Мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібі

Жоспар
Кіріспе
I-Негізгі бөлім
А) Мектеп жасына дейінгі күн тәртібі
Б) Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі гигиеналық ұйымдастыру қағидалары
II-Бөлім
2. 1Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде оқу-тәрбие үдерісінің гигиеналық негіздері
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Баланың дұрыс дамып өсуінің, тәрбиеленуінің негізі - күн тәртібі. Күн тәртібі дегеніміз баланың күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты, белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті күн тәртібі.
Балалардың денсаулығы және денесі дұрыс дамуы үшін күн тәртібінің маңызы зор. Баланың тамақтанатын, ұйықтайтын, серуенге шығатын, ойнайтын және оқу қызметінің әрдайым біркелкі болуы - дұрыс тәрбиелеудің міндетті шарты.
Баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін күн тәртібі:
Балалардың жас ерекшелігін ескеру(жасына қарай қимылдарының өзгеруі)
- Балалардың психикалық даму дәрежесі;
- Балалар денсаулығы;
- Күн тәртібінің тұрақтылығы;
- Балалардың бақшада болу уақыты;
байланысты құрылады. Күн тәртібіне сергіту, ұйықтау, тамақтандыру, серуендету, ойнату, оқыту әртүрлі еңбекті ұйымдастыру жатады. Бұлар тұрақты түрде белгілі уақыт аралығында бір ырғақпен қайталанып келіп отырады, ол бала ағзасындағы өзгерісті, табиғат құбылыстарының ауысуын, асқазанның, жүректің, ми қызмет жүйеге салып, бір әрекеттен екіншісіне ауысуын оңайлатады. Күн тәртібінің дұрыс орындалуы баланың жүйкесіне және ағзасының барлық өсу, даму процесінің дұрыс жетілуіне игі әсерін тигізеді. Тұрақты күн тәртібі бала денсаулығын жақсартады.
1. 1Мектеп жасына дейінгі күн тәртібі
Ерте жастағы баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру.
Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің баланың өсуі мен денсаулығын нығайтуда маңызы зор. Сонымен қатар, ол бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруға, ерік-жігерін нығайтуға, ұстамдылық, ұқыптылық сияқты басқа да маңызды қасиеттерді жетілдіруге көмектеседі. Күн тәртібі - балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс ойластыра жасалған еңбекке дағдыландыру, демалыс, тамақтандыру ережесі.
Бала таза ауада мүмкіндігінше ұзағырақ: жазда күні бойы, көктемде, күз бен қыста бірнеше сағат бойы болуы керек. Ауа райы қолайсыз күндерде серуенге ұзақ болмаса да жиірек шыққан жөн. Таңертеңгі, түскі, бесіндік және кешкі тамақтану мерзімдерін бұзбай сақтау қажет. Бейберекет ішкен тамақ та денсаулыққа зиян.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салумен, қағаз қиюмен, санақ есеппен, илеп мүсіндер жасаумен және басқа да істермен айналысуына арнайы уақыт бөлінеді. Мұндай істермен 3-4 жастағы балалар 15-20 минут, ал 5-6 жастағы балалар 30-40 минут қана айналысуы тиіс. Іс-әрекеттерді алмастыра отырып, әрбір 20-25 минут сайын үзіліс жасаған жөн. Балалардың жоғарыда аталған жаттығуларын таңертеңгі тамақтан кейін ұйымдастырған дұрыс. Ал қалған уақыт ойынға арналады.
Төменде 1 жас және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған күн тәртібінің үлгісі беріліп отыр.
3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
Егер бала өз қалауымен, ықылас қойып айналысатын болса, ол үшін кез келген жаттығу пайдалы. Бұл үшін ата-ананың аз да болса педагогтік шеберлігі болғаны жөн. Оларға табандылық қажет, алға қойған мақсатты сәбиге орындату жолында сабырлылық керек, балаға түсінікті тілмен сөйлесуге тырысқан жөн.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Көп салалыгуманитарлы-техникалық колледж
«Педагогика» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібі... жалғасыОрындаған: Рахат Айсара
Тобы: 4ДО-1К-18-9
Тексерген:Айгожина Зеренда Жумановна
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz