Этикалық стратегияны қалыптастыру


Факультеті «_Жоғарғы экономика және бизнес мектебі_»
Мамандығы «_Экономика_»
СӨЖ
Тақырыбы: “Этикалық стратегияны қалыптастыру. ”
Эссе
Орындаған: Дана Оразова Ерболатқызы
Тексерген: Есенгелдиева Гульмира Токтасыновна
Алматы, 2020 ж
Эссе
Этика- кез- келген қызметтерді мәнермен жүргізудің өлшемін қамтамасыз етеді . Қазіргі таңда корпоратив кәсіпкерлік этикасы өте маңызды, ол корпорацияда әртүрлі жанжалдың, ұрыстың шығуы, алаяқтық пен тәртіп бұзылуының алдын алу үшін қажет . Жауапкершілік, этикалық мінез-құлықты қалыптастыру үшін, бізге этикалық бағдарлама керек . Қай қағидаларды қамтитын стратегия мінсіз этикалық стратегия болып табылады ?
“ Пайданы жоғалту уақытша ауыртпалық тудыруы мүмкін, алайда арсыздық мәңгі жалғасады. Бұл осы күнге дейін маңызды ”, - деп әйгілі топ- менеджер Вернон Р. Локс айтқандай не нәрсе адалдыққа негізделу керек. Ал көшбасшы кәсіпкер әрқашан сенімге лайық және өз ісіне берік болуы қажет . Сөздерін іспен дәлелдей алуы тиіс. Бұл кәсіпкерге ескеру керек негізгі құндылықтардың бірі. Меншікке иелік ететін адам ретінде шешімдер мен әрекеттер негізіне олар құрмет, әділдік, адалдық және ашықтық, сияқты құндылықтарды жатқызуы қажет. Кәсіпорында туындаған қиындықтар мен проблемаларды шешу, кәсіпкердің өнеге болуға тырысуы - этикалық мәселенің көрінісі болып табылады. Мысалы, кәсіпкер ретінде жұмыс барысында туындаған мәселені тиімді түрде шешіп не орындасаңыз, сіз қол астыңыздағы жұмысшыларыңызға үлгі болып, олардың этикалық үмітін ақтайсыз . Шын мәнінде, жақсы үлгі берілмесе, сіздің ұйымыңызда этикалық проблемалардың туындайтыны анық.
Сэр Эдриан Кадбери : “Этикалық проблемаларды шешуге арналған қарапайым әмбебап формула жоқ. Біз өзіміздің мінез-құлық кодексімізді таңдауымыз керек, кез-келген ережелер орынды, осы шешімдердің нәтижесі біздің кім екенімізді анықтайды”. Келесі этикалық стратегияны қалыптастыруға көмек беретін элемент, ол кәсіпкерлердің өз шешімдерін мұқият тексере зерттеуге дайын болу керектігі. Дәйекті бола білу- кәсіпкер бойында болу керек маңызды қасиет және ол жауапкершілікті қиын сәтте әрқашан өз мойнына ала білуі тиіс. Тағы қосарым ол ұсынылған құндылықтар ұйымның маңызды әрекеттерін қалыпты арналарға интеграциялау қажет, яғни жоспарлау, ресурстарды бөлу сияқты жұмыстарды жасау. Кәсіпкердің этикалық өнегесі, тікелей қызметкерлерге де өз әсерін тигізеді.
“Этикалық мінез-құлық - табысты кәсіпорын құру үшін ерекше әсер етеді”, - деп айтылатындай, кәсіпорын ұсынатын практика мен нұсқаулықтардың қазіргі кезде маңызы зор . Бүгінде халық сеніміне ие болу, кәсіпорын үшін өте маңызды . Қазіргі кезде көп адамдар корпорациялардың адалдығына сенбейді, осы мәселенің шешілуін де этикалық стратегиямен байланыстыра аламын. Стратегия басшылыққа алатын құндылықтар мағыналы әрі айқын болуы тиіс, олар маңызды ұйымдық міндеттемелерді және ұйым мүшелері болуға байланысты кең таралған ұмтылыстарды көрсете білуі қажет, ал барлық қызметкерлер оларды қабылдауы және ашық талқылаулардан тартынбауы, практикалық маңызын түсінуі қажет. Ұжым ішінде ынтымақтастық және сыйластық сияқты белгілердің бар болуы, кәсіпорынның қандай екеніне көрсеткіш бола алады және кәсіпорынның жүйесі мен құрылымын әрқашан нығайтып отыратын элементке мән берген көшбасшы, артындағы қолдаушыларының сеніміне ие болады.
Ойымды қорытындылай кетсем, этикалық стратегия құру оңай дүние емес, бірақ оны жасау қажет : кейбір кәсіпкерлер этикалық стратегияны құру үшін этикалық кодекстер жасайды . Еркін кәсіпкерліктің жүйесі көптеген қақтығыстарға толы болғандықтан, кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік этикалық стратегия шешім. Бүгінгі күні ұйымдық кодекстер кең тараған және оның қолданылуының маңызы аса зор. Мінсіз стратегияның кілті - жақсы, білгір, көшбасшының барлық ойларды, білімдерді ескере алу қабілеті деп білдім. Бүгін мен этиканың жаңа ғасырда кәсіпкерлер үшін басты мәселе екендігіне көзімді жеткіздім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz