Копирайтинг - мәтін жазу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
АҚТӨБЕ ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖ КОЛЛЕДЖІ

Қорғауға жіберілді
директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары ______Кушербаев А.К.

жіберілдідиректордың оқу - ісі

орынбасары

___Өндірісті ұйымдастыру және басқару пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Instagram арқылы бизнесті қалай дамытуға болады?

Мамандығы: 0713000 Геодезия және картография
Тобы: 4142 Б
Орындаған: Шынболат Дана
Жетекші оқытушы: Джанесова Б.В.

АҚТӨБЕ, 2020 ж
Ақтөбе құрылыс – монтаж колледжі
Курстық жұмыс
Пікір
Шынболат Дана
Мамандығы: 0713000 Геодезия және картография
Топ: 4142 Б
Курстық жұмыстың тақырыбы: Instagram арқылы бизнесті қалай дамытуға
болады?

Курстық жұмыста кәсіпорындағы бағаның қалыптасуына зерттеу жүргізілді.
Осы жұмыста студент курстық жұмыс тақырыбын ашатын келесі тармақтарды атап
өтті: біз қанша уақытымызды әлеуметтік желіде өткіземіз, неге бизнес үшін
Instagram керек, копирайтинг – мәтін жазу, әлеуметтік желіде оқырмандарды
не нәрсе еліктіреді, инстаграмда бизнесті дамытуға арналған 40 кеңес,
таргетингтік жарнама және тауарды сату, бизнесті дамытуға арналған кейстер,
туралы мәселелер қарастырды.
Дана осы жұмыстың мазмұнын ашып, оның болашағына қызығушылық танытқан.
Өз жұмысында ол өз ойларын айтуға, қажетті әдебиеттерді таңдауға, тақырып
бойынша ең маңызды аспектілердің дәйектілігі мен тереңдігін белгіледі.
Студент курстық жұмысты жазу барысында, өзіне берілген тақырыбын аша
алды, барлық талаптарды сақтай отырып жұмысын тиянақты орындады.

Курстық жұмыс осындай бағаға лайық ________________________
Оқытушы – жетекші: Джанесова Бақытгуль Вальеревна
__________________2020 жыл.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

І НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Біз қанша уақытымызды әлеуметтік желіде
өткіземіз? ... ... ... ... ... ... . ... ... ...6
1.2. Неге бизнес үшін Instagram
керек? ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.3. Копирайтинг – мәтін
жазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...8
1.4. Әлеуметтік желіде оқырмандарды не нәрсе
еліктіреді? ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.5. Инстаграмда бизнесті дамытуға арналған 40
кеңес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..12
1.6. Таргетингтік жарнама және тауарды
сату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.7. Бизнесті дамытуға арналған
кейстер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 19

КІРІСПЕ

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Біз қанша уақытымызды әлеуметтік желіде өткіземіз?
Сіз жиырма төрт сағаттың қанша уақытында әлеуметтік желіде
отыратыныңызды ойланып көрдіңіз бе? Статистикаға сүйенсек бір күніміздің
кем дегенде төрт сағаты осы әлеуметтік желіге кетеді екен. Алғашқы
миллионды қалай табамын?. Иә, бұл сұрақ сізді талай ойландырған болар. Ай
сайын алған жалақыңыз жиналмай, тіпті өзіңізден аспай қалып та жатқан
шығар. Әйтсе де, бүгінгі таңда 1000000 теңге табыс табу таңқаларлық жайт
емес. Ол үшін сіздің тараптан білім мен ізденіс, ал ең бастысы – еңбек
керек. Мысалы күніне қанша рет лүпіл басып, өзге жанның өмірін қызықтайсыз?
Cіздің сол ақпарат ағымында кеткен уақытыңызда басқа жандар дәл осы
инстаграм арқылы қыруар ақша тауып отырғанын білесіз бе? Олай болса, өз
суретіңізді жүктеп, танымайтын жанның өмірін қызықтағанша инстаграмды
бизнеске айналдырар уақыт келген сияқты.Ең бастысы өзіңіздің бизнесіңізге
сай бизнес парақша ашып, оны сауатты жүргізу. Мемлекет тарапынан тұрғын
үй мәселелері бойынша көптеген бағдарламалар жасалғанымен, оның тиімді және
кемшіл тұстары халыққа түсініксіз болып жатады. Осы орайда, халықтың әр
бағдарламаны қалай сауатты таңдап, баспаналы болуға әрекет жасап, қаржылық
сауаттылығын арттыру – мен үшін басты талап. Жеке парақшамда өзіндік
брендімді қалыптастыру, баспанаға бақытпен қатар, қосымша пайдалы жобалар
ұсыну, қоғамдағы болып жатқан жайттарға өзімнің жеке пікірімді білдіру,
оқырмандарымның арқасында бірнеше ауқымды қайырымды іспен айналысу – әрекет
етіп, өз ортамызды өзіміз жақсартуға бағытталған игі істердің бірқатары.
Жаңа мүмкіндіктерді жаңа бастамаларға тиімді пайдалануға әбден болады. Тек
сіздің тараптан ынта мен қажырлы еңбек керек. Таныстарымның бірқатары үйде
отырып сөмке тігіп, әшекей бұйым жасап, түрлі дизайнерлік киімдерді сатумен
айналысып жатса, енді бірі бет әрлеуші болып, SMM курстарын жүргізіп,
қызметін ұсынып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Ал сол бизнестің алға басуына
дәл осы инстаграмның ықпалы көп. Мен солардың бір қатарымен осы бөлімде
бөлісетін боламын. Ең бастысы – өзіңіздің бизнесіңізге сай бизнес парақша
ашып, оны сауатты жүргізу керек. Егер сіз бизнесіңізді алға жылжытып,
табысқа кенелгіңіз келсе, онда контенттің сапасына ден қойғаныңыз абзал.
Себебі парақшаның қызықты, керек ақпаратқа толы, мәтіндері әсерлі болуы
оқырмандар санын көбейте түседі. Сәйкесінше, сіздің тауарыңызға деген
сұраныс та артады. Ал көркемдік жағына келетін болсақ, видеолар қызықты,
фотолар қанық және тартымды болғаны дұрыс. Ескеретін жайттардың бірі –
оқырмандарды қолдан көбейтіп әуре болмаңыз. Себебі белсенділік азайып, кері
байланыс болмайды. Бастысы сан емес, сапа екенін ұмытпағаныңыз жөн. Қазір
инстаграм арқылы кез келген қызмет түрін, тауарды оп-оңай сатуға болады.
Тек оны халыққа дұрыс ұсына білу керек. Инстаграм арқылы не сатамын? деп
ойланып көрдіңіз бе? Кез келген қызмет түрі, (психологтар, дизайнерлер,
сұлулық салондары,заңгерлер) тауарлар (тағам, киім мен аяқ-киім, гүлдер,
жиһаз, әшекей бұйымдар) тіпті өзіңіздің хоббиіңізді де кәсіпке айналдыруға
болады. Егер сіз жиһаз сататын болсаңыз, онда парақшада сапалы суреттер
басым болуы керек. Ал егер заңгер немесе психолог болып, мәтінге аса назар
аударып, өмірлік тәжірибемен бөлісетін болсаңыз, сапалы, тегін ақпаратқа
оқырмандар да жазыла түседі. Инстаграмдағы белсенділігіңіз бен кәсіпкерлік
қабілеттеріңіздің арқасында алға қойған мақсатыңызға жетіп, өзіңіз қалаған
пайданы да табуға болады. Бизнесіңіздің бағытын нақтылап алсаңыз, бизнес-
профильдің мүмкіндіктеріне кеңірек тоқталайық.

1.2. Неге бизнес үшін Instagram керек?

Бұл сұраққа статистика арқылы жауап беруге болады. Pew Research Center
мәліметтері бойынша, 18 жастан асқан жандар әлеуметтік желілерді
пайдаланушылардың жалпы санының 17%-ы күнделікті Instagram-дағы аккаунтты
тексереді. Бұл әлеуметтік желі аудиториясының басым көпшілігі 18-29 жас
аралығындағы жастар. Бұл дегеніміз қазіргі таңда
жастар озық ойлы орта буын, яғни миллениалдар, әлеуметтік платформалардың
ықпалымен сатып алу туралы жиі шешім қабылдайтынын көрсетіп отыр. Сондай-
ақ, бұл желіде әйелдер қауымы басым. Instagram әлеуметтік желісінде 57%
оқырман аккаунтына күніне кем дегенде бір рет кірсе, ал 35% оны күніне
бірнеше рет тексереді. Бизнес-профиль
Instagram әлеуметтік желісінде сіздің бизнесіңізді тиімді жүргізуге 2016
жылы шілде айында арнайы бизнес-профильде көптеген мүмкіндіктер
пайда болды. Бұл мүмкіндіктің басты қызметі Связаться тетігі. Яғни сіз
байланыс нөміріңізді, сайтты, электронды поштаңызды, тіпті орналасқан
жеріңіздің мекенжайына тікелей сілтеме қоюға болады. Сондай-ақ, сіздің
оқырмандарыңыздың белсенділігі мен қызығушылықтарын қадағалау
мақсатында арнайы статистика қызметі де бар. Парақшаңыздағы постты қанша
адам көріп, лүпіл басып, сақтап алғандығы жөнінде толық ақпаратты
тексеріп отыра аласыз. Ал жалпылама статистикада тіркелушілердің жалпы
санын, оқырмандар арасында жас мөлшерін, жігіттер немесе қыздар санын,
сонымен қатар қай қаладан екенін білуге болады. Ал сіз жариялаған
посттардың ішінен апталық, айлық, жылдық үздік постты да анықтай аласыз.
Сіздің оқырмандарыңыздың ішінен басым көпшілігінің талғамын, сізден қандай
ақпарат күтетінін де оңай білуге болады. Яғни сіздің жұмысыңызды біршама
жеңілдетіп, аудиторияңызды жақынырақ тануға мүмкіндік береді. Бұл
ақпараттарға көз жеткізгеннен кейін қай уақытта публикацияны жариялап, не
туралы жазып, қандай геолокацияны қойып, тегтер мен хэштегтерді пайдалануды
үйреніп, толықтай контент тауып, белсенді адамдарды жинау жолын түсінуге
әбден болады. Инстаграмда профильдің атауын дұрыс толтырған жөн. Профиль
сипаттамасында сіздің компанияңыз жайлы ақпаратты толық жазыңыз. Қызметтер
түрін қысқаша сипаттап, кері байланыс үшін телефон нөмірін қоюды ұмытпаңыз.
Алайда инстаграм профильінде 150 таңбаға шектеу бар екенін еске сақтаңыз.
Парақша жұмысын дұрыс бастау үшін ең алдымен басты фотоға назар аударған
жөн. Бизнес профиль болғандықтан, өзіңіздің компанияңыздың логотипін ойлап
тауып, жүктеп қойсаңыз оқырмандарға да бірден түсінікті болып, бренд
қалыптастыруға әсер етеді. Көп бизнес парақшалардың қарқынды жұмыс істеуі
дәл осы бизнес-профильге фото жүктеу мен профильсипаттамасын дұрыс
толтырудан басталады. Контент-жоспар Өзіңіздің бизнес парақшаңызды ашқан
болсаңыз, Неден бастаймын?, Бүгін не туралы жазамын?, Тауарымды қалай
сата аламын? деген сауалдар туындауы әбден мүмкін. Ал ол сұрақтардың
жауабын табамын дегенше, біраз уақытыңызды жоғалтып, нәтижесінде сапасыз
инстаграм парақша шығады. Сол себепті алдын ала жоспар құрып алғаныңыз жөн.
Яғни контент дегеніміз – парақшаны жоспарлы түрде ақпаратпен толтыру.
Сіздің парақшаңыздағы әдемі фотосурет, қызықтыратын видео мен әсерлі мәтін
де контент болып табылады. Контент-жоспар жасау барысында жариялау уақыты,
апта күні, уақыты, жазбаның тақырыбы, қызықты айдарлар ойластырып, жоспарды
кесте түрінде 1 айға құрғаныңыз жөн. Контент-жоспар құру барысында:
оқырмандардың нені қалайтынын біліңіз. Инстаграм парақшаға пост жүктер
алдында өзіңіздің аудиторияңыздың кім, жасы қаншада, немен айналысады,
қандай қызығушылығы бар, сіздің парақшадан қандай пайдалы ақпарат білгісі
келетінін зерттеп көріңіз. Қазіргі кезде парақшада оқырмандармен кері
байланыс, сауалнама, пікір білдіру өте жеңіл. Бұл мүмкіндіктерді де тиімді
пайдалануыңызға болады. Сіз кім үшін жазып отырғаныңызды біліп, кейін
қандай тақырыпты қозғайтыныңыз, оны сағат нешеде жүктейтініңіз және қандай
нәтижеге қол жеткізетініңіз де аудиторияға байланысты. Оқырмандар сіздің
салаңызға байланысты қандай ақпараттарды іздейтінін де интернет желісінен
қосымша қарап шықсаңыз, ол да сізге тамаша идея сыйлауы мүмкін. Постқа
тауарды жарнамалаумен қатар, оқырман назарын аударатын пост жариялау үшін
жинаған ақпараттарыңыз бен жауап берген сауалдарыңыздың нәтижесінде олардың
қызығушылықтарының тізімін жасаңыз. Бұл не жазу керектігін түсіну үшін
қажет. Оқырмандарды күнделікті посттармен жалықтырып алмас үшін түрлі
марафон, акция, жеңілдіктер, байқау, эстафета ұйымдастыруға болады. Жақсы
нәтиже үшін зерттеу жүргізіңіз! Бәсекелестерді зерттеу сіздің парақшаңыздың
алға басуына септігін тигізеді. Тіпті сіз олардың тәжірибесінде кеткен
қателіктерді қайталамауға тырысасыз. Өзіңіздің салаңыздағы бизнес
парақшаларды тексеріп көрсеңіз, олардың атқарып отырған жұмысын зерттей
келе, сіздің парақшаңызға не керек екенін де анықтауға болады. Дәл сіздің
қызметіңізбен айналысатын бизнес парақшалардың дизайны қандай, қандай
пайдалы ақпарат бар, қандай бағытта белсенді, аудиторияны қалай
жинайтындығын толық қарап шыққан дұрыс. Не жазып жатқанын, қандай идеяларды
қосқанын және қанша қаралым жинағанын талдап, өзіңіздің идеяңызды жүзеге
асырасыз. Яғни, талдау арқылы сізде өзгеше ойлар пайда болуы мүмкін.
Жүктелген фото-видеолардың не себепті көп қаралым жинағанын дұрыс зерттеп
алыңыз. Мүмкін олар сол тауарды бөлісу барысында жарнама қосқан болар
немесе қаралым трафигін қолдан көтерген болар. Парақшаларды зерттей келе,
жаңаша бастама жасап, өзіңізге шабыт алыңыз. Сондай-ақ, бәсекелестеріңіздің
парақшасына кіріп, жиі пікір қалдыратын белсенді адамның парақшасына
кіріңіз. Оның қандай топтарға жазылғанын, қандай ақпараттармен бөлісетінін,
не жазатынын, кімдерге лүпіл басатынын толық анықтап шығыңыз. Осылайша 10-
20 адамды қарап шықсаңыз,  барлығы түсінікті болады. Контент-жоспар
көмегімен жарияланым кестесін алдын-ала әзірлеуге, мәтінін, форматын
анықтауға және одан кейін қандай материалдарды салу керектігін қадағалауға
болады. Әрине оның барлығын қағаз бен қалам арқылы кесте сызып, жоспарлап
жазуға болады. Алайда сіздің жұмысыңызды жеңілдететін, ыңғайлы контент-
жоспар жасауға арналған бірнеше бағдарламаларды ұсынамын:
SMMplanner
SocialKit
Gramblr
SmmBox
Kuku.IO

1.3. Копирайтинг – мәтін жазу

Жақсы бизнес жүргізу үшін қызықты мәтін жаза білу керек. Алайда
қызықты мәтін жазу үшін жазушы болудың қажеті жоқ. Бар болғаны ойыңызды
жинақтап, мәтін жазуға машықтанған дұрыс. Егер мәтін жазу техникасын тиімді
пайдаланатын болсаңыз, тауарыңызға сұраныс артып, бизнесіңіз ілгері дами
түседі. Біз үшін қашан да бастау қиын. Дәл осы мәтін жазарда да Қалай
бастаймын?, Қалай жазамын? деп ойланарыңыз анық. Тіпті ішіңізден Сенің
әлі тәжірибең жоқ!, Жұрт күлсе ше?, Бизнес жайлы неге ойландым...,
Қолымнан келмейді, Мен жаза алмаймын деген сияқты түрлі сылтаулар
туындауы да мүмкін. Әйтсе де бәріне сенімді түрде Жоқ деп жауап беріңіз.
Себебі бір бастағаннан кейін оқырмандарыңыз кері байланысқа шығып, сізден
пайдалы ақпарат күтетін болса, сізде сенімділік пайда болып, ары қарай
жігерлене түсесіз. Мәтін жазудың бірнеше шарттары бар, соларды орындап,
мәтін жазуға деген қызығушылығыңызды арттырсаңыз, қолыңыздан бәрі келеді.
Ең бастысы – бірінші сөйлем. Ол эмоцияға толы, назар аударарлық болу керек.
Оқырманға қатты әсер ететін, еліктіретін, қызықтыратын, ашуландыратын,
мұңайтатын, қуантатын сөйлем керек. Постыңыз басынан бастап, соңына дейін
оқылып шығуы дәл осы сөйлемге байланысты. Бірінші сөйлемді:
• эмоциямен бастаңыз. Оқырман назарын аударатындай қуану немесе
проблемаңызды жазсаңыз, оқырманға не керек екенін дәл табасыз. Мысалы:
Маған ұсыныс жасады, Жардан жалғыз құладым сияқты сөйлемдерді тақырыпқа
сай ойластырып, интриганы ұстап жазатын болсаңыз, лүпіл саны да көбейіп,
пікір қалдыратын жандар да табылады.
• пайданы түгендеуден бастаңыз. Адамдарға өзінің емес, өзгенің қанша
қаражат табатыны өте қызық. Пост жазар алдында өзіңіздің ең алғаш табысыңыз
жайлы, тіпті дәл қазір миллионер екеніңізді, шетелде бизнесіңіз бар екенін
санмен көрсетіп, сенімді жазыңыз. Оқырманға керек ақпаратты беріп болғаннан
кейін, мәтіннің ең соңында әңгіменің бәрі түсіңізде көрген миллондар
жайлы екенін жазсаңыз болады. Қалжында тұрған несі бар, есесіне аудиторияны
жинап, постты соңына дейін оқуға ілгек сөз таптыңыз.
• цитатадан бастаңыз. Ақылды, пайдалы сөйлемнен бастасаңыз, қоржыныма
салып қояйын, есіме сақтайын деушілер табылады. Әдетте, пайдалы цитатамен
басталатын посттар жақсы қаралым жинайды.
• сұрақ қоя біліңіз. Сіз ұсынған ақпарат соңына дейін оқылсын десеңіз,
оқырманды елітіп әкету керек. Осындай пост жазудың бір мысалы – оқырманға
сұрақ қойыңыз және оған жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтардың өтімділігі
оқырман да сізбен бірге жауап беруге тырысады. Тіпті кейбірі іштей сізбен
диалог құрастырады. Өз жауап нұсқасының дұрыстығына, бұрыстығына көзін
жеткізгісі келеді. Сол үшін де мәтініңізді аяғына дейін оқиды. Ал егержауап
нұсқасы болмаса, сұрақтың жауабын алғысы келеді.
• сторителлинг әдісін қолданыңыз. Қазіргі таңда оқырмандардың басым
көпшілігін қызықтыратын әдіс.
Дәл осы нұсқаулықпен белгілі бір оқиға арасында әңгіме өрбітіп мәтін
жазатын болсаңыз, қаралым сапасы, лүпіл саны да көп болады. Бұл
сөйлемдердің бастамасы оқырман үшін әрқашан қызықты. Түрлі мәтін жаза келе,
өзіңіз де түрлі амалдар ойлап тапсаңыз болады. Ол тіпті сіздің көңіл-
күйіңізден бастап, соңғы болып жатқан елдегі жаңалықтармен байланысты болуы
мүмін. Ал мәтіннің құрамына келетін болсақ, сапалы, сауатты болу шарт.
Неғұрлым мәтіндегі сөйлеміңіз қысқа болса, оқырманға да тез әрі жылдам
қабылданады. Зерттеу нәтижесі бойынша 8 сөзден тұратын сөйлемді оқырман
100%-ға, 14 сөзден тұратын сөйлемді оқырман 90%-ға, 40 және одан да көп
сөзден тұратын сөйлемді 10% ғана қабылдайды. Студент кезіңізде жазған
реферат пен дипломдық жұмысыңызды еске түсіріп көрсеңіз, бір сөйлемді 10
есе ұзартуға тырысқан шығарсыз. Ал инстаграмда керісінше оны жеңіл, әрі
жылдам оқылатындай жазғаныңыз абзал. Сөйлемді қысқарту үшін қыстырма
сөздерді алып тастауға болады. Сондай-ақ, жазған мәтініңізді бірнеше
қайтара оқып, ішіндегі артық сөздерді алып тастаңыз. Бастысы сөйлем
мағынасын жоғалтпаса болғаны. Бір ойдан екінші ойға ауыспаңыз.  Ойсыз,
мағынасыз мәтін жазыңыз демейміз. Тек әр сөйлеміңіз бір ойдың қорытындысы
болсын. Ал екіншіойыңызды екінші сөйлемге арқау етіңіз. Сондай-ақ, күрделі
сөздерді қолданып қиындатпаңыз. Барынша қарапайым сөздерді қолдануға
тырысыңыз. Оқып отырған адам терминді білмесе, мәтінді түсінуі қиын болады.
Тек аудиторияңыз термінді түсінетіндігіне сенімді болсаңыз, ол сөз кең
қолданыста болса ғана пайдаланыңыз. Ойды анық жеткізетін сөзді қолданыңыз.
Мысалы, практикалық кейстер туралы сөз қозғаймыз. Кейс сөзін тәжірибе,
мысал сөздерімен алмастыруға болатын еді. Бірақ бұл сөздердің аясы кең.
Екі нұсқа да жарамды болса, ең қысқасын таңдаңыз. Интернет-ресурс дегенге
сайт дей салыңыз. Екінші сөйлемде сайт сөзі қайталанып кетпес үшін
интернетресурспен алмастыруға болады. Тәжірибе жүзінде оқырмандарыңызға әр
түрлі бағыттағы мәтіндерді ұсынып, қаралымның көптігіне байланысты өз
бағытыңызды таңдасаңыз болады.

1.4. Әлеуметтік желіде оқырмандарды не нәрсе еліктіреді?

Instagram әлеуметтік желісінде бірнеше жыл бұрын сапалы суреттермен
оқырмандардың назарын еліктіруге болатын еді. Ал қазір бұл өте қиын. Әрине,
фотолар сапалы, әдемі, сізге ұнауы мүмкін. Алайда бәсекелестік алаңында
сіздің ол суреттеріңізге ешкім аса назар аудармайды. Себебі парақшада
тауарды, қызмет түрін ғана емес, өзіңіздің жеке стиліңізді де сата білуіңіз
керек. Көп тауардың ішінде сіздікін таңдауға мүмкіндік беретін парақшаңызды
визуалды тұрғыда дамыту керек. Жеке стиліңізді қалыптастырып, клиент пен
компания арасында сенім орнатуға тырысыңыз. Оқырман сіздің парақшаңызға
кірген сәтте ерекше қанық түстер, сізге тән мәтін, графика элементтері,
өнделген фото-видеоны көру керек. Соңғы трендтер мен дизайнерлік
қызметтерді пайдаланып визуал қалыптастырыңыз. Және оны жиі өзгертуге
тырыспаңыз, себебі ол оқырманды шатастырады.

Топ 5. Дизайн трендтері
1. 3D – визуалды тұрғыда адам жанарына суретті жақын қылып көрсетеді.
Тауарды жақын тұрғандай әсер етіп, миды шындыққа жанасымды етіп сендіреді.
2. Изометрия – қиғаш сызықтармен сызылып өрнектелген ерекше дизайн.
Оның үстіне көптеген сызықтар түрлі түске боялғанда сіздің парақшаңыз
жарқын, қанық түстермен ерекшеленіп, фотоңыз әсерлі бола түседі.
3.Антигравитация – картинаға қараған кезде заттар жоғары ұшып, жүзіп
жүргендей әсер қалдырады. Оқырманға да бұл эффект жеңіл әсер етіп, тауарды
сатып алуға ықпал етуі мүмкін.
4. Сюрреализм, мозаика және арт коллаж - әлемді жаппай жаулап жатқан
дизайн. Ұқсас емес дүниелердің үйлесімділігін табу, фотоның бетіне сурет
салу, эмоция туғызатын, қызық туындылар. Туындыға бір қарағанда назар
аудартудың жақсы құралы. Модерн арт деген атаумен де танымал. Бұл өнер –
мейрамхана, демалыс орындарында кеңінен пайдаланылуда.
5. Анимация – қазіргі таңда инстаграмда жиі қолданылып жүрген
дизайнерлік трендтердің бірі. Жариялайтын постыңызға қимыл қозғалыс беріп,
түрлі-түсті әсер береді. Оқырманға позитив сыйлайды, есте жақсы сақталады.
Бизнес саласында өзіңіздің логотипіңізге, тауарыңызға тиімді пайдалансаңыз
болады.
Қазіргі таңда фотосуреттерге қарағанда видеоның оқырманға әсері басым.
Бұрындары парақшада 1 минутқа ғана негізделген видео салынатын болса, қазір
шектеу жоқ. IGTV-да 10 минутқа дейін видеоны жүктей аласыз. Инстаграмның
берген бұл мүмкіндігін де тиімді пайдаланған жөн. Тауарыңызды толық
сипаттап, тіпті мамандардың пікірін 10 минутқа жинақтап, оқырманға сапалы
өнім ұсынуыңызға әбден болады. Аккаунтыңызды қызықты қылу үшін арнайы айдар
тауып, видеоны өндеп, пайдалы ақпаратпен бөліссеңіз, қаралым саны да өседі.
Жаңа идея табу, таңқалардық видео жасап шығару сіз ойлағандай қиын емес,
егер арнайы видео-редакторға қызығушылығыңыз болса, кәсіби болмаса да, өз
тауарыңызды жарнамалай алатындай деңгейде жұмыс істеуге болады. Ал
инстаграмдағы видео түсініктің тамаша бір мүмкіндіктерінің бірі – тікелей
эфир. Оқырманмен байланыс орнататын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінен орыс тіліне жарнама мәтінін аудару ерекшеліктері
Canva тегін және ақылы нұсқаларының айырмашылығы
Тілдегі кірме сөздерді зерттеу мәселелері
Жарнама мәтіннің интерлингвистикалық ерекшеліктері
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кезеңдері
Жарнамалық мәтінді аудару принциптері
Отандық контенттің сапасы
Ток - шоу тақырыптары
Грамматика мен тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс тәсілдері.
Бастауыш сынып оқушыларын жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі
Пәндер