу өлшеміне қарай, олардың сәйкес бағасы қайтадан жаңа өндірілген өнімге ауыстырылады. Ақшалай бағалануда көрінетін негізгі қорлар негізгі құралдар болып табылады. Бұларға мыналар жатады: ғимараттар, құрылыстар, хабарлаушы құрылғылар, жұмысшылар және қуатты машиналар, өлшейтін және реттеуші аспаптар мен құрылғылар, есептегіш техника, көлік құралдары, өндіруші және шаруашылық бұйымдары, мал, көпжылғы егістіктер, шаруашылық ішіндегі жолдар және басқа да негізгі құралдар. Сонымен қатар негізгі құралдарға жерді өңдеуге күрделі шығындар, және ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар жатады. Жалға алушы жүргізетін, жалға алынған негізгі құралдарға салынған күрделі шығындар жалға алушының шығыны ретінде негізгі құралдарға кіреді және негізгі құралдың жеке объектісі болып саналады.
1 НЕГІЗГІ ҚОРЛАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1. 1 Негізгі қорлардың мәні және жіктемесі
Негізгі қорлар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амартизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі қорлар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі қорлар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі қорлар - бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдым активтер. Оған мыналар жатады:
- жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа объектілер) ;
- көлік құралдары;
- жабдықтар, өлшеуаспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары ірі және өнім беретін малдар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қор, мұражай құндылықтары, жануар әлемінің экспорттары автомобиль жолдары) және т. б.
Негізгі қорлар көптеген құралдар бойынша пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. өзінің құның жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. Жіктелу топтарында өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі қорлар былай бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік бұл - өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі қорлар. Оның құрамына мыфналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді.
Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау, спорт)
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді: меншікті және жалданған.
Меншікті - бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын негізгі қорлар.
Жалданған - жалдау шарты бойынша онда белгіленген мерзімге басқа субъектілердің алынған негізгі қорлар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі қорлар былайша бөлінеді: қолданыстағы, қолданылмаған, запастағы.
Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі қорлар.
Қолданылмаған (тоқталған) - консерватцияға немесе басқа себептерге байланысты қолданылмай тұрған негізгі қорлар.
Қоймада тұрған - қолданылып жүрген негізгі қорлар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі қорлар.
Түріне қарай негізгі қорлар 13 топқа бөлінеді:
1. Жер;
2. Үйлер - бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне және материалдық құндылықтардың сақталу жағдайынан тұратын сәулет қорлар;
3. Ғимараттар - еңбек заттарының өзгеруіне байланысты жоқ қандай бір функцияналды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инжинерлік құрлыс объектілері (платина құбырлы өткізгіштер және т. б. ) ;
4. Беріліс құрылғылар -э лектронды жылулық және механикалық қуат беруге арналған құрылған (электор тарату желісі) құбырлы өткізгіштер т. б;
5. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер оның құрамына кіретін саймандарды, керек-жарақтарды аспаптарды басқа инвентардың бөлігі болмаса инвентарлық объект болып табылатын инвентор дегеніміз - түгендеу. Бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:
- Күш беретін машиналар мен жабдықмашиналар жылу және электро қуатын өндіретін электрометорлар және т. б. (трокторлар, электр қозғалтқыштар) және т. с. с;
- Жұмысшы машиналар мен жабдықтар. Бұл еңбек өнімдерін жасау процессіне механикалық, техникалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар апараттар және жабдықтар (насостар, элекрлік маторлар) және т. б;
- Өлшеу және реттеу аспаптары (микроскоп, монометр, амперметр және т. б;
- Есептеу техникасы. Процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар құрылғылар мен аспаптар (компьютер, конкульятор мен есептеу машиналары) ;
- Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон, станциялары, өрт машиналары т. б. )
6. Көлік құралдары. Адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (теміржол, автомат, су көлігінің қозғалмалы құрамы) және т. б.
7. Құрал-сайман. Темірді ағашты өндеуге арналған қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған немесе машиналарға бекітілген заттар (балға, тесетін, тұратын және с. с. құралдар) ;
8. Өндірістік инвентар және керек жарақтар. Өндіріс операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс үстелі және т. б. ) ;
1. 2 Негізгі қорлардың тозу есебi және амортизация9. Шаруашылық инвентар. Кеңсеге және шаруашылықтарда қажетті заттар(шкафтар, клемдер және т. с. с. ) ;
10. Жұмысшы және өнім беретін малдар ( ірі қара, қошқар және т. с. с. ) ;
11. Көпжылдық өсімдіктер (жүзімдіктер, жеміс жидектер, роза және с. с. ) ;
12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі (жерлерді тастардан тазарту және т. б. ) ;
13. Өзге де негізгі қорлар (кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары) .
Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі қүралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:
- бастапқы;
- ағымдағы;
- баланстық;
- өтімділік.
Негізгі қүралдардың бастапқы қүнына сатып алу, жеткізу баға-лары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСҚЕ) бойынша бастапқы қүнға өтелмеген салықтар, импорттық төлемдер де кіреді.
Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі қүралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады.
Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық пайда ала алады.
Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны - бүл негізгі қүралдарды сатып алуга, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін нвгізгі қүралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендеғі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.
Ағымдьқ - анықталған күнге, нарықтағы сәйкес бага бойынша негізгі қүралдардың қүны.
Баланстьқ - активтердің есеп және есеп беруінде сипат-талатын жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі қүралдардың бастапқы немесе ағымдық қүны.
Өтімділік - бүл негізгі қүралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын қүны.
Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею коэффициентінің есебімен негізгі қүралдарды қайта бағалау индекстеу жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің бірімен анықталады: қайта есептеудің үсынылатын коэффициенттері немесе кезекті жылдың 1 қаңтарына жазылатын негізгі құралдардың сәйкес түрлері мен көрсетілген
құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта есептеу. Банк өзінің негізгі құралывдағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана, 16 БЕХС сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың үлгілері:
- негізгі қүралдардың қуаттылығын жоғарылата отырьш, пайдалану мерзімін көбейту модификациясы (модернизация) ;
- өндірілетін өнім сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатындамашина бөлшектері мен буындарын игеру;
- бұрын есептелген өндірістік шығындардың қысқаруынқамтамасыз ететін жаңа өндірістік үрдісті енгізу.
Негізгі құралдарды пайдаланғанға дейінгі алғашқы операциялық жүмсалымдар шығындар ретінде таныладьц
Негізгі кұралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк-офисінде негізгі қүралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі.
Франт-офистен негізгі күралдарды, кіріске алу немесе істен шығару туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын негізгі қүралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге асырады. Ақпарат амортизация ауда-рылып және қайта бағалау жүргізілгеннен кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша банктің негізгі қүралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп, банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші данасы банктің бэк-офисінде хронология-лық тәртіппен тігіледі, екіншісін банктің филиалына жібереді. Со-дан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем төленгеннен кейін ке-лесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының көшір-месімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшір-месінде керсетілген сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары бойынша лимит қысқартылады.
Бэк-офис негізгі қүралдар есебінің әрбір тобы бойынша дербес шот баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас банктің бас бухгалтериясы анықтайды) . Негізгі кұралдардың келіп түсуінде әрбір түрі және әрбір құрамы бойынша бөлек түгендеу карточкалар жасалады және бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге бо-латын негізгі құралдардың есебінің журналында сәйкес келетін жа-зу жазылады. Жазулар теңгемен тиынсыз жазылады. Түгендеу кар-точкасында олардың алынуына сәйкес заттың атауы, құжаттың деректемелері көрсетіледі. Карточкалар негізгі құралдардың топтары бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен бірге банктің балансына кірістеу үшін түгендеу карточкасындағы көрсетілген барлық қажет дерёктемелер банктің бэк-офисіне жіберіледі.
Балапанова Ә. Ж. мен Баймұханова С. Б. «Бухгалтерлік есеп» оқу құралында былай делініп жазылған: негізгі құрал өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі) .
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.
Негізгі қорлардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске, өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы негізгі қорлар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі қорларды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі қорлардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру) ; технологиялық процесті жетілдіру - жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады) ; жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерімдер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын талап ету мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиға тозу мерзімі келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа барлық негізгі қорлар моральдық тозуға ұшырайды. Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді.
№16 «Негізгі қорлардың есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (ХҚЕС) сәйкес, амортизация - активтің қызмет еткен мерзімі бойына амортизацияланған құнды тарату процесі.
Баланстық құн - кез келген жинақталған амортизация және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома. Өзіндік құн - бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы. Амортизацияланатын құн - жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома. Амортизация - активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Нақты ұйымға арналған айрықша құн - ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны. Әділ құн - жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.
Құнсызданудан болған залал - активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома. жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді: тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған; және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін. Өтелетін сома - екі мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны пайдалану құндылығы. Активтің жойылу құны - егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома. Пайдалы қызмет мерзімі - бұл ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударым әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі қорлар бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі қорлар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі қорлар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі қорлар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі қорлар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары.
Жалға алынған негізгі қорлар бойынша амортизация есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz