Ғылыми - педагогикалық зерттеудің әдістері


БӨЖ:№2
Тақырыбы: Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістері
Заң - болмыс құбылыстары мен үдерістері арасында болатын жалпы, тұрақты қайталанып отыратын қажетті де мәнді байланыс. Заңдар сан алуан, ал олардың ішінде қоғамдық дамуға қажеттісі қоғамның әртүрлі ұрпақтары арасындағы ұштастықты қамтамасыз етеді. Сондықтан, педагогикалық үдерістің негізгі заңы сипатында өскелең әулет тарапынан аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін игеру қажеттігі заңы қарастырылады. Ал педагогикалық заңдылықтар ретінде көрінетін арнайы заңдар осы заңмен тікелей де тығыз байланысты. Бұл байланыс мәні: ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің мазмұн, форма және әдістері қоғамның өндіргіш күштерінің даму деңгейіне, әрі оларға сәйкес өндірістік қатынастар мен қондырғылар (надстройка) дәрежесіне тәуелді келеді. Тәлім білім деңгейі тек өндіріс талаптарымен анықталып қалмастан, ол қоғамда билік жүргізуші саясат пен идеиологияға бағыт-бағдар беруші әлеуметтік топтардың мүддесімен де байланысты келеді.
Педагогикалық үдерістің тиімділігі оның өтуіне жасалған жағдай-шарттарға (қаражаттық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, және т. б. ) тәуелді болуы заңдылықты құбылыс. Көбіне аталған шарттар елдегі әлеуметтік экономикалық жағдайларға, сонымен бірге субьективтік ықпал жасаушы, тәлім және тәрбиелеу мекемелерінің басшылығына байланысты.
Тәрбие нәтижелілігі балалардың қоршаған дүниемен қарым-қатынас ерекшелігіне тәуелді болуы да заңдылықты құбылыс. Педагогикалық заңдылық мәні - оқу-үйретім және тәрбие нәтижелерінің өз дамуының әрқилы кезеңінде бала араласқан іс-әрекеттерінің сипатына байланыстылығы. Педагогикалық үдеріс мазмұны, формасы мен әдістерінің тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне сай болуы аса маңызды заңдылықтар тізімінен. Педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың нақты желісінде қандай да қызмет орындауға қажет үдерістік бірліктер арасындағы ішкі заңдылықты қатынастардың маңызы елеуге тұрарлық. Нақты тәрбие - тәлім үдерісі мазмұнының алға қойылған міндеттеріне байланысты нақтылануы міне осыдан. Педагогикалық іс-әрекет әдістері мен оларға қолданылатын құрал-жабдықтар нақты педагогикалық жағдайға және мазмұнға орай іріктеледі. Мақсат, міндет, мазмұн және т. б. педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формасын таңдауға ықпал жасайды.
Педагогикалық үдеріс заңдылықтары өздерінің нақты көрінісін негізгі ереже- талаптарда, яғни принциптерде табады. Принциптерге орай педагогикалық үдерістің жалпы ұйымдасуы, мазмұны, формасы мен әдістері анықталады.
Бүгінгі ғылымда принциптер қандай да теорияның, жетекші пайымдардың, мінез-құлық, іс-әрекеттің негізгі бастау ережелерін көрсетеді. Педагогикалық үдеріс прнциптері, сонымен тәлім-тәрбие істерін ұйымдастыру талаптарын аңдатады, олардың бағыт-бағдарын сілтейді, нәтижеде педагогикалық үдерісті шығармашылықпен құрастыруға жәрдем береді.
Біртұтас педагогикалық үдеріс ауқымында принциптердің екі тобын ажыратуға болады:
педагогикалық үдерісті ұйымдастыру принциптері;
тәрбиеленушілер іс-әрекеттерін басқару принциптері;
Педагогикалық үдерістерді ұйымдастыру принциптері:
- педагогикалық үдерістің гуманистік бағытталуы принципі - бұл принциптің орындалуынан қоғам және тұлға байланысында тұлға мүддесі асқақталады. Барша тәрбие міндеттері (тәрбиелеу, тәлім топтау, даму, ) біртұтас жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына бағышталады.
- оқу-үйретім және тәрбие үдерісінде тұлғада біртұтас және үйлесімдіақыл-ес, сезімдік, көңіл-күй, еріктік, әрекеттік-тәжірибелік қабілеттер қалыптасуына жәрдем іске асады. Осыған орай адамның барша табиғи және әлеуметтік мүмкіндіктеріне қозғау салып, олардың дамуынан тұлғаның өмірге деген сенімі артады, қоғамда өз орнын тауып, өз көзқарас, дүниетанымына иелік дәрежесін көтеріп, дарыны мен кәсіби біліктілігін жетілдіреді.
- тәрбиелік іс-әрекеттердің әрқилы формаларының өзара қатынасын үйлесімді әрі бірлікті ұйымдастыратын, кешенділік ұстану принципі. Мысалы, ойындық іс-әрекеттер баланы оқу-үйренім, еңбек, өзіндік ұйымдасу және тұрмыстық әрекет, қызметтерге ынталандыруы мүмкін;
- педагогикалық үдерістің тәлім-білім, ептілік және адамгершілік, қоғамдық-саяси ұстанымдарын бірлікті қалыптастыру принципі.
- сана және іс әрекет бірлігі принципі.
- педагогикалық үдерістің өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланысын қамсыздандыру принципі.
- оқу-үйретімді және тәрбиені өзіндік мүдде және жалпы әлеумет пайдасына арналған еңбекпен байланыстыру принципі.
- педагогикалық үдеріс құрылымында өзара жалғастық, бірізділік және жүйелілік принципі.
- балаларды ұжымдатәрбиелеу және үйрету принципі.
- балалардың бүкіл өмірін, әсіресе, оқу-үйренімін, тәрбиесін әсемдікке бөлеу принципі.
Тәрбиеленушілердің іс-әрекетін басқару принциптері:
- педагогикалық басқарымда тәрбиеленушілердің арқау ету принципі;
- тәрбиеленуші тұлғасын оған деген талаппен ұштастыра құрметтеу;
- адам бойындағы ұнамды қасиет пен оның күшті тұлғалық сапаларын тірек қылу принципі;
- мектеп, отбасы және қоғам талаптарының үйлесімділігі принципі;
- тікелей және қосарлы педагогикалық ықпалдарды үйлестіре пайдалану принципі;
- тәрбиеленушілердің шынайы мүмкіндіктерін ескеру принципі;
- тәрбиеленушілердің жасы мен даралық ерекшеліктерін ескеру принципі;
- тәлім, тәрбие және даму нәтижелерінің беріктілігі мен әсерлілігі принципі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz