Шынайы көшбасшылық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1-3 Шынайы көшбасшылық

Сабақтың жоспары:

1. Шынайы көшбасшылық анықтамасы

2. Шынайы көшбасшыға тән қасиеттер

3. Көшбасшылық жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының нәтижесі

Шынайы көшбасшылық - тұлғаның рухани-адами толыққанды дамуының нәтижесі. Ал шынайы көшбасшыға тән жоғары адамгершілік қасиеттер: еліне риясыз, адал қызмет ету жолында өз жауапкершілігін жете сезініп, алға ұмтылу.

Шынайы көшбасшылардың ұлылығы бойындағы жоғары адамгершілігінде және мінсіз мінез-құлқында.

Нағыз көшбасшылық бұл… Бүгінгі таңда көшбасшылықтың көптеген үлгілері бар. Табысты және сәтсіз, оң және теріс, тиімді және тиімсіз. Нағыз көшбасшылық - бұл белсенділік, бір нәрсеге бастамашылық ету және бір нәрсе үшін жауапкершілік. Бұл қабілетке ие болу және жақсырақ, жылдамырақ, жақсырақ, тиімдірек нәрсені жасау.

Шынайы билік - қызметтік, басқаларға әсер ету мен беделділіктің билігі. Ол адамның алатын ресми орнына ғана емес, сонымен қатар ресми емес қарым-қатынастар жүйесіндегі орнымен немесе оған еркін түрде бағынғысы келетін адамдар санымен де, оның басқа адамдарға қатысты тәуелділігімен де анықталады. Шынайы билік әрдайым алатын қызметіне сәйкес бола бермейді. Бағынуға деген дайындылық айтылған бұйрықтың мен тапсырманың мәнін түсінетіндігіне, сол қызметті немесе істі жасай алу қабілеттілігінің бар болуымен, қызметкерлердің құндылықтарымен және алдына қойған мақсаттарымен де анықталады.

Көшбасшыға тән қасиеттер:

1. жол бермейді

2. Барлығын бағындырады

3. Адамдардың көңіліне сенім ұялатады

4. Жеңіске жетуге мүмкіндік береді

5. Адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады

Конфуций

Шынайы көшбасшы басқалар үшін өмір сүреді:

А. Құнанбаев М. Ганди А. Линкольн Л. Н. Толстой Ш. Айтматов

Ұлы көшбасшы өзі үшін өмір сүреді:

Гитлер Шыңғысхан Сталин Петр 1 А. Македонский Е. Зұлқарнайн

Ұлы рухани ұстаздар көшбасшылық туралы.

«Әділдік пен шыншылдық бір билеушінің бойынан табылс, онда оның шыншылдығы мен әділдігінің арқасында өз өмірі де, билеп жатқан адамдарының өмірі де шаттыққа бөленеді. Егер билеуші адамның бойында әділдік пен шындық біріксе, ол сапалы, қабылдаған заңдары жоғары деңгейде болады. »

Билеушіден халқыңды бағындыр деп сұрау қажет емес, халықтың өзі ақылды билеушінің басқаруын қалауы керек.

Сократ

- Өз мүддесін басқаның мүддесінен жоғары қоймағанда ғана көшбасшы өседі және өз қызметінде ұзақ тұрақтайды. Парадокс Өзін-өзі аямаумен, өзінен - өзі бас тартумен көшбасшы Өзін-өзі күшейтеді.

- Көшбасшы өзгелер туралы өсек айтпайды және ешқандай дамуға күшін кетірмейді. Үнемдеу - күштің қайнар бұлағы.

- Ақылды көшбасшы аз және қысқа сөйлейді. Сайып келгенде ешқандай табиғи әрекет мәңгі жасалмайды. Жауын жауады, кейіннен қояды. Күн күркірейді, соңынан тынышталады.

- Сіз қанша мәжбүр етсеңіз, топ соншалықты қарсылық көрсетеді. Сіздің айлаңыз құтылып кету үшін қарсы айланы тудырады. Әрбір заңмен бірге заңсыздық келеді.

Лао Цзы

Көшбасшы- халқын шын ықыласымен сүюімен қатар мына бес қасиет болу керек. Кісіге шын құрмет, кеңпейілдік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.

Біріншісі- жарамсақтануға жол бермейді.

Екіншісі- барлығын бағындырады.

Үшіншісі- адамдардың көңіліне сенім ұялатады.

Төртіншісі- жеңіске жетуге мүмкіндік береді.

Бесіншісі- адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады

Басшы-көшбасшы халық алдында қулыққа бармайды. Ол әділетті сүйеді, өзгелердің пікіріне құлақ асады. Ол өзін басқалардан жоғары қоймайды.

Риясыз қызмет ету- шынайы көшбасшының іргетасы.

Идеалға негізделген риясыздық- бұл көшбасшылықтың нағыз іргетасы. Риясыздық- көшбасшыны және оған ергендерді шексіз жетістіктерге қол жеткізуге рухтандырады.

- «Сендердің орталарыңда кім бірінші болғысы келсе, сол сендерге қызмет етуі тиіс». Иисус Христос

- «Лайықты көшбасшы өз адамдарын жақсы біледі және аналарынан артық қамқорлық жасайды». доктор М. Л. Чиббер

Шынайы көшбасшының үлгілері.

- Көшбасшы биік мақсатты көре білуге тиіс.

Жоғарғы мақсатты көздеу- « мен үшін не жақсы» дегенді көруден жоғары назар аудару, және көпке пайдасы тиер идеалға ұмтылу.

- Көшбасшы әрқашан байыпты болуы тиіс.

- Егер ол ашуланса, не істің нәтижесіне сенімсіздік танытса, беделіне нұқсан келеді.

Шынайы көшбасшылық- тұлғаны рухани- адамгершілік дамытудың жанама нәтижесі.

4-6

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси элита және оның қоғамдағы рөлі
Басшылық жасау және көшбасшылық
Көшбасшының жағдайлық теориясы
Педагогикалық процесте менеджердыің көшбасшылық сапаны қалыптастыру шарттары
БІЛІМ БЕРУ МAЗМҰНЫН ЖAҢAРТУ ЖAҒДAЙЫНДA КӨШБACШЫЛЫҚ ҚACИЕТТЕРДІ ҚAЛЫПТACТЫРУ ТҰЛҒAНЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ НЕГІЗІ
КӨШБАСШЫҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР
«Саяси психология» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Лидерліктің танымдық бағыттылығын зерттеу және олармен жүргізілетін психологиялық жұмыс түрлерін анықтау
Көшбасшы қабілетінің диагностикасы
Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz