Жұлдызды аспан әлемі: шоқжұлдыздар, жұлдыз эволюциясы және Ғаламның пайда болуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазыбек би атындағы №36 жалпы отра білім беретін мектебі

РЕФЕРАТ

Тақырып:Жұлдызды аспан әлемі

Орындаған:

Қабылдаған:

Жұлдызды аспан әлемі

Жұлдызнамашылар аспан денелерінің қозғалысын, орын ауыстыруын жете зерттеді. Соның нәтижесінде Қытай жұлдызнамашылары әлемде бірінші болып жылдың ұзақтығын дәл есептеп шыққан. Бір жылда 365, 25 тәулік, яғни 365 және ширек тәулік бар деп есептеді. Қытай жұлдызнамашылары жұлдызды аспаннның картасын жасады. Онда Темірқазық жұлдызының айналасына топтасқан 28 шоқжұлдыз көрсетілді. Жер шаруашылығының кең түрде дамуы, білімнің осы саласынан да мәліметтер қалдырды.
Түркі халықтарының көпшілігінде шөміш тәріздес пішін құрайтын жетіжұлдыз Жетіқарақшы немесе Жетіген, моңғолдарда Жеті құдай, Жеті құрт, башқұрттарда Жеті қыз, эстондар мен орыстарда Арба, сібірліктерде Бұғы, ал ежелгі гректерде Үлкен Аю ретінде танылып, сол мағынаға сәйкес әр елдің өзіне тән аңыздары сақталған. Шоқжұлдыздардың астрономияда осы күндері қолданылып журген атауларының 48-і өте ертеден, Ежелгі Мысыр, Вавилон және Грекия замандарынан белгілі.
Шоқжұлдыз дегеніміз - аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі. Аспанда барлығы 88 шоқжұлдыз белгіленген. Шоқжұлдыз шекаралары Халықаралық астрономия одағының арнаулы қаулысы бойынша бекітілген, бірақ олардың ешқандай физикалық мағынасы жоқ. Шоқжұлдыздардың 31-і аспанның солтустік жарты шарында, 48-і оңтүстік жарты шарында, ал қалған 9-ы аспан экваторында орналасқан.

http://player.myshared.ru/30/1306927/slides/slide_2.jpg https://pbs.twimg.com/media/EatWAaYWsAUGkV-.jpg

Үлкен жарылыс кезінде жанып тұрған отты шар жан-жаққа лақтырылып, барлық бағытта шашырап кеткен. Отты энергияның жарылысы болып ол кейін салқындай келе материяға айналды. Әлем 300 мың жыл бойы өзара әрекеттесетін және барлық Әлемді біркелкі толтыратын электрондардан, протондардан, нейтрондардан және сәуле шығарудан тұрды. Әрі қарай Әлемнің кеңею процесінде заттардың тығыздығы және сәуле шығаруы, температуралары төмендеді. Температура 4000 К жеткенде сәуле шығару заттармен әрекеттесуін тоқтатты. Сөйтіп, олардың әрқайсысының эволюциясы өз бетінше жүрді. Әлемнің кеңеюінің басталғанына шамамен миллион жыл өткеннен соң тұрақты атомдардың қалыптасу уақыты келді. Жарылыстан кейінгі көптеген миллион жылдар бойы сол жарылыстың энергиясынан пайда болған жарықтан әлем жарқырап тұрды. Әлемнің пайда болуының жарылыстың сипатын дәлелдейтін деректерді ғалымдар осы уақытта да тауып жатыр. Үлкен жарылыстан кейін Әлем кеңейіп, салқындай бастады. Элементар бөлшектер протондар мен нейтрондарға бірігіп, ал олар өз кезегінде электрондарды қармап алып атомдар пайда болды. Атомдар әрі қарай бірігіп химиялық элементтердің кірпіштеріне айналды. Жүздеген миллион жыл бойы гравитация күштері материяны орасан зор қоймалжыңға жинап, ғарыштың архитектурасын даярлады. Жүздеген миллион жылдар өткеннен кейін сутегінің зор бұлттары қазір бақылап отырған галактикаға жинақталды. Ал осы галактиканың ішіндегі аз гравитациялық өрістер сутегілерді ыстық жұлдыздарға жинады. Олардың температуралары жұлдыздың қойнауында сутегіні әлде қайда ауыр элементке айналдыратын термоядролық реакциялардың басталуына жеткілікті болды. Шамамен 10 млрд жыл өткеннен кейін біздің галактика пайда болды. Мұнда жұлдыздар пайда болып және сөніп жатты. Жұлдыздар өздерінің ядролық отының жағып біткенше жарқырап тұрды. Алып жұлдыздар өздерінің өмір сүруінің соңғы сатысында жарылады. Осы жарылатын жұлдыздар немесе аса жаңа жұлдыздар өмірдің көзі болып табылатын элементтерді, атап айтқанда, біз дем алатын оттегіні, бұлшық етке қажетті көміртегіні, қанның құрамындағы темірді ғарыш кеңістігіне жіберді. Жарылыстан кейін газ бен тозаңнан тұратын бұлт пайда болғанда бұл элементтер гравитациялық күштің әрекетінен жиналды да, жаңа жұлдыз, яғни Күн пайда болды. Олардың жанында планеталар түзіле бастады. Бұл шамамен 4, 5 млрд жыл бұрыңғы оқиға. Жұлдыздар пайда болып жарылып жатты, жұлдыздар шоғырланып галактика құрды, жұлдыздар планеталардың түзілуіне ьқпал етті. Сондай планеталардың бірінде тіршілік иелері эволюцияны бастарынан өткізді, енді олардың ішіндегі санасы ең жоғары тұрғындары өмірдің қалай пайда болғанын түсінуге ұмтылуда. http://player.myshared.ru/30/1306927/slides/slide_5.jpg http://player.myshared.ru/30/1306927/slides/slide_6.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұлдыз эволюциясы және нейтронды жұлдыздардың пайда болуы мен құрылымы
Шоқжұлдыздар: аспан аймақтары, қасиеттері және қазақ аңыздары
Ғаламның пайда болуы мен эволюциясы: Үлкен жарылыс, кеңею, модельдер және тіршіліктің мүмкіндігі
Галактикалар әлемі: пайда болуы, түрлері және құрылымдық қасиеттері
Шоқжұлдыздар, Күн мен Айдың көрінерлік қозғалысы және горизонталды мен экваториалды аспан координаттары
Галактикалар мен жұлдыздық жүйелердің эволюциясы: құрылым, нуклеосинтез және Күн жүйесінің пайда болуы
Жұлдыздардың пайда болуы мен эволюциясы: жұлдызаралық газ, шаң және протожұлдыздық кезеңдер
Аспан механикасы, астродинамика және жұлдыз жүйелерінің динамикасы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы
Ақшаның пайда болуы мен тарихи эволюциясы
Биосфера: анықтамасы, эволюциясы және тіршіліктің пайда болуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz