Жалпы тіл дамуы кеш қалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу


Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық жоғарғы колледж
Реферат
Тақырып: Жалпы тіл дамуы кеш қалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу.
Орындаған:Уахит Ажар
Топ:БББ-23(б)
Павлодар 2021
Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы
Дамуында ауытқуы бар және психикалық дамуы қалыпты балаларды интеграциялау арқылы білім беру мәселесі-ең өзекті және қажетті проблема болып отыр.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің түрлі кемістіктері кездеседі. Олардың ішінде жиі кездесетіні және күрделісінің бірі - ол сөйлеу тілінің жалпы дамымауы. Логопедияда сөйлеу тілінің жалпы дамымауы - есту қабілеті мен ой - өрісі қалыпты дамыған балалардың дыбыстық және мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жүйесінің қалыптасуының бұзылуынан болатын күрделі тіл кемістігі деп қарастырады.
• Сөйлеу әрекетінің онтогенезіне зерттеу жүргізу;
• Сөйлеу тілінің түрлі бұзылымдары кезіндегі сөйлеудің дамуын зерттеу;
• Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларды ана тіліне оқытудың принциптеріне талдау жасау;
• Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалардың сөйлеуін дамыту;
• Мектепке дейінгі арнаулы балабақшалардағы сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының мазмұнын және оның ұйымдастырылуын анықтау;
Көрсетілген міндеттердің мазмұны сөйлеуді дамыту жұмыстарында қолданылатын арнайы әдістеменің теориялық және практикалық бағыттарын анықтайды. Бұл міндеттерді шешуде сөйлеуді дамыту әдістемесін басқа ғылымдармен (тілді зерттеу; психология; лингвистика; психолингвистика; жалпы педагогика; мектепке дейінгі және арнайы педагогика; логопедия) байланысты анықтайды. Берілген міндеттерді шешуде ең басты міндет - сөйлеу тілін дамыту әдістемесі теориясының мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мамандар тәжірибесімен ұштастырылуы.
Сөйлеуді дамыту әдістемесі педагогтан жалпы психология мен педагогика ғылымдарымен байланысты бала дамуының психофизикалық заңдылықтарын білуді, психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың әдістерін қолдануды, тіл дамыту сабақтарын дұрыс жоспарлай білуді талап етеді. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда баланың жалпы танымдық қабілетінің деңгейлері (қабылдау, есте сақтау, зейін, ойлау) ескеріледі. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу процесінде жалпы дидактикалық түзету жұмыстары қарастырылады. Логопедиялық жұмыстарды ұйымдастырудың негіздері педагогика ғылымындағы (жалпы педагогика, мектепке дейінгі педагогика, арнаулы педагогика) оқытудың дидактикалық принциптер, әдістер мен тәсілдер болып табылады. Жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалармен логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыруда баланың сөздік қорының көбеюі, сөздің грамматикалық құрылымының деңгейі, әлеуметтік ортаға бейімделуі қамтамасыз етіледі.
Сөйлеу тілінің дамымау деңгейлері
Жалпы сөйлеу тілі дамымауының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы байқалады. Ондайларды мылқау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен, күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы ым-ишара қолданып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері зияты бұзылған балаларда да болуы мүмкін. Бірақ та сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балаларды ақылына қарап-ақ сөйлеу тілі дамыған (олигофрен) зияты бұзылған балалардан оңай ажыратуға болады. Біріншіден, сөйлегенде пайдаланатын сөздік қорына қарағанда енжар сөздік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балалардың зияты бұзылған балалардан өзгешелігі, ойларын тындаушысына жеткізу үшін дене мүшелерінің қимылын және мәнерлі ымды пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын көзімен қарап, оны қалайда түзетуге тырысуы тән.
Сонымен, сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой-өрісі сөйлеу тілінің дамуы жағынан бір-біріне ұқсамайды.
Мысалы: «дөдөт» - машина, машинамен кетті, кетіпті және т. б. Сонымен бірге қимыл-іс әрекеттерді білдіретін сөздерді заттың атымен орнын алмастыра беретін жағдайларда байқалады. Мысалы: «адас» - қарындаш, жазу, сурет салу; «тәй» - шай, тамақ ішу. Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады, бірақта сөз түсінігі тым таяз. Сөздерді бірнеше рет қайталанған таныс жағдайда ғана түсінеді. Мысалы: «Қолыңды қалтаңнан ал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін. «Қалтаңды көрсет» дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол «қалта» деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.
Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті дамымаған. Бұл деңгейді қысқаша қолданбалы сөйлеу тілінің болмауы деп сипаттауға болады. Жалпы сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыт. Бадя тана теп дүй. (Қыс. Балалар шана теуіп жүр) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz