Геодезиялық практика материалдары



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны Кіріспе 1Геодезиялық оқу іс-тәжірибелері 1.1 Геодезиялық оқу іс-тәжірибелерінің мақсаты мен барысы 2 Гедезиялық аспаптар 2.1 Теодолит 2.2 Нивелир 3 Топографиялық план құру 3.1 Теодолиттік жүріс және координаталар ведомосьтін есептеу 3.3 Тахеометриялық түсіріс журналын есептеу және план сызу 4 Нивелирлеу 4.1 Трассаны геометриялық нивелирлеу 4.2 Бойлық және көлденең қима салу Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізім Қосымша А-1:1 000 масштабындағы топографиялық план Қосымша Б-Трассаның көлденең және бойлық қималары
Кіріспе Далалық геодезиялық практикасы - студенттерді өндірістік геодезиялық практикаға дайындаудағы маңызды кезеңі болып табылады. Практиканың мақсаты: далалық және камералдық геодезиялық жұмыстармен танысу, геодезия пәнінде алған теориялық білімді одан әрі тереңдету мен қорытындылау болып табылады Далалық геодезиялық практикасы бір жарым айға созылады. Практика барысында практика жетекшісі студенттерді бірнеше топқа, яғни бригадаға бөледі. Әрбір бригада өз ішінен бригадирді сайлайды. Далалық геодезиялық практика аяқталуы нәтижесінде әрбір студент төменде көрсетілген қасиеттерді игере білуім қажет: - жеке жұмыс жасай алу; - геодезия пәнінде алған ғылыми-теориялық білімімді іс-тәжірибе жүзінде қолдана білу; - топпен жұмыс істей білу; - қойылған талаптарды тиімді және уақытында орындай білу; - белгіленген жерге топографиялық түсіріс жасай алу. Далалық геодезиялық тәжірибенің тапсырмалары мен мақсаты: жұмыс тәртібін орындауды, курс бойынша теориялық сабақтарда пайда болған сұрақтарға жауап алу, топографиялық және геодезиялық жұмыстарды дара орындауды меңгеру, теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту және оны тереңдету болып табылады. Тәжірибені өту барысында әр оқушы міндетті түрде геодезиялық құралдармен жұмыс істеуді топографиялық және геодезиялық жұмыстарды дара істеуді, белгілі бір жолдарды қолдануды және жұмыстарды орындау кезіндегі керекті дәлдікке қол жеткізе ауды, кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы керек.
Геодезиялық оқу іс тәжірибесі Тәжірибенің тетін орны-студенттер қалашығы. Өту мерзімі - әрбір мамандықтың кредит санына байланысты күніне 6 сағаттан. Материалдармен, әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету (әрбір бригадаға): 2Т-30 теодолиті, штатив, жҥк - 1 комплект жер ӛлшеу лентасы ЛЗ -20, 6 шпилька - 1 комплект Н-3 нивелирі, штатив- 1 комплект, РН3 рейкасы - 1 дана,масштабты сызғыш, дробышев сызғышы, транспортир - 1 дана Журналдар: бұрыштық өлшеулер - 1 дана - техникалық нивелирлеу - 1 дана - тахеометриялық тҥсіріс- 1 дана. Оқу-далалық тәжірибе оған жауапты оқытушылар мен кафедра меңгерушісінің басқаруымен ӛткізіледі. Студенттік топтар 5-6 адамнан тұратын бригадаларға бөлінеді. Бригаданың мөшелері оқытушымен келісе отырып, бригадирді сайлайды. Бригадир жұмысты ұйымдастыруға, оның уақытында орындалуына жауап береді. Бригада мҥшелері тәжірибенің соңына дейін алған аспаптарына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Егер аспаптар сынып немесе жоғалып кетсе, оған жауап береді. Жауапты оқытушылар қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстырады. Яғни, далалық жҧмыстарды орындау тек қауіпсіздік техникасының нҧсқауларымен толық танысқан адамдарға ғана рұқсат беріледі. Оларға жҧмыстарды қауіпсіз тҥрде жҥргізудің талаптарын және пайда болатын қолайсыз жағдайлардағы жасайтын әрекеттердің тәртіптерін тҥсіндіреді. Жұмыс істегенде оқыс оқиғалар мен жарақат алудың негізгі себептеріне кӛптеген табиғи кедергілер болуы мҥмкін. Ондай жағдайда адам жұмысты тоқтатып, ол жӛнінде хабарландыру керек. Қолдан келген көмекті тез көрсетіп, қажетті жағдайда дәрігерлік пунктке жеткізуге тиіс. Жұмыс кезінде су көздерін және қоршаған ортаны ластамай, ормандарды өрттен сақтап қорғау қажет. Пән бойынша геодезиялық эстафета тәжірибенің соңында оны ӛткен студенттер ҥшін ӛткізіледі. Әр оқытушы өз студенттері арасынан бір топ шығарады. Эстафета осы топтар арасындағы жарыс негізінде өткізіледі. Жеңіске жеткен командалар сыйлықтарменмарапатталады.
Геодезиялық аспаптар
Керекті құрал-жабдықтардың толықтығын геокамерадағы арнайы тізімбойынша паспорттарға сай тексереді. Жұмысқа керекті құрал-жабдықтырдың жарамдылығы осы жерде тексеріліп, мҥмкін болса кейбір кемшіліктер түзетіледі. Төмендегі тексерулер жасалынады: штативтердің тұрақтылығы; аспапты штативке бекітудің мықтылығы; бекіткіш, кӛтергіш, микрометриялық және басқа да (элевациондық,кремальера) бұрандаларының дұрыстығы; дүрбі мен микроскоптың кӛрсету анықтылығы мен мүмкіндігі; - аспаптың Барлық бөлшектерінің бекітілу мықтылығы; - басқа да механикалық талаптар. Аспаптарды түзету жұмыстары арнайы әдістемелік нұсқауларға сай жүргізіледі. Аспаптарды (қыл жіпті арақашықтық өлшеуіштің коэффициентін анықтау, т.б.) және ленталар мен рейканы тексеру оқытушының тапсырмасы бойынша орындалады. Далалық жұмыстарды жҥргізу үшін бригадалар өздеріне қадалар, қазықшалар дайындау қажет. Аспаптар мен қҧра зерттелу-жабдықтарды тексеру және түзету жұмыстары жайындағы мәліметтер, бригаданың техникамен толық қамтамасыз етілгені және жҧмысқа дайын екендігі журналға ескеріліп жазылады.
Теодолит Теодолит - жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш өлшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі-вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) -шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша үлкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы. Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді: Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған. Дәл теодолиттер 2Т2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы ... жалғасы
Нивелир Нивелир-жер беті нүктелерінің биіктік айырмасын, өсімшесін өлшеуге қолданылатын аспап. Нивелир өлшеу дәлдігіне қарай үш түрге бөлінеді. 1) Н-05-дәлдігі өте жоғары нивелир 1км-лік қос жүрістегі өсімшемен анықтаудың орташа дәлдігі 0,5мм-ге тең. 2) Н-3-дәл нивелир. Орташа квадраттың дәлдігі 3мм. 3) Н-10-техникалық нивелир. Өсімше анықтау дәлдігі 10мм аспайтын нивелир түрі. Енді геодезиялық жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген нивелирлер Н-3 пен Н-10-ның құрылыстарына тоқталамыз. Нивелирлеуде сантиметрлік бөліктері бар екі жақты рейкалар қолданылады. Олар ұзындығы 3-4 см тұтас ағаш тақтайдан жасалынады. Алып жүруге қолайлы бүртемелі рейкалар да жасалынады. Тақтайлар ак майлы бояумен боялып, оларға оларға сантиметрлік бөліктер есеп алуды жеңілдету мақсатымен 5 см сайын топтарға біріктірілген. Мәселен, Е әрпіне сәйкес топ 50см-ді көрсетеді және оны санамай-ақ қойса да болады. Рейканың ең кішкене бөлігінің сандық шамасы рейка бағасы деп аталады. Тұтас рейканың ең үлкен ұзындығы 3 м-ге тең. Рейканың төменгі жағында оны тез тозудан қорғайтын болат пластинкадан жасалған табан қағылған. Рейкалар бір жақты немесе екі жақты да болуы мүмкін. Екі жақты рейкалардағы бір сантиметрлік бөліктер бір жағында қара, ал екінші жағында қызыл түспен белгіленген. Рейканың қара жағында есептеу нөлден басталады да , ол негізгі жағы болп есептеленеді. Рейканың қызыл жағын тексеру үшін қажет, оның табаны нөлден емес басқа саннан, мысалы, 4687 не 4787мм-ден басталады. Егерде нивелирлеу кезінде рейканың екі жағынан есептер алынса,онда қызыл жағынан есептер алынса,онда қызыл жағынан алынған есептен қара жағынан алынған есепті шегергенде, әрқашан 4687 4787 саны қалып отыруы қажет. Бұл сан есеп алудың дәлдігін де,дұрыстығын да көрсетеді. Жұмыс жүргізер алдында нивелирлік рейкалар тексерілуге тиіс. Далалық нивелирлеу жұмысы басталар алдында аспапты ең алдымен толық сыртқа өткізеді,нивелир бөліктерінің жиынтығына, винттерінің түзулілігіне көз жеткізеді. Нивелирге қойылатын басты талап деңгейлік ось пен нсаналау сәулесі бағытының өзара параллель болуы. Жұмыс жүргізер алдында нивелир жан-жақты тексеріліп, биіктік өсімшесін дәл анықтауға әсер ететін кемшіліктер түзетілуге тиісті. Нивелирдің осьтері арасындағы геометриялық байланыстарды (68-сурет) былайша жүргізіледі.

Топографиялық план құру Топография - геодезиялық ізденістер нақты ауданның (алаңның) топографиялық жағдайын зерттеуді және жобалауға қажетті ірі масштабты пландар алуды қамтамасыз етеді. Топография-геодезиялық ізденістердің құрамына келесілер кіреді: -топография- геодезиялық зерттеулердің бар материалдарын жинау және талдау; -3 және 4 класты мемелекеттік геодезиялық торларды, 2 разрядты толықтыру торларын және II, III, IV класты нивелир торларын бөлу (салу); - пландық-түсіріс геодезиялық торларын құру; - топографиялық түсіріс (қажет кезінде аэрофототүсіріс) жасау және топографиялық пландарды жаңарту. Жобаланатын объектілердің сипатына және қызметіне, жобалаудың кезеңіне, инженерлік коммуникациялардың жиілігіне, жер бетіндегі құрылыс алаңына, пайдаланатын жерлердің аумағына, табиғи жағдай мен рельефіне байланысты топография-геодезиялық ізденістерде түсірістердің масштабы мен рельефтің қима биіктігі анықталады. Топография-геодезиялық ізденістерде жиі қолданатын пландардың масштабы 1:5000, қима биіктігі 1,0 м, 1:2000, 1:1000, 1:500 қима биіктіктері 0,5м, кей уақыттарда қима биіктігі 0,25м алынады. Топографиялық план масштабы 1:10000 келесі жұмыстарға арналған: - қалалар мен поселоктарды салуда жерді пландау - жол құбырлары мен электр желілерінің трассасын таңдау - орман мелиорациясының жобаларын жасау - гидротехникалық құрылыстарды салуға территорияларды таңдау. Топографиялық план масштабы 1:5000 келесі жұмыстарға арналған: - ірі және орта қалалардың ірі өндіріс аудандарының, күрделі көлік торабының басты планын жасау, жерді суару және құрғату үшін жобаларды жасау, жазық және тау өзендерінде гидротүйіндерді салу және т.б. Топографиялық план масштабы 1:2000 келесіге арналған: кіші қалаларды, қала типтес поселоктарды және ауылдық елді мекендерді салу үшін басты планын және жобаларын (жұмыс жобаларын)жасау; инженерлік тораптарды вертикаль пландаудың схемасын жасау; қалалық өндірістік аудандардың пландау жобаларын жасау және т.б. Топографиялық план 1:1000 келесіге арналған: салынбаған территориялар мен 1 этажды құрылыс территориясының жобасын және жұмыс құжаттарын жасау, территорияны пландау және көгалдандыру үшін жобаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теодолиттің құрылысы
Далалық геодезиялық практика
Геодезия картография
Геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастру
Өндірістік тәжірибеде қолданылған аспаптар
Теодолитті тексеру және түзету
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Инженерлік геодезия
Өндірістік тәжірибе өткен жерім
Пәндер