Қазақстандағы отбасылық құндылықтар: дәстүр, дағдарыс және мемлекеттік қолдау шаралары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Отбасылық құндылықтар негізі

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағи­­дат қай дәуірде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес. Елбасы «От­басы - Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын көрсетіп берді.

Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағы­тында қыруар шаруа атқа­рыл­ды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білім­ді ұрпақ қалыптастыруға бағыт­талған сындарлы саясатының нәти­ж­есінде ана мен баланы қолдау бойын­ша бағдарламалық құжаттар, гендер­лік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл са­йын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес.

Бұл мақсаттарға тек 2017 жылғы республикалық бюджеттен 149, 7 млрд теңге қаржы қарастырылған және ол жыл сайын кемінде 15%-ға артып келе жатыр. Әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» бай­қауын­да еліміздегі ең үлгілі отбасы­лар­дың өмірі насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да елі­мізде дәс­түрге айналған. Әрине отба­сы­­лық саясаттан бөлек отбасы­лық құн­дылықтар деген бар. Ол хал­қы­мыздың тарихымен бірге қай­нап, пісіп шыққан отбасылық дәстүр­лер, отбасы мәдениеті мен этикасы. Отбасының қалыптасуына, қоғам­ның қалыптасуы тікелей байланыс­ты. «Әке - асқар тау, ана - мөлдір бұлақ, бала - жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай.

Қазақтың тарихында киелі отба­сының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері туралы мысалдар көп. Уақытында бізге бай, феодал ретінде оқытылған Құнан­байдың өзі тегін адам болмаған­дығын еліміз егемендікке жеткенде ғана білдік. Кішкене артық сөйлеп кетіп «Мен сізден оздым әке, мені бүкіл қазақ таниды» деген Абайға, «Е, Абай, сен менен оздым деуің үшін әуелі мен құсап өзің сияқты ұл тудырып ал» деген сөзі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өнегелі сөз емес пе?

Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Қазіргі уақытта өмірге келген біздің балалары­мыз­­дың кіндігін кім кеспей жүр, бұ­рын жерге ғана көмілетін сол кін­дік қайда қалмай жатыр? Басқа­сын айтпағанда ұлдарымыздың сүндет тойын, мұсылмандыққа қадам басу сәтін қай жер болса, сол жерде, арақ-шарап араластырып, ысы­рап­­шыл­дықпен өткізуіміз қай ата­дан қал­ған дәстүрімізде бар еді? Өкініш­­­тісі, той өткізу бәсекеге ай­налып, құдалық даңғазалыққа ұла­­­сып бара жатыр. Сол қыруар шы­­ғын­­ның үйленген жастардың ба­­қы­­ты­на емес, бақталастығына ай­­на­­лып, ақыры жақсылыққа апармай жат­­қан­дығын да көріп жүрміз. Бұған дәлел ретінде неке құрған жас отба­сы­­лардың арасындағы ажы­­ра­­су­­д­ың кейінгі жылдары аса қауіп­ті деңгейге жеткенін айтсақ та жеткілікті.

Статистикалық көрсеткіш бойынша Қазақстанда неке құрған әр үш отбасының біреуі ажырасады екен. Мысалы, 2016 жылғы ресми мәліметтерге қарағанда, қала­лық жерлердегі ажырасу деңгейі 40 пайыз болса, ауылдық жерлердегі ажы­расу деңгейі 27 пайызға жеткен. Ажырасулардың 40%-ы алғашқы бес жылда орын алатындығы да ой­лан­дырады. Соңғы бес жылда еліміз­д­егі тіркелген некенің саны аза­йып, ажырасулардың саны көбейген.

Ажырасулардың кесірінен рес­пуб­лика бойынша толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар саны жылына 40 000-нан асып отыр. Бұл жай ғана жалаң цифрлар емес, қазіргі қоғамдық дерттің көрсеткіші. Әрісінде қаншама адамның тағдыры бар. Қаншама жас сәбидің көз жасы, көңіл наласы бар. Әкесіз тәр­биеленген ұл мен қыздың жарым­жан тағдырына жалпы қоғам болып жауапты екенімізді ұмыта бас­т­а­ған сыңайлымыз. Батыстық оңа­шалаудың әсерінен бе, кейінгі кезде біреудің отбасындағы мәселеге мүл­дем бейжаймыз. Әркімнің жеке басы­ның шаруасы дейтінді шығар­дық. Әке мен шеше тым балажан бо­лып алды. «Ішіме сыйған бала сыр­­тыма да сыяды» деген сөз бүгінгі ата-ана­ның басты уәжіне айналған. Осы бір сұрқия сөздің қай дәуірден жет­­кенін кім білсін? . . . Астарынан жау­­гер­шілік заманның салқыны сезі­ле­ді. Ендеше бүгінгідей бейбіт заман­­­да мұн­­шалықты салмағы ауыр сөзге ар­­қа сүйеуіміз бекершілік екенін білсек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыс кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері мен фискалдық қолдау шаралары
Отбасылық тәрбиеде адамгершілік құндылықтар: теория, дәстүр және заманауи мәселелер
Қазақстандағы жас отбасылардың типологиясы, әлеуметтік мәселелері және мемлекеттік қолдау шаралары
Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің құқықтық жағдайы және мемлекеттік қолдау шаралары
Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту: проблемалар мен мемлекеттік қолдау шаралары
Мемлекеттік инновациялық саясат: нарықтық экономикадағы инновациялар, инновациялық процесс және Қазақстандағы қолдау шаралары
Қыз тәрбиесі және ұлттық-отбасылық құндылықтар
Шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен Қазақстандағы мемлекеттік қолдау шаралары
Кәсіпкерлік және салық саясаты: заңнамалық негіздер мен дағдарыс жағдайындағы кәсіпкерлікті қолдау шаралары
Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық мәні, аймақтық дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz