Балдың пайдасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Ы.Алтынсарин орта мектебі

Орындаған: Тохтамыс Асылзат Азатқызы

3ә сынып

Тақырыбы: Балдың пайдасы

Бағыты: Жаратылыстану

Секциясы: Қоғамдық-гуманитарлық

Жетекшісі: Ильясова Бибіфатима

Құмжота ауылы 2016-2017 оқу жылы

Құмжота ауылы 2016-2017 оқу жылы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ы.Алтынсарин орта мектебінің
3 Ә сынып оқушысы Тохтамыс Асылзаттың Балдың пайдасы атты ғылыми зерттеу жұмысына

ПІКІР

Ғылыми-зерттеу жұмысында балдың пайдасын зерттеу,адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланытынымен кеңірек танысу тарихына шолу жасалынған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқын да анық көрсетілген.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: Балдың шығу тарихы жайында. Балдың түрлері.Балдың құрамы.Балдың жасалу жолдары.Дәрігерлердің кеңесі.Балдың қолданылуы сияқты көптеген мәселелерді қарастырған.
Ғылыми-зерттеу жұмысының 1-бөлімінде Балдың шығу тарихы жайында. Балдың түрлері.Балдың құрамы.Балдың жасалу жолдары. Дәрігерлердің кеңесі. Балдың қолданылуы туралы мәліметтер келтірілген. Бал жайлы көбірек оқып біліп, онда балдың көптеген сырларын ашқан. Ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінетіндігі жайлы баяндалады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының 2-бөлімінде Балдың қолданылуын зерттегендігі жайлы жазылған. Табиғи балды үй тұрмысында анықтаған.
3Ә сынып оқушысы Тохтамыс Асылзат Балдың пайдасы ғылыми-зерттеу жұмысы өзекті мәселені қамтыған, толық аяқталған өз бетінше орындалған ғылыми еңбек.

Ы. Алтынсарин атындағы орта
мектептің директордың оқу-ісі
жөніндегі орынбасары: Қарымсақова О.Р.

Аннотация
Бал
Бал-жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі - қоймалжың, тәтті сұйық зат.
Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал бір шырынды, ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал көп шырынды деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Бал-керемет,бірегей қасиеттерге ие болғандықтан,адамдар оны кеңінен қолданады.
Мысалы,кулинарияда,косметологиялық жағдайда және медицинада.

Мед
Мет - продукт который обрабатывает рабочая пчела из сока цветочных растении - густое, сладкое жидкое вещество.
Мед собранный из одного вида растений называется одно сочным , а собранный из несколько видов растении называется много сочным, их называют по виду растении.
Химически состав пчелиного меда зависит от растении из которого собран сок , от почвы в котором он рос, от климата и вида меда.
Мед - отличный, он имет неповторимые качества, люди его широко применяют. Например, в кулинарии, в косметологических условиях и в медицине.

Honey
Honey ˈhʌni is a sugary food substance produced and stored by certain social hymenopteran insects. It is produced from the sugary secretions of plants or insects, such as floral nectar or aphid honeydew, through regurgitation, enzymatic activity, and water evaporation. The variety of honey produced by honey bees (the genusApis) is the most well-known, due to its worldwide commercial production and human consumption.
Honey gets its sweetness from the monosaccharides fructose and glucose, and has about the same relative sweetness as granulated sugar. It has attractive chemical properties for baking and a distinctive flavor that leads some people to prefer it to sugar and other sweeteners. Most microorganisms do not grow in honey, so sealed honey does not spoil, even after thousands of years. However, honey sometimes contains dormant endospores of the bacterium Clostridium botulinum, which can be dangerous to babies, as it may result in botulism

Мазмұны:

1.Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

2.1.Балдың шығу тарихы жайында.

2.2.Балдың түрлері.

2.3.Балдың құрамы.

2.4.Балдың жасалу жолдары.

2.5.Дәрігерлер кеңесі.

2.6.Балдың қолданылуы.

3. Біздің зерттеу жұмысымыз

3.1. Кітапханада

3.2.Химия кабинетінде

3.3.Дәрігермен кездесу

3.4.Балдың қолданылуын зерттеу

3.5.Табиғи балды үй тұрмысында анықтау

3.6.Сауалнама нәтижесі

4. Қорытынды

5. Қолданылған әдебиеттер

1. Кіріспе

Мен, інім ауырған кезде анамның емдік шараларының бірі-балды қолданады.Анам балды сүтке қосып ішкізеді.Осындай кезде маған мынадай ой келді: Бал деп нені айтады?Оның тарихы қайдан бастау алады?Аралар оны қалай жасайды?
Менің ойымша бал-бұл тәтті тағам деп есептеймін.Бірақ менің сыныптас досым Назерке ,бұл әрі тағам,әрі дәрі деп есептеймін деді.
Осы сұрақтарға жауап іздеп ең алдымен энциклопедияны ақтарып,мынадай анықтама таптым:
Бал-жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі - қоймалжың, тәтті сұйық зат.

Осы анықтаманы тереңірек түсіну үшін,сұраққа нақты жауап алу үшін біз осы тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндік.

Біздің жобамыздың басты мақсаты- балдың пайдасын зерттеу,адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланытынымен кеңірек танысу.
Міндеттері:
# Балдың пайда болу тарихымен танысу;
# Балдың жасалу технологиясымен танысу;
# Балдың құрамын оқып-білу;
# Балдың түрлерін анықтап білу;
# Балдың қалай және қай жерде қолданылатынын оқып-білу.

Зерттеу нысаны- адам

Зерттеу заты- бал

Зерттеудің өзектілігі-біз балды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен,оның көптеген пайдасын,өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз.

Зерттеудің болжамы-егер біз бал жайлы көбірек оқып білсек, онда балдың көптеген сырларын ашар едік.

Зерттеу әдістері
- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;
- бақылау;
-зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.

2.Негізгі бөлім:
2.1.Балдың шығу тарихы
Археологтардың зерттеуіне сүйенсек,аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді.
Ежелгі мәдени ескерткіштердің сақталу негізінде алғашқы адамдар балды тәтті,нәрлі өнім ретінде қолданған екен.Испания мемлекетінің Валенсия мекенінде табылған ежелгі ескерткіште адамның балды алып жатқаны бейнеленген.Адамның балды аралар арасынан алып жатқан таңбасы тастарда бейнеленіп,сақталған екен.

Балдың ғажайып қасиетін алғашқы адамдар да өте бағалаған.Барлық уақытта әр халық оны емдік мақсатпен қолданған.Египет папирустарында 3000 жыл бұрын ауруды емдеу,аурудың алдын алу мақсатымен қолданылған деген жазбалар сақталған.
Ежелгі қытай және үнді жазбаларында да балдың ғажайып,ең керемет қасиеттерге ие екендігін көрсеткен.Үнді құдайы Вишну лотос гүлінде қонып отырған бал арасы бейнесінде бейнеленген екен.Ежелгі үндістер,бал адамға зор ғанибет сыйлап,денсаулығын нығайтып,жастықты сақтайды деп санаған.
Ежелгі Грецияда бал жастықтың сусыны деп,табиғаттың керемет сыйы деп есептеген.Олар құдайға құрбандыққа бал жағылған жемістерді қойған,бұл құдайға мәңгілік өмір береді деп сенген.
Ұлы грек математигі Пифагор,өзінің ұзақ жасауының себебі осы балды жиі қолданғандықтан деген.Сол сияқты белгілі ойшыл,философ Демокрит те,өзінің 100 жасауының,денсаулығының мықтылығы балды пайдаланудан деп айтқан.
Ресейде бал жайлы 945 жылдың Лаврентьев жазбаларында айтылған екен.Бірақ тағам түрінде емес,сусын ретінде көрсетілген.
Осыдан бір жарым ғасыр бұрын Өскеменнің іргесіне алғашқы араларды әкеліп,
қолға ұстай бастаған.Сол себепті Шығыс Қазақстан облысы Орталық Азия аймағында омарта шаруашылығының отаны саналады.Елімізде өндірілетін балдың 80 пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.

2.2.Балдың түрлері
Өсімдіктің бір түрінен жиналған бал бір шырынды, ал бірнеше өсімдік түрінен жиналған бал көп шырынды деп аталады. Оны өсімдіктің түріне қарай атайды. Қазақстанда әр ұядан орта есеппен жылына 15 кг-ға дейін, жекелеген тәжірибелі бал ара өсірушілер 180 кг-ға дейін бал жинайды екен.
Ара балының бөлінуі
Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.
Бір шырынды бал - тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай - қара-құмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.
Көп шырынды бал - өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.
Табиғи балдың түрлері
Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады.
Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол - балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.
Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.
Түйебұршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық - янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.
Шайқурай (кипрей) балы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.
Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондайақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.
Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.
2.3. Балдың құрамы

Балдың құрамы мен қуаты
Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.
Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

2.4.Балды жинау
Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Бал жинауда жыл мезгілі, ауа райы, ара ұясының күйі, өсімдік түрі және оның омартаға қашықтығы, шірненің бөліну дәрежесі маңызды рөл атқарады. Бал арасы балға қажетті гүл шірнесі мен тозаңын жинау үшін тынбастан гүлден гүлге қонады. Негізінен бұл істі жұмысшы аралар ғана атқарады. Аралар жайылған кездері ондаған шақырымға дейін алаңсыз ұшып кете береді. Және адаспай өз ұяларын тауып қайтады. Барлауға шыққан ара ә дегеннен шырынды гүл мен шүйгінді шөпті іздейді. Тапқан кезде өздеріне тән белгілермен кейінгілерге хабар береді.
Әр ара өзінің қоржынына өз салмағының жартысына жететіндей шірне жинай алады. Олар жинаған шірнесін ұядағы жас араларға жеткізеді. Жас аралар шірнені тор көзшелерге салады. Іле қанаттарымен желдетіп, артық ылғалын жояды. Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын өзгертіп, оны балға айналдырады. Көзшелер балға толғаннан кейін ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал ұзақ сақталады. Араның бал жинауы өсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан әсіресе көктемде жиналған балдың сапасы өте жоғары бағаланады.

Ара ұяшықтары
Олар ұясын алты бұрышты геометриялық пішінде жасайды. Математиктердің есептеуінше, бал ұяшығын алты бұрышты етіп жасауда үлкен тиімділік бар екен. Алты бұрышты ұяға материал өте аз жұмсалып, балдың сыйымдылығы мейлінше артатын көрінеді. Яғни, бұл өте тиімді ұя жасау тәсілі.
Бал ұяшықтарын жасаудағы аралардың қолданатын тәсілі де таңғаларлық. Аралар бұл іске бірден екі-үш жерден бастап кіріседі. Бәрі бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды кейіннен бір-бірімен біріктіріп әкеліп бал ұяшықтарын тоқиды. Сонда барлығы бір жерден шығады екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен шебер жымдастырылғаны сондай, әрбір қабырғаның бөлек тоқылғандығын байқау өте қиын.

Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас араларды қоректендіру жүйелі түрде іске асады. Егер ұяның іші қапырық тартса, қанаттарын қағып жұмыртқаларын салқындатады. Ал суық болса жұмыртқаны жан-жағынан
көлегейлеп жылытады.

Жұмысшы ара небәрі 30 - 35 күн ғана өмір сүреді екен.Алайда, бал арасының еңбекқорлығы бекерден - бекер мақалға айналмаған: өйткені, бір бал арасы сағатына 6,5 км жылдамдықпен ұшып, бір жұмыс күнінің ішінде шамамен 7000 гүлге қонады екен. Оның барлық органдары гүлдеген өсімдіктерден шырын жинауға бейімделген: артқы аяқтарындағы арнайы щеткалары мен себетшелері арқылы тозаң жинайды әрі оны тасымалдайды. Ұзын тұмсығымен гүл шырынын сорады, жемсауында гүл шырыны балға айналады, тіпті тапқан шырынды өсімдіктерін біріне - бірі хабарлайтын күрделі хабарлауыш жүйесі де бар.

Жұмысшы аралардың қызметтері қатаң ажыратылған: біреулері тамақ тауып ұяға алып келеді, екіншілері оны алып балауызға құяды, үшіншілері балауызды тазартады, төртіншілері қанаттарымен ұяны желдетеді. Бесіншілері күзетшілік қызметін атқарып, ұяның есігін бағады және жауларын ішке кіргізбейді. Ал алтыншылары лечинкаларды тамақтандырады.
Аналық аралар ешқандай жұмыс жасамайды екен, олар тек өздерінің күтімімен ғана болады және соны басқа аралардан да талап етеді екен.
Міне, қызық! Ара бір ғана рет шағады екен. Өйткені оның құйрығындағы шаншары адамның денесінде қалып қояды да, шаншарынан айырылған ара көп кешікпей өледі екен.

2.5.Дәрігерлердің пайдалы кеңестері
Балдың пайдасы
Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балдың емдік қасиеті жайында
Балдың емдік қасиеті.
Ара шаруашылығы, ара өсіру
Ара шаруашылығы өнімдері және олардың қолданылуы
Ара шаруашылығы өнімдері
Ара балының түрлері
Балды өсімдіктер туралы
Халық емдері
Бал
Ара шаруашылығының өнімдерінің түрлері,сипаттамасы және ол өңімдердің пайдалану салалары
Пәндер